7


'Кан топтары' 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 8 «А» Күні:

Сабақтың тақырыбы: «ҚАН ТОПТАРЫ. ҚАН ҚҰЮ. РЕЗУС-ФАКТОР. ИММУНИТЕТ, ИММУНИТЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ. ЖИТС(СПИД). ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері:

Ақпараттық құзіреттілік: Адам қанының топтары мен қан құю әдістерімен таныстыру.Иммунитет түрлерімен ағзаны сақтандыру.ЖИТС (СПИД) ауруы туралы қосымша мәліметтермен толықтыру.

Коммуникативтік құзыреттілік: Қан топтарының бір - біріне үйлесуін, үйлеспеу себептері одан өмірдегі маңыздылығы оның қажеттілігі туралы түсіне білу.

Проблеманы шешу құзіреттілігі: түрлі педагогикалық - техналогия әдістері арқылы алған ақпараттар бойынша «Қан топтары, қан физиологиясы,қанның ұюы,ЖИТС ауруы» тақырыбын бірлесіп ашу жолдарына мүмкіндік жасау.

Коррекциялық: көру қабілетіндегі кемшіліктерді түзету

Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: электронды оқулық, биология 8кл., интерактивті тақта,тест,видеоролик - СПИД.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Әдіс тәсілдер: сөздік көрнекілік, практикалық.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

І.Ұйымдастыру бөлімі. 2мин.

а)амандасу

ә)тугендеу

б)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.


Слайд 1. Таны мені?

1. сурет,бұл туралыне білесің?

(қызыл түсті ортасы қысыңқы,табақша тәрізді, жиегі қалың) ядросыз,өздігінен қозғалалмайды.

Слайд.2

Лейкоциттер.

Қанның түссіз ядросы,амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары.

Сдайд 3.

Тромбоциттер.Қан пластинкалары түссіз,домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша.

Слайд 4.

Адамның және бақанаң эритроциттерін салыстыру.Микроприпарат.

Слайд 5.

Қан түзуші органдар.

Биологиялық диктант өткізіледі.

Адам ағзасының ішкі ортасына ..., ..., ..., жатады.Ағзаның ішкі ортасының физикалық және химиялық тұрақтылығын ... және эндокриндік жүйе арқылы сақтау ... деп аталады. Қан бұл ... мен қан жасушалары: ..., ..., ... тұрады. Плазма ... судан тұрады. Қан адам дене салмағының 7,7% құрап, ... денеде ... қан болады.1м3 қанда ... эритроцит, ... лейкоцит, ... тромбацит бар. Адам организімінде қан басты ... , ..., ..., .... міндеттерді атқарады.

Кесте 6

Ағзаның ішкі ортасының ерекшеліктерін анықтау.


Оқушы суретке қарап жауап береді.

Эритроцит

1мм3 нәрестеде: 4-5 млн.

100мл қанда - 15г. гемоглобин болады.

Бақаныкі ірі болса,адамдікі кіші,бірақ 13 есе көп болады.

Эритроцит оттегін тасымалдайды, көмірқышқыл газын алып шығады.Оксигемоглобин алқызыл түсті болады.

Карбогемоглобин күңгірт түсті болады.


ІІІ. Өткенді қайталау арқылы жаңа сабақты қабылдауға дайындық

Слайд 6. Ұлпа сұйықтығы.

Слайд 7.Лимфа.


ІҮ.Жаңа материалды түсіндіру

«Қанның топтары»:

1,2,3,4 топқа бөлінеді.

Қан беретін адамды-донор,қабылдайтын адамды-реципиент дейді.


Резус-фактор (Rһ-фактор)-адам мен макака-резус маймылының қанында болатын ерекше нәруыз.

Резусы оң қанды резусы теріс қанға құйса,резусы теріс адамның қанында оң резуска қарсы антидене түзіледі.Бұл жағдай екінші рет қайталанса,қарсыдене оң резуспен әрекеттесіп адам өліп кетуі мүмкін.

Иммунитет- жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру.

Иммунитеттің негізін салған ғалым- И.И.Мечников.

Ағзаға енген бөгде нәруыздарға қарсы түзілетін ерекше нәруызды зат-«антиденеге» де байланысты. Антидене қанда немесе ұлпада пайда болған бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін ерекше нәруыз.Қарсыдене-лимфоциттердің қатысуымен түзіледі.

Слайд 8.Иммундық жүйе.

Слайд 9.Шешек ауруына қарсы сарысу.

Видеоролик- СПИД.

Қаны 1 топқа жататын адамдарды қаның барлық топқа аз мөлшерде (200-300мл) құюға болады.

2 топқа жататындардың қанының 2,4 топқа береді.

3 топтағылардың қаны 3,4 топқа,ал 4 топтағын 4 ке құюға болады.

Егер қан топтары сәйкес келмесе,эритроциттер желімденіп қалады (аглютинация) да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.

Жаңа тақырыпты түрлі әдіс көрнекілік арқылы түсінеді, толықтырады.

Ү.Жаңа білімді бекіту.

Тест сұрақтары.

1.Қан ұйымайтын ауру қалай аталады?

а) Пневмония

ә) Гемофилия

б) Холера

в)дифтерия

г)скарлатина

2. Қан беретін адам

а)донор

ә)реципиент

б)фагоцитоз

в)пиноцитоз

г)резус;

3. Универсалды донор деп қандай қан топтарын атайды?

а)Ітоп

ә)ІІ топ

б)ІІІ топ

в) ІҮ топ

4. Иммунитет теориясының, фагоцитоз ілімінің негізін салушы ғалым кім?

а)Э.Дженнер

ә)Л. Пастер

б)И.И.Сеченов

в)И.И.Мечников

5. Өзіңнің қан тобыңды неге білу керек?

а)фагацитоз үшін

ә)пиницитоз үшін

б)аглютинация болмау үшін

в)резус-факторын білу үшін.

6. Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз.

а)эритроцит

ә)антидене

б)лейкоцит

в)тромбоцит

7. егуді алғаш қолданған ағылшын дәрігері?

а)Ч.Дарвин

ә)Л. Пастер

б)Л.Гук

в)Э.Дженнер

8. ЖИТС ауруы алған тіркелген мемлекет?

а)Канада

ә)Қытай

б)Жапония

в)АҚШ

9. Адам ағзасындағы лимфа түйінделерінің саны.

а)400

ә)460-қа жуық

б)300

в)360-қа жуық

10. Егу арқылы қалыптасқан иммунитет.

а)табиғи

ә)туа біткен

б)жасанды

в)жүре пайда болған.


Гемофиля

донор

І топ

И.И.Мечников


Аглютинация болмау үшін


антидене


Э.Дженнер


АҚШ


460


жасанды


ҮІ. Үйге тапсырма

Қан топтары, қан физиологиясы және қанның ұюы.

Әр оқушы қан тобын дәрігерден біліп келу тапсырлады.

Ш.С.Набидоллина 150- 153 бет.

ҮІІ.

Қорытынды.

Сабақ барысына баға беру.

Ұсыныс болып еді.ЖИТС тақырыбына реферат дайындап келегенері болса,

1.өзектілігі

2.шешу жолдары

3.қандай нәтиже бар.

Жоспары бойынша баяндау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал