7


  • Учителю
  • Урок на тему 'Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы'

Урок на тему 'Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан. Жыландар мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылығы. Жыланның улы аппараты, уының әсері. Жыланның шағуынан қорғану және улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек. Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Мақсаты:,
Білімділігі:. .Оқушыларға жыландар,олардың улы аппараты, уының
әсері, жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек, жыландырдың маңызы жайлы білімдерін толықтыру
Дамытушылығы: Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілігі: Өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. өздігінше ойлануға баулу. Денесін жетілдіру қажеттілігін сезінуге баулу
Құрал-жабдықтар: оқулық, ғаламтор материалдары. Тірек- сызба
Сабақтың әдісі:, әңгімелесу, білім алушылардың ойын тыңдау, кітаппен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру
Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар.Кезекші бүгін сабаққа кім келмеді? Журналды толтырып болған соң, оқушылардың зейінін сабаққа аударып,үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын 5-6 оқушыдан ауызша түсініктерін сұраймын. Сұрақ- жауап әдісін пайдалана отырып 2-3 оқушыны бағалаймын.
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту
1.Жорғалаушылардың қаңқасы
2.Омыртқа жотасы
3.Ас қорыту жүйесі
4.Жүрегінің қрылысы
5.Тыныс алуы мен зәр шығаруы
6.Сезім мүшелері
ІV. Жаңа сабақ түсіндіру:
. Жалпы сипаттама.Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде - тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.
Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы - айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі - кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға - артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі.
Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны - 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде - 435-ке жетеді. Жыландар жылына 2 - 4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай түседі. Тіршілік ететін ортасына сәйкес реңі алуан түрлі келеді.
Жыландар Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі - сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқыр жыландар (1 түрі), айдаhарлар (2 түрі), сарыбас жыландар (12 түрі), сұржыландар (2 түрі), бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.
Жыланның шағуы
Сенің әрекетің: - Кешіктірмей аузыңмен уды сорып таста. Егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет 10-15 минут бойы жүргізіледі. - Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қой. - Қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қой. - Аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып таста. - Зардап шегушіге сусынды көп ішкіз (шай, минерал немесе жай су). -Ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкіз. - Зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткіз.
Назар аудар! Шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды!
Жорғалаушылардың адамға пайда - зияны. Ұсақ жыландар мен кесірткелер зиянды бунақденелілер мен кемірушілерді жеп, а. ш. едәуір пайда келтіреді. Ірі денелі кесірткелердің, жыландардың, әсіресе тасбақалардың еті көптеген аймақтарда тағам ретінде пайдаланылады. Сондай - ақ ірі кесіртке, жылан және крокодилдің терісі ежелден - ақ әр алуан бұйымдар жасау үшін таптырмайтын шикізат болып табылады. Тіпті улы жыландар да адам үшін пайдалы, оның уы медицинада құнды дәрі - дәрмектер жасауға пайдаланылатындықтан, улы жыландар арнайы тәлімбақтарда өсіріледі.
V. Қорытынды:
Сұрақ қою арқылы
1.Жылан шаққан жағдайда қалай алғашқы көмек көрсету керек ?
2.Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
3.Жалпы жылан туралы не түсіндіңдер?
VІ. Бекіту:
Жыландардың пайдасы мен зиянын кестеге толтыру
Пайдасы Зияны




VІІ. Үй тапсырмасы:
Жыландар,жыландардың маңызы
Қазақстанда кездесетін жыландардың түрлеріне эссе жазу

VІІІ. Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал