7


  • Учителю
  • 'Бактериялар тіршілік әрекеттерінің алуан түрлілігі'

'Бактериялар тіршілік әрекеттерінің алуан түрлілігі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

№52 М. Өтемісұлы

атындағы жалпы орта

мектебінің директоры:

...............А.Исаев.

№ 4 сабақ

Мерзімі: 13. 10. 2015ж.

Уақыты: 11.35-12.20.

Сыныбы: 10 «А»

Пән атауы: Биология

Сабақ тақырыбы: Бактериялар тіршілік әрекеттерінің алуан түрлілігі.

Сабақ мақсаты : Бактериялардың түрлері жайлы мәлімет беру, олардың ауру тудыратын және пайдалы түрлері туралы егжей-тегжейлі түсіндіру, .

Міндеттері:

-білімдерін жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

-топта ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

-өз ойын еркін айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру.

Қолданылатын модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру, оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және ОБ.

Стратегиялық іс-әрекет: «Ти кестесі», «ДЖИГСО» әдісі, «Ыстық орындық», «Семантикалық карта», «ББҮ» кестесі.

Р\с

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

1

4 мин

І.Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу. Жағымды психологиялык ахуалды қалыптастыру. Өзін-өзі реттеу. Топтарға бөлу.

Сыныпқа кіріп, сәлемдесіп, оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару, жылы қабақ таныту. Шаттық шеңберінде «Өз жақсы қасиетім» атты тренинг ұйымдастырып, бөлшектенген суреттерді біріктірту арқылы оқушыларды 4 шағын топтарға бөліп алады.

І топ: «Коккалар»

ІІ топ: «Бацилдер»

ІІІ топ: «Спирилдер»

ІV топ: «Вибриондар».

Оқушылар сәлемдеседі, Шаттық шеңберінде «Өз жақсы қасиетім» атты тренинте өздерінің бір жақсы қасиеттерін айтып, бөлшектенген суреттерді біріктіру арқылы оқушылар 4 шағын топтарға бөлінеді.

І топ: «Коккалар»

ІІ топ: «Бацилдер»

ІІІ топ: «Спирилдер»

ІV топ: «Вибриондар».

АКТ, бөлшектенген суреттер.

2

5 мин

Үй тапсырмасы. «Ти кестесі».

І, ІІ топқа бірдей кесте, ІІІ, ІV топқа өзге нұсқадағы кесте таратып береді. Топтар болғаннан соң, сағат тілімен ауыстырту, жауабын тексертіп, топ аралық бағалау жүргізу.

І, ІІ топқа бірдей кесте, ІІІ, ІV топқа өзге нұсқадағы кесте таратып беріледі.Топтар болғаннан соң, сағат тілімен ауыстырып, жауабын тексеріп, топ аралық бағалау жүргізеді.

Ти кестесі, бағалау парағы, маркер, оқулық. АКТ

3

20 мин

Негізгі бөлім.(Жаңа сабақ). «Джигсо» әдісі.

Жаңа сабақты жақсы меңгеру үшін «Джигсо» әдісін пайдаланамын. Бактериялар жайлы мәліметтерді оқулықтан оқытып, топта талқылату, үздік идеяны постерге түсіртіп, қорғату, қадағалау, көмек беру.

Жаңа сабақты жақсы меңгеру үшін «Джигсо» әдісін пайдалану. Бактериялар жайлы мәліметтерді оқулықтан оқып, топта талқылау, үздік идеяны постерге түсіріп, қорғау.

Оқулық, флипчарт, маркерлер.АКТ.

4

7 мин

Сабақты бекіту. «Ыстық орындық» әдісі.

Жаңа сабақты бекіту үшін «Ыстық орындық» әдісін пайдаланамын. Әр топтан бір-бір оқушы шығарып, әр топтан екі сұрақтан қойдырады.

Оқушылар«Ыстық орындық» әдісін пайдаланып, бір-біріне сұрақтар қояды, әрі сыныптасының білімін тексереді .


5

3 мин

Бағалау.

Әр топ басшысын сайлап, тапсырма орындау барысында, бағалау парағы арқылы топ мүшелерін критерийлер бойынша және бармақ арқылы бағалатамын, суммативті бағаны қоямын.

Әр топ басшысы өзінің топ мүшелерін критерийлер бойынша бағалайды.

Бағалау парағы, стикерлер, критерийлер жазылған парақшалар.АКТ.

6

2 мин

Үйге тапсырма. Семантикалық карта.

Үйге 77-беттегі кестені толтыру; А, В,С дең-к тапсырмаларды орындату.

Үйге 77-беттегі кестені толтыру; А, В,С дең-к тапсырмаларды орындау.

Оқулық, дәптер, қалам.

7

4 мин

Рефлексия. «ББҮ» әдісі.

«ББҮ» әдісі арқылы бүгінгі өтілген сабаққа кері байланыс жасайды.


Оқушылар стикерлерге бүгінгі өткен сабақ бойынша

- Білемін

- Білгім келеді

- Үйрендім деген сауалдар төңірегінде ойларын жазады.

«ББҮ» кестесі, стикерлер, маркер-лер.


Пән мұғалімі: Турсынова Ж.М.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал