7


  • Учителю
  • 'Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде' 8 класс

'Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде' 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырып: Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде

Cабақтың типі: Кіріктірілген сабақ.

Оқыту әдісі: Ауызша баяндау, түсіндіру, сұраққа - жауап

Көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздар

Сабақтың мақсаты:

  • Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру;

  • Гигиеналық мәдениетті қалыптастыру;

  • Өскелең ұрпағымыз сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу;

  • Оларға спортпен айналысудың қажет екендігінің маңызын түсіндіру;


Сабақтың міндеті:

Білімділік: Зиянды әдеттердің ағзаға әсері туралы түсінік қалыптастыру, қоғамдағы таралу жолдары айқындалып, салауатты өмір салтының қажеттілігі түсіндіріліп, алдын алу, қарсы күресе білу жолдарын айқындау.

Дамытушылық: Оқушыларды зиянды әдеттердің қатері туралы ұғым қалыптастыру және қоғамдағы қазіргі жағдайлар туралы көз қарастарын айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Алған білімдерін өз өмірінде пайдалана білуге үйрету.Оқушыларды тәрбиелеу арқылы дүние танымын қалыптастыру, өзара түсіністікке, зиянды әдеттерден абай болуға, сыйластыққа, ұйымшылдыққа, қарсы тұра білуге, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: медицина, тәнтану,әдебиет, валеология, физиология, гигиена және экология.

САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Ұйымдастыру.

Негізгі бөлім.

  • I бөлім: "Сәлем берем халқыма".

Шарты: таныстыру,қабырға газетін қорғау.

  • II бөлім. "Денсаулық - зор байлық".

Шарты: зиянды әдеттер тақырыбына байланысты өлең жолдарын шығару.

  • III бөлім."Бірінші байлық - денсаулық".

Шарты: әр топтың көсемдерінің денсаулыққа байланысты мақал-мәтел айтуы.

  • IV бөлім."Уланбасын өмірің".

Шарты:зиянды әдеттердің алдын алу шараларына көрініс.

  • V бөлім. Жағдаяттар сыры.

VI бөлім. Көрермендермен ойын«Таңдау ойыны»

"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз".

Зиянды әрекеттер тақырыбында пікірталас.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

І. Сабақты ұйымдастыру:

Мұғалім:Саламатсыздарма?! Отыра қойыңыздар. Класта кім кезекші? Класта кім жоқ?

Кезекші: Класта кім жоқ екенін айтады.

Мұғалім: Жақсы отыра ғой.

Мұғалім:

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі - адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.

Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер?

Бұлар қандай әрекеттер?

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық, т.б. Бүгінгі сабағымызда біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, сол зиянды әдетт ерден сақтану жолдарын қарастырамыз.

ІІ. Негізгі бөлім:

  • I бөлім: "Сәлем берем халқыма".

Шарты: таныстыру,қабырға газетін қорғау.

Олай болса топ оқушылары әкелген мәліметтері бойынша былай етіп екі топқа бөлініп отыра қойыңыздар. Темекі туралы мәлімет әкелген оқушылар І топ «Ішімдіктің зияны» деп жазылған партаға отырамыз, ал ішімдік туралы мәлімет әкелген оқушылар ІІ топ «Темекінің зияны» деп жазылған партаға отырамыз.

«Ішімдіктің зияны»

«Темекінің зияны»




Топ оқушылары әкелген мәліметтері бойынша 2 топқа бөлінеді. Бөлінген соң топ оқушылары әкелген мәліметтері бойынша бір-бірімен сөз алмасады. Өздері әкелген мәліметтері бойынша әр топ өз тақырыптарын ашады.

  • II бөлім. "Денсаулық - зор байлық".

Шарты: зиянды әдеттер тақырыбына байланысты өлең жолдарын шығару.

  • III бөлім."Бірінші байлық - денсаулық".

Шарты: әр топтың көсемдерінің денсаулыққа байланысты мақал-мәтел айтуы. Сөз жұмбақ шешеді

  • IV бөлім."Уланбасын өмірің".

Шарты:зиянды әдеттердің алдын алу шараларына көрініс.


  • V бөлім. Жағдаяттар сыры. Оқушылар парақта таңдап, жағдаяттарға жауап береді.

VI бөлім. Көрермендермен ойын«Таңдау ойыны»


Сабақты «Таңдау ойыны» арқылы қорытындылаймын.

Ойынның шарты: Ойынға сабаққа қатысып отырған барлығымыз қатыса аламыз. Бұл екі қорапшада сіздерге белгісіз зат жасырылған. Осы қорапшаның жанына барып ашып, көріп, ұстап, қарау өз еріктеріңізде. Қарауларыңызға да болады, қарамауға да болады таңдау өз еріктеріңізде.

Тыйым салынғандар!

Ұстауға болмайтындар!


VII. бөлім. Қорытынды.


Ей,адамзат!

Өмір керек соған да,

Маған,саған да,

Есіңде сақта осыны

Ұста жадыңда.

Жас өмірің ерте солсын демесең,

Кісілерден бөлек жүргін алшақта.

Пешенеге жазылған ғұмырыңның,

Тамырына ұрпағым,балта шаппа! деп кластан тыс шарамызды қорытындылаймыз.

Сау болыңыздар...




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал