- Учителю
- Тақырыбы: Жаратылыстанушы ғалымдар (5 сынып)
Тақырыбы: Жаратылыстанушы ғалымдар (5 сынып)
Маңғыстау облысы.
Ақтау қаласы
‹‹№21 жалпы білім беру орта мектебі›› коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Биология пәні мұғалімі: жас маман Тұрашева Кәмшат Селбайқызы
Біліктілігі: Жас маман.
5 "г" сынып жетекшісі.
Тақырыбы: §3. Жаратылыстанушы ғалымдар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алғашқы жаратылыстанушы ғалымдардың еңбектері мен олардың ғылымға енгізген жаңалықтарымен таныстыру және сол жаңалықтардың қазіргі кездегі рөлін түсіндіру.
Тірек білім. Оқушыларға төмендегідей кестені толтыруға тапсырма беру арқылы өз ізденіс дағдыларын қалыптастыру.
Жаратылыстанушы ғалымның аты - жөні
Жетістіктері, жаңалықтары
Құрал - жабдықтар. Қосымша әдеби кітаптар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа материалды игеру. 1. Жаратылыстану ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалымдар жайлы білім беру.
2. Қазақстаннан шыққан жарық жұлдыз Ш. Уәлиханов жайлы еңбектерін түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс. Суреттерді қарастыру.
Сұрақтар: 1. Суреттерде не бейнеленген?
2. Сендер қалай ойлайсыңдар, жаратылыстану ғалымдары енгізген жаңалықтардың өміршең болу себебі не?
Топтық жұмыс. Бірнеше топқа бөлініп, жаратылыстанушы ғалымдардың енгізген жаңалықтары жөнінде топтасып жұмыс жасау.
IV . Бекіту.
1. Жаратылыстану ғылымы қандай топтарға бөлінеді?
2. Энциклопедсит-ғалымдар кімдер?
Үйге тапсырма: §3 оқып, сұрақтарға жауап беру.
V. Бағалау