7


  • Учителю
  • 8 Сынып биология пәнінен 'Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі' тақырыбы бойынша ашық сабақ

8 Сынып биология пәнінен 'Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі' тақырыбы бойынша ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бақыршық орта мектебі» КММ



АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі»

8 «А» сынып

Дайындаған: биология пәнінің мұғалімі

Кульбекова А.С.



2014-2015 оқу жылы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жүйке жүйесінің бөлімдерін таныстыру. Жұлынның маңызы, құрылысы мен қызметі, шартсыз рефлекстің рөлі туралы оқушыларға білім беру

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып интелектуалды қабілеттерін дамыту; Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар: жүйке жасушалары мен ұлпалары, жүйке жүйесінің бөлімдерінің, жұлынның құрылысы көрсетілген презентация; интерактивті тақта.

Сабақ типі: Аралас.

Іс - әрекет түрлері: жеке жұмыс, топпен жұмыс, диалогтік әңгімелесу, оқулықтағы суреттерді, кестелерді пайдалана отырып жұмыс дәптерлеріне тірек -сызбанұсқаларын құру.

САБАҚ БАРЫСЫ

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды топқа бөлу: «Анатомия», «Физиология», «Гигиена».

Бағалау парағын таратып, топ басшысын бекіту және міндеттерін түсіндіру.

  1. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс

А) Қызығушылықты ояту. Ой шақыру

Әр топқа сұрақтар қойылады.

«Анатомия» тобының сұрақтары:

1\Нейрон - жүйке жасушасы

2\Аксон - нейронның ұзын өсіндісі

3\Дендрит - нейронның қысқа өсіндісі

4\Рецепторлар - сезімтал аксонның талшықтары

5\ Сұр заты - нейрон денелерімен қысқа өсінділерінің жиналуы ми мен жұлының сұр затын құрайды

«Физиология» тобының сұрақтары:

6\Ақ зат - май қабығымен қапталған ұзын өсінділер

7\Сезімтал нейрондар - орталыққа тепкіш

8\Қимыл - қозғалыс нейрондар-орталықтан тепкіш

9\Аралық нейорндар - өткізгіш

10\Синапс - нейронның бұлшықет талшығымен түйісуі

«Гигиена» тобының сұрақтары:

11\Нейроглия -

12\Нейрон -

13\Рефлекс - орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және басқарылатын,сыртқы немесе ішкі тітіркенгіштерге жауап реакциясы

14\Рефлекс доғасы - жүйке импульсі өтетін жол

15\Тізе рефлексі - ең қарапайым рефлекс

Б) Биологиялық диктант. (Ұжымдық жұмыс, тақтада орындау).

1.Нейрон денелері мен қысқа өсінділердің топтасуы (ми мен жұлынның сұр затын) құрайды.

2.Ақ май қабығымен қапталған ұзын өсінділер - аксондар (ақ затты) түзеді.

3.Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын - (рецепторлар) құрайды.

4. Нейрондар: (сезімтал, қозғалтқыш, аралық ) бөлінеді.

5. Жүйке жасушалары: (денесінен, өсінділерден, жүйке ұштарынан) тұрады.

3. Жаңа сабақ

Өздігімен тақырыпты меңгерту:

«Анатомия» тобы

«Физиология» тобы

«Гигиена» тобы

Жүйке жүйесінің бөлімдері

және жұлынның құрылысы туралы сызбанұсқа құрастыру;

Жүйке жүйесі

• Орталық

- ми

- жұлын

• Шеткі

- соматикалық

- вегетативті

- симпатикалық

- парасимпатикалық

Жұлынның қызметі туралы кластер құрастыру;

Жұлынның қызметі





Рефлекстік Өткізгіштік

«Жұлын зақымдануының адам өміріне қауіптілігі» жайында БАҚ-тан алынған мәліметпен танысып, қысқаша жазба түрінде көрсету;



4.Қорытындылау

А) Сәйкестік тесті

1. Жүйке жүйесін ... және ... деп үлкен 2 бөлімге бөледі.

А) орталыққа тебетін және орталықтан тебетін

2. Орталық жүйке жүйесіне ... мен ... жатады.

Ә) жұлын

3. Цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан мүше.

Б) орталық, шеткі

4. Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде қанша түбірі болады?

В) жүйке орталығы

5. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа қанша жұп жұлын жүйкелері таралады?

Г) 2

6. Жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығы - ...

Ғ) ми, жұлын

7. Жұлынның өткізгіштік қызметі қандай жолдардан тұрады?

Д) 31

Жауаптары:

1-Б

2-Ғ

3-Ә

4-Г

5-Д

6-В

7-А



Б) «Сәйкестік» тесті

Нейрондар қызметі

Нейрон түрлері

1.Тітркенуді жүйке импульстеріне түрлендіреді.

а)сезімтал

ә)аралық

б)қозғалтқыш

2.Миға ішкі мүшелер мен сезім мүшелерінен жүйке импульстерінмберуді жүзеге асырады.

3.Мида бір нейроннан екіншісіне импульстерін беруді жүзеге асырады.

4.Жүйке импулстерін бұлшық етке, бездерге және басқа атқарушы үшелерге береді.

Сәйкес жауаптарды жазыңдар

1

2

3

4







5. Бағалау

Топ басшыларынан өз тобындағы оқушыларға қандай баға қойғанын сұрау.

6. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»


7. Үй тапсырмасы: §14 мәтінін оқып-білу, Терминдерге анықтама жазу, жаттау.

«Жұлынның адам ағзасы үшін маңызы» эссе жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал