- Учителю
- Биология пәнінен 'Тамақтанудың маңызы' атты ашық сабақ (8 сынып)
Биология пәнінен 'Тамақтанудың маңызы' атты ашық сабақ (8 сынып)
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Исаева
Күні:16.02.2015ж
Сынып: 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Тамақтанудың маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тамақ құрамы мен маңызы, ақуыз, май, көмірсу, минералдар,
дәрумендер туралы түсініктер беру.
Дамытушылық: Тамақ құрамы балалардың ағзасын өсіруге, дамытуға әсері мен маңызы туралы білімдерін кеңейту, дамыту.
Тәрбиелік: «Ас - адамның арқауы» екенін, адам тамақтану үшін тіршілік етпейтінін, тіршілік үшін тамақтануын түсіндіру, әдетті түсінікті қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, жеке,топтық,
Көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Сынып оқушыларының сабаққа қатысуы мен оқу құралдарының дұрыстығын тексеріп, оқушыларда үш топқа бөліп отырғызу.
І топ: Нәруыздар
ІІ топ: Көмірсулар
ІІІ топ: Дәрумендер
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
А) Тест
1. Газ алмасу өтетін жер
а) көмекей; ә) ауа тамыр; б) өкпе көпіршігі в) кеңірдек;
2. Тыныс алу мүшелерінің ауруына жататыны:
а) кариес; ә) рахит; б) туберкулез; в) сколиоз.
3. Адам өкпесінің орташа тіршілік сыйымдылығы:
а) 1000см³; ә) 2000см³; б) 3500см³; в) 500см³;
4. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң - тозаңнан тазаруы, жылынуы:
а) мұрын қуысында; ә) ауа тамырда; б) өкпеде; в) өкпе көпіршігі
5. Адам тыныс алуына қажетті газ:
а) азот; ә) оттек; б) көмірқышқыл газы; в) азот (II) оксиді;
ЫБ) Сәйкестендіру тесті
Қ1. Тыныс алу қозғалысына қатысатын мүше Сопақша ми
О2. Қан оттекпен қай жерде қанығады Көк ет
Р3. Өкпе сыйымдылығын анықтаушы құрал Өкпеде
У4.Тыныс орталығы қайда орналасқан спирометр
Т5. Организмнің ішкі ортасы пневмония
6. Өкпе қабынуының ауруы Қан
В) Кесте толтыру
Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамы
-
Газдар
Тыныс алғандағы ауада(көлемдік %)
Тыныс шығарғандағы ауа (көлемдік %)
Оттек
Көмірқышқыл газы
Азот
III. Қызығушылықты арттыру
Қазақ халқы «Бірінші байлық - денсаулық»дейді. Олай болса «Денсаулық»сөзіне ассосация құру.
- Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайраты, білімді де, ақылды қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не керек деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың өз ой - пікірлерін тыңдау)
Денсаулық
Денсаулық
ДенсаулықІ топ ІІ топ ІІІ топ
ІY. Жаңа сабақ
Тамақтанудың маңызы
Қоректік заттар-нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер. Оларды организм күнделікті пайдаланатын тамақ өнімдерінен алады. Витаминдер, минералды тұздар мен су өзгеріссіз дереу қанға сіңіріледі.Нәруыздар,көмірсулар мен майлар күрделі органикалық қосылыстарға жатады, бұл күйінде организмге сіңбейді. Олар ас қорыту жүйесінде күрделі өңдеуге ұшырайды. Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процестері ас қорыту деп аталады. Тамақтың ыдырау процесінде құрамында әр түрлі ферменттер бар ас қорыту сөлі маңызды рөл атқарады.
Ферменттер-нәруыз текті заттар. Тамақ- адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім.
Органикалық заттар
- Нәруыз
- Май
- Көмірсу
Нәруыз - адам ағзасын құрастырушы. Адам қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқару үшін құрамында бір күндік нәруыз мөлшері 100 - 120 гр. қажет.
Нәруыз мына тағамдарда кездеседі
- Сүт тағамдарында ---------- Жұмыртқада
- Қара бидай нанында ------- Бұршақ
- Фасоль -------------------------- Соя
- Арахис -------------------------- Жаңғақ
- Саңырауқұлақ ----------------- Ет
- Балық
Май - ағзаға энергиялық материал, әр түрлі витаминдермен биологиялық активті заттардың қоры болып табылады. Сонымен қатар май ағзада қорғаныштық қызмет атқарады. Салқын кезде май жылу реттегіш қызмет атқарады. Күніне 80 - 100гр. май қажет.
Көмірсу - негізгі жылу қоры және қуат береді. Көмірсулар ағзада көп болатын болса, майға айналады. Бір тәуліктегі бір адамға қажетті көмірсудің мөлшері400 - 500г. Құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану адамның семіруіне, қант ауруларына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет.
Көмірсу мына тағамдарда кездеседі
- Нан ------------------------- Картоп
- Бидай жармасы -------- Банан
- Қант ------------------------ Бал
- Жеміс - жидек --------- Ботқа
- Күріш --------------------- Тары
- Өсімдік майы ---------- Жануар майы
Минералды заттар - денеде кенеулі заттар мен су арқылы түседі. Жасушаның қозу, тежелуі үшін минералды заттар өте қажет, сонымен қатар олар сүйек пен тісті бекіндіріп, денедегі ұлпалар мен сұйықтықтардың құрамына кіреді. Бір адамға тәулік мөлшері - 10гр. минералды заттар қажет.
Су - адам денесінің тіршілігі үшін ең қажетті зат. Адам күніне шамамен
1,5 - 2, 5л. Су ішеді. Оның 1 литрін ішеміз, 1 литрі тамақтың құраммен түседі, ал 200 - 300мл. Ағзаға зат алмасудың нәтижесінде пайда болады.
Дәрумендер - ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.
Дәрумендердің түрлері
А, В1, В2, В3, В4, В6, В12, В13, В15 т.б
Дәрумендер мына тағамдарда кездеседі
- Жеміс - жидектер ---- Сүт
- Көкөністер ------------ Нан
- Өсімдік ---------- Сары май
- Балық --------------- Күріш
- Бауыр ---------- Жұмыртқа
- Ет
Тамақтану ережесі
- 1. Асықпай тамақтану
- 2. Асты дұрыс шайнау
- 3. Жегің келмесе жеме
- 4. Тамақтану үшін жеу керек
Тамақтану мезгілі
- 1. Таңертеңгілік ас - 25%
- 2. Түскі ас - 40%
- 3. Сәскелік ас - 15%
- 4. Кешкі ас - 20%
Тамақтануда нені шектеу керек
- Тағамдық тұзды
- Қантты
- Жануар майын
V. Жаңа сабақты бекіту:
І деңгейлік сұрақтар. Биологиялық диктант. ІІ деңгейлік сұрақтар. Сөз мерген.
YI. Қорытынды.
YII. Бағалау.
YIII. Үй тапсырмасын беру. Тақырыпты оқу. «Менің тамақтану тәртібім» эссе жазу
«Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мекетебі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Тамақтанудың маңызы»
Күні: 16.02.2015ж
Сыныбы:8б
Пән мұғалімі: Байсүгірова Жанар