- Учителю
- БИОЛОГИЯ ӘЛЕМІ МЕТОДИЧЕСКИЕ материалы
БИОЛОГИЯ ӘЛЕМІ МЕТОДИЧЕСКИЕ материалы
Күні 26.11.15ж
Сыныбы 7 сыныптар
Сабақтын тақырыбы «Биология әлемі»
Мақсаты Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін байқау, пәнге деген
қызығушылығын артырып, оларды ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі слайд , суреттер
Сабақтың жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. « Бәйге»
2. Ең,ең,ең ...
3. «Нақты сандар»
4. « Ол кім ?»
5. «Шатасып қалма» ойыны
6. Қай ғылым саласы ?
7. Қай ғылым саласы?
8. «Не жетпейді ?»
9. Қазақша жыл атауын атаңыз
ІІІ Қорытынды
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
2.Оқушыларды екі топқа бөліу
І Кіріспе
Армысыздар құрметті ұстаздар,қымбатты оқушылар!
Біздің биологиялық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі «Биология әлемі» атты сайысымызға екі топ «Білгірлер» мен «Тапқырлар» өздерінің білімдері мен біліктерін ортаға салып,тапқырлығы мен білімдерімен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші.
Топ мүшелері 7 - сынып оқушыларынан құралған.
І топ «Білгірлер» тобы» ІІ топ «Тапқырлар»
Қазыларды тағайындау
Ойынды сынап,әділ бағалап отыратын қазылар алқасының мүшелері сайланады
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емеспе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек, - деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз
« Бәйге» кезеңінің шарты: Әрбір топ берілген әріптердің ішінен
әріп таңдайды. Сұраққа сол әріптен басталатын жауап берулері
қажет.Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.1минут уақыт беріледі.5
сұрақ қойылады. Ф Х Э
«Ф»
Таспақұрттардың мойынға жалғасқан басы бар, кішкене көпіршігі бар
дернәсілі (финна)
Күн сәулесінің әсерінен жапырақта болатын құбылыс (фотосинтез)
Өсімдіктер әлемі (флора)
Тарихи даму (филогенез)
Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат (фитонцид)
«Х»
Бір жасушалы балдыр (хлорелла,хломидомонада)
Гендерді тасымалдап,тұқымқуалау қасиетін тасымалдайтын органойд
(хромасома)
Желілілерді басқаша қалай атайды? (хордалылар)
Өсімдікке жасыл түс беретін пластид (хлоропласт)
Балдыр жасушасындағы хлоропластар (хроматофор)
«Э»
Жасуша ішіне қоректік заттардың енуі (эндоцитоз)
Жануарлардың мінез-құлығын зерттейтін ғылым (этология)
Тұқымның қоректену ненің арқасында жүреді? (эндосперм)
Тауық балапанының ұлпасынан табылған органод (эндоплазмалық
тор)
Адамдардың жаппай ауруын (эпидемия)
Ең,ең,ең ... Дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.
1. Ең ірі жемісті атаңыз (асқабақ)
2. Ең ұзақ ұйықтайтын ( кірпі)
3. Ең жүйрік аң (қабылан)
4. Ең кішкентай өсімдік (вольфия)
5. Ең алып құс. (түйеқұс)
6.Ең биік ағаш (пальма)
7. Ең әдемі құс (тауыс)
8. Ең ежелгі астық дақылы (бидай)
9. Ең биік ұшатын құс (ұлар)
10.Ең тез өсетін өсімдік. (бамбук)
11.Ең үлкен гүл (рафлезия)
12.Ең жуан ағаш боабаб
«Нақты сандар»
Бунақденелілер - 700 000
Балықтар - 20 000
Алқа тұқымдасы- 2 900
Жабық тұқымды өсімдіктер 250 000
Астық тұқымдасы - 10 000
Құстар - 8 600
Сүтқоректілер - 5 000
« Ол кім ?»
Сендерге биология ғылымына еңбегі сіңген адамдардың аты - жөнін айтып, «Ол кім?» деген сұрақ қоям. Сендер қысқаша ол адамның кім екенін ашып айтасыздар екі ауыз сөйлеммен
1. Күдерин Жұмақан - ол кім? (ол қазақтан шыққан тұңғыш биолог
ғалым)
2. Ыбырай Жақаев - ол кім? (ол - ақ күріштің атасы)
3. В. Вавилов - ол кім? (ол - мәдени өсімдіктерді жүйелеп, топтарға
бөлді)
4. Бокарев Денис - ол кім? (ол күнбағыстан алғаш рет өсімдік майын
алған орыс шаруасы)
5. Мұсақұлов Тәліп - ол кім? (ол биология терминдерінің орысша -
қазақша сөздігінің авторы)
6. Тарабаева Гүлбахрам - ол кім? (ол дәрмене өсімдігінің дәрілік
қасиетін ашқан қазақтан шыққан алғашқы ғылым докторы)
7. Теофраст - ол кім? (ол грек ғалымы, өсімдіктің 500 түрін алғаш
рет ғылыми түрде анықтаған)
«Шатасып қалма» ойыны Жеті жоқты шеше отырайық. Дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.
1. Таста ... жоқ тамыр
2. Тасбақада ...жоқ талақ
3. Аққуда ... жоқ сүт
4. Жылқыда ... жоқ өт
5. Итте ... жоқ бұғана сүйек
6. Бақада ... жоқ қабырға
7 . Балықта ... жоқ қабақ
8. Жыланда ... жоқ аяқ
10. Акулада ... жоқ торсылдақ
9. Құста .... жоқ тіс
10. Акулада ... жоқ торсылдақ
11. Сиырда ... жоқ күрек тіс
Қай ғылым саласы?
Бұл кезеңде әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады.Дұрыс жауабын
тапқан оқушы таңдаған тобына өзінің ұпайын береді.
1.Жасушаны зерттейтін ғылым? цитология
2.Жануарларды зерттейтін ғылым? зоология
3. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым? гельментология
4. Қынаны зерттейтін ғылым? лихенология
5. ? антропология
6. Құстарды зерттейтін ғылым? орнитология
7. ? Кардиология
8. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым? энтомология
9. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым? Микология
10. Балықты зерттейтін ғылым? Ихтиолги
«Не жетпейді ?»
-
Микроскоп бөлімі:
Бұрандалар, тұтқа, табан, айна, заттық үстелше, окуляр, көру түтігі (объектив)
-
Тамыр бөлімдері:
өткізу бөлімі, сору бөлімі, өсу бөлімі, тамыр оймақшасы (бөліну аймағы)
Қазақша жыл атауын атаңыз.
Қай топ дұрыс атап шығады сол топ 5 ұпаймен бағаланады
Тышқан. Сиыр Барыс Қоян Ұлу Жылан Жылқы Қой Мешін Тауық Ит Доңыз
ІІІ Қорытынды
Сайыс соңында әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріліп, жеңімпаз топ марапатталады. Қатысқан барлық оқушыларға ынталандыру сыйлығы таратылып беріледі.
</<br>