- Учителю
- Урок на тему «Жүйке жүйесі» (8 класс)
Урок на тему «Жүйке жүйесі» (8 класс)
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларды адамның жүйке жүйесінің
құрылысымен, жүйке жүйесін құратын
мүшелермен, олардың құрлысымен және
адам тіршілігіндегі маңызымен таныстыру.
Дамытушылық: Жүйке жүйесін құрайтын мүшелердің
үйлесімді жұмыс атқаруының маңызы және
жүйке жүйесінің гигиенасымен таныстыру.
Тәрбиелік: Жүйке жүйесінің адам тіршілігіндегі маңызы
және жүйке жүйесінің үйлесімді қызмет
атқаруына зиянды әдеттердің әсері жайлы
айту.
Сабақтың барысы:
І- Жаңа сабақты түсіндіру (тірек сызбалар арқылы түсіндіру)
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері
Орталық бөлім Шеткі бөлім
Ми Жұлын Симпатикалық Парасимпатикалық
Жүйке жүйесі
Соматикалық Автономиялық
(грекше сома-дене (грекше өзін-өзі реттеу)
жеке өсінді)
Жүйке жүйесінің құрылысы
Нейрон
Аксон Дендрит
(ұзын өсінді) (Қысқа өсінділер)
Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан диаметрі 1 см.
Жұлынның құрылысы
Жұлынның өзегі
(сұйықтыққа толы)
Ақ зат Сүр зат
Алдыңғы түбір Артқы түбір
Бүйір түбірі
Қимыл нейронының аксондары Сезім нейронының аксондары
Омыртқа аралықта жүйке түзеді
Жұлынның қызметі
Рефлекстік Өткізгіштік
Ми бөліктерінің құрлысы мен қызметі
Үлкен ми Ми бөліктері Аралық ми
сыңарлары
Ортаңғы ми Сопақша ми
Мишық
ІІ-Үй тапсырмасын қайталау.
«Жұлдызды сағат ойыны»
Қойылған сұраққа оқушылар жалаушаны тез арада көтеріп, жауап беруі керек.
Сұрақтары:
1. Жүйке жасушасы қалай аталады. - нейрон.
2. Жүйке жүйесі бөлімдері. - орталық, шеткі.
3. Жұлын қайда орналасқан. - Омыртқа жотасының өзегінде.
4. Қондырмалы нейрондар қайда орналасқан. - артқы түбірде.
5. Жұлынның ақ заты қандай қызмет атқарады. - өткізгіштік.
6. Ми қайда орналасқан. - бассүйек қуысында.
7. Нейронның ұзын өсіндісі. - аксон.
8. Сопақша ми немен жалғасқан.
9. Ми сыңарларының жалпы көлемі. - 2000-2500 см. Куб.
10. Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі. - дендрит.
11. Шеткі жүйке жүйесінің бөлімдері. - симпатикалық, парасимпатикалық.
12. Қан құрамындағы шарап спирті. - алкоголь.
13. Аралық мида неше жұп ядро бар. - 32 жұп.
14. Мидың орташа салмағы. - 1300-1400 гр.
ІІІ-Сабақты қорытындылау
Қорытынды бөлімінде оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады.
Аксон дегеніміз - нейронның ұзын өсіндісі.
Мишықтың қызметі адамның қимыл әрекетін реттеу.
Сомалық жүйке жүйесі, негізіне организмді сырқы ортамен байланыстырады. Сомалық жүйке қоздырғыш әрекеттерді сезіп, қаңқа бұлшықеттерінің қызметін, ал шеткі жүйке жүйесі зат алмасу мен организмнің ішкі мүшелерінің жұмысын реттейді.
Нейрон дегеніміз - жүйке жүйесінің қызметі.
Жұлынның алдыңғы түбірі дегеніміз - қимыл нейрондарының аксондары.
Мидың салмағы - 1300-1400 гр. Және адамның миы 20 жасқа дейн өседі.
Бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай баға қойылады.
Үйге тапсырма: Жүйке жүйесін қайталау