7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку для 5 класса на тему «Уақыт. Сан есім»

Урок по казахскому языку для 5 класса на тему «Уақыт. Сан есім»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың білімділікмақсаты  оқушылардыңуақыт  туралы түсініктерін пысықтау, солтуралы еркін әңгімелей білуге жағдай жасау, сан есімді түсіндіріп,грамматикалық тапсырмалар орындату. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуғамүмкіндік беріп, сыни тұрғыдан ойлау қабіле
предварительный просмотр материала

Пән: қазақ тілі


Күні, уақыты:

Сабақ ұзақтығы: 45 мин

Сынып: 5 «Б»

Оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Уақыт. Сан есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың уақыт туралы түсініктерін пысықтау, сол туралы еркін әңгімелей білуге жағдай жасау, сан есімді түсіндіріп, грамматикалық тапсырмалар орындату.

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, топтық жұмыста белсенділік көрсету қасиеттерін арттыру.

Тәрбиелік: әр нәрсені уақытымен істей білуге баулу.

Сабақтың түрі:

жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:

сыни тұрғыдан ойлау, дарынды балалармен жұмыс, оқытудағы жаңа тәсілдер, диалог, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, рөлдік ойын.

Дарынды және талантты оқушылар: ....................

Сыни тұрғыдан бағалау үшін алынған оқушылар:.........................

Өлшемдік ойлау қабілеті: 5 «Б»

Негізгі түсініктер:

Уақытқа тән қасиеттерді сипаттап беру.

Өткен сабақпен байланысы:

Жыл мезгілдерімен байланыстыру.

Бағалау:

  • Бақылау

  • Жұмысты бағалау

  • Сапалы білімді бағалау

(оқушылар комментариясымен)

Пәнаралық байланыс:

Математика, тарих

Сыныпты ұйымдастыру. Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету. Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау

Көрнекіліктер:

Оқулық (оқу құралдары), сан есімге, уақытқа қатысты суреттер, сұрақ жауап, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, фотоаппарат.

Формативтік бағалау түрі


Тапсырманы толық және нақты орындаса (өте жақсы) «5»


Тапсырманы орташа орындаса (жақсы) «4»


Тапсырманы төмен орындаса (қанағаттанарлық) «3»

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің рөлі

Оқушының рөлі

5 мин


Ұйымдастыру

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушылармен шаттық шеңберін құрамыз. Сабақ басында оқушылардың көңіл күйлерін сұрақтар арқылы байқау.

Шаттық шеңберінде айтылатын тақпақ.

Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу, екеу, үш, төрт деп,

Бес, алты ... деп жүреміз


«Сұрақ -жауап» арқылы үш топқа бөлеміз. Топ басшысын сайлау.


Ойында берілген сұрақтар мен жауаптар.

Буынның неше түрі бар?

Буынның үш түрі бар.

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты, дауыссыз.

Синоним деген не?

Мағынасы бірдей, жазылуы басқа сөздер.

Антоним деген не?

Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Зат есім деген не?

Заттың атын білдіретін сөздер.

Зат есімнің сұрақтары қандай?

Кім? Не? Кімдер? Нелер?



Оқушылар өз көңіл күйлерін туралы сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.




Оқушылар шеңбер болып тұрып, тақпақты бірігіп айтады.


Кеспе қағаздарын барлығы бірден алып, ішіндегі сұраққа жауап тауып,(сұрақ біреуде болады, жауап басқа оқушыда болады.) сол арқылы жұбын анықтайды. Барлық жұп анықталған соң кім қай салаға қатысты екені анықталады. Топтар: Фонетика, Лексика, Сөз таптары.

3 мин


Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен модульді қайталау. Сұрақтар қою арқылы.

Мұғалім оқушыны сұрақтарға жауап бергені арқылы бағалайды.


2,3 оқушы өз еркімен модуль бойынша дайындап келген сұрақтарын оқиды


5 мин

Жаңа сабақ.


Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау


Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталады?

Балалар, сендердің математикада алған білімдеріңді келесі жұмбақ арқылы байқап көрейік


Әкем, анам бар
Білмесеңдер біліңдер

Әпкем, көкем бар
Өзім бармын, інім бар
Қанша болдық бәріміз?
Қанша болдық біліп ал.

(6 адам)

  1. Алты деген не?

  2. Ал күз, жаз, қыс, көктем, сағат, минут, сикунд т.б. осының барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?



Сабақ басында оқушылар сабақтың тақырыбын білмейді, жұмбақ оқылғаннан кейін, оны шешіп, бірнеше сұрақтарға жауап беріп, одан кейін сабақтың тақырыбын анықтайды.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Уақыт. Сан есім.


5 мин.

Жаңа сабаққа түсінік беру

презентация арқылы балаларға түсінік беру, мысалдар келтіру, өмірмен байланыстыру. Уақыт туралы не білетіндерін пысықтау.

Балалар тыңдап, өз мысалдарын келтіріп отырады.

7 мин

Жаңа сөздермен жұмыс

Жаңа сөздерді оқып, мағынасын түсіндіреді

Оқушылар жаңа сөздердің синонимін табулары керек. Сөздерге сөз тіркестерін, сөйлемдер, ал дарынды балалар қысқаша мәтін құрайды.

5 мин

Диалог

  1. тапсырма144 бет.

Диалогті оқытып, аудартып, рөлдік ойын ойнату. Дарынды балалар бөлек бір топ болып, өз диалогтарын құрады.

Оқушылар диалогті оқып, аударып болғаннан кейін, рөлдік ойын есебінде көрсетуі керек. Дарынды оқушылардан құралған топ өз диалогін құрайды және рөлге еніп көрсетеді.


5 мин

Топпен жұмыс (жазбаша)


2- тапсырма.

Үш топқа үш түрлі қағаз беріледі. Онда сөйлемдер жазылған. Оқушылар бос орындарды толтырып жазулары керек.

Үш топ өздеріне берілген сызбалаларды сан есімдермен толықтырып жазулары керек. Содан кейін алмасып, бірінікін бірі тексереді.


3 мин

Жеке жұмыс

3-тапсырма. Өрнекті үлгі бойынша сөзбен жазып шығу.

(слайдта көрсетіледі)

Әр оқушы жеке дәптеріне жазып шығады. Көршісі тексереді. Соңынан мұғалім әр оқушынікін тексереді.

1 мин

Үй тапсырмасын беру.

Ереже, жаңа сөздерді жаттау. Сан есімдерді қатыстырып, уақыт тақырыбында қысқаша әңгіме құрау.


2 мин

Рефлексия

Кері байланыс. Оқушылардан:

Мен нені білдім?

Нені түсінбедім?

Не қиын болды? Деген сұрақтарға жауап алу.

Оқушылар жауап тарын стикерге жазады да (аты-жөнін көрсетеді), көңіл-күй тақтасына жабыстырады.

4 мин

Бағалау

Әр топбасшылардың топ мүшелеріне қойған бағасын қорытындылап, формативті бағалау арқылы жиынтық бағасын қояды



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал