7


  • Учителю
  • Конспекты Организмнің жеке дамуы

Конспекты Организмнің жеке дамуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: а) білімділік: Организмнің жеке дамуы туралы және әр кезеңдері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды өз беттерімен тақырыптағы негізгіні ажырата білуге, білім мен дағдыны жаңа байланысқа кіргізе отырып тереңдету. Білім көздерінің ақпаратты – коммуникативтік
предварительный просмотр материала

Организмнің жеке дамуы

Биология (9 класс)

Сабақтың тақырыбы: "Организмнің жеке дамуы"


• Мақсаты: а) білімділік: Организмнің жеке дамуы туралы және әр кезеңдері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды өз беттерімен тақырыптағы негізгіні ажырата білуге, білім мен дағдыны жаңа байланысқа кіргізе отырып тереңдету. Білім көздерінің ақпаратты - коммуникативтік технологиямен ұштастыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмысқа жетелеу;

б) дамытушылық: Ақыл - ой әрекетінің дамуына оқушыларды пәнге қызықтыра отырып, қазіргі заманауи мәселені көтеріп қана қоймай, шығармашылық қабілеттіліктерін және ғылыми - тәжірибелік, зерттеушілік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік ашу; қазіргі таңда етек алып отырған әлеуметтік проблемаларды қозғау, әрі Адамдағы постэмбриондық кезеңді ән арқылы ұғындырып, балалық шақ, жастық және қартаю кезіндегі дамудың маңызын ашу

в) тәрбиелік: Көрсетілген сюжеттер арқылы оқушылардың болашақтағы іс - әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, адамгершілік, саяси тұлға болып қалыптасуына, белсенділік, орындаушылық, өз - өзіне баға беруге қабілетті, ынталы, шешім қабылдағыштық пен қатар адамға қатысты сезімталдық мінездерінің қалыптасуына тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

  • 1. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру)

  • 2. Үй тапсырмасын сұрау. Деңгейлік тапсырма

  • 3. Жаңа сабақ. Организмнің жеке дамуы - онтогенез.

  • 4. Жаңа сабақты бекіту.

  • Сұрақтар мен деңгейлік тапсырмалар

  • 5. Сергіту сәті

  • 6. Дәптермен жұмыс

  • 7. Кері байланыс

  • 8. Үйге тапсырма

  • 9. Бағалау


Ұйымдастырудан соң оқушылармен деңгейлік тапсырмалар жүргізіледі. Бұл кезде оқушыларға тақта арқылы сурет, сұрақтарға жауап беру керек. Оқушылар үштік топқа бөлінеді. Әр топқа алдын ала тапсырмалар беріліп, білімді өз беттерімен меңгеруге кіріседі.

Үштік топқа берілетін тапсырмалардың тақырыптары.

І деңгей

  1. Жануарлар мен өсімдіктердің жынысты көбеюіндегі ұқсастығы неде?

  2. Өсімдіктердің жынысты көбеюіндегі өздеріне тән қандай ерекшеліктері бар?

ІІ деңгей

  1. Ұрық дегеніміз не?

  2. Ұрықтану дегеніміз не?

ІІІ деңгей

  1. Гүлді өсімдіктердің жыныс мүшелерінің құрылысы қандай?

  2. Қосарлы үрықтану деген не? Оны кім ашқан?

Теңізден жеделхат

  1. Әрбір жасушаның ядросы кішірейіп, сперматозоидтың бас бөлімінде, цитоплазмадан сперматозойдтың ................................... бөлігі түзіледі.

  2. Сперматозоидтың бас бөлімінің алдыңғы жағында ............................. орналасып, акросомаға айналады.

  3. Акросоманың қызметі ........................... .

  4. Құйрығының жоғары жағында митохондриялар жинақталып .................................. құрайды.

Гүлдің құрылысы

  • Жаңа сабақ. Организмнің жеке дамуы - онтогенез.

Эмбриология ғылымы негізінің қалануы Ресей Ғылым академиясының академигі К. Бэрдің есімімен байланысты. К. Бэр "Ұрықтық ұқсастық "жөніндегі ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтық дамуының бастапқы кезеңі өте ұқсас екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде "ұрықтың ұқсастық заңын" ашты. Бұл заң бойынша ұрықтық даму кезінде, алдымен, типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең соңында, организмнің өз белгілері пайда болады.

• А. О. Ковалевский ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде, ұрықтың бастапқы кезінде пайда болған жапырақшалар соңынан эктодерма, энтодерма және мезодерма қабаттарына айналатындығы дәлелденді.


• Эмбиологтардың еңбектері неміс ғалымдары Ф. Мюллер мен Э. Геккельдің биогенетикалық заңының негізінің қалануына әсерін тигізді. Биогенетикалық заң бойынша онтогенез жеке даму дегеніміз - филогенездің тарихи даму қысқаша қайталануы болып табылады. Биогенетикалық ілімнің дамуына орыс ғалымы А. Н. Северцов үлкен үлес қосты. Оның пікірі бойынша организмнің жеке дамуы кезінде ата - тектерінің ересек формалары емес, олардың ұрықтарына тән белгілер қайталанады. Қазақстандық эмбриологтар - профессор И. Чагиров пен профессор Қ. Баймұханбетовтің үлестері зор.

Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы - ол әрі бір жасуша, әрі дамудың бастапқы кезеңіндегі организм. Бұл жасуша дамуында бластула, гаструла, нейрула және мүшелер түзу кезеңдерінен өтеді. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы - зигота бірнеше минуттан соң митоз жолымен қарқынды бөліне бастайды. Бұл бөлшектену кезеңі. Сөйтіп, біржасушалы организм көпжасушалыға айналады. Толық емес бөлшектену балықтар мен бауырымен жорғалаушыларда да жүреді. Ланцетниктерде, қосмекенділерде, құстарда және басқа да жануарларда бластуланың жасушаларының жалпы көлемімен бірдей болады. Себебі зиготаның митоздық бөлінуінің нәтижесінде түзілген жасушалар өспейді. Бірнеше бөлінудің нәтижесінде жасушалар кішірейіп кетеді. Бұл - барлық жануарлардың ұрықтанған жұмыртқаларына тән құбылыс.

  • 4. Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақтар мен деңгейлік тапсырмалар

  1. Онтогенез дегеніміз не?

  2. Бөлшектену сатысының қандай ерекшелігі бар? Бластула деген не?

  3. Гаструляция және гаструла түсініктеріне сипаттама беріңдер.

  4. Ұрық жапырақшалары дегеніміз не?

  5. Бақаның дамуы қайсысына жатады?

  6. Тікелей дамудың түрленіп дамудан қандай айырмашылықтар бар?

  7. Құстардың дамуы қайсысына жатады?

  8. Постэмбриондық даму дегеніміз не?

Қарама - қарсы сұрақтан соң оқушылар бағалау парағын толтырады, қорытындыланады.


  1. Сергіту сәті


  • 6. Дәптермен жұмыс

  • 7. Кері байланыс

  • 8. Үйге тапсырма

  • 9. Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал