7


  • Учителю
  • Ашық тұқымды өсімдіктер 7 класс

Ашық тұқымды өсімдіктер 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: - Сондай-ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады. - Шырша – 500 жыл бойы 30-35 м жетеді.- Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді.-
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:

А)Ашық тұқымды өсімдіктерге толық түсінік беру.

Ә)Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін,көбею жолдарын, адам өміріндегі маңызы жайында толық мәлімет бере отырып оқушылардың сауаттылығын, біліктілігін арттыру.

Б)Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға баулу.

1. Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру

1.Қырықбуынның құрылысы қандай?

2.Қырықбуынның спора жетілетін масағы қандай өркенде жетіледі?

3.Қырықбуын қалай көбейеді?

4.Өсімдік неге қырықбуын деп аталған?

5.Қырықжапырақтәріздестер құрылысы қандай?

6.Қырықжапырақ қайда өседі?

7.Қырықжапырақтың қандай маңызы бар?

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

а) Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің құрылысы және ерекшеліктері.

ә) Кәдімгі қарағайі.

б)Зеравшан аршасы.



Қылқан жапырақты өсімдіктер

Тұрмыстағы және шаруашылықтағы маңызы

Қарағай


Самырсын


Арша


Балқарағай


Шырша


4.Кесте толтыру.

1.№20 зертханалық жұмысты орындау.

Тақырыбы.Қылқан жапырақты өсімдіктердің (мысалы, қарағай) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу.

Құрал - жабдықтары:қарағай немесе шыршаның көктемде жыйналып алынған аналық және аталық бүрлері мен қарағай бұтағы.

1.Жас бүрдің сыртқы көрінісін анықтап қарап, суретін дәптерге салыңдар. Оның реңіне, мөлшеріне, бірінен - бірінің ерекшелігіне назар аударыңдар.Бүрдің аналық немесе аталық бүр екенін анықтау мүмкіндігін қарастырыңдар.

2.Әбден қалыптасқан бүр қабыршақтарының біреуін жеке бөліп алып, тұқымының орналасуына және сыртқы құрылысына назар аударыңдар.

3.Қарағай бұтағын абайлап қарап, онда қылқандарының нешеден және қалай орналасқандармен танысыңдар.

4.Қылқанның бұтақта орналасуын, реңін келтіріп, дәптерге суретін салыңдар.Оқулықтағы суретпен салыстырыңдар.

5.Қылқанның ұзындығын өлшеңдер, пішініне зер сал

5.Суретпен жұмыс.

6.Жаңа терминдер

а) "Микориза" (грекше микос-саңырауқұлақ, риза-тамыр). Қазақша баламасы селбестамыр.

ә) "Дің"- ағаш сабағы.

б) "Шайыр" - ағаш діңінен ағатын сары түсті қоймалжың зат (янтарь).

в) "Жұмыртқажасуша" - аналық жыныс жасушасы.

г) "Эндосперм" - ("эндон" - ішкі, "сперма"- тұқым) тұқымбүршіктегі қоректендіруші ұлпа.

д) "Эрозия" - топырақтың бүлінуі.

7."Сен білесің бе"

- Шырша - 500 жыл бойы 30-35 м жетеді.

- Қарағай - 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді.

- Қайың - 150 жылда 20 м.

- Емен - 2000 жылда 40м.

- Балқарағай - 850 жылда 45 м

- Сондай-ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады.

8.Жаңа сабақты бекіту

1. Қылқанжапырақты өсімдіктер неліктен ашық тұқымдылар бөліміне жатқызылады?

2. Ашық тұқымды өсімдіктерден қырықжапырақтәріздестерден қандай ерекшеліктері бар?

3. Сүрек деген не?

4. Бірүйлі, екіүйлі дегенде қалай түсінуге болады?

5. Қарағайдың аналық бүрі қалай құрылған?

6. Қарағайдың аталық бүрінің құрылысы қандай?

7.кестені толтыру

9.Бағалау.

Үй тапсырмасы.
Қылқанжапырақтыларға хабарлама дайындап келу.

«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі



Ашық тұқымды өсімдіктер

(ашық сабақ)





Өткізген: Бегенова Зерлеш

2014-2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал