7


  • Учителю
  • Биология 6 сынып сабақ жоспары

Биология 6 сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні


Тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі


Мақсаты: Білім алушыларға өсімдіктердің жіктелу ерекшеліктерін, олардың ортақ белгілерін түсіндіріп, оқыту


Міндеті:Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбею ерекшеліктерімен таныстыру, өсімдіктердің жүйелену жолдарымен таныстыру.


Дамытушылығы: Білім алышылардың өсімдіктер дүниесі туралы білімдерін одан әрі дамыту


Білімділігі: Білім алушыларға туыс, тұқымдас, қатар, клас ұғымдарын түсіндіру

Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.

Сабақ типі: қайталау сабағы, аралас сабақ


Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер, өсімдіктердің көбею жолдары көрсетілген суреттер.


І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І бөлімді тексеру:

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1. Өсімдіктер дүниесіне жалпы сипаттама

Жалпы өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер деп үлкен екі топқа бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырлар ғана жатады. Бұрын төменгі сатыдағы өсімдіктерге топтастырылған қыналар тіршілік ерекшеліктерне байланысты саңырауқұлақтар дүниесінің қыналар бөлімі болып жеке қарастырылуда. Ал балдырлар қарапайым құрылысты біржасушалы және күрделі құбылысты көпжасушалы болып келеді. Алайда олардың сабағы да, жапырақтары да болмайды. Бұлардың спора түзетін спорнгийі және жыныс жасушалары бір жасушадан пайда болады. Мүктер, қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар спора арқылы, жынысты, жыныссыз жолмен көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Олардың тамыры, сабағы, жапырағы бар. Жыныстық мүшелері - көпжасушалы. Ал жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататын ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді. енді біз төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің дүние тармағын қарастырамыз

Әсер етуші факторлар


IV. Бекіту. Білім алушылармен өсімдіктер дүниесі туралы сұхбат-дәріс өткізу


V. Сабақ қорытындысы: Өсімдіктер дүниесі қалай бөлінеді?


VІ. Бағалау


VІІ. Үй тапсырмасы: ІІ бөлімнің кіріспесін оқып, өсімдіктер туралы білімінді қорытындыла.

Күні

Тақырыбы: Біржасушалы балдырлар

Мақсаты: Білім алушыларға тірі ағзалар дүниесіндегі орын алатын төменгі сатыдағы жасушалар тобына жататын біржасушалы балдырлар туралы мәлімет беру.

Міндеті: Таллом, хламинодомонада, хлорелла терминдеріне толық анықтама беріп, олардың маңызын түсіндіру

Дамытушылығы: Білім алушылардың төменгі сатыдағы өсімдіктер ішіндегі біржасушалы балдырлар туралы білетін білімдерін одан әрі толықтырып, дамыту.

Білімділігі: Білім алушылардың біржасушалы балдырлардың көбею ерекшеліктері, құрылысы, маңызы туралы білімдерін толықтыру

Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, отандық өсімдіктерге қызығушылығын арттыруға, ұжымшыл болуға баулу.

Сабақ типі: жаңа сабақ


Құрал - жабдықтар: Біржасушалы балдырлар суреттері, электрокөрсетілімдер, флипчарттар


І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу


ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


йелі жіктеу

1. Балдырлар туралы жалпы мәлімет

2. Жасыл балдырлар

3. Хлорелла мен хламидомонада балдырлары

1. Балдырлар теңіз, көл, өзендер және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Таллом - денесінде ұлпалар болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік. Жасшалары бір ядролы. Цитоплазмасында органоидтары мен вакуольдері болады. Балдыр жасушасындағы хлоропластарды-хромотофор деп атайды. Балдырлар талшықты не талшықсыз жеке жасушалар және шоғырлар күйінде кездеседі. Олар өсімді, жынысты, жыныссыз көбейеді

Өсімді

Жынысты

Жыныссыз

Балдырлар жасушалары екіге бөлінеді. Жіп тәрізді балдырлар талломы бірнеше

өлшекке бөлінеді.

Аталық және аналық жыныс жасушалары қосылып зигота түзеді. Бір талломда түзілген гаметалар не әр түрлі талломның бойында п.б гаметалар қосылады

Талломдағы арнайы қалтадан біржасушалы талшығы бар зооспоралар түзіледі. Кейде талшығы болмайды. Зооспоралар тө

емікке бекініп өніп, балдырға айналады.

Балдырлар түсіне қарай

Жасыл Қоңыр Қызыл


2. Біржасушалы жасыл балдырлар бұдан шамамен 1,5 млрд жыл бұрын п.б. Бір өкілі - хламидомонада. Ол тоқтау суларда мекен етеді. Хломидомонаданың жасуша қабықшасы жасунықтан тұрады. Жақсы жетілген екі талшығы, алдыңғы жағында жиырылғыш вакуоль және қызыл көзшесі болады. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. жыныссыз көбейгенде жасушасы 2-ге,4-ке, 16-ға 32-ге бөлінеді.

Хлорелла да біржасушалы балдырға жатады. Оның хломидомонададан айырмашылығы оның тез қозғалатын екі талшығы және көзшесі болмайды. Екі балдырлармен де суда жүзетін балықтар қоректенеді.

Хлорококк - топырақта, ағаштың діңінде өседі.

Әсер етуші факторлар


IІІ. Бекіту.Алгология - ботаниканың балдырларды зерттейтін бөлімі. Хлорелл ғарышқа ұшырылған алғашқы өсімдік.


ІV. Сабақ қорытындысы: Балдырлар көбіне суда, ылғалды топырақта, таста және ағаш дініңде тіршілік ететін төменгі сатыдағы өсімдіктер. Балдырлар хлорофиллден және пигменттерден құралады.

V. Бағалау

VІ. Үй тапсырмасы

Күні


Тақырыбы: Теңіз балдырлары


Мақсаты: Білім алушыларды біржасушалы және көпжасушалы балдарлар туралы алған білімдеріне қоса, теңізде мекен ететін басқа балдырлармен таныстыру.


Міндеті: Қоңыр және қызыл балдырламен таныстырып, олардың ерекшеліктерін көрсету.


Дамытушылығы: Білім алушылардың балдырлар туралы білмдерін одан әрі дамытып, толықтыру.


Білімділігі: Балдырлардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызын түсіндіріп, оларды қорғау шараларына үйрету


Тәрбиелігі: білім алушыларды табиғатты қорғауға, табиғатты сүйіп, бағалауға баулу.


Сабақ типі: аралас сабақ


Құрал - жабдықтар: флипчарт, теңіз балдырларының суреттері.


І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Спирогира балдыры туралы не айта аласын?

2. Улотрикс балдырының ерекшелігі неде?


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Қоңыр балдырлар

2. Қызыл балдырлар

3. Балдыр-лардың маңызы. Оларды қорғау

Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1500 түрі бар. Олардың жасуша қабықшасының сырты созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапталған. Бір ядролы. Хромотофорларында хлорофилл және қоңыр бояулары болады. жасушаның қор заты- полисахаридтер.

Қоңыр балдырларға ламинария, саргассум т.б. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 км аймақты қамтып, 20-30 м тереңдікте өседі. Ұзындығы 50 см дейін жоғары созылған бөлімі болады. одан ұзындығы 3-4 м жалпақ таспа сияқты өсінділері жетіледі. Жынысты көбейеді.

Саргассум балдыр денесінде жидекке ұқсас домалақ өсінділер болады.

Теңіздің терең түбінде (270 м) қызыл балдырлар тіршілік етеді. Талломы - таспа, тақташа, жіп тәрізді болады. Жасушасының қор заты - май және қантты зат.

Қызыл балдырдың көбеюі


Өсімді жыыысты жыныссыз

Өсімді көбейгенде бөлініп қалған бөліктерінен жаңа дарақ түзілмей, жетіліп, бөлініп, өседі.

Жыныссыз көбейгенде түзілетін спораның талшығы болмайды. Судың ағынымен қозғалады.

Біржасушалы аталық жыныстық мүшесі тармақтарының ұшында не денесінің үстінде жетіледі. Онда көп аталық жыныс жасушалары түзіледі. Аналық жыныс мүшесі - тармақ ұшындағы жасушадан пайда болады. Жұмыртқа жасушасы ұрықтанғаннан соң күрделі өзгерістерге ұшырап, жыныссыз ұрпағына айналады.


1 г топырақта 50000 балдыр болады. Қытай мен Жапонияда порфира балдырын арнайы табиғи жағдайға жақын ортада өсіріп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланады. Ламинария балдырын теңіз орамжапырағы деген атпен адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады.


Теңіз балдырларынан йод, спирт, сірек қышқылы, жасунық, агар-агар алынады.

Кладофора жасыл балдырынан қазағ алады.

Әсер етуші факторлар


IV. Бекіту: Қандай балдырлар бар? Олар қалай көбейеді? олардың ерекшеліктері

V. Сабақ қорытындысы: теңіз суында қоңыр және қызыл балдырлар тіршілік етеді. Табиғатта қоңыр балдырлардың 1500 түрі бар. Бұлар - яролы төменгі сатыдағы өсімдіктер. Қоңыр балдырлар теңіздің 180-200 м тереңдігінде өседі. Қызыл балдырлардың 4000 жуық түрі белгілі. Ұзындығы 2 м шамасында болады. бұлар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.


VІ. Бағалау


VІІ. Үй тапсырмасы:


Күні:


Тақырыбы: Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі


Мақсаты: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру.


Міндеттері

Дамытушылығы: білім алушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Салыстыру және қорыту біліктілігін дамыту.


Білімділігі: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру. Мүктәріздес өсімдіктердің көбею, даму, өсу ерекшеліктерін түсіндіру.


Тәрбиелілігі: білім алушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық - гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.


Құрал-жабдықтар: Мүктәріздес өсімдіктер суреттері, флипчарт, электронды көрсетілімдер.


Сабақ типі: аралас сабақ


Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс


І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Сабақ жоспарымен таныстыру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы не білесің?

  2. Жоғары сатыдағы өсімдіктер ерекшеліктері


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Мүктәріздес өсімдіктер ерекшелігі

2. Көкек мүгі

Дүние жүзінде 22 - 27 мыңға дейін түрлері бар.

Бриология - мүктерді зерттейтін ғылым.

Мүктәріздестер - аласа, көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. 1 мм - 70 см дейін.

Құрылысы


Ризоид сабағы жапырағы

Ризоид - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабығының өсіндісі

Сабағы - сыртын бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады.


Көкек мүгі - екіүйлі өсімдік. Аталық- көпжылдық, аналық - біржылдық. Биіктігі - 40 см. Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек ұлпасы болады. Фотосинтез жүреді.

Көбеюі

Жынысты жыныссыз

Жынысты - аталық өсімдік ең ұшында аталық жыныс жасуша. Аналық ең ұшында аналық жасуша. Аналық + аталық - ұрықтанады - жұмыртқажасуша - қауашақ - спора.

Жыныссыз - споралар шашылып, өніп, өскін пайда болады.

Әсер етуші факторлар


ІV. Бекіту: 1. Ризоидтың тамырдан айырмашылығы

2. Мүктәрізділердің жынысты және жыныссыз көбеюін талдау.


V. Қорытынды: Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің көпшілігі сабақты және жапырақты болып келеді. Тамыр қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің аса кең тараған өкілі. Көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек мүгі спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі үйлі жасыл өсімдік.


VІ. Үй тапсырмасы:


Күні:


Тақырыбы: Шымтезек мүгі.


Мақсаты: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру. Шымтезек мүгінің ерекшеліктерін түсіндіру.


Міндеттері

Дамытушылығы: білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту.


Білімділігі: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру. Мүктәріздес өсімдіктердің көбею, даму, өсу ерекшеліктерін түсіндіру. Шымтезек мүгінің құрылысы мен көбеюі туралы ой қозғау.


Тәрбиелілігі: жинақылық пен көңіл аударуға үйрету. Салауатты өмір сүру салтын ұстануға тәрбиелеу. өздігінше ойлануға баулу.


Құрал-жабдықтар: Мүктәріздес өсімдіктер суреттері, флипчарт, электронды көрсетілімдер.


Сабақ типі: аралас сабақ


Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс


І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Мүктерді зерттейтін ғылым. Мүктер қалай қоректенеді?

  2. Ризоид деген не?


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Шымтезек мүгінің құрылысы

2. Маңызы

Шымтезек мүгінің сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Басқа мүктәріздес өсімдіктерден айырмашылығы - ризоиды болмайды. Сабақ арқылы сіңіреді.

Жапырақ жасушалары

Ұзын, жіңішке, хлорофилл ішінде цитоплаз

дәндері бар жасыл -масы жоқ өлі

түсті тірі жасушалар жасушалар


фотосинтез жүреді су қоры жиналады


Көбеюі

Жынысты жыныссыз


Шымтезек мүгі - ылғалы мол жерлерде өседі. 1. Топырақтың батпақтануын тездетеді.

2. Топырақ түзеді

3. Балапан шығаратын құстардың қорегі, тығылатын орны.

4. Шымтезек өндіреді

5. Су - тұщы су қоры.

Әсер етуші факторлар


ІV. Бекіту: 5 зертханалық жұмыс. Көкек мүгінің (жасыл мүк) құрылысы.


V. Қорытынды: Шымтезек мүгінің 350-ден астам түрі бар. Ол - бірүйлі өсімдік. өте ылғал жерлерде тамырсыз және ризоидсыз, тікелей суды сабағы және жапырағы арқылы сіңіреді. Шымтезек мүгі суды өз салмағынан 20-25 есе көп сіңіре алады. Құрғақшылық кезінде, су болмағандықтан, өлі жасушалардың іші ауаға толады да мүктің түсі ағарып кетеді. Сондықтан ақ мүк деп те атайды. Шымтезек мүгінің сабағы түпкі бөлігінен қурайды. Сөйтіп, шымтезек түзеді. Шымтезек мүгі латынша сфагнум деп аталады.


VІ. Үй тапсырмасы:


Күні:


Тақырыбы: Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер бөлімі


Мақсаты: қырықжапырақтәріздес өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.


Міндеттері

Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту


Білімділігі: өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беріп, осы өсімдіктердің ерекшелігі және көбеюі жолдары туралы білімдерін толықтыру.


Тәрбиелілігі: өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. өздігінше ойлануға баулу. Денесін жетілдіру қажеттілігін сезінуге баулу


Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, кеппешөптер, флипчарт


Сабақ типі: аралас сабақ


Әдістемелік шешім: сұхбаттасу, әңгімелесу, білім алушылардың ойын тыңдау, көрсетілмдер көрсету, кітаппен жұмыс


І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Плаун мен қырықбуын құрылысын салыстыр.

  2. Қырықбуынның кебеюі туралы айтыңдар

  3. Плаунның көбеюі жолдары


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Жалпы сипаттама

2.Көбею жолдары

Қырықжапырақтәріздестер - жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертесі. 10000 астам түрі бар. Қырықжапырақтылар - тең споралы. Қазақстанда усасыр қырықжапырағы кездеседі. Ол ылғалды жерлерде өседі. Ол тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақты қысқарған сабақ дейді. Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады. 1) фотосинтез, 2) споралар түзіліп, көбеюге қатысады.

Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделгендіктен, өсімдік қырықжапырақ деп аталады.

Қырықжапырқтар өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді.

Өсімді көбею тамырсабақтары және өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады.

Жыныссыз көбею жаз кезінде қырықжапырақтың жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзеді. Оларды сорустар деп атайды. Сорус дегеніміз- спарангийлердің жиынтығы.

Жыныстық көбею - өскіншеде жүзеге асады. өскінше жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 мм. Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекінеді.

Қырықжапырақтыларды өсімдікжайда сәндік үшін өсіреді.

Әсер етуші факторлар


ІV. Бекіту: 7 зертханалық жұмыс. Усасыр қырықжапырағының құрылысы.


V. Қорытынды: Қырықбуынтәріздес өсімдіктер мен қырықжапырақтәріздес өсімдіктерді салыстыру, тақтамен жұмыс.


VІ. Үй тапсырмасы:

Күні:


Тақырыбы: Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі. Қырықбуынтәріздес өсімдіктер бөлімі.


Мақсаты: плаунтәріздес өсімдіктер және қырықбуынтәріздес өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.


Міндеттері

Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту.


Білімділігі: плаунтәріздес өсімдіктер және қырықбуынтәріздес өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беріп, осы өсімдіктердің ерекшелігі және көбеюі жолдары туралы білімдерін толықтыру.


Тәрбиелілігі: өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. өздігінше ойлануға баулу. Денесін жетілдіру қажеттілігін сезінуге баулу.


Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, кеппешөптер, флипчарт


Сабақ типі: аралас сабақ, зертханалық жұмыс


Әдістемелік шешім: сұхбаттасу, әңгімелесу, білім алушылардың ойын тыңдау, көрсетілмдер көрсету, кітаппен жұмыс.


І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Көкек мүгі мен шымтезек мүгін салыстыру. Тақтамен жұмыс


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Плаунтәріздес өсімдіктердің сипаттамасы

2. Қырықбуынтәріз-дес өсімдіктердің сипаттамасы.


Сабағы жерге төселіп өседі, төселген сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендері, төмен қарай қосалқы тамырлары жетіледі. Күзде тік өркендердің ұшында 2-ден спора түзетін масақтары дамиды.

Сабағы сыртқы - өң - асты қабық.

Ортаңғы - шеңберлі шоқ

Сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар.

Көбеюі

өсімді жынысты жыныссыз


Өсімді - төселіп өсетін өркендері, үзінділер арқылы

Жыныссыз - споралар арқылы

Жынысты - споралардың өнуінен басталады.

Маңызы:

  1. фотосинтез, О2 бөліп шығарады.

  2. топырақ түзеді

  3. дәрі-дәрмек


Сабағы көп буыннан тұрады.

Ерекшеліктері: 1. тамырсабақ

2. көктемгі өркен - 20 см, қоңыр, масақ

Көбею спора

3. жаздық өркен - хлорофилл, өсу.

Көбеюі


өсімді жыныссыз жынысты

тамырсабақ споралар споралар -

түйнек ат+ан - өскін

Маңызы: 1. топырақты бүлінуден сақтайды

2.медицинада

3. тамаққа


Әсер етуші факторлар

ІV. Бекіту: 6 зертханалық жұмыс. Далалық қырықбуынның құрылысы.


V. Қорытынды: тақтадағы кестені толтыру

Сипаттамасы

Плаунтәріздес өсімдіктер

Қырықбуынтәріздес өсімдіктер

Құрылысы

Саны

Көбеюі

Маңызы


VІ. Үй тапсырмасы:


Күні:


Тақырыбы: Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі.

Мақсаты: Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер туралы алған білімдерін толықтыру. Жоғары сатыдағы өсімдіктермен тыныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.

Міндеттері

Дамытушылығы: білім алушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту


Білімділігі: Гүлді өсімдіктер маңызын талдау, түсіндіру. Олардың топтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіру. Қосарланып ұрықтану, диаграмма терминдеріне анықтама беру.

Тәрбиелілігі: білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру

Құрал-жабдықтар: кеппе шөптер, нақпішіндер, суреттер, электронды көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар

Сабақ типі: аралас сабақ

Көрнекіліктер кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс


І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшелігі

2. Қарағай ағашы

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Жалпы сипаттама

2. Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі

Бұлардың көбею мүшесі -гүл. Сондықтан гүлді өсімдіктер деп атайды. Ал гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде жетіледі. Сондықтан бұлар жабық тұқымды өсімдіктер деп аталады. 250000 түрі бар. Гүл тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана түзілген. Аталық пен аналықтар осы гүлде жетіледі. Аналық жатынында тұқым бүршіктері орналасады. Гүлдері желмен тозаңдануға, бунақденелілермен тозаңдануға бейімделген. Осы жерде олар өніп, тозаң түтіктеріне түзеді. Тозаң түтіктері арқылы аталық жынысжасушалар тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігіндегі екі аталық жынысжасушаларының бірі жұмыртқажасушаны ұрықтандырады. Ал екінші аталық жынысжасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.


Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілерін пайдаланады. Құрылысы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады. Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктерді қосжарнақтылар класына жатқызады. Егер өсімдіктің ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда даражарнақты класына жатады.

Диаграмма дегеніміз - гүл бөлімдерінің жазықтықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнлеп, сызбанұсқасын сызу.

Әсер етуші факторлар


ІV. Бекіту: Берілген гүлдердің гүл формуласын жазыңдар

V. Қорытынды: мына берілген гүлдердің диаграммасын салындар. Диаграмма мен гүл формуласының айырмашылығы неде?

VІ. Үй тапсырмасы:


Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау

Сабақтың мақсаты: Орманның шаруашылықтағы және адам өміріндегі маңызын ашып көрсету және табиғатты қорғау қажеттілігіне баса назар аудару.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Орман табиғат қазынасы, халық байлығы екендігі туралы дамыта білім бере отырып оқушылардың есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Атлас картасы, сызбанұсқалар мен суреттер, таратпа, кесте бейнетаспа.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Әдіс - тәсілдер: іздену, сұрақ - жауап, кесте, сызба, картамен жұмыс, жеке және жұптық жұмыс

Пәнаралық байланыс: дүниетану, экология, математика, ана тілі, қазақ тілі

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушыларды түгендеу, сабаққа қатысты оқу - құралдарын тексеру, басқада мәліметтер беру

2. Үй тапсырманы сұрау:

Ізденген жетер мақсатқа. Орман тоғай өсімдіктері мен жануарлары тақырыбы бойынша оқушылар дайындап келген жұмыстарын қорғау.

Сергіту сәті:

Әуенмен табиғат құбылыстарын қимыл іс әрекет арқылы көрсету. Ағаш, жел, құс, күн. Ағаш дегенде - ағаш болып қолдарын дөңгелете қосады, жел тұрды дегенде жел болып қолдарымен бірқалыпты қозғалады, күн ашылды дегенде - күн болып қолдарын айқара ашады, құстар келді дегенде - құс болып ұшады.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!


III. Жаңа сабақ. Орманның пайдасы және оны қорғау.

  1. Орман ағаштарынан алынатын өнімдер: тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдары, құнды аң терілері, құстардың мамығы, жеміс - жидек, киім, азық - түлік

  • Тұрмыстық бұйымдары: үстел,орындық,сөрелер,есік, терезе, бесік, кереге т.б.

  • Қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы: дәптер, газет, кітап, журналдар...

  • Темір жолшы: ағаш вагондар, темір жолдың астына салатын төсеніштер...

  • Дәрі - дәрмек жасаушылар: ағаштан алынған дәрі - дәрумендер

  1. Экология пәні жалғастырады:

Орман табиғаттың тарту еткен байлығы, баға жетпес халық қазынасы екендігін дәлелдеу үшін орманның маңызды қасиеттеріне көңіл бөлейік.

Ауаны оттегімен байытадыОрманның маңызы.


фитонцид

Климатты жақсартады


Орман

Топырақты қорғайды

Егістікті қорғайды

Суды қорғайды

1. Ауаны оттегімен байытады. Жер бетіндегі оттектің 60% ормандар береді. Бір ағаш тәулігіне 3 адамның тыныс алуына қажетті оттегін бөледі. Жаз айында қайың ағашы 44 кг, емен 28 кг көмір қышқыл газын сіңіреді.

2. Климатты жақсартады. Ормандар суықтың, құрғақ желдің әсерін әлсіретіп, климатты жақсартады.

3. Топырақты құрғақшылықтан сақтап, топырақта ылғалдың сақталуына, құнарлылығын сақтауға жағдай жасайды.

4. Орман су ресурстарын қорғайды. Ашық жерлерге қарағанда ормандарда қардың еруі жай жүретіндіктен, су көздеріндегі судың деңгейі реттеліп, тасқынды болдырмайды.

5. Егістікте күздік дақылдарды желден, суықтан қорғап үсіп кетуден сақтайды.

6. Орман атмосфераны фитонцидтермен байытады. 1га жерге егілген ормандар тәулігіне 30кг дейін фитонцидтер бөледі, бұл бір үлкен қаланың ауасын тазартуға жетеді. Фитонцидтер дегеніміз - ауру тудыратын бактерияларды жойып жіберетін ұшқыш заттар, тірі организмге зиянды әсер ететін түрлі қосылыстар мен шуды, шаңды сіңіреді.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

Білімдерін шыңдау: Мысалы:

I - топқа тапсырма: (дәптерге орындайды), 60 кг макалатура 1 га орманды шабудан сақтайды, ал 180 кг макалатура тапсырсақ неше тонна орманды сақтайды екен? Есептеңдер.

II - топқа: 1 тонна макалатурадан 25 мың оқушы дәптерін дайындауға болады. Егер біздің сынып оқушылары 5 тонна макалатура жинап тапсырсақ қанша оқушы дәптерін дайындауға болады?

2. Карточкамен жұмыс.

Әрбір қоқыстың қоршаған ортаға келтіретін залалына қарап өзіңнің балыңды тағайында, зияны көп болса жоғары бал, аз болса төмен бал (1 балдан 5 балға дейін).

  • Картоп, жуа, сәбіз қабықтары -1 б

  • Қағаз, картон - 2 бал

  • Полиэтилен - 3 бал

  • Консерві банкілері - 4 бал

  • Пластик шөлмектер, сынық шыны - 5 бал


Жаңа терминдер ойыны: Оқушылар әріпті таңдайды, әріпке байланысты терминге сипаттама немесе сұрақ қойылады.

Ф

К

М

О


Ф - фитонцид дегеніміз не ?

М - макалатура дегеніміз не ?

О - адам тыныс алғанда қандай газды жұтады ?

К - адам тыныс алғанда қандай газды шығарады ?


Экологиялық диктант. Диктантта мәтініне сәйкес сөйлем ішінде түсіп қалған жеке сөздерді орын - орнына тауып жазу көзделеді

Сөйлемдер

Қажетті жауаптар

  1. Жер бетіндегі ......... 60% ормандар береді.

  2. 1 ағаш тәулігіне ............ тыныс алуына қажетті оттегін бөледі.

  3. Жаз айында қайың ағашы 44 кг, емен 28 кг ......... сіңіреді.

  4. Орман атмосфераны ....... байытады.

  5. Ормандарды ..... біздің міндетіміз. Оны қалпына келтіру үшін көктемде немесе күзде жас ...... отырғызады..

  1. Көмірқышқыл газын

  2. Фитонцидтермен


  1. Қорғау, көшеттерді


  1. Оттектің

  2. 3 адамның


Қорытынды: Венн диаграммасы.


орман

ластануы

пайдасы

Оқушыларға орманға байланысты ойдан өлең шығарып келу тапсырмасы берілген. Елнардың өлеңі.

Көрікті даламыздың ормандары,

Орман деген аң, құстың қорғандары.

Осындай байлықтарды қорғаймыз деп,

Адамдардың дұрысқой толғанғаны.

Есте сақта!

  • Жағажайда,бұлақта немесе көл жағасында болсақ суға ештеңе лақтырма

  • Сұлу табиғатта қоқыс қалдырма, өзіңнен кейін жинап кет

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Үйде отбасы мүшелерімен бірге экологиялық мәселелерді талқылаңдар


Сабақтың тақырыбы: Крестгүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға жабық тұқымды өсімдіктердің қосжарнақты класы бөлімін және оған жататын асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар туралы мағлұмат беру

Ә) дамытушылық:

Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттырып, сабаққа қызығушылықтарын ояту

Б) тәрбиелік:

Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, тапсырылған

жұмысты мұқият орындауға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу

Сабақтың типі:

Аралас

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдістері:

Түсіндірмелі, жұмбақтар, кестелер

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақта, бақша өсімдіктерінің моделі, бейнетаспа

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Экология, математика, тарих

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын тексеру

-амандасу;

-кезекшілік

міндеттерін

атқару;

-сабаққа

дайындалу;

ІІ. Рефлексия

Балалар, мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)
Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған.

Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үлгерімі төмен және дарынды оқушыларға кеспе қағаз тарату арқылы үй тапсырмасы жазбаша түрде алынады. Қалған оқушылардан графикалық тест түрінде сұралады:

1.Жабық тұқымды өсімдіктердің 250000-дай түрі бар.

2. Гүлді өсімдіктердің тұқымы бүрде ашық орналасады.

3. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып табылады.

4. Гүлді өсімдіктерге қосарлы ұрықтану тән.

5. Жабық тұқымдылар жеміс түзбейді.

6. Жабық тұқымдылар - сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар.

7. Жабық тұқымды өсімдіктер тұқым жарнағына байланысты даражарнақтылар және қосжарнақтылар класы деп бөлінеді.

1. (+)

2. (-)

3. (+)

4. (+)

5. (-)

6. (-)

7. (+)

ІV. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

«Құпия сөздің құлпын аш!»

Жауабы: (әрбір дұрыс жауаптың бірінші әрпін жазу)

  1. Өсімдіктің қор заты

  2. Алма, алмұрт, итмұрын қандай тұқымдасқа жатады?

  3. Жұпаргүл, гүлшетен, жалбыз қай тұқымдасқа жатады?

  4. Гүлдің сабаққа бекінетін жері

  5. Тұқым бүршігінен не түзіледі?

  6. Жабық тұқымдылардың көбею мүшесі

  7. Егер аналық гүл табанының жалпақ бетіне орналасса, ол қалай аталады?

  8. Лапыз, қызғалдақ, сүмбілшаш қай тұқымдасқа жатады?

  9. Ағаш сабағы не деп аталады?

  10. Інжугүл өсімдігі қай тұқымдасқа жатады?

  11. Басқа өсімдікке оралып өсу қалай аталады?

  12. Қосарлы ұрықтану кезінде орталық жасуша екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып не түзеді?

  13. Тамырдың қызметін атқарушы өсінді қалай аталады?

К

Р

Е

С

Т

Г

Ү

Л

Д

І

Л

Е

Р


1.(крахмал)

2. раушангүл

ділер

3. ерінгүлді

лер

4. (сағағы)

5. (тұқым)

6. (гүл)

7. (үстіңгі жатын)

8. лалагүлді

лер

9. (дің)

10. (Інжугүл)

11. (лиана)

12. эндо

сперм

13. (ризоид)


V. Жаңа материалды түсіндіру


Өсімдіктер дүниесі - Жабық тұқымдылар бөлімі - Қосжарнақтылар класы - шаршыгүлділер тұқымдасы - шомыр туысы - екпе шомыр. Халықаралық атауы: Brassica туысы - Brássica olerácea түрі. Өсімдіктер дүниесі - Жабық тұқымдылар бөлімі - Қосжарнақтылар класы - асқабақ тұқымдасы - асқабақ туысы - асқабақ. Халықаралық атауы: Cucurbitaceae тұқымдасы - Cucurbita pepo түрі.

Асқабақ тұқымдастар бұлар-бақша өсімдіктері. "Бақша"парсының "шағын бақ" деген сөзінен негіз алады. Қазір бақшада өсімдіктердің 900 түрі белгілі. Қазақстанда 9 түрі бар. Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері-шөптекті біржылдық өсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар-жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша-өзгерген өркен. Асқабақ тұқымдастар ұзын сағақты, жай жапырақты болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі дара жынысты, қосжыныстылары да кездеседі.

Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу,оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасына бағана түзеді. Аталық тозаңдығы-имек. Аналық жатыны үш ұялы. Жемісі-қабақ. Асқабақ тұқымдастардың тұқымы көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар мысалы, мексикалық қияр-чайот.

Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар -жемісі ірі өсімдіктер.

Асқабақ-ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағында тікенектер көп өскен, Жай жапырақтарында қарама-қарсы орналасқан мұртшалары бар. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, жапырағы қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлінің формуласы: Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0

Аналық гүлінің формуласы:Т(5)К(5)А0Ж(3)

Қауын-бір жылдық шөптекті өсімдік, гүлі дара жынысты, кейде қосжынысты болады. Бунақденелер арқылы тозаңданады. Жемісі-қабақ,оның салмағы 20 килограмға дейін жетеді. Қауыннан әртүрлі тағамдық өнімдер даярланады. Жемісін тіліп, кептіріп қақ жасайды, қауынқұрт қайнатады.

Қияр-асқабақ тұқымдастарының көкөністік түрі. Гүлі қосжынысты түрі сирек кездеседі, көпшілігі даражынысты. 30-жуық түрлері бар. Бұлар-қауын туыстас өсімдіктер. Жемісі-қабақ, тағамға пайдаланады

Орамжапырақгүлділер. Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп атайды.

Олар-шөптекті және шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3000-ға жуық түрлері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, бөбешік жапырақтары болмайды. Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасқандықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған. Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырағы 4, күлтесі 4-еу, аталығы 6-ау, оның 4-еуі ұзын, 2-еуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлдерінің түсі ақ, сары, қызғылт, ақшыл көк түсті болып келеді. Жемісі-бұршаққын немесе бұршаққынша.

Орамжапырақ гүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы: жабайы шомырдікі-

Т 2+2К4А 2+4Ж(2)

Крестгүлділер жөнінде бейнетаспа көрсету

Дәптерге түсіру

Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма



Артық болмас білгенің!

Асқабақ пен дермене (жусанның түрі) ұрығының ұнтағынан бір-бір ас қасық алып,сол ұнтақты жарты килограмм қара мейізге қосып темір келіде жаншып, осының бас бармақтайын күніне 4 рет ішқұрты бар балаға жегізсе, бір күннің ішінде іштегі құртты айдап шығады. Сонымен қатар асқазан, ұлтабар және ішек жараларына ем үшін осы қосындыны береді. Асқабақты сүтке қайнатып ас орнына жиі ішсе-бауыр, көкбауыр, қант диабеті ауруларына өте жақсы ем. Ал асқабақ сабағын суға қайнатып ішсе, несеп жүргізеді, бүйрек пен жүректің ісініп ауырғанын қайтарады.

Интернеттен мәлімет жинау

VІ.Жаңа білімді бекіту

1. ВЕНН диаграмасы

Асқабақ пен орамжапырақтың ерекшеліктері мен ұқсастықтары

Асқабақ. Жемісі-қабақ, ұзын сағақты, жай жапырақты

Орамжапырақ. Жемісі-бұршаққын, жапырақтары кезектесіп орналасқан, бөбешік жапырақтары болмайды.

Ұқсастықтары: Қосжарнақты гүлді, бақша өсімдіктері

2.Биологиялық диктант

1.Асқабақ пен орамжапырақ тұқымдастар … класына жатады. (қосжарнақтылар)

2.Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері- … (шөптекті, бір жылдық)

3. …-түрін өзгерткен өркен. (мұртша)

4. Қазақстанда бақша өсімдіктерінің … түрі бар. (9)

5.Асқабақ жемісі-… (қабақ)

6.Орамжапырақгүлділердің жапырақтары … орналасқан. (кезектесіп)

3.Сергіту. Жұмбақтар

1.Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр (қауын-қарбыз, дыня - арбуз, melon - watermelon)

2.Отыз көйлек киінген

Бір түйме жоқ ілінген (орамжапырақ - капуста - cabbage, cole (бақша орамжапырағы))

3.Сопақша көк өңі бар

Пайдалы, мөлдір сөлі бар

Піскен кезде жияр

Оның аты … (қияр - огурец - cucumber)

4. Іші сары, сырты қатты

Дәні-дәрі, дәмі-тәтті

Пісіріп жесең, ас-тамақ

Оның аты … (асқабақ - тыква - pumpkin)

5.Көк лағым көгенде тұрып семірген (қарбыз - арбуз - watermelon)

6.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім

Түймелеуге жетпейді,

Жаңбыр одан өтпейді (Қырыққабат - капуста - cabbage)

Тапсырманы орындау

VІІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау

&25 Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар, «Бақша өсімдіктері» тақырыбына эссе жазу.

Оқу, іздену


VІІІ.Бағалау

Жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын

Сабақтың тақырыбы: Кәдімгі қарағай, қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Кәдімгі қарағай, қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Биология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, зертханалық жұмыс

Сабақ өту әдісі: Баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы ( 10 мин): Сабақты оқып келу, жұмыс дәптеріне орындау. «Ашық тұқымды өсімдіктер ». Зертханалық жұмысына дайындалып келу.

III Жаңа сабақты түсіндіру ( 10 мин) :

Кәдімгі қарағай - бірүйлі өсімдік.

Кәдімгі қарағай - жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, аласа болып келеді. Жарық жеткілікті болғандықтан, бұтақтары жан-жаққа жайыла, таралып өседі. Қылқан жапырақтылар - кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жамана тамырлар тарайды. Ұзын жанама тамырлар өте ұсақ тамыршаларға тармақталады. Ұсақ тамыршалардамикориза (грекше «микос»-саңырауқұлақ және «риза» - тамыр) түзіледі. Қарағай тамырымен селбесу арқылы саңырауқұлақтар топырақтағы кейбір өсімдік сіңіре алмайтын ағзалық заттарды сіңіруге көмекктеседі. Өздері өсімдік тамырынан қажетті заттарды пайдаланады.

Ағаш сабағы «дің» деп аталады. Діңнің қабығы, сүрегі және нашар білінетін өзегі болады. Қарағай діңдерінің өзегі әзер байқалады. Сүректе ағзалық заттарды жинақтайтын және қорға жинайтын негізгі ұлпалар өте аз. Оның есесіне өлі жасушалы өткігзіш ұлпалар 90-95% -ға дейін жетеді.



Сабақтың тақырыбы: Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың

табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қылқан жапырақты өсімдіктермен таныстыру, қылқан жапырақты

ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызын түсіндіру.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың типі: сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, суреттеу, сұрақ-жауап, тест тапсырмалар, жеке оқушылармен

жұмыс, топпен және жұппен жұмыс.

Сабақтың міндеті: топпен жұмыс істей отырып,өз білімдерін көрсету.

Күтілетін нәтиже: 1. Өз беттерінше білімді меңгеру.

2. Ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Өз-өздерін бағалай білу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, сызбанұсқа, суреттер, қима қағаздар, кітапшалар.

1.Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу

- оқушыларға психологиялық ахуал жүргізу.

- оқушыларды 3 топқа бөлу (түрлі - түсті қағаздардың көмегімен)

І топ «Қарағайлар» ІІ топ «Шыршалар» ІІІ топ «Балқарағай»

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: (сұрақтар арқылы сызбанұсқаны жалғастыру)

1. Өсімдіктерді қандай үлкен екі топқа бөлеміз?

2. Жоғары сатыдағы өсімдіктер қалай бөлінеді?

3. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерді атаңдар.

4. Тұқымды өсімдіктер қанша топқа бөлінеді?

5. Оларды атаңдар.

Жоғары сатыдағы өсімдікте

Споралы Тұқымды

өсімдіктер өсімдіктер

Биологиялық диктант

"Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер" Сөйлемдер

Қажетті сөздер

1. Мүктерді зерттейтін ғылым _________________ деп аталады.

2. Мүктерде тамырдың қызметін __________________ атқарады.

3. Шымтезек мүгі латынша ___________ деп аталады.

4 . Мүктер екі жолмен ___________ , _______________ көбейеді .

5. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті __________ деп атаған.

6. Көктемгі өркендері - _______________ , ал жаздық өркендері ______ қызметін атқарады.

сфагнум жынысты, жыныссыз қырықбуын көбею, өсу бриология ризоидтар

"Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер"

Сөйлемдер

Қажетті сөздер

1. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді ___________ топқа бөледі.

2._______________________ - өсімдіктердің ең ежелгі тобы .

3. Тұқымды өсімдіктер үлкен екі бөлімнен тұрады: ____________________ , _________________.

4. Кәдімгі қарағай - ______________________ өсімдік.

5. Ағаш сабағы ____________________ деп аталады.

6. Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сондай-ақ сүрегінде _______________________________________ болады,

«Кім жылдам?» интерактивті тапсырма 4,5,6 (электрондық оқулық) тапсырма.

«Футбол» ойыны.

  1. Қылқан жапырақты ағаштардың жапырағы қалай аталады ?

  2. Қандай қылқан жапырақты ағаш жапырағы күзге қарай түседі ?

  3. Қылқан жапырақты ағаш туралы жұмбақтарды еске түсіріңдер.

Жұмбақтар:

Дауылға да, аязға да,

Шыдап бағар мізбақпай.

Тау етегі тұрағы,

Жап-жасыл боп тұрады.

(Қарағай) Қысы-жазы шешпейтін Көйлегі бар жасылдан. Өзгертпейді еш кейпін, Жаралғандай асылдан. (Шырша)

Қылқан жапырақты өсімдіктер І. Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Өрмелеген баладай,

Өсер тауда қарағай.

Қияда тұрар қасқайып,

Қиындығына қарамай.- деп балалар, біз қылқан жапырақты өсімдіктемен таныстық. Ал , енді осы өсімдіктердің пайдасы туралы өздерің білім алып, оны бізге түсіндіріп, білімдеріңді ортаға салады деп сенемін.

Өз бетінше білім алу (әр оқушыға өзім дайындаған кітапша беріледі).

Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың

табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы.

Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. «Эрозия»- латын сөзі, яғни ірітіп- шіріту, бүлдіру мағынасында қолданылады. Демек топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел ұшыруын болдырмайды. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге ағзалық заттар түзеді.

1 топ. Қарағайда -зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөлінеді. Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай - дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор. Бұл қарағайдың табиғаттағы маңызы болса, қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады.

2 топ. Жатаған шырша

Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.

Шыршаның қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25 - 29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар, сүрек сірке қышқылы алынады.

Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған.

Жатаған шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Шырша сүрегі - қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. 3 топ. Балқарағай

Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.

Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.

Әр топ оқып болды(3 мин. беріледі). Топта талданады (топ жетекшілері).

Презентациялау (әр топ өзінің презентациясын қорғайды).

Бекіту. Ашық тұқымды өсімдіктер топырақты неден сақтайды?

А) ірітіп-шірітуден В) зиянкестерден С) құрғап кетуден

  1. Қай қылқан жапырақты өсімдік зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөледі?

А) жатаған шырша В) қарағай С) балқарағай




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал