7


Наурыз жыл басы 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Т. И. Кайпбекова

Биология пәні мұалімі

8 «Д» сынып жетекшісі

Целиноград ауданы

№ 2 Қосшы орта мектебі

Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурызым - мерекем, Наурызым - құт берекем.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың санасына атадан балаға мұра болып келе жатқан әдет - ғұрыпты, салт дәстүрді сіңіру. Қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту; сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, сахналау өнеріне баулу; балаларды ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Көпшілік қауымды, оқушыларды Наурыз тойының дәстүрлерімен, Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғылармен таныстыру.

Дамытушылығы: Сонымен бірге оқушылардың жан жақты дамуы үшін сайыс түрінде өткізу. Сайыс баланың қабілетін, белсенділігін, еңбекке құлшынысын арттырудағы басты құрал.

Тәрбиелігі: Балаларды іскерлікке, тапқырлыққа, ізгі қасиеттерге баулу басты парыз.

Сабақтың түрі: сайыс

Көрнекіліктер: қазақтың ұлттық бұйымдары
Сабақтың барысы:


Мұғалім: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді, халайық! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Құрметті қонақтар! «Наурызым - мерекем, Наурызым - құт берекем» атты мерекелік сайысқа қош келдіңіздер!
1, 2 - жүргізушілер:
Армысың, шапағатты күніміз (Күнге қарайды)
Армысың, мейірімді жеріміз (Қолдарын жерге жақындатады)
Армысың, табиғат анамыз (Бастарын иеді)
Келді сізге өзіңіздің балаңыз (Өздерін көрсетеді)
1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум! «Мен адаммын, адамдығымды білдіремін». «Алланың нұры жаусын!»
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
2 - жүргізуші: Уағалейкумассалам! «Мен ден адаммын, адамдығымды білдіремін», «Сізге де Алланың нұры жаусын!»
Ұлыс оң болсын,
Пәле - жала жерге енсін!(екі оқушы төс қағыстырып амандасады)
1 - жүргізуші:
Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той - ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе - теңін.
2 - жүргізуші:
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз - сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.

2 - жүргізуші: Уа, халайық!
Хабарлайын бәріңе,
Бүгін қызық, бар қызық,
Болғалы жатыр мол қызық

а) Наурыз туралы мағлұмат беру
ә) Сайыс
I. Кезең «Өткел» (топ басшыларының жарысы)
(1минут ішінде 5 сұраққа жауап береді. 1сұраққа 500 ұпай)


«Жалын» тобы:
1. Кигіз үй бөлшектерін ата (шаңырақ, кереге, уық, ағаш, есік, түндік, үзік, туырдық, киіз есік)
2. Наурыз мейрамы қай жылдан бастап ресми тойланды? ( )
3. Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт дәстүрлер бар? (шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер).
4. Алтын адам қай жерде қай жылы табылды? ( Есік қаласы)
5. Ұлттық саз аспаптарын ата (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, абдыра, сазсырнай)

«Жұлдыз» тобы:
1. Ұлттық бас киімдерді ата (сәукеле, кимешек, жаулық, тақия, бөрік, тымақ, малақай, қалпақ)
2. Ұлттық ойындарды ата: (ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)
3. Астана Қазақстанның нешінші қаласы (Орынбор, Ақмешіт, Алматы, Ақмола)
4. Елбасының Республика халқына арналған Қазақстан жолдауы қай жылы жарияланды? ( )
5. Жарапазан қай уақытта айтылады? (Рамазан айындағы ораза уақытында)

II. Кезең - « Белес» Әр топқа екі сұрақ беріледі (200 ұпай ойлануға 1 минут)
1. «Ат шаптырым жер» сөзінің мағынасын түсіндір
2. «Мұрныма су жетпей жүр» сөзінің мағынасын түсіндір
3. Іркіт дегеніміз не?
4. Саба дегеніміз не?

III. Кезең - «Бекет»
1. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды? (1992 жыл маусым жыл қаңтар)
2. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Заң қашан қабылданды? Жыл қазан

IV. Кезең - «Асу» (ұпайы көп топ бастайды )
1.«Жиен ел болмайды, желге ас болмайды» дегендегі «жиен» кім? (қыздан туған бала «жиен» деп аталады).
2.«Жеңге қойған астың «ішінде желке жүреді» дегендегі жеңге кім? (ағаның әйелі)
3. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (кәрі жілік)
4. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады? (сыйлы қонаққа)
5.«Абысын тату болса, ас көп» деген сөз бар. Сондағы абысын кім? (ағайынды адамдардың әйелі)
6. Наурыз көже қалай жасалады? (соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, езілген құрт, бидай, тары, күріш, пияз, сүт)
7. Абайды «Қазақтың бас ақыны» деген кім? (А. Байтұрсынов)
8. Ш. Уәлиханов кім? (ғалым, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы)









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал