7


  • Учителю
  • «Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама» биология пәнінен 7 сынып сабақ жоспары.

«Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама» биология пәнінен 7 сынып сабақ жоспары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бүгінгі танысқалы отырған жануарларымыздың тіршілігі ерекше, олармен көптеген аңыз ертегілер өрбіген, оларды ;-гипноздық көзқарас иесі, Жылан-ұзақ жасайтындар, Тасбақа -өте қатыгез, Коркодил-жылдам, әрі жылпы , Кесіртке-тез құбылатын , Құбылғы- тірі қазба, Гаттерия- медиц
предварительный просмотр материала

Бектемін: 3.03.15 7б сынып.

Мұғалімнің аты-жөні

Наурзбаева Мейрамгуль Болатқызы

Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп

1-апта

2-күн

3-сабақ

Биология кабинеті

Сабақ атауы

«Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама»

Сілтеме

Білім стандарты,пән бағдарламасы, "Биология", Алматы, "Атамұра" 2012 жыл,

Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков , Ә. Әметов. Ж. Қожантаева.


Жалпы мақсаты

- жорғалаушылардың жерде тіршілік етуіне байланысты сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру; - оқулықпен жұмыс істеу, негізгі ұғымдарды көрсете білу, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыту; -танымдық қызығушылығын арттыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;


Күтілетін нәтиже

-Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі

оқытуын қалыптастыру

-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену

- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру

-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту


Негізгі идеялар

- жорғалаушылардың жерде тіршілік етуіне байланысты сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекетін ұғындыру.

Дереккөздер

Интернет деректері, «Жануартану» ,сайттар,ресурстар

Тапсырмалар

«Гормошка»әдісі.

«Гауһарлар иерархиясы» әдісі,

«Айналмалы бекеттер»,

Дискуссиялық өрнек,

Семантикалық карта.

Биологиялық диктант.

Жуан және жіңішке сұрақтар.

«Ойлан , жұптас , талқыла»

«Ақылдың алты қалпағы»

Кейінгі тапсырмалар

Жорғалаушылар түрлері бойынша презентация дайындау.



Мұғалім жазбалары:

І.Ұйымдастыру жұмыстары:

Амандасу

Шаттық шеңбері: Аспанымыз ............ ашық,

Жүрегіміз ................кең

Достығымыз ........... мықты.

ІІ. Топқа бөлу. Суреттер бойынша.


ЖЫЛАН-ақыл мен жасырын байлықтың символы және осындай қасиеттерге не болуды армандайды.

ТАСБАҚА-байлық пен ұзақ өмір сүрудің символы. жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді.

ГАТТЕРИЯ -сіз ерекше тұлға болуды қалайсыз, кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.

ҚҰБЫЛҒЫ-Сізде ертеңгі күнге сенімділік және қарапайым қуаныш жеткілікті. Қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады.


Бағалау өлшемдерімен таныстыру

Р.с

Оқушының аты-жөні

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Ұпай

Баға

2 ұпай

3 ұпай

5 ұпай

6 ұпай

6 ұпай

1

2

3

4

5

6

24-21 ұпай -«5» 20-16 ұпай-«4» 15-10 ұпай-«3»


І Білу

1. Үй тапсырмасы: Қосмекенділер класын қайталау.

-«Гармошка» әдісі

А4 қағазы гармошка бейнесінде 5-ке бүктеліп, топқа таратылады. Оқушылар өткен тақырып бойынша 5 бөлігіне топтағы 5 оқушы 5 сауал жазады .Сосын алмастырып беремін.Жауаптар ауызша айтылады.


Ой шақыру. Бүгінгі танысқалы отырған жануарларымыздың тіршілігі ерекше, олармен көптеген аңыз ертегілер өрбіген, оларды ;


  • -гипноздық көзқарас иесі, Жылан

  • -ұзақ жасайтындар, Тасбақа

  • -өте қатыгез, Коркодил

  • -жылдам, әрі жылпы , Кесіртке

  • -тез құбылатын , Құбылғы

  • - тірі қазба, Гаттерия

  • - медицинаның символы

Бұлар қандай жануарлар?

Неліктен жорғалаушылар деп атайды?

Күн жадын жазу. Тақырыпты дәптерге жаздыру


ІІ Түсіну.


Жер тарихы бірнеше миллион жылдарға созылғаны мәлім. Сонау ылғалды климатты таскөмір кезеңінен кейін , құрғақ пермь кезеңі басталды. Бұл климат қосмекенділерге қоласыз, ал жорғалаушыларға тез бейімделуге мүмкіндік туды?

-Қалай ойлайсыздар қандай құрылыс ерекшеліктері олардың тіршілігін сақтап, қазіргі заманға дейін жетулеріне мүмкіндік туғызды?

( гауһарлар иерархиасы)

Жорғалаушылар- құрлықта тіршілік ететін, салқын қанды алғашқы омыртқалы жануарлар. Қозғалу түрі: жорғалау. 8000 түрі белгілі, дене тұрқы әртүрлі, құрлықта, суда және жер астында тіршілік етеді.


Электрондық оқулықтан тыңдау.


Жорғалаушыларды зерттейтін зоология бөлімі герпетология деп аталады. Ал рептилийлерді зерттейтін мамандар герпеологтар деп аталады. Бүгін біз герпетологтар ретінде жорғалаушыларды зерттеп көрейік.


«Айналмалы бекеттер» әдісі

1-топ: Жорғалаушылардың сыртқы құрылысы

2- топ: Жорғалаушылардың қаңқасы.

3-топ: Жорғалаушылардың ішкі мүшелері. ( асқорыту, тынысалу, қанайналым, зәр шығару)

4- топ: Сезім мүшелері мен көбеюі.


Оқушылардың шығармашылығы:


Түлеу-

Регенерация -

( бейнероликтер көрсету)


ІІІ Қолдану .

1-топ. Дискуссиялық өрнек.

Мазмұны

иа

жоқ

Жорғалаушылардың терісі құрғақ және бездер өте аз.

+


Жорғалаушылар қарыншасының арасын жартылай перде бөледі.

+


Зәр аналь тесігі арқылы шығарылады.


+

Жыланның уы тілінде


+

Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді.


2- топ. Биологиялық диктант.

Жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласы ............. деп аталады. Жорғалаушылардың қаңқасы .......... бөлімнен тұрады: Олар: ...................., ............., ..............., ................., ............... . Олардың қаңқасында алғаш ...................... пайда болған. Жыланның тілі ................. қызметін атқарады. Сілекей безі өзгеріп, ............ бөлетін безге айналған.


3- топ. Семантикалық карта.


5 бөліктен құралған.

Өкпе.

Қарын

Көз құлақ, танау.

3 қуысты жүрек.

Асқорыту мүшесі

+

Тыныс алу мүшесі


+


Сезім мүшелері


+


Қанайналым мүшесі

+

Қаңқасы

+


4. топ. Жуан және жіңішке сұрақтар

Жуан сұрақтар

Жіңішке сұрақтар

«Жұмыртқадан жылан да шығады, қыран да шығады» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жорғалаушыларға нелер жатады?

Саламандра, крокодил, анаконда, тасбақа, абжылан. Бұл жинақта қай жануар артық? Неліктен?

Кейбір жыландар тірі туатындығына келісесіз бе?

Медицина эмблемасына неліктен жылан бейнеленген?

Күрделі қозғалыс әрекеттеріне байланысты дамыған ми бөлімі.


Сергіту сәті: Көңілді күн.

ІY Талдау. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

1 топ: Бірде жас археолог қатты шаршап далада ұйықтауды жөн көрді. Таңертең ол кеудесінде бірнәрсенің жатқанын сезеді.Бұл дала жыланы болатын. Археолог жыланды жайлап түсіріп жібереді. Неліктен жылан ұйықтап жатқан адамға келеді?
(Жауап: Жыланның дене температурасы тұрақты емес. Адамда температура тұрақты сақталады. Жыландар өздерінің жылу сезгіш органдары - термолокаторы арқылы жылудың қай жақта екенін сезеді. Тәуліктің салқын кезінде олар адамдардан жылу іздеуі мүмкін.
2 топ: Көптеген рептилийлер ұрпағына қамқорлық жасамайды. Бірақ кейбір ірі жыландар жұмыртқасын ұрпағы жарып шыққанша шеңбер жасап бағып жатады. Бұл уақытта үнемі бұлшық еттері жиырылып тұрады. Жыланның бұл әрекетін қалай түсіндіресіңдер?


(Жауап:Бұл тек қорғау мақсатында ғана емес. Бұлшық еттер жиырылған уақытта жұмыртқаны жылытатын жылу бөлінеді.).
3 топ: Бірде күздің салқын күндерінде Вьетнамнан Ресей зообағына 24 айдаһар әкелінді. Жануарларды қабылдап алған маман әр айдаһарды қолымен ұстап қарап алды. Жыландардың қауіп төндірмегеніне қарап, әкелушілер зоолог жыландарды гипноз арқылы ұстады деп есептеді. Айдаһардың қылығын сендер қалай түсіндірер едіңдер?
(Жауап: Әңгіме гипнозда емес. Айдаһардың белсенділігінің төмендігі сыртқы ортаның төмен температурасымен байланысты, себебі, жыландардың дене температурасы сыртқы ортаға байланысты.
4 топ: Тышқанды аңдып отырған жылан секіріп барып жемін тістеп алды, бірақ оны ұстап тұрмай жібере салды. Мұны қалай түсіндіруге болады?
(Жауап: жылан удың тарауын күтеді. Ол өзінің дайын болған жемін арнайы терморецепторы арқылы иісінен айырады)

8. Зертханалық жұмыс.

Жорғалаушылардың сыртқы құрылысын бақылау.

Мақсаты: нағыз құрлықта тіршілік ететін жануар ретіндегі кесірткенің сырт құрлысы

ерекшеліктерін анықтау; оларға түсінік беру.

Құрал - жабдық пен материалдар: Суреттер, препараттар , қаңқасы, сапты ұлғайтқыш әйнек.

Жұмыстың реті және нәтижесі.

1. Кесіртке сыртқы құрлысын зерттеу.

Денесіне қара, оның денесі неше бөліктен тұрады?-------------------------------------

Бас бөлімі тұлғамен қалай байланысқан?------------------------------

Аяқтарын тап.Алдыңғы және артқы белдеулерінде орналасқан аяқтарының

ұзындықтары қандай?---------------------------------------

Аяқтары мен қолдарында қанша саусақ бар?---------------------------

Олар немен аяқталған?---------------------------------------------------------

Ұлғайтқыш әйнектің көмегімен жабыны мен арқа жағынан артқы бөлігін қара.

Бас бөлімінен ауыз,көз, құлақ және танау тесіктерін қара.

2. Қорытынды жаса.Кесірткенің сыртқы құрылысындағы қандай белгілері оның

құрлықта тіршілік етуге бейімделгендігін көрсетеді?-

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Y Жинақтау


1.Ақ қалпақ- жалпы сипаттама


2.Қызыл қалпақ- Рөлдік ойын


3.Қара қалпақ-жорғалаушылар тудыратын қауіп.


4.Сары қалпақ- пайдасы.


5.Жасыл қалпақ - қолға үйрету мүмкіндігі.


6. Көк қалпақ - қорғалуы.


YI Бағалау : Блум кестесі


Білім

Жаңадан қандай білім алдың?

Түсінік,ұғу

Берілген білімді түсінгеніңді немен дәлелдейсің?

Анализ

Қабылдаған біліміңнің маңызы неде?

Баға

Өзіндік баға бер

Коррекция

Нені ұға алмадың?


YII Кері байланыс.


Тақтаға чемодан, еттартқыш, себет ілінеді. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріне қарай суретті таңдайды.

Алған білімім болашақта қажет .


Алған білімімді жинақтап, қорытамын, електен өткіземін.


Алған білімімді қажет етпеймін.


Бағалау:

Үйге тапсырма: Жыландар : Сарыбас жылан, сұр жылан туралы мәліметтер жинау. Презентация құру. Салыстыру.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал