- Учителю
- Кіріспе сабақ Жақсыбай Ардақ Ермекқызы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының биология пәігі мұғалімі
Кіріспе сабақ Жақсыбай Ардақ Ермекқызы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының биология пәігі мұғалімі
1-сабақ
Кіріспе сабақ
Мақсаты: Оқушыларды бағдарлама мазмұнымен таныстыру, гүлдер туралы білімдерін толықтыру, гүлдер табиғаттың сұлулығы екендігін ұғындыру, оларды күтіп-баптаумен бірге қорғау жолдарын түсіндіру, гүлге деген аяушылық сезімдеріп оятып, оларды әрқашанда қорғап жүруге үйрету.
Дала көркі сан алуан гүлімен,
Құстың көркі сайрайтұғын үнімен
Табиғаттың тарылтпайтын тынысын,
Жердің көркі жарық сәуле күнімен
Гүлді көрсек жадырайды жанымыз,
Гүлдерменен салтанатты әніміз
Қызыл, сары, көк гүлдер бар сан алуан
Сол гүлдерге арналады әніміз
Р.Сәтімбеков
Гүл - тек жабық тұқымды өсімдіктерде пайда болатын, өсуі шектелген, түрі өзгерген қысқарған өркен. Гүл өсімдіктің еөбею мүшесі. «Гүл өссе - жердің көркі» дейді қазақ. Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. «Өмірдің гүлі», «гүлдей жайна », «гүлдей бер» секілді сөз тіркестері де соның дәлелі. Яғни,гүл - әдемілік өлшемінің шыңы. Мейірімділік, махаббат, қуаныш, ілтипат секілді сезімдерді жеткізуде гүлдің алар орны ерекше. Гүл -жақсылықтың, бақыттың нышаны іспеттес. Олай дейтініміз, гүлді беру арқылы біз біреуге ақжарқын көңіліміз бен ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен сыйымызды көрсеткіміз келеді. Осы ретте Гомердің «Гүл беру артында ғана ешқандай жаман ой тұрмайды. Өйткені, оның өзі бар нәрседен хабар беріп тұрады» деген сөзі ойға орала кетеді. Демек, гүлді ізгі ниет - пейілдің, жан жылуының белгісі десек артық айтпаймыз. Ойлап қарасақ қолданыста жүрген «гүл - ғұмыр» деген тіркестің өзі бойына терең әрі тұнық мағына сыйдырып тұрғандай.
Бәріміз дерлік көктемді гүлімен, жазды жылы күнімен жақсы көреміз. Күн жылынысымен дереу гүлді көйлек киюді ұнатамыз. Сол арқылы өзіміздің көтеріңкі көңіл - күйімізді көрсеткіміз келеді. Гүлдің, гүлді ортаның адам баласына әсері зор. Гүл - көңілді жайландыруға, ойды демалдыруға таптырмас құрал болса керек. Ол тіптен кейде кейбір дерттерді емдейді. Ғалымдар гүлдердің классикалық баяу әуенді тыңдаса жақсы өсетінін, ал рок, поп секілді даңғаза музыкаларды үнемі қосып қойсаң олардың бірте - бірте солып қалатындығын дәлелдеген. Адам гүлге қалай қарым - қатынас жасайды, оны өсіруге қаншалықты ықыластанады гүлде адамға солай жауап беретін көрінеді. Мамандардың айтуынша гүлді әркім өз қолымен егіп, күтіп - баптағаны дұрыс. Гүлді шын - ықыласыңмен күтіп - баптасаң ол өскен соң денсаулығыңа, отбасыңа оң әсерін тигізетін көрінеді. Ал гүлдің қасында бір сағаттай отырсаң көңіл күйің көтеріліп, барлық жаман ойдан арылады екенсің.
Есіңде сақта: әлемдегі гүлді өсімдіктердің 260 000 түрі бар.
1-тапсырма
Өздерің білетін 10 гүлдің есімдерін жазу
Мысалы:
-
Раушан
-
Қызғалдақ
-
Сүмбілшаш
-
Нәркес
-
Сарғалдақ
-
Түймедағы
-
Бәйшешек
-
Күнбағыс
-
Құртқашаш
-
Аққанат
2-тапсырма
«Гүл тізбе» ойынын ойнау
Қызғалдақ - қырмызыгүл - лалагүл - лапыз - запран - нәркес - саумалдық ......
3-тапсырма
Сөзжұмбақ «Гүлдер»
-
Өсімдіктің көбею мүшесі? (гүл)
-
Тостақанша жапырақтан кейін орналасады? (күлте)
-
Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізілген ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбейтін гүл? (бұрыс гүл)
-
Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізілгенде теңдей бөлікке бөлінеді? (дұрыс гүл)
-
Аталық бөлімі? (жіпшесі)
-
Гүл атауы? (раушан)
Үйге тапсырма
«Мен табиғат аясында демалыстамын» тақырыбына шығарма жазып келу.