7


  • Учителю
  • Конспект урока для 10 класса с казахским языком обучения

Конспект урока для 10 класса с казахским языком обучения

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Бекітемін:

____________



Сыныбы : 10 Пәні: биология Күні: 06.02.16

Сабақтың тақырыбы :Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі.

Мақсаты:

Организмнің эмбриондық жəне постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі, улы заттардың, темекі түтіні, алкоголь т.б., кері әсерлерімен танысу, оларды алдын алу жолдарын үйрену.

Күтілетін нәтижелер : Организмнің эмбриондық жəне постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлін біледі; улы заттардың (токсиндік): темекі түтіні, алкоголь т.б. ұрықтың дамуына әсерін қарастырады; өмірмен байланыстыра отырып, улы заттардың қоғамдағы қолданысына баға береді.

Керекті жабдықтар Ресурстар, интерактивті тақта, ноутбуктер, постер, стикер, маркер, ұялы телефон, жұмыс дәптері, оқулық.

Қолданылатын әдістер Үй тапсырмасын сұрауда «Тікелей сұрақтар», «Кестені толтыру»; «Миға шабуыл»; Жаңа сабақты меңгеруде ресурстармен жұмыс, постер қорғау; Бекітуде

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе Сыныппен амандасу.

Тренинг «Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!» жаттығуы

Мұнда тыңдаушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдына елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін тыңдаушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек.

Топқа бөлу сандар арқылы топқа бөліну (3 топ)

Үй тапсырмасын тексеру: «Тікелей сұрақтар»

1. Онтогенез дегеніміз не?

2. Онтогенездің сатыларын атаңыз?

3. Сперматогенез, овогенез қалай жүзеге асады.

4. Гүлді өсімдіктердің қосарыныан ұрықтануының маңыздылығы неде?

5. Постэмбриондық даму деп нені айтамыз?

6. Толық даму дегеніміз не, Түрленіп даму дегеніміз не? Омыртқасыз ағзалардан мысалдар келтіріңіз?

7. Адам ұрығының алғашқы дамуында қандай ерекшеліктер болады?

8. Ұрықтың дамуына дәрі - дәрмектердің зиянды әсері қандай?

9. Мюллер жəне Э. Геккельдің биогенетикалық заңы?

10. Эмбриология ғылымының негізін қалаушы ғалымдар?

Смайликтер арқылы бағалау

Жаңа сабаққа дайындық

Сурет арқылы жаңа сабаққа түсу



Бағалау парағындағы кестені пайдалана отырып, топ басшысы топ мүшелерін бағалап отырады.

Не түсіндіңіз? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? Оқушылар сұраққа жауап береді, өз білетіндерін айтады.

Негізгі бөлім15 мин Ресурс таратамын. Берілген мәліметтерді оқи отырып, топта талдайды әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша жұмыстанады.

1 топ:

Организмнің эмбриондық жəне постэмбриондық дамуындағы темекі түтінінің әсері.

2 топ: Организмнің эмбриондық жəне постэмбриондық дамуындағы алкогольдің әсері.

3 топ: Организмнің эмбриондық жəне постэмбриондық дамуындағы есірткінің әсері. Топтық әңгіме жүргізеді, топта талдап, әр топ өз тапсырмасы бойынша постер дайындайды, оны қорғайды.



Топтар бір - біріне екі жұлдыз бір тілек айтып, формативті бағалайды.

Қорытынды 3мин

Таныстырылым сәті Есірткі заттарды қолданғанда:

• адам өзінің мінез - құлқын табиғи табиғи түрде реттеу мүмкіндігінен айырылады,

• мүшелер мен мүшелер жүйесін уландырады.

• бауыр жасушалары өзгеріп, өт пигменттерінің алмасуы құрт бұзылады,

• гастрит, қарынның және ұлтабардың жара ауруларынан зардап шегеді,

• гипертония ауруның және жүрек тамыр жүйесінің басқа ауруларының дамуына себепші болады.

Сіз білессіз бе?

Мамандардың айтуынша, еліміздегі маскүнемдердің үштен бірі түрлі психикалық ауытқуларға ұшырағандар. Іштегі балаға зияны Арақ-шарап ішпейтін әйелдерге қараған да оны аз болса да татып алатын әйелдердің дүниеге әкелетін сәбилерінің 100 пайызының:

1. 89 пайызы әлсіз болып туады.

2. 84 пайызы болашақта психикалық қиындықтарға ұшырайды және басы тиісті мөлшерінен кіші болып бітеді.

3. 80 пайызының сөйлеу мүшелерінде кемістік орын алады.

4. 80 пайызының терісі зақымдалған болады.

5. 51 пайызының аяқ- қол саусақтары қисық болып жаратылады.

6. 46 пайызының жыныстық мүшелерінде, 41 пайызының есту мүшелерінде кемістік байқалады.

7. 29 пайызы жүрек ауруына шалдыққан күйде дүниеге келеді

8. 25 пайызында көру қабілеті төмен болады.

9. 10 пайызының бүйрегі толық істемейді.

10. Бір шыны сыраның өзі ана құрсағындағы сәбидің миына әсер етеді

Бекіту тапсырмалары

1 тапсырма Қандай жаңа терминдермен таныстық?

Тератология - кемтарлықты зерттейтін ғылым.

Аномалия- эмбриондық дамудың бұзылуы нәтижесінде адам мен жануарлар организмдерінің немесе олардың мүшелерінің қалыпты жағдайдан ауытқуы.

2 тапсырма Суретпен жұмыс Мына көріністерден қандай ой түйдіңіздер? Досыңа қандай ақыл айтар едің?

Топтық кері байланыс бағалау

3 тапсырма Қоршаған ортаның ұрыққа әсері эссе жазу

Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе алады,топ кері байланыс ұсынынп бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат береді

Кері байланыс рефлексия

Үй тапсырмасы : §40 Радиоактивті заттардың ұрпаққа әсері (эссе)



Оқушыларды мадақтап, қолпаштап отырамын.

Бағалау парақтарына қойған балл бойынша бағаланады.

Тапсырма алады, топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал