7


  • Учителю
  • Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 7 Күні: Пәні:биология

Сабақтың тақырыбы: §9. Гидраның ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма және энтодерма. Жасушаларының әр түрлілігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ішекқуыстылар типіне жататын гидра туралы түсіндіріп, негізгі ерекшеліктеріне сипаттама беру

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: дәріс

Пәнаралық байланыс:география,экология

Көрнекіліктер: Электронды оқулық,қима қағаздар,ылғалды препарат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын қайталау

3.Үй тапсырмасын бекіту

4.Жаңа сабақ

5.Сабақты бекіту

6.Сабақты қорыту

7.Оқушылар білімін бағалау

8.Үйге тапсырма

1.Ұйымдастыру кезеңі

А. Оқушылармен сәлемдесу

Ә. Оқушыларды түгелдеу

Б. Сынып тазалығына көңіл бөлу

2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Көпжасушалы жануарларға қандай жануарлар жатады?

2. Регенерация деген не ?

3. Су астында қаңқалардың үйіндісінен пайда болатын түзілістер қалай аталады?

IY Жаңа сабақ

Гидра (Hydra oligactis) - қарапайым құрылысты полиптің бірі. Биіктігі 1 см-ге жуык, ұзына бойы созылған қапшық тәрізді, табанымен субстратқа бекініп өмір сүреді. Өзендер мен шалшык суларда жиі кездеседі.

Гидраның денесі эктодерма және энтодерма қабатынан кұралған. Олардың арасындағы мезоглея қабаты өте жұка құрылымсыз қоймалжың заттан тұрады. Денесінің алдыңғы жағында 6-12 қармалауышпен қоршалған ауыз тесігі орналаскан. Ол, энтодермалық клеткаларымен астарланған гастральдык куысына ашылады.

Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралған. Олар: 1.жабынды эпителиальды клеткалары,

2. эпителиальды-бүлшықет клеткалары,

3. интерстициальды немесе аралық,

4. атқыш,

5. жыныс

6. нерв клеткалары.

Эпителиальды-бұлшықет клеткалары цилиндр немесе призма тәрізді, өзінің түбімен мезоглея қабатына бағытталып, сол жерде өскіншелер түрінде созылады. Өскіншенің цитоплазмасы жіңішке жиырылғыш талшығын құрайды. Осындай эпителиальды клеткаларының өскіншелері бірігіп бойлай созылып орналасады, олар жиырылғанда гидраның денесі тартылып қысқарады. Ал клеткалардың негізгі цилиндрлік бөлігі бір қабатты жабынды эпителиді құрайды. Сонымен эпителиальды-бұлшықет клеткалары жабынды эпителидің және жиырылу қызметін атқарады.

Эпителиальды-бұлшықет клеткалардың арасында ұсақ аралық немесе интерстициальды клеткалар орналасқан, олардан жыныс және атқыш клеткалар пайда болады. Атқыш немесе қалақай клеткалары алмұрт тәрізді, ішінде қатты қабықты сопақша атпа капсуласы орналасқан. Капсула улы затқа толы және оның ішінде іші қуыс спираль тәрізді оралған жіпше жатады. Атқыш клетканың сыртында қылтанақ тәрізді - книдоциль деп аталатын сезгіш талшығы болады, оны ұсақ түктер айнала қоршаған. Егер сезгіш талшыққа бір организм тиіп кетсе, онда ол ауыткып, клетканы қоздырады да, капсула ішіндегі спираль тәрізді жіпше атылып денеге шаншылады. Жіпшемен бірге капсуланың ішіндегі күйдіргіш немесе улы сұйық затта қоса бүркіледі.

Құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты капсуланың бірнеше түрі кездеседі. Пенетранттар - капсуласы ірі, атқыш жіпшесін жауының немесе қорегінің денесіне сұғып жіберіп, улы заттарымен оны жансыздандырады. Вольвенттер - капсуласы ұсақ, атқыш жіпшесі қысқалау, қорегін жіпшемен шырмап алады. Глютинанттар - капсуласы созылыңкы, атқыш жіпшесі ұзын, жабысқак, өз қорегіне кілегейленіп калады. Осындай күрылысты атқыш клеткалар қорғаныс және қорегін аулау қызметін атқарады. Атқыш клеткалар көбінесе қармалауыштарда және ауыз тесігінің айналасында шоғырланып орналасады.

Жыныс клеткалары аралык, (интерстициальды) клеткалардан қалыптасып, аталық клеткалары - сперматозоидтары ауыз полюсіне, ал аналық - жұмыртқалары табанына жақын орналасады. Гидралар дара және қос (гермафродиттер) жыныстылар.

Гидраның эпителиальды - бұлшықет клеткаларының астында жұлдыз пішінді нерв клеткалары жатады. Олар өздерінің тармақ ұштары арқылы бір-бірімен сабақтасьш нерв торын түзеді. Осындай кұрылысты жүйені диффузия типті нерв жүйесі деп атайды. Гидраларда екі нерв шоғырын байқауға болады, олар ауыз аймағында және табанында. Гидраны тітіркендірсе денесі түгелімен жиырылады.

Гидраның энтодерма клеткалары ауыз шетінен бастап гастральды қуысын түгел іштей астарлап жатады. Энтодерманың негізін үш түрлі клеткалар түзейді, олар эпителиальды-бүлшықет, талшықты және без клеткалары. Эпителиальды-бұлшықет клеткаларының құрылысы эктодерма қабатындағы эпителиальды-бұлшықет клеткаларына ұқсас, тек олардың жиырылғыш өскіншелері сақина тәрізді көлденең орналасқан, олар жиырылғанда гидраның денесі жіңішкеріп созылады. Эпителиальды- бұлшықет клеткаларының призмалык немесе цилиндрлік бөлігі гастральды қуысына бағытталып, жалған аяқтарының немесе 2-3 талшығының жәрдемімен гастраль қуысына түскен ұсак жәндіктерді ұстап, клетканың ішінде қорытады. Гастральдык куысқа түскен ірі қоректер (дафния, циклоп, балықтардың шабағы) энтодерманың безді клеткаларынан бөлініп шыкқан ас қорыту сөлдерінің әсерімен қорытылып, қорытылмаған қалдықтар ауыз тесігі аркылы сыртқа шығарылып отырады. Сонымен гидраньң ас қорытуы клетка ішілік және қуыс ішілік болып келеді. Осыған байланысты гидраның ішкі қуысы гастраль немесе ішек қуысы деп аталады.

Y Сабақты бекіту

1. Гидраның денесі неше қабаттан тұрады?

2. Эктодерма қабаты қандай клеткалардан тұрады?

3. Эпитиалды клетка дегеніміз не?

4. Гастраль қуысы дегеніміз не?

5. Вольвенттер дегеніміз не?

VII Бағалау

VIII Үйге тапсырма. Гидраның ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма және энтодерма. Жасушаларының әр түрлілігін оқу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал