7


  • Учителю
  • Конспект по биологии ' Ашық тұқымдылар'

Конспект по биологии ' Ашық тұқымдылар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«№ 4 орта мектебі»мм

Нурмухамбетова Гулшат Жоламанкызы

Биология кабинетінің лаборанты


Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер

Сабақтың мақсаты: Ашық тұқымды өсімдіктерге толық түсінік беру.
Білімділігі: Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін, көбею жолдарын, адам өміріндегі маңызы жайында толық мәлімет бере отырып оқушылардың сауаттылығын, біліктілігін арттыру.
Дамытушылығы: Ашық тұқымды өсімдіктер жайында толық мәлімет беріп, оқушылардың қызығушылығын ояту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға баулу.
Көрнекілігі: слайд, плакат, интерактивті тақта, кеппе өсімдіктер
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: ауызша айтып түсіндіру, сұрақ жауап, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: география, ботаника дүниетану т.б.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру.
Үйге тапсырма:
1. Плаун қандай жерлерде өседі?
2. Плаунның құрылысы қандай?
3. Плаундар қандай жолдармен көбейеді?
4. Плаундардың спораларынан не пайда болады?
5. Қырықжапырақ қайда өседі?
6. Қырықжапырақтар қалай көбейеді?
7. Қазақстанда қырықжапырақтың қай түрлері қорғалады?


Жаңа сабақ
Біз өсімдіктер дүниесінің ашық тұқымдылар бөліміне тоқталамыз. Осыған дейін сендер споралы өсімдіктермен таныстыңдар. Енді тұқымды өсімдіктер бөлімімен танысамыз. Спора мен тұқымның айырмашылығы: спора- біржасушалы түзіліс, ал тұқым көпжасушадан тұрады. Тұқымда қоректік заттар қоры көп болады. Тұқым түзіліп, өсімдіктердің түрлері жер бетіне тұқым арқылы таралады. Сондықтан ашық тұқымды өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер тобына жатқызамыз. Тұқымды өсімдіктер үлкен екі бөлімнен тұрады: ашық тұқымдылар (тұқыммен көбейеді, бірақ жеміс түзбейді); жабық тұқымдылар(тұқымы жемістің ішінде орналасады). Ашық тұқымдылар- өсімдіктердің ең ежелгі тобы. Бұлардың тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасатындықтан, ашық тұқымды өсімдіктер деп аталады. Ашық тұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы - сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар. «Сүрек» деген- ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ашық тұқымдылардың бөлімінде шөптектес өсімдіктер болмайды, басым бөлігі мәңгі жасыл түсті болады. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақтылар класына жатады. «Қылқан жапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады. Жер ғаламшарында 600-ге тарта қылқан жапырақты өсімдіктер бар. Солардың 100-ге жуығы қарағай түрлері. Кәдімгі қарағай- бір үйлі өсімдік. Ол жарық сүйгіш өсімдік. Орманда өседі. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, сәл аласа болып келеді. Жарық жеткілікті болғандықтан, бұтақтары жан-жаққа жайыла өседі. Қылқан жапырақтылар- кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Сөйтіп ұсақ тамыршаларда микориза(грекше «микос» - саңырауқұлақ және «риза» -тамыр) дегенді білдіреді. Ағаш сабағы дің «деп» аталады. Діңнің қабығы, сүрегі және нашар білінетін өзегі болады. Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сондай-ақ сүрегінде шырайлы өзекшелер болады. Қарағай бұтағында әр түрлі бүрлер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Олар көктемде пайда болатын қызғылт сары түсті аналық бүрлер. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы -жабын, ішкісі тұқымдық деп аталады. Тұқымдық қабыршақта 2 тұқымбастама түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер болады. Бұлар аталық бүрлер. Аталық бүрлердің қабыршақтарының төменгі жағын тозаң түзілетін 2 тозаңқапшықтары бар. Ауаға толы тозаңдар өте жеңіл болғандықтан, желмен өте алысқа ұшып таралады. Сөйтіп қарағайдың бір бұтағында аналық және аталық бүрлер болады. Аталық бүрлерімен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасқандықтан, қарағай бірүйлі өсімдік деп аталады. Аналық бүрдің тұқымбүршіктері ашық тұрады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдар аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. Бұл сәтте тұқымбүршіктерде жұмыртқажасушалар болмайды. Сондықтан тұқымбүршік бірден ұрықтана алмайды. Тұқымбүршікте эндосперм(грекше «ендон» - ішкі + «сперма» - тұқым)-қоректендіруші ұлпа пайда болады. Сөйтіп жұмыртқа жасуша түзіледі. Бұған кемінде бір жыл қажет. Демек тұқымбүршік бір жылдан соң, келесі жазда ғана ұрықтанады. Қарағайдың аталық жыныс жасушасы өздігінен қозғала алмайды. Желдің көмегімен ұшып келіп, аналық жасушаны ұрықтандырады. Аталық және аналық жасушалардың қосылп, ұрықтануынан зигота түзіледі. Зиготадан ұрық дами бастайды. Ұрық эндосперм есебінен қөректенеді. Сөйтіп тұқымбүршік ұрықтан тұқымға ауысады. Тұқым аналық өсімдіктің ішінде түзіледі. Тұқым ұрықтан, эндоспермнен және тұқым қауызынан құралады. Ағаш басындағы пісіп жетілген аналық бүр қоңыр түске айналады. Бүрдің ұзындығы 4-6 см -ге жеткен кезде ол пісіп жетіліп қабыршақтарын ашады. Қарағайдан басқа да қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқымында жұқа қанатша болады. Ашық тұқымды өсімдіктердің тамыры тереңге болйлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. «Эрозия» -латынша «ерозио» - жегідей жеу, бүлдіру. Қарағай, шырша, самырсын және өзге ашық тұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығында да маңызы зор. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Шырша сүрегі -қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. Аышық тұқымды өсімдіктер сүрегінен әр түрлі бұйымдар жасалады, құрылыс материалы ретінде пайдаланады.
Бекіту сұрақтары:
1. Ашық тұқымдыларға өсімдіктердің қайсысы жатады?
2. Тұқымды өсімдіктер нешеге бөлінеді?
3. Ашық тұқымды өсімдіктер дегеніміз не?
4. Сүрек деген не?
5. Бірүйлі өсімдік деген не?

Үйге тапсырма: Ашық тұқымды өсімдіктерді оқу. 47-48 суретті салып келу. №19 зертханалық жұмысты орындау.
Бағалау:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал