7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Өзен шаяны' 7-сынып

Сабақ жоспары 'Өзен шаяны' 7-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 7

Пәні: Биология

Тақырыбы: Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы

Мақсаты:

Білімділік: Өзен шаянының ішкі және сыртқы құрылысымен және қызметтерімен таныстыру.

Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа элементтерін қолданып, оқушылардың білімге құштарлығын, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыс істеп, талаптарын, тіл байлығын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасай білуге, белсенді қиммылдауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, суреттер, электронды оқулық

Сабақтың әдісі: суретті сөйлет әдісі, сұрақ-жауап, нақты сандар кабинеті, топпен жұмыс

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: 8 мин

Сұрақ-жауап:

1.Кластың бауыраяқтылар деп аталуы неліктен?(Тоспаұлудың аяғы дененің бауыр жағында болады)

2.Басаяқты ұлулардың өкілдері?(кальмар, каракатица, сегізаяқ)

3.Қандай ұлу өзінің жауына сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді?(сегізаяқ)

4.Не себептен басаяқты ұлулар деп аталған?(аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады)

5.Сегізаяқ туралы қандай қызықты дерек бар?(сегізаяқты сиқырлап ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын төмен салбыратса болды)

Суретті сөйлет:

«Нақты сандар» кабинеті:

80 мың(бауыраяқты ұлулар класы)

20 мың(қосжақтауылы ұлулар класы)

800-ге жуық(басаяқты ұлулар класы)

3(ұлулар типі 3 класқа біріктірілген)

ІІІ.Жаңа тақырып түсіндіру: 15 мин

Шаянтәрізділер класының нағыз өкілі-өзен шаяны.

Өрмекшітәрізділер класының өкілі-кресті өрмекші.

Өзен шаянының мекен ететін жерлері: тұщы суларда, өзендерде, жылғаларда және көлдерде.

Өзен шаяндары жем талғамайды. Жемнің иісін, әсіресе өлген бақа, балық немесе басқа жәндіктердің өлексесі бұзыла бастаса, өзен шаяны алыстан сезеді.

Сыртқы қабатында-хитині болады. Бұл қорғаныш қабаты. Оның түсі-қоңырқай жасыл түсті. Бұл қорғаныш реңі оны су түбінің ала көлеңкеленген жерінен көрінбейтін етеді. Жамылғыдағы бояу заты оны пісірген кезде жойылып кетеді.

Қысқа және ұзын мұртшалары-сипап сезу және иіс сезу мүшелері.

Шаянның көкірегінде бес жұп бунақты аяқтары болады.

Шаянның жұп аяғы өте ірі, бұл қорғану, жемін бас салу және жемін қармау мүшелері.

Құрсағы бірімен-бірі қозғалмалы болып жалғасқан алты бунақтан құралып, бес қалақшалы құйрық жүзу қанатымен аяқталады.

Шаянның аналығы сыртқы көрінісі жағынан аталығынан өзгеше болады. Аталығының құрсағы баскөкірегінен қысыңқы келеді. Аналығы қыс соңында уылдырықшалар шашады да оларды құрсақ аяқтарына жабыстырып алады. Уылдырықшалар сол жерде дамып жетіледі.

Бекіту: 15 мин

Деңгейлік тапсырмалар:

1-топ: Баяндаушылар-мәтінді оқи отырып, суретін салып баяндау.

2-топ: Сілтеме табушылар-мәтінді оқи отырып, жаңа ұғымдарды тауып, анықтамасын оқу.

Бағалау: 2 мин

Үй тапсырмасын беру: 2 мин

Өзен шаянының құрылысын оқып келу.

Қолданылған әдебиеттер:

Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева.Биология.- Алматы: «Атамұра», 2007 ж.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал