7


  • Учителю
  • Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған сүтқоректілер тақырыбына сабақ жоспары

Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған сүтқоректілер тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Сүтқоректілер. Кластың жалпы сипаттамасы. Сүтқоректілердің тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Жорғалаушылармен салыстырғанда дене жамылғысының, асқорыту, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, жүйке жүйелерінің, сезім мүшелерінің, мінез-құлығының күрделенуі.


Мақсаты: Оқушыларға сүтқоектілер класының жалпы сипаттамасына және құрылыс ерекшелігіне тоқталу арқылы білім беру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға сүтқоектілердің ішкі және сыртқы құрылысы туралы мағлумат бере отырып, зертханалық жұмыстар арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшандығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп талаптануын арттыру.
Тәрбиелік Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: иттің қаңқасы, ішкі құрылысының суреттері
Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақ өту әдістері : Сұрақ жауап, СтО-ның әдіс тәсілдері

Сабақтың көрнекілігі : Плакаттар, Буклеттер, Суреттер

Пәнаралық байланыс: География, Биология, Анатомия

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. ҮЙ тапсырмасын сұрау

1.Құстар дүниесінде таралған түр саны (8 600-ге жуық)

2.Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)

3.Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар (жыл құстары)

4.Қосарлы тынысалу дегеніміз не? (ауа қапшығы және өкпе)

5.Құс өңешінің кеңейген бөлігі ( жемсау)

6.Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі (қаламша)

7.Құстардың дене температурасы (+410С, +430С)

8.Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі (көнеқұс немесе археоптерикс)

9.Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады?

10.Ең кішкентай құстың салмағы қандай, бұл қандай құс? (1,5грамм -колибри)

11.Ең ірі құс және оның салмағы қандай? (түйеқұс, салмағы 90 кг)



Жаңа сабақ

1.Топ оқушыларына мәтін тарату

Жалпы сипаттама.

Сүтқоректілер - құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар. Осыған байланысты көптеген түрлерінде екі жұп аяғы бар, олардың артқы аяқтары ұзын болады. Аяқтары негізінен үш бөлімнен тұрады. Алдыңғы аяқта - қар, білек және алақан, артқы аяқта сан, сирақ және табан бөлімдері бар. Алақаны төрт саусақты, табаны бес саусақты. Аяқ сүйектері осы үш бөлімге сәйкес келеді. Алдыңғы аяқта тоқпан жілік, кәрі жілік және алақан, саусақ сүйектері болады. Артқы аяқта ортан жілік, асықты жілік және табан сүйектері бар. Бұлар өзара буын арқылы, омыртқа жотасымен екі белдеу арқылы байланысады. Иық белдеуі бұғанадан, қарға сүйектен және жауырыннан түзіледі. Жамбас белдеу өзара бітісіп кеткен, бір шеті омыртқа жотасымен, екінші жағы ортан жілікпен байланысады.

2.Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу

1-топ Сүтқоректілер класына сипаттама

2-топ Сүтқоректілердің ішкі құрылысы

3-топ Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы

4-топ Сүтқоректілердің түрлері мен өкілдері

3.Әр топтан 1-оқушыдан шығып мәтінді мазмұндайды

4. Кім жылдам ойыны

Сүтқоректілердің қоректену жүйесіндегі мүшелерді ретімен жаз

Ауыз, өңеш, аш ішек, тік ішек, аналь тесігі, жұтқыншақ, тоқ ішек, қарын

5. Венн диаграммасымен жұмыс жүргізу

Сиыр

Ұқсастығы

Жылқы

Жұп тұяқтылар

Мүйізі бар

Сүт, айран,құрт

Мөңірейді

Бұзау

Үндістанда табынады

Бауырқұртпен ауырады

Терісі жұмсақ

Төрт аяқты

Ет

Дене құрылысы ұқсас

Тақ тұяқтылар

Қамбар ата

Мүйізі жоқ

Мінеді

Қымыз

Тайбурыл

Құлын

кісінейді

6.Халықтық педагогика бүгінгі сабақта 7-жоқ

1.Жерде өлшеуіш жоқ 1. Итте бұғана сүйек жоқ

2.Аспанда тіреуіш жоқ 2.Бақада қабырға жоқ

3.Таста тамыр жоқ 3.Балықта қабақ жоқ

4.Тасбақада талақ жоқ 4.Жыланда аяқ жоқ

5.Аллада бауыр жоқ 5.Құста тіс жоқ

6.Аққуда сүт жоқ 6.Акулада торсылдақ жоқ

7, Жылқыда өт жоқ 7.Сиырда----------------жоқ

Аңыз әңгімелер мен жұмыс аңыз әңгімелер білім әлемінде

Неліктен атта өт жоқ, сиырда күрек тіс жоқ?



7.Қорытынды пысықтау сұрақтары

1.Суда мекендейтін сүтқоректілерді ата?

2.Ұшатын сүтқоректілерді ата?

3.Топырақ астында мекендейтін сүтқоректілерді ата?

4.Құрлықта мекендейтін сүтқоректілерді ата?

7.Оқушыларды бағалау

8.Үйге тапсырма беру Сүтқоректілер класы

9. Оқушылармен қоштасу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал