- Учителю
- 'Жануарлардың мінез-қылығы' сабақ жоспары
'Жануарлардың мінез-қылығы' сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың мінез-қылығы
Сілтеме: 3_L3W3D4, 17_L3W3D5
Жалпы мақсаты: Оқушыларға топпен жұмыс барысында жануарлардың мінез-қылық ерекшеліктерін ұғынуға үйрету.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:
-оқушылар мағлұматты өздері талдай алады;
-оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, тақырыпты меңгере алады;
-оқушылар бірін-бірін бағалай алады.
Сабақта туындаған негізгі идеялар:
Тапсырмалар: - ассоциация (миға шабуыл)
-
Айнымалы бекеттер
-
Синквейн әдісі
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин) Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабақты біз дәстүрлі емес әдіспен оқуды жалғастырамыз.
ІІ Үй жұмысын тексеру (8 мин)
Үй тапсырмасы: « Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері»
Сұрақтарға жауап беру:
-
Көбеюдің биологиялық мәні неде?
-
Жыныссыз көбею деген не? Дененің (амеба, кірпікшелі кебісше) бөлінуі көбею мен біршіктену (гидра) арқылы көбею неліктен жыныссыз көбеюге жатқызылады?
-
Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден артықшылығы неде?
-
Кірпікшелі кебісшенің жынысты көбеюі кезінде кіші және үлкен ядро қандай өзгеріске түседі? Кебісше үшін оның маңызы қандай?
-
Шұбалшаңды гермафродит жәндік дейміз. Неге?
-
Шала түрленіп және толық түрленіп бунақденелілердің қайсыларының жұмыртқадан ересек ағзаға дейінгі даму мерзімі ұзақ болады?
-
Сүтқоектілерде буаздық деп нені атайды?
ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру (20 мин)
Топтардың орнын ауыстыру (клас топтарының атауымен)
Әр топқа белгілі бір мәтінмен жұмыс жасатып, «Айнымалы бекеттер» бойынша бір-біріне түсіндіру
ІV Бекіту (10 мин) Синквейн
(5 жолдан тұратын өлең)
1 жол -1 зат есім (тақырыбы)
2 жол - тақырыпты ашатын 2 сын есім
3 жол - тақырыпты сипаттайтын 3 етістік
4 жол - тақырыпқа қатысты сөйлем (4 сөз)
5 жол - 1 түйін сөз (тақырыптың синонимі)
V Бағалау (3 мин) сабақбасында берілген критерийлер бойынша топ басшылары топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.
VІ Үйге тапсырма (2 мин)
«Топтық мінез-қылық»
-
Жекелей және топтық мінез-қылықты ажырата білу.