7


  • Учителю
  • Биология пәнінен сабақ жоспары 'Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын -алу. №9 Зертханалық жұмыс. Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау'

Биология пәнінен сабақ жоспары 'Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын -алу. №9 Зертханалық жұмыс. Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Айкенова Айжан Сериккановна, «Кокжайық орта мектебі» КММ, ШҚО. Көкпекті ауданы, биология пәнінің мұғалімі


Биология 8 «ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын -алу. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері. №9 Зертханалық жұмыс. Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тірек-қимыл жүйесі, дене сымбатының және жалпақ табандылықтың алдын ала білуге, жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін бағалы байлық денсаулық екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке гигена талаптары туралы түсініктерін кеңейту, аурудың алдын алуды үйрену оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік: өз ағзасын зерттеп білу, сақтау, қорғай білуге үйренеді.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ, ақпараттық
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, зерттеушілік
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дайын слайдтар, видео
Сабақтың барысы:
I.Сабақты ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып дайындығын тексеру.

А)«Миға шабуыл» дoп лақтыу арқылы oсы уақытқа дейін өкен қандай ғалымдарды білеміз білім қoрын жиақтап алу.

В)Лентамен тoпқа бөлу (түске байланысты тілек айту)
II.Үй тапсырмасын тексеру:

1-топ

Мoзайка құрастыру арқылы бағалау

1.Бұлшық ет деген не?

2. Бұлшық еттердің құрамына қарай қандай түрлері бар, сипаттама бер?

3. Бас бұлшықеттерінің құрылысы қандай?

4.Дене бұлшықеттерін ата?

5.Бицепс, трипцес қандай бұлшықеттер?

6.Қажу дегеніміз не?

2-топ Тестік тапсырмалар орындау

1.Омыртқаның қозғалуына әсер ететін,дененің тік ұстауын қамтамасыз ететін бұлшық ет. а/қол-аяқ ә/арқа б/жамбас

2.Шайнау еттеріне тән ерекшелік а/астыңғы жақ сүйегіне бекінеді ә/бет сүйегіне бекиді б/тіске бекиді

3.Адамда қанша бұлшық ет бар? а/200-300 ә/400-600 б/100-300

4.Бас еттері а/шайнау, ымдау ә/мойын, жақ б/бет, маңдай

5.Ұзын бұлшық еттер а/бас ә/аяқ-қол б/кеуде

6.Тыныс алуға қатысатын ет а/қабырға аралық ә/құрсақ б/арқа

7.Бұлшық еттерге тән қасиет а/жиырылғыштық ә/серпімділік б/қаттылық

8.Қаңқа бұлшық еттері а/бірыңғай салалы ә/көлденең жолақты б/жүрек бұлшық еті

9.Жалпақ еттер а/тұлға ә/қол-аяқ б/қабырға аралық

10.Адам ағзасындағы ең күшті бұлшық ет? а/ымдау бұлшық еті ә/шайнау бұлшық еті б/тіл бұлшық еті

Тест жауаптарының қорытындысы.

1.Ә 2.А 3.Ә 4.А 5.А 6.А 7.А 8.А 9.А 10.Б

Бұлшық еттер туралы ғажайып фактілер:

1.Біз күлгенде 17 бұлшық ет қимылға келеді.

2.Біз ренжігенде 40 астам бұлшық ет қимылға келеді.

3.Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейін мөлшерді құрайды.

4.Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарғанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады.

5.Ең үлкен бұлшық ет-бөксе бұлшық еттері,ол жүру,жүгіру және секіру,кезінде артқа қарай,ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.

6.Ең кіші бұлшық ет-құлақтың түпкі жағында орналасқан көлемі «1»санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық еті
III.Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспары:

Топтарға №1,2,3 мәтін беріп, түсініп оқуға уақыт беру, оқып болғаннан кейін номер бойынша №1 мәтінді оқыған оқушылар жеке топтасып Т-кестесін құрады, сол сияқты №2, №3 топ мүшелері мәтін бойынша топтасады Т-кестесін жасап, қорғайды.

Мәтіннің тақырыптары:
1. Гиподинамия
2. Жалпақтабандылық

Видео көрсетілім (Қазақстандағы жалпақтабандылықтың алдын алу)
3. Сколиоз, лордоз, кифоз

Т-кестесі Пайда болу себебі -Алдын алу

IV. Бекіту

Оқушылар Ішкі шеңбер-сыртқы шеңбер құрып орналасады, ішкі шеңбер сөйлейді сыртқы шеңбер тыңдайды, сол сияқты сыртқы шеңбер сөйлейді ішкі шеңбер тыңдайды, содан кейін сыртқы шеңбер екі қадам жасап сағат тілімен айналады, ішкі шеңбер сойлейді.

Анатомиялық жағдаяттар. (15 мин)

1-топ. Тапсырма. Тоғызыншы сынып оқушысы Орынгүл дос қызы Самалды бір ай бойы кешке серуендеуге үйінен шығара алмады.Самал сабағының көптігін, қызықты кітаптар мен телебағдарламалар көргісі келетінін айтып, таза ауада серуендеуге келіспеді. Айдың аяғында Самалдың басының ауырып, тез шаршайтындығына шағына бастады.Мұны естіген Орынгүл дос қызын өзі қатысатын гимнастика секциясына ертіп барды.Секция тренері: «Сенің дене сымбатың қандай қандай еңкіш еді, мүмкін дене шынықтырумен тіптен айналыспайсың-ау деймін. Кітап пен теледидар алдынан кетпейтін қыз болдың ғой. Жарайды, мұнда саған көмектесеміз» - деді.

Сұрақ: Бұл жағдайда С-ның дене сымбатының бұзылуына не әсер етті деп ойлайсыздар?

Жауабы: Бұл жағдайда С-ның дене сымбатының еңкіш тартуына басты себеп дене белсенділігінің жетіспеуі, таза ауада қажетті мөлшерде серуендемеуі және шамадан тыс шаршау болып отыр.Осылардың салдарынан өзін-өзі нашар сезіну, денсаулығының бұзылуы туындауда.Сонымен бірге С-ның дене мүсінінің бүкіреюі, еңкіш тартуы оның аз қимылдағанынан да арқасының бұлшық еті әлсіз дамыған.

2-топ. Тапсырма. Жоғары сыныпта оқитын Талғат математика пәніне қызығып сабақтан кейін баратын дайындық курсына түсті. Бұл курстың сабақтары көптеген қосымша кітаптарды қажет еткендіктен Талғат ол кітаптарын үнемі өзімен бірге алып жүрді (ол көбіне сөмкесін оң иығынаасылып жүретін). Бірде оның сөмкесін көтеріп көрген анасы: «Мынандай ауыр салмақты қалай көтеріп жүрсің деп»- деп таң қалды.Шамалы уақыттан кейін дене шынықтыру сабағында Талғат арқасының ауыратынын сезді.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Талғаттың арқасына қарап, оқушының оң иығы мен жауырынының сол иығынан төмен екенінбайқап, дәрігерге қаралуына кеңес берді. Талғат мұғалінің кеңесін тыңдап, дәрігерге қаралды.

Сұрақ: Дәрігер Т-ның омыртқасының қисаюын қисаюдың қай түріне жатқызады?

Жауабы: Бұл жағдайда дәрігер Талғатқа сколиоз деп диагноз қойды, яғни омыртқанаң бүйір жағы қисайған.

3-топ. Тапсырма. Он алты жасқа толған дос қызының туған күн мерекесіне Лаура анасының биік өкшелі туфлиін киіп барды. Жүруге ыңғайсыз болса да, өзін ересек, бақытты сезінді.Мерекелік дастарханнан кейін достары биледі. Ал Лаура аяғының ауырғанынан туған күнді диванда отырып өткізді.Дос қыздары «Ештеңе етпейді, үйренбеген соң ондай болады»- деп жұбатты.Бірақ Лаураның көңіл-күйі бұзылып кештен көңілсіз қайтты.

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, биік өкшелі аяқ киім кию адам денсаулығына әсер ете ме?

Жауабы: Биік өкшелі аяқ киім киіп жүру дене сымбаты мен адам жүрісіне ерекше кері әсер етеді, ағзаның ішкі мүшелерінің қызметіне, дене сымбатының деформацияға (формасының өзгеруі) ұшырауына алып келеді.Биік өкшенің әсерінен дене салмағы аяқтың басына түседі, тізе мен жамбас сүйектері бүгіліп, бөксе сүйектерінің қалпына, ішкі ағза мүшелерінің орналасуына кері әсер етеді.Сонымен бірге жасөспірімдерде жалпақтабандылықтың дамуына да себеп болады.Табанның көлденең күмбез тұсы ауыр салмақтан тегістеліп, аяқ жалпақтанып сүйел пайда болады.

№9 Зертханалық жұмыс

Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау.

Зерттеудің мақсаты: Антропометриялық көрсеткіштер арқылы 8-сынып oқушыларының денсаулық жағдайын бағалау

Зерттеудің міндеті: 8-сынып oқушыларымен антропометрлік зерттеу жүргізу, ауру түрін анықтау, анализ жасау, осы жағдайдың алдын алу үшін ұсыныстар жасау.

Зерттеу нысаны: 8-сынып oқушылары

Зерттеу пәні: Антропометриялық өлшемдер


1.Әрбір оқушының бойын бой өлшегішпен өлшеп,көрсеткішті оқушының жұмыс дәптеріндегі кестеге жасу керек. 2. Кеуде шеңберін өлшеу. 5. Салмақтарын өлшеп кестеге жазу

Антропометрия - адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған.

Зерттеудің қорытындысы:

Ұсыныстар:

Н.Г.Чернешевский айтқандай «Адамның дене кемелдігі-табиғат сыйы емес,оны мақсатты қалыптастырудың нәтижесі.» Олай болса,ХХІ ғасырдағы қазақстан Республикасының болашағы-біздер,бүгінгі мектеп оқушылары жан-жақты біліммен қаруланып қана қоймай, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына өте үлкен көңіл аударуымыз керек. 5. Бағалау парағы. Зертханалық жұмыс


Зертханалық жұмыстарды жасай білу

1-балл

1

2

3

4

5

6

Критерий зерттеу

Берілген критерийлердің ешқайсысын орындай алмады;

Зертханалық жұмысқа қажетті құралдарды: анықтап таба алды;

Тәжірибе жасауға арналған алгоритм бойынша берілген тапсырмаларды ретімен орындай алды.

Бой мен салмақтың жас ерекшеліктеріне сай нормативтік көрсеткіштерін тізбектен таба алады

Организімінің дамуы мен өсу деңгейінің антрoпoметриялық зерттеу нәтижесіндегі үйлесімділігін анықтай алады

Жұмыстың нәтижесін ғылыми тілде қортындылап, өңдей алады;

Рефлексия

V. Бағалау

VI. Үйге тапсырма. «Ұлттық әдет-ғұрыптардың қимыл жүйесінің қызметін жаттықтырудағы маңызы» хабарлама жазу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал