7


  • Учителю
  • 'Қанның құрамы' тақырыбындағы биологиядан сабақ жоспары

'Қанның құрамы' тақырыбындағы биологиядан сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні : Биология. Сыныбы 8.

Пән мұғалімі : Ахметова Салтанат

Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы мен қасиетері

Білімділік: Оқушыларда қанның плазмасы мен формалық элементтері, олардың адам ағзасындағы қызметі туралы білім қалыптастыру. Эритроциттердің құрылысы мен қызметін түсіндіру.Тыныс алу кезінде газ алмасу үдерісіндегі гемоглобин қызметінің ерекшелігімен танысу.

Дамытушылық: Оқушыларда таным белсенділігін қалыптастыру. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту арқылы оларды кез келген жағдайда шешім қабылдау дағдыларын дамыту арқылы білімін қолдануға үйрету. Оқу мақсатын айқындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауға үйрету және басқалармен өзара әрекеттестікте жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:

Қанның құрамын талдай алады;

Адам ағзасындағы қанның формалық элементтерінің маңызын біледі және оларды ажырата алады;

Әртүрлі ойлау әрекеттері арқылы сыни ойлай алады;

Дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілетін дамытады;

Сабақтың түйінді идеялары:

Плазма.Глобулиндер.Альбуминдер.Фибриноген.Эритроциттер.Оксигемоглобин.

Карбоксигемоглобин. Қаназдылық.

Сабақта пайдаланылған ресурстар: Слайдтар. АКТ. Кестелер. Плакат қағаздары, маркерлер, стикерлер,оқулық.

Сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер: Топтық оқыту жұмыс формасы, диалогтік оқыту, сыни ойлау әдістері, жеке жұмыстар,бағалаудың түрлері. Логикалық тапсырмалар мен проблемалық жағдаяттар

Модульдер: АКТ.Сыни ойлауға үйрету, оқытудағы жаңа әдістер, оқытудағы көшбасшылық, дарынды балаларды анықтау, оқыту үшін және оқу үшін бағалау

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларда сабаққа деген психологиялық ахуал қалыптастыру. Топқа бөліну

2.Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар

Сынып үшін жалпылама және жеке оқушылар үшін деңгейлі тапсырмалар

Жалпылама сұрақтар:

Адам организмінің ішкі ортасына не жатады?

Адам ағзасындағы қанның мөлшері?

Адам ағзасындағы қан мөлшері оның дене салмағының неше пайызын құрайды?

Қанның сұйық бөлігі ?

Плазмада нелер қалқып жүреді?

Плазма көлемі қанша?

Формалы элементтер неше пайыз?

Қан нені тасымалдайды?

Гормондар не арқылы тасымалданады?

Дене температурасын реттейтін не?

Қан адам ағзасын қорғауға қабілетті ме?

Лимфа неден түзіледі?

Лимфа құрамындағы су мөлшері қанша?

Үй тапсырмасы бойынша білімді жинақтау

Жаңа сабақты меңгеру

Сабақ тақырыбын проблемалық сұрақ арқылы айқындау , мақсатын анықтау

Біздің организм көп жасушалардан тұрады .Жасуша - тірі бөлшек. Демек, ол қоректенеді, тыныс алады, қажетсіз өнімдерді шығарады, көбейеді. Жасушаға қорек ас қорыту жүйесінен қалай жетеді? Оттегі жасушаға өкпеден қалай жетеді?

(Қан) Қан - керемет сұйық зат. Онан басқа біз қан туралы тағы не білеміз? Қан оттекті қалай тасымалдайды? Осы жөнінде білгілерің келе ме? Осы сұраққа біз жауапты іздеп көрейік.

Тақырып осы сұрақтан туындайды. Қан - бұл не?

Тақырып «Қанның құрамы мен қасиеттері»

Тақырып жоспары:

1.Қан плазмасы

2.Эритроциттер қандай жасушалар?

3.Эритроциттердің қызметі қандай?

4.Эритроцттердің жасалуы мен ыдырауы деген не?

4 топ осы сұрақтар төңірегінде жұмыс орындайды.

1 топ тапсырмасы. Қан плазмасының құрамы мен қызметін анықтаңдар



Қанның плазмасының

Мөлшері

%

Түсі


Құрамындағы су

%

Нәруыз мөлшері

%

Май мөлшері

%

Минералды тұз мөлшері

%

Глюкоза мөлшері

%

Қан плазмасындағы нәруыздар

Қызметі

1.Глобулин



2.Альбумин



3. Фибриноген



4. Сарысу деген не?


2 топ тапсырмасы. Эритроциттерді сипаттаңдар

Сипаттамасын стикерге жазыңдар

2 топ тапсырмасы. Эритроциттерді сипаттаңдар

Сипаттамасын стикерге жазыңдар




Гемоглобин 3 топ.

Неліктен қан қызыл түсті болады? Эритроцит оттекті қалай тасымалдайды? Эритроциттегі ерекше нәруыз туралы не айтуға болады?


4 топ тапсырмасы

Эритроцит қайда жасалады және ыдырайды? Иіс газы неліктен адам үшін қауіпті?


Сергіту сәті

Сергіту сәтіне жаттығу



Экрандағы фигураға қараңдар.Фигураның сыртын көздеріңмен айнала шолу жасаңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Қабақтарыңды саусақтарыңмен сәл басыңдар. Шамалы осылай тұрыңдар. Енді көздеріңді ашыңдар. Біз не байқадық? Көздің қан айналымы жақсарады. Шаршаған басылады.



Бекіту кезеңі

Сынып үшін тапсырмалар

Экрандағы сұрақтар

Дайындық уақыты 4 мин

Берілген сандарды бүгінгі тақырыппен байланыстырыңдар



7-8 , 90-92 , 25 триллион , 5 млн , 7 - 10 мкм , 55 -60 , 3800 , 175 мың , 120 ,120-150

Тапсырма

Дұрыс, дұрыс емес сұрақтар

Дұрыс сұрақтардың тұсына + белгісін қойыңдар



1. Қан плазмасындағы глобулин организмді бактериялардан қорғайды

2. Альбумин нәруызы қан ұюда маңызды роль атқарады

3. Плазмадағы судың мөлшерін реттейтін фибриноген нәруызы

4. Эритроциттер қызыл қан түйіршіктері

5. Эритроциттерде ядро болмайды

6. Гемоглобин плазмада болады

7. Гемоглобиннің оттекпен қосылысы карбоксигемоглобин деп аталады



Сабақты сұрақ- жауап арқылы қорытындылап жинақтау

Оқушылар білімін бағалау

Үйге тапсырма: Қанның құрамы мен қызметі





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал