- Учителю
- үЙ құстары
үЙ құстары
Сабақтың тақырыбы: Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға құс шаруашылығы, үй құстарының арғы тектері, еліміздегі құс шаруашылығы жайында түсінік беру
2. Тәрбиелік: Оқушыларды құстарды күтіп - баптауға, ұқыпты, жинақы болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың құстар жайындағы түсініктерін молайта отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ҮӘЖ, үлестірмелі тапсырма, жобалау, топтық жұмыс, жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, видео ролик, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: физика, математика, дүниетану, жаратылыстану.
Сабақтың құрылымы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын сұрау
-
Жаңа сабақ
-
Сабақты қорытындылап, бағалау
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, керекті материалдарды журналға түсіріп, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық жаттығу
Ой- маржан (ұйымдастыру кезеңі)
Өткен сабақты қайталау, жинақтау.
-
Құстар дүниесінде таралған түр саны (8 600-ге жуық)
-
Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)
-
Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар (жыл құстары)
-
Қосарлы тынысалу дегеніміз не? (ауа қапшығы және өкпе)
-
Құс өңешінің кеңейген бөлігі ( жемсау)
-
Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі (қаламша)
-
Құстардың дене температурасы (+410С, +430С)
-
Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі (көнеқұс немесе археоптерикс)
-
Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады?
-
Ең кішкентай құстың салмағы қандай, бұл қандай құс? (1,5грамм -колибри)
-
Ең ірі құс және оның салмағы қандай? (түйеқұс, салмағы 90 кг)
-
Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс (кезеген альбатрос 75-85күн)
-
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қазақстанның Қызыл кітабына (1996ж) тіркелген құстар туралы шағын хабарлама дайындаңдар.
2. Құстарға қатысты мақал - мәтел, аңыздарды теңеу сөздрді жинап , оларды талдаңдар.
-
Жаңа сабақ:
I -деңгей
-
Асыранды үй құстарының түрлерін ата.
Үй құстары
(тауық, күркетауық, үйрек, қаз, мысыр тауығы, жапон бөденесі, көгершін, тауыс, баққунақ).
-
Үй құстарының адам үшін маңызы? (жұмыртқасы, ет өнімі, мамық, сәндік бұйымдар үшін).
II -деңгей
1-тапсырма: Қолға үйретілген асыранды құстардың қандай отрядтарға жататынын тақырып мәтінінен тауып жаз:
Р/с
Түрлері
Отрядтары
1.
Тауық
2.
Үйрек
3.
Қаз
4.
Күркетауық
5.
Көгершін
6.
Баққунақ
7.
Жапон бөденесі
2-тапсырма: Асыранды құстардың арғы жабайы тегін тақырып мәтінінен тауып жаз.
А. Тауықтың ______________________________________________________
Ә. Үйректің_______________________________________________________
Б. Қаздың_________________________________________________________
3-тапсырма: Үй тауығының қандай бағытта өсірілетінін және оған қандай тауық тұқымдары жататынын кестеге толтыр:
Р/с
Өсірілетін бағыттары
Тұқымдары
1.
2.
3.
4-тапсырма: Сұрақтардың дұрыс жауаптарының астын сызып көрсет:
А. Үй құстарының белгілі бір мақсатқа сай қолдан сұрыптау арқылы шығарылған тобы қалай аталады - түр, іріктеме, тұқым, бройлер.
Ә. Мексика мен Американың оңтүстігінде алғаш рет қолға үйретілген асыранды құс: - тауық, күркетауық, қаз, бөдене.
Б. Құйрық қанаттары ұзын, әр түрлі әсемдік бұйым ретінде қолдану үшін қолда өсірілетін құс - цесарка, үйрек, тауыс, тауық.
III -деңгей
1-тапсырма: «Ордабасы құс» фабрикасынан бір айлық 100 үндік балапаны көтерме бағадан 1000 теңгеден сатып алынды. Оны 3 ай бағып әрқайшысы 15 килограм тартқанда «Ордабасы құс» фабрикасына килограмын 500 теңгеден қайта өткізілді. Одан түскен табыс қанша болды?
Әрбір үндік балапаны 3 айда 30 килограмм байытылған жем жейді. «Ордабасы құс» фабрикасының өзінде өндірілетін байытылған құрама жемді килосын жеңілдікпен 70 теңгеге әрбір балапанға 3 айға лайықталған жем сатып алынады. Содан шыққан шығынды үндіктен түскен табыстан аламыз және балапан сатып алған шығынды да аламыз. Сонда қанша пайда түсті?
(100*1000)-(100*15*500)-(100*30*70)=750000-100000-210000=440000
2-тапсырма: Базардан 100 қаз балапаны 400 теңгеден сатып алынды. 100 қаз балапанының 6 ай жейтін жемінің шығыны 10000 теңге.
6 айлық қаздың әрбір басын 3500 теңгеге сатылды. Одан түскен табыстан шыққан шығынын аламыз. Сонда қанша пай болды.
(100*3500)-(100*400+10000)=350000-50000=300000
3-тапсырма: Бір қорада 100 жұмырқалағыш бағытындағы жылына 200 жұмыртқа беретін Голландиялық қолтұқымды тауығы бар. Оладың әрқайшысы айына 5 килограмм жем жейді. Жемнің килограмы 60 теңгеден.
Бұл шаруа қожалығы 6 ай бойы 10 сағат 500Вт лампамен жасанды жарық қосады. 6 айда жасанды жарыққа қанша шығын шықты? Жылына бұл шаруа қожалығы қанша пайда табады?
180күн*10сағ*500Вт=900000/1000=900кВтсағ*12тг=10800
(100*200*35)-(100*5*12*60)=700000-360000-10800=329600
Қорытынды: Бағалау.
Биология пәні бойынша 7 сыныптың «Ашық журналы»
Оқушылардың аты-жөні
1-ші деғгей
(5 балл)
2-ші деңгей
(4 балл)
3-ші деңгей
(3 балл)
Сыныпта жиған балы
Үй жұм. балы
Барлық балы
Бағасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Арыстан Қарлығаш Ерболқызы
Әбіл Мадина
Ерланқызы
Беркінбай Аружан Ғабитқызы
Байырханұлы
Нұрғанат
Жайдарханов Нұрдәулет Дайырханұлы
Нұртай Бекжан Маратұлы
Пернебай Данияр Қанатұлы
Рысбек Сақтат Азаматұлы
Рефлекция:
Үйге тапсырма: