7


  • Учителю
  • Биология пәнінен 'Мидың құрылысы, бөлімдері' тақырыбында сабақ жоспары (8- класс)

Биология пәнінен 'Мидың құрылысы, бөлімдері' тақырыбында сабақ жоспары (8- класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Күні:Пәні: БиологияСыныбы: 8 сыныпСабақтың тақырыбы: § 15. Мидың құрылысы, бөлімдері. Сабақтың мақсаты:Білімділік: Адам ағзасындағы жүйке жүйесі, мидың бөлімдері, құрылысы мен олардың атқаратын қызметін жалпы түрде түсіндіру; Тәрбиелік: Оқушыларға мидың бөлімдері, құрылы
предварительный просмотр материала

Күні:

Пәні: Биология

Сыныбы: 8 сынып


Сабақтың тақырыбы: § 15. Мидың құрылысы, бөлімдері.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адам ағзасындағы жүйке жүйесі, мидың бөлімдері, құрылысы мен олардың атқаратын қызметін жалпы түрде түсіндіру;

Тәрбиелік: Оқушыларға мидың бөлімдері, құрылысы мен олардың атқаратын қызметі, қасиеттерінде қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары барын салыстыра отырып, қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық: Мидың бөлімдері, құрылысы , атқаратын қызметін таныстыра отырып, ойлау қабілетін дамыту;



Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау-сұхбаттасу, өзіндік жұмыс, көрсетілім.

Көрнекілігі: плакат, суреттер, кеспе қағаздар.


Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Бекіту

  5. Үйге тапсырма беру

  6. Қорытынды




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

-Саламатсыздар ма, оқушылар? Сыныпта кім кезекші, сабақта кім жоқ?!

-Оқушылардың толықтырылған түрде қамтып, назарларын сабаққа аудару.



  1. Үй тапсырмасын сұрау

Тест сұрақтары

1.Ми мен жұлын кіретін жүйке жүйесінің бөлімі: А) шоғыр В) шеткі С) орталық

2. Шоғыр қандай ұлпамен жабылған? А) дәнекер В) жүйке С) эпителий

3. Жұлынның диаметрі: А)1 см В) 1,5 см С) 2 см

4. Жүйке клеткасының ұзын өсіндісі: А) дендрит В) аксон С) нейрон

5. Жұлын жүйкелері қанша? А) 30 жұп В) 31 жұп С) 32 жұп

6. Жұлынның ақ заты ненің жиынтығы?

А) нейрон денесінің В) нейронның қысқа өсіндісінің С) нейронның ұзын өсіндісінің

7. Жұлынның сыртын неше қабық қаптайды? А) 1 В) 2 С) 3

8. Көбелекке ұқсайтын жұлынның қай бөлігі? А) сұр заты В) ақ заты С) өзегі

9. Қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлім: А) сомалы В) вегетативті С) орталық

10. Жұлынның ұзындығы: А) 40-42 см В) 42-45 см С) 41-46 см


  1. Жаңа сабақты түсіндіру


Ми - бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300- 1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді.

1 - мидың жүйке жасушалары; 2 - үлкен ми сыңарлары; 3 - ми қыртысы; 4 - үлкен ми сыңарларының оң жақ және сол жақ бөліктерін қосып тұратын сүйелді дене; 5 - үлкен ми сыңарларының арасындағы терең ұзына бойы сайшасы; 6 - мидың сұр заты; 7 - мидың ақ заты; 8 - гипофиз; 9 - сопақша ми; 10 - жұлын; 11 - мишық;



  • Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы - сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.

  • Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек, қантамырлар (жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу); 4) автоматты түрде жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады.

  • Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан ми көпірі дейді. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан.

  • Мишық - сопақша ми мен көпірдің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық дене бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қол-аяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе- теңдігі, сөзі бұзылады.

  • Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасына орналасқан. Мұнда көзді және басты қозғалтатын жүйкелер орналасқан.Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.

  • Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек-қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.



  1. Бекіту


V. Үйге тапсырма беру

§15. 30-32-суретпен, қосымша мәліметтер.


VI. Қорытынды

Жаңа сабақты көрнекіліктермен, мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, бекітуге сұрақтар қойып, үйге тапсырма беріп, қорытындыладым.

Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал