- Учителю
- Тесты на 11 класс
Тесты на 11 класс
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану
Бұл жұмыста мен пәнаралық байланыс туралы айтылуы. Физиканың
басқа пәндермен байланыса отырып өткен сабақтардың тиімділігі
туралы
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдана отырып пәнаралық
байланыс негізінде білім сапасын арттыру.
Мақсаты: 1. Физиканы оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың
әдіс - тәсілдерін көрсету.
2. Физиканы оқытуда пәнаралық байланысты қолданудың тиімділігін
көрсету.
ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі шығыстанушы Әбубәкір Диваев былай
деген екен: «Білімнің нұры себілмейінші, бірде - бір озық ел бола
алмайды». Егемен Қазақстанның гүлденген өркениетті ел болуы,
бүгінгі жастардың көзі ашық, білімді азамат болып жетілуіне
байланысты.
Қазіргідей санның сапаға ауысуы кезеңінде, ұстаз алдында мынадай
талап, міндеттер туындайды:
- ұстаздың алдымен өзінің білімді болуы;
- шәкірттерінен білімді талап етуші болуы;
- білімді тыңдаушы болуы;
- сонымен қатар білім жолындағыларды қолдаушы болуы.
Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп
қана қоймай, әр баланы шығармашылыққа шыңдау, баланың өзіне деген
сенімін туғызу.
Жаңа формация мұғалімі - рухани - адамгершілігі, рефлекцияға
қабілетті, ақпараттық - коммуникативтік, әлеуметтік - тұлғалық және
басқа да құзырлылықтары қалыптасқан, шығармашыл ұстаз.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру оқытылатын барлық пәндерді
қамтитын күрделі үдеріс. Соның ішінде, әсіресе, жаратылыстану
цикліндегі пәндердің, оқушылардың санасына әлемнің біртұтастығы
туралы түсінікті қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат
құбылыстары жайлы біртұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыру осы
пәндердің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру арқылы мүмкін
болады.
Пәндерді бір - бірімен байланыстырып оқыту педагогика тарихында
ерте кезден белгілі. Ол Я. А. Коменскийдің, И. Г. Песталотцидің, К.
Д. Ушинскийдің еңбектерінде зерттеліп дамытылған. Я. Коменский оқу
пәндерін байланыстырып оқыту кезінде студенттерде оқу материалы
жайлы толық мағлұмат қалатынын, оның терең, әрі жүйелі білімнің
шарты екенін түсіндіре келіп, пән аралық байланыстың мақсатты және
тиімді болуына мән береді. Пәнаралық байланыс мәселесі жан - жақты
әрі жүйелі түрде ұлы орыс педагогы К. Ушинскийдің еңбектерінде де
дәлеледенді. Оның пікірінше әр түрлі ғылым саласынан тамшылап
берілетін ғылым, адамның сыңарында жаттанды түрде жинақталмай,
сапалы түрде меңгерілуі керек. Білім сонда ғана берік, жүйелі және
терең болады.
Физика сабағында пәнаралық байланысты қолданудағы мақсатым: Физика
пәні бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру; Оқушылардың ой -
өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын
арттыру; Өзіндік танымдық - шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынандай:
• Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын
тигізетіндей болуын көздеу;
• Түрлі пәндерді оқып үйренуде - өтілетін материалдарды уақыт
жағынан үйлестіріп отыру.
• Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруің, олардың
жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра
қалыптсатыру.
• Жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен
дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
• Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру
барысында) бірдей талап қою.
• Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана
білуге әдеттендіру.
• Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін
көрсете білу.
• Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып,
дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.
Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс - тәсілдері
1. Пәнаралық сипаттағы сұрақтар беру;
2. Жүйелі тапсырмалар орындау;
3. Пәнаралық сипаттағы есептер шығару;
4. Пәнаралық сипаттағы үй тапсырмаларын беру;
5. Пәнаралық сипаттағы бақылау жұмыстарын орындау;
6. Әр түрлі өзара байланысы бар әдебиеттерді қолдану;
7. Оқу барысында кездесетін пәнаралық сипаттағы қиындықтарды
шешу.
Интегративті білім беруді ұйымдастырудың түрлері:
1. Интегрированный жүйелі оқу күні;
2. Пәнаралық факультатив;
3. Пәнаралық сипаттағы сыныптан тыс жұмыс;
4. Жан - жақты Комплексная экскурсия;
5. Комплексный семинар;
6. Қоғамдық білім тексеру Общественный смотр знаний;
7. Пәнаралық сипаттағы сабақ.
Физика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев білім мен
ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Жаңа формацияның педагогі
қажет. Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып
келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Бұл уақыт
талабы»- дегенінен мұғалімдер қауымына өте үлкен жауапкершілік
жүктелгенін аңғаруға болады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат -
жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан - жақты дамыған жеке
тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың өз бетімен жұмыс
жасауларына жағдай жасау және шығармашылық қабілеттерін дамытуда
жаңа педагогикалық технологияларды немесе оның элементтерін ұтымды
пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген
педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып
жүрміз. Бұл технологиялардың оқушының ой - өрісінің дамуына тигізер
пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын,
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың
өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке
басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше
ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың
бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің
17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін
орыс ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский еңбектерінде
қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л. ВЗанков, Д. Б.
Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Б. Эльконин мен В. В.
Давыдовтың зерттеулері оқушыны «тұлға» ретінде тануға
бағытталды.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап
мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін
жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы
жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс -
әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында
оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар
аударылды.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым - қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Физика сабағында деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары мыналар:
- әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір - бірінен қалмауға тырысады;
- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті
артады;
- әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
- сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өз бағасын біліп
отырады
(1 - деңгей - «3», 2 - деңгей - «4», 3 - деңгей - «5»)
- даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалауға және ата -
анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады;
- бір ғана сабақта тапсырманың бірнеше түрін орындайды;
Сабақ - шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орын
болғандықтан, шешуге міндетті жүзеге асыру - ұстаздың шеберлігіне
тәуелді. Оқу материалын қызықты ету үшін ойлана, жан - жақты
даярланудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, оқушыларға берік
те, терең білім беруге мүмкіндік береді.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін
жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың
ізденуін, танымын қалыптастыру.
Сондықтан физика сабағында оқу - тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуі
үшін әртүрлі оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше
таңдап алуға тырысамын.
Оқушыларға оқу материалын түсінікті және қызықты етіп беру үшін
сыныпты көз алдыма елестетіп, әрбір оқушының даярлығы мен
мүмкіндігіне, қабілеті мен біліміне сүйеніп, сабақтың құрылымына
талдай жасай отырып, алдыма мақсат қоямын.
- Заман талабына сай білімді, білікті, шығармашылық қабілеті
дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Мақсатыма байланысты міндеттер қоямын;
- Жас ұрпақтың қабілетін ашу.
- Шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
- Мақсатты жүзеге асыру.
Оқу материалын баяндау барысында тәжірибелер көрсетіп, жаттығулар
орындатып, дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды
жүйелі пайдалану арқылы әсер алуға жетелеймін.
1. Жалпы мәдениеттік мәні бар ұлттық, аймақтық, жергілікті
материалдарды өз сабақтарымда кеңінен пайдалану.
2. Оқушылардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
3. Оқушылардың физика сабақтарындағы белсенді іс - әрекеттерін
ұйымдастыру үшін барынша көп мүмкіндіктер жасау.
4. Оқытудың әр кезеңінде оқушылардың пәнді оқыту қызығушылығын
қалыптастырып, дамытып оқыту.
5. Пәнаралық байланысты сабақта тиімді пайдалану.
6. Деңгейлік және саралап оқыту жағдайында барлық оқушылардың
бағдарламалық білімді меңгеруін жүзеге асыру.
Жаңа сабақты түсіндіру барысындағы басты мақсатым - әрбір оқушының
білім алуының сапалық деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін оқу
жоспарын ғылыми негізде ұйымдастыру. Оқушының білімді игеруін үш
сатыдан тұратындай етіп құрамын:
1. Жаңа білімді игеру және оны пайдалана білу.
2. Игерген білімді өңдеп, оны таныс емес жағдайда пайдалана
білу.
3. Жалпы білімді өз бетімен игеру.
Аталған сатының әрқайсысында оқушының пәндік білімді игеруі төрт
деңгейде өтеді:
1. Білу.
2. Түсіну.
3. Қолдану.
4. Біліктену.
Мысалы, «Гармониялық тербелістер. Тербеліс амплитудасы, периоды
және жиелігі» тақырыбында оқушы тербелістер жайлы 9 сыныпта өткен
түсінігін еске түсіре отырып, жаңа фактілерді, сондай - ақ толқын
түрлеріне жататын электромагниттік толқындардың қасиеттерін
қабылдайды. Бұл білімді қабылдау деңгейіне жатады.
2 - деңгей - Түсіну, яғни қабылдаған жаңа мәліметті пысықтап
бекіту, өз сөзімен естігенін айтып беру. Мысалы: Тербелістердің
өмірде алатын орны.
3 - деңгей - Қолдану. Қабылдаған білімді формула бойынша
тұжырымдау, есеп шығара білу, ұқсас мысалдар келтіру.
4 - деңгей - Біліктену. Оқушы алған білімін, сабақтың мәнін
түсіндіре білу, басқа фактілермен салыстыра отырып, қорытынды жасай
білу. Қарапайым түрде гармониялық тербелісті шығарып ала білу.
Әрбір сабақта, мүмкіндігіне қарай, жергілікті жер материалдарын
пайдалана отырып, оқушының білімділігін арттыруға көңіл бөлемін.
Мысалы, «Импульс» тақырыбын өту кезінде әсерлесуші денелер ретінде
асықты пайдаланамын. Тыныштықта тұрған асықты екінші асықпен
атқанда екінші асық неге қозғалады? Әсердің берілуі денеге
жылдамдық туғызды деген мысал арқылы импульстің формуласы жазылып
түсіндіріледі. Сол сияқты үйге мынадай тапсырма беруге болады:
стаканға су құйып, оны бір парақ қағаздың үстіне қойыңдар да
қағазды жайлап тартып көріңдер, сосын оны лезде тартып алып
қараңдар, «Қолдың тарту әсерінің уақытқа тәуелділігі қандай?» -
деген сауалды талдап, оған жауап беріңдер.
«Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткенде картон қағаздан балық
пішінін қиып, оның саңылауына пипетка арқылы май тамызып, біраз
бақылаймыз. Май балықтағы саңылау арқылы аққанда балық ілгері
жылжиды. Бұл тәжірибе реактивті қозғалысты түсіндіруде оқушының
білімділік деңгейін арттыруға көмектеседі. 11 - сыныпта дифракция,
интерференция құбылысын түсіндіргенде құс қауырсыны, капрон мата,
пластинканы пайдалана отырып түсіндіруге өте тиімді.
«Дыбыс толқындарын» өткенде резонатор ретінде домбыраның қуысын
қарастыра отырып, адамның ауыз қуысы резонатор екенін ескертіп,
«жағыңды екі қолыңмен қатты қысып сөйлеп көр» деген тапсырма
беріледі. Оқушылар өз тәжірибесіне түсініктеме береді.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен
байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастырамын. Мұндай
тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана
қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолдануға
болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы, жаңа педагогикалық технологияны қолдану сабақтың сапасын
көтеруге, оқушылардың білімге леген оқу - танымдық қызығушылығын
арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін
тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қараев Ж. А. «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы».
2. Жұмабекова А. А. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта
оқыту».
3. Тұрғанбаева Б. «Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту».
Қазақстан мектебі №8, 2004 ж.
4. Ильин В. С. «Формирование личности школьника». М, педагогика,
1984г.
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі
Педагогикалық технология - қазіргі талапқа сай анықталып,
іріктеліп, оқудың жаңа мазмұн, әдіс - амалдарының дидактикалық
талаптарының психологиялық - педагогикалық жиынтығы. Педагогика
ғылымдарының докторы, профессор Ж. Қараевтың «Әртүрлі деңгейде
оқыту технологиясын» жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында
үнемі қолданып келеміз.
Ж. Қараев технологиясының жеткен жетістігі, ол оқушыны мәжбүрлеп
оқытуды емес, оқушы ақпаратты өз бетінше іздеуге, ешкімнің
көмегінсіз шешім қабылдауға дағдыландырады. Физика сабағында оқушы
өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдаланып ойын жинақтап, сұраққа
дұрыс жауап беруге және шешен сөйлеуге қалыптасады.
Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту
идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмалармен
жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы,
ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі, әр оқушының
ой - өрісі кеңейеді және білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше
деңгейге жұмыс жасай алатынында.
Бірінші деңгей: тапсырмалары жалпыға бірдей стандартты білім
негізінде беріледі, яғни білімнің минимальды шегі, бұл деңгеймен
сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады. Бірінші деңгейдің
тапсырмалары алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықтағы
бар мәселелерге байланысты құрылады. Бұл сұрақтар көп ойлануды,
ізденуді талап етпейді. Сондықтан олар жедел түрде тапсырманы
орындай алады.
Екінші деңгей: кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі.
Оқушы өзі ізденіп, мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа
ақпаратты пайдалана отырып өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы
бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды. Оқушылар
алгоритмдік сатыға көтерілгенде қозғалыс түрлерін бүгінгі өмірмен
байланыстыра отырып талдауға көшеді.
Үшінші деңгейде: оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық
жұмыстарын жүргізеді. Эвристикалық (танымдық - іздену) сатының
ерекшелігі - оқушылар қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып белгілі
бір мәселеге дұрыс жауап бере білуге дағдыланады. Бұл тапсырмаларды
орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
Төртінші деңгей: қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға
арналған саты, яғни оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады.
Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен
түрлі тапсырмалар орындайды.
Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырма мен жұмыс жасау арқылы оқушының
ақыл - ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан
тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін
арттырады.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық
қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен
бағалауға мүмкіндік береді.
Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін
жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың
ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі
әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс
жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін
мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап
алуға көп көңіл бөлу керек.
Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге
негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға
мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім мына
төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.
1. Мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми тұрғыдан
негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі
қажет.
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының
психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол
таба білуі абзал.
3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып
отыруы тиіс.
4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар
түрінде топтастырып өткізе білуі керек.
5. Оқушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа
сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен
тірек конспектілері бойынша берген жөн.
6. Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр
тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн. Мұнда
әсіресе оқушылардың білімдерін тексеруде мына төмендегідей
әдістерді қолданған тиімді:
• Тестік жүйе бойынша
• өзін-өзі тексеру
• көршісін тексеру және т.б
7. Сабақта халықтық педагогика элементтерін пайдалану қажет. Ол
үшін:
• Халық ертегілерінен, аңыз әңгімелерінен, өлең жырларынан
үзінділер келтіріп, олардың мағынасын түсіндіруге;
• Халықтың ұлттық ойындарымен түсіндіруге;
• Әртүрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар шешіп,
сөзжұмбақ, бейнесөз құрастыруға болады.
8. Сабақта оқушыларды таң қалдырып, себебін білгілері келетін
әртүрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустарды ұдайы
қолданған орынды.
9. Ең бастысы әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал
ертеңгі
сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс.
Әрбір тақырыпты түсіндіргенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай
тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Негізгі
заңдылықтарды тірек белгілері арқылы оқушыларды жинақылыққа,
көркемдікке баулып, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, ойлау
қабілетін арттырып, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға арнап жеке тірек
белгілерін құрастыру қажет.Мысалы, 10-шы сыныпта «Электростатика»
тарауы бойынша «Электр заряды». «Электрлену тақырыбын өткенде,
зарядтың өзара әсерлесуін мынадай тірек белгісімен беруге
болады:
а--------------------------------------з
т----------а
т----------+--------- q--------+--------р
а --------- я
с тебіледі д
ә
р
а------------------------------------------------з
т----------- а
т-----------+------- q-------- ----------р
а----------я
с----------- тартылады----------д
Мысалы, 10-шы сыныпта «Сұйықтар мен газдардың қасиеттері» тарауы
бойынша «Булану және конденсация» тақырыбын өткенде сұйық пен
газдың өту процестерін тірек сызбамен беруге болады.
Сұйық Газ
Булану
Сұйық Газ
Конденсация
Келесі мысал: «Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және
параллель жалғау» тақырыбын өткенде өткізгіштерді тізбектей жалғау
түріне мынадай тірек сызбамен беруге болады.
R1--------R2
Rn
Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Сабақты меңгертуде көбінесе сандық және сапалық есептер шығару,
әртүрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустар көрсету
оқушылардың ой-өрісін дамытып, олардың шығармашылығын арттыруға
бағыт беру мақсат етіледі. Сапалық есептер шығарғанда халық
даналығының, нақыл сөздерінің, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнін
және ұлттық ойындарды физика тұрғысынан түсіндіруге, пайдалануға
болады.
Мысалы:
1. «Арбасының дөңгелегін майламаса, арбакештің шәйі қайнамайды»
мақал арқылы мынадай сұрақ қоюға болады:
• арбаның дөңгелегі неге майланады, майламаса не болар еді?
• Бұл жерде арбакеш үйкелістің қандай түрімен жұмыс жасап тұр?
2. «Толқын ұрар жағаны,
Маған бөгет қылма деп,
Жаға кейін қағады,
Әуре болып тұрма деп». - бұл өлең арқылы толқын қалай пайда болады
және толқынның жағаға ұрылып кейін қайтуын қандай заңмен
түсіндіруге болады?
3. Мылтықтан оқтың атылуы қандай физикалық құбылысқа мысал болады
және бұл жерде қандай физикалық заң ескеріледі?
4. Жанып жатқан керосинді неге сумен құйып сөндіруге болмайды?
5. Алтыбақан және көкпар ойындары арқылы қандай физикалық
процестерді кездестіре аламыз?- деген сияқты қызықты сұрақтар мен
ойындарды пайдалануға болады.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен
байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Мұндай
тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана
қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолданылатынын
да ұғындыруға мүмкіндік береді.
Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау
қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа
баулуғӨткізгіштерді тізбектей және параллель қосу
-
Елдос
-
9 қараша 2014
-
88
-
0
-
0
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель
қосу.
Видео көріністен, электрондық оқулықтан, слайдтан, оқулықтан
тапсырма көздері.
Жалпы мақсаттар
Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, электр тізбегіндегі
өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды, есептеу формулаларын
келтіріп шығаруды қалыптастыру, «ток күші», «кернеу», «кедергі»
ұғымдарын айыра білу және олардың электр құбылыстары тарауындағы
маңызды, әрі егіз ұғымдар екендігін түсіну үшін диалогтік оқыту
әдісін пайдаланып проблемалық ситуациялық сұрақтармен ойлау,
логикалық талдау қабілетін қалыптастыру, проблемалық сұрақтарға
белсенділік танытқан оқушылардың шығармашылығынан көшбасшылықты
байқау, салыстыру тапсырмасын бергенде жас ерекшеліктерін
ескеру.
Оқыту нәтижесі
Ойлануды, ойларын жүйелеуді, тақырып мазмұнын өз беттерімен
ұғынуды, үйренген білімін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді,
өз ойларына немесе пікірлеріне дәлелдеме келтіруді, пікірлерді
салыстыра білуді, ұқсастық пен айырмашылықтарын табуды, сандық,
логикалық және мағыналық есептедің шығарылу жолдарын қарастырып,
ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды үйренеді. Ғылыми көзқарасы
қалыптасады, өз біліміне есеп беріп, өзге топтарды тыңдауды
үйренеді, топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады, көпшілікте өзін
- өзі реттейді.
Негізгі идеялар
Күнделікті өмірде, тұрмыстық жағдайларда «ток күші», «кернеу»,
«кедергі» шамалары қатар жүретіндігі, бұл құбылыс электр
құбылысының негізгі заңдылығы екендігіне көз жеткізу.
Қамтылатын модульдер
- оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
- оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды
пайдалану
- талантты және дарынды балаларды оқыту
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
- оқытудағы басқару және көшбасшылық
Тапсырмалар
1 - тапсырма. Ток, кернеу, кедергі, меншікті кедергі аттары, өлшем
бірлігі, шаманың белгіленуі, шаманың аты жазылған жасырын
парақшалар арқылы топтарға бөлу.
Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен
физикалық шамаларды қалай меңгергендігін білу мақсатында топ
аттарына байланысты пікірлерін постерге салу /5мин/
2 - тапсырма.
PowerPoint бағдарламасында электр құрылғыларының (күнделікті
өміріміздегі пайдаланатын: лампа, желдеткіш, теледидар, радио,
компьютер ж. т. б) презентациясын көру арқылы ой қозғау /3мин/
Суреттен көрген физикалық құбылыстарын диалог жүргізу арқылы
мағынасын ашу.
Ситуациялық сұрақтарды талдау.
1 топ. «ток» тобы
Электр тогы дегеніміз не? Формуласын жазып көрсетіңдер.
2 топ. «кернеу» тобы
Кернеу дегеніміз не? Формуласын жазып көрсетіңдер.
3 топ. «кедергі» тобы
Кедергі дегеніміз не? Формуласын жазып көрсетіңдер.
4 топ. «меншікті кедергі» тобы
Меншікті кедергі дегеніміз не?
/8мин/
3 - тапсырма.
АКТ - ны пайдаланып электрондық оқулық тапсырмаларын, жаттығу және
есептер орындау.
1 топ.
Тізбектей жалғау кезінде ток күші қалай өзгереді? Мыс:
2 топ. Тізбекті параллель жалғағанда кернеу неліктен барлық жерінде
бірдей болады? Мыс:
3 топ. Тізбектей және параллель жалғағанда кедергілер қалай
өзгереді? Не байқалып тұр? Мыс:
4 топ. Тізбектей және параллель жалғағанда меншікті кедергіге
байланысты бола ма?
Неліктен? Мыс:
/8 мин/
4 - тапсырма. Жас ерекшеліктеріне ескеріп салыстыру. Өткізгіштерді
тізбектей және параллель жалғауды тәжірибеде жасап көру, тізбектей
және параллель қосылған өткізгіштердегі ток күшінің, кернеудің,
кедергінің айырмашылықтары болатындығына көз жеткізу.
Эксперименттік тапсырма орындау кезінде кейбір оқушылардың
(көбінесе ер балалардың) электр құрылғыларының жасалу жолдарын,
қауіптілігін білуі, қызығушылығының артуы байқалады.
1 топ. Ток мәндерін амперметр көрсеткіштері арқылы дәлелдеу.
Неліктен ток өзгерді?
2 топ. Кернеу мәндерін вольтметр көрсеткіштері арқылы дәлелдеу.
Неліктен кернеу өзгерді?
3 топ. Неліктен кедергілер көп болғанда әртүрлі жалғауда кернеу
әртүрлі болғанын көреміз? Неліктен?
4 топ. Меншікті кедергі ток күші мен кернеуге қандай пропорционал?
/5мин/
5 - тапсырма. Миға шабуыл.
Деңгейлік есептер шешу.
А тобы есебі.
Әрбіреуінің кедергісі 40 Ом болатын үш шам тізбектей кернеуі 120 В
тізбекке жалғанған. Жалпы ток күші қандай болады?
Б тобы есебі.
20 Ом кедергі алу үшін кедергісі 24 Ом болатын өткізгішке қандай
кедергі қосу керек?
С тобы есебі.
Пайда болған бөліктерді параллель қосып 4 Ом кедергі алу үшін
кедергісі 64 Ом өткізгішті қанша бөлікке бөлу керек? /8 мин/
Кейінгі тапсырмалар
Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру, 20 жаттығуды орындау.
Кері байланыс
Бағалау:
Өзін - өзі бағалау: білім ағашы арқылы өзін бағалау.
Формативті бағалау: топтар бір - бірін бағалау үшін бағалау
критерийлері бар парақшалар беріледі.
Критерий
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттандырарлық
мазмұны
зерттеуі
Топтық жұмысы
Жиынтық бағалау: басқа топ мүшелерінен де, өзінің топ мүшелерінен
де кім сабақ барысында көп мәліметтер білетіндігін, лидер кім болып
отырғандығын немесе екпінді қатысып отырғандығын ауызша айту арқылы
бағалау.
Қорытынды
Ғылыми көзқарасы қалыптасты, өз біліміне есеп беріп, өзге топтарды
тыңдауды үйренеді, топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады,
көпшілікте өзін - өзі реттеп отырады(көшбасшылық байқалады).
Өздеріне сенімді бола бастайды, еркін пікірлей алады.
Кері қайту
Ілмек сөздер:8 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
а көмектеседі деп ойлаймын.Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Электр құбылыстарын білу, білімдерін тұрмыста
күнделікті қажетке қолдана алу, экологиялық, экономикалық білім
беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, дамытуға, белсенділіктерін
арттыру, пікір алысып, тоқпен жұмыс істеп, өз білімдерін өздері
бағалай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ процесінде қолданылатын электрлік
қондырғылар арқылы зерек болуға, жұмыс істеу арқылы еңбекке деген
сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, практикалық, қайталау, тірек -
конспект, СТО, Венн диаграммасы.
Сабақтың типі: білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ жоспарына сәйкес слайдтар, тәжірибелік
қажетті құрал - жабдықтар: амперметр, вольтметр, кілт, өткізгіш
сымдар, резистор, ток көзі, шам, электрлік қоңырау, деңгейлік тест
тапсырмалары, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын электро -
техникалық заттар, тірек - сызбалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Өткен сабақта сынып оқушылары үш топқа бөлініп, тапсырма
берілген.
I топ - Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын электрлік құралдар,
II топ - Осылардың ішіндегі тізбектей жалғанатыны,
III топ - Осылардың ішіндегі параллель жалғанатындары.
Әр топтан бір - бір оқушы жауап береді.
2. Әр топқа жеке - жеке тірек схемалары беріледі де, топ ішінен бір
оқушы жауап береді.
3. Мұғалім: күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген электрлік
құралдардан басқа, қала көшелерінде, өзіміздің аудан орталығындағы
Көкпектіде көшедегі көліктердің, жаяу жүргіншілердің жүрістерін
реттеп отыратын, электр тоғымен автоматты түрде жұмыс істейтін
не?
Оқушылар: Бағдаршам.
Мұғалім: Ол қандай түстерден тұрады?
Оқушылар: қызыл, жасыл, сары.
Мұғалім: Әркім өзінің қауіпсіздігін сақтау үшін, көшеде жүру
ережесін білуі керек. Міне, тұрақты электр тоғы тарауын оқып
бітіргеннен кейін өз білімдеріңді тексеріп білу үшін менің қолымда
жаңағы түстерге сәйкес жазылған тест сұрақтары тұр. Әр түске сәйкес
түрлі баға қойылады.
Қызыл -«5»
Жасыл -«4»
Сары -«3»
Әркім, өз білімін өзі бағалап, тест таңдап алады.( тест жұмысы
орындалады)
Тест сұрақтарына жауап беріп болғаннан кейін, жауап парақтарын бір
- бірімен алмастырып, тақтадағы жауаппен тексереді. (слайд
арқылы)
Мұғалім: Сонымен қатар қазіргі кезде қолында дипломы бар маман
иелері де мемлекеттік жұмысқа орналасар алдында тест тапсырады.
Біздің арамызда да тест қорытындысына байланысты ғылыми
қызметкерлер, конструктор, лаборанттар отыр деп есептеп сабағымызды
ары қарай жалғастырамыз.
2. Әр топ оқушыларының алдында электрлік қондырғылар қойылған, осы
қондырғыларды пайдаланып, тізбек схемасын конструкторлар сызып,
лаборанттар тізбекті құрастырып, ғылыми қызметкерлер өлшеу
жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесін тақтаға жазады.(сканер арқылы
тақтаға түсіріледі)
3. Ауызша есептер. (слайд арқылы көрсетіледі)
4. Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген электрлік заттардың біразы
біздің қолымызда тұр. Мысалы: чайник, тефаль, кипитильник. Әр топқа
осылардың біреуі беріледі.
1/. Олардың анықтамаларында көрсетілген физикалық шамаларды
пайдалана отырып, қалған белгісіз шамаларды есептеп шығу.
5. (слайд көрсете отырып) тарауды қорытындылау.
6. «Нені білдім, нені білгім келеді?» диаграмма толтыру.
7. Үйге тапсырма: Тарау бойынша қайталау, диаграмма толтырғанда
туындаған сұрақтарға жауап іздестіру.
Жеке тапсырма: 1) 10л. суды қайнату үшін қанша көмір керек
екендігін есептеу, 2) көмір жанған кезде СО2 көмірқышқыл газы
бөлініп шығады, осы газдың адам ағзасына тигізер зияны қандай?
3) Бүгінгі күні қаржы дағдарысын ескерсек 10л суды қайнату үшін
экономикалық жағынан бізге тиімдісі қайсысы? Токпен қайнатқан
тиімді ме, әлде көмірмен қайнатқан тиімді ме?
Кері қайту
Ілмек сөздер:Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау
Іздеген - табар, оқыған - озар
-
Инкара
-
15 мам 2014
-
925
-
0
-
0
«Іздеген - табар, оқыған - озар» атты 7 - 8 сыныптарға арналған
физикадан сыныптан тыс жұмыс.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық ойын, белсенділігін, икемділігін
арттыру.
Сайыс барысы:
1. Сұрақтар сайысы
2. Жорға бөлімі
3. Сәйкестендіру тапсырмалары
4. Топ басшылар сайысы
5. Эсперименттік сайыс
6. «Бақытты сәт»
7. Кроссворд шешу
8. Қорытындылау
І. Сұрақтарға жауап беру: 1ұпай
1. Сұйықтар мен газдардың бірқатар маңызды қасиетін ашқан
ғалым?
2. Материяның ажырамас қасиеті.?
3. Гелиоцентрлік жүйені ашқан ғалым?
4. Ашық күндері ақ қарға қарағанда лас қар неге тез ериді?
5. Су астындағы тасты көтеру неге жеңіл?
ІІ. Жорға бөлімі. Кім жылдам? 2ұпай
Әр топ 2 мин ішінде қанша формула жазады.
ІІІ. Сәйкестендіру тапсырмалары: 1ұпай
Бұл денелердің жылдамдықтарын ретпен орналастыр.
Ұшақ, жаяу адам, жеңіл машина, Электр пойыз, күшік
20 км/сағ, 700 км/сағ, 90 км/сағ, 200 км/сағ, 5 км/сағ.
Әр құралдың атын және ол қандай физикалық шаманы өлшейтінін ретпен
жазыңдар.
Манометр, динамаметр, таразы, термометр,.
Температураны, күшті, қысымды, массаны.
Шамалардың өлшем бірліктерін Халықаралық бірліктер жүйкесінде
жазыңдар.
км/сағ, см, см3, см 2, тәулік.
м2, м, м3, м/с, с.
ІҮ. Топ басшылар сайысы: 1 ұпай
1. Дене пішінінің өзгеруі қалай аталады?
2. Космонавтиканың негізін қалаған кім?
3. Меркурийдің қазақша аты?
4. Космодром қай жерде, аты қандай?
5. Ғарышқа ең алғаш ұшқан ұшқыш?
6. Судың үш күйін ата?
7. Есекқырған деп қай планета аталады?
8. Қатынас ыдыстардағы сұйықтың деңгейі қандай?
Ү. Эксперименттік сайыс: 5 ұпай
8 сынып - Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау
7 сынып - Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.
ҮІ. «Бақытты сәт» 5ұпай
1. Ұзындығы 135 см сымды бір бөлігі екінші бөлігінен 2 есе үлкен
етіп 2 бөлікке бөлген. Әр бөліктің ұзындығын табыңдар.
2. Екі санның қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, көбейтіндісі 15 -
ке тең. Осы сандарды анықтаңдар.
3. Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр
түлкіде 7 күшік. Барлығы неше күшік бар?
ҮІІІ. Кроссворд шешу. «Тұрақты ток» 1ұпай
1. Қуаттың өлшем бірлігі?( Ватт)
2. Заряд орын ауыстырғанда пайда болады?( Жұмыс)
3. Ток күшінің өсуіне бөгет жасайтын шама?( Кедергі)
4. Бөлшектің ішкі қасиетін сипаттайтын шама?( Заряд)
5. Ток көзінің ішкі құрылысына тәуелді шама?( Электр қозғаушы)
6. Өткізгіш бойымен зарядтардың бағытталған қозғалысы? ( Электр
тогы)
7. Электр тогын толық сипаттайтын шама?( тығыздық)
8. Үштен кем емес өткізгіштің тоғысқан нүктесі? (Түйін)
9. Кедергінің өлшем бірлігі? ( Ом)
10. Ток күшіне тура пропорционал шама?( Кернеу)
т
ұ
р
а
қ
т
ы
т
о
к
ІХ. Қорытынды.
Ұпай сандары саналып жеңімпаз топ анықталады.
Кері қайту
Ілмек сөздер:физика, 7 8 сыныптарға арналған физикадан сыныптан тыс жұмыс
#9
«Білімді ұрпақ- ел тірегі» сайысы
Тақырыбы: «Білімді ұрпақ - ел тірегі» сайысы
Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана
біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пән ге
қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа
тәрбиелеу
Қажетті құралдар: Қорап, доп, сурет, аспаптар: Динамометр,
электроскоп, мензурка, барометр, амперметр, вольтметр.
Өткізілу этаптары:
1 - тур Ойға шабуыл ( Әр сұрақ 1 ұпай)
2 - тур Көмекке келетін жұмбақтар ( әр сұрақ 5, 3, 2, 1 ұпай )
3 - тур Физика тілінде сөйлесейік ( әр сұрақ 2 ұпай )
4 - тур Аспапты білесің бе? (әр сұрақ 1 ұпай)
5 - тур логикалық сұрақтар (әр сұрақ 1 ұпай )
6 - тур ойлан, тап (сұрақ 2 ұпай )
Қатысатын сыныптар 7 - 8 - 9
Әр сынып жеке топ болып бөлінеді. Топтың атын қойып, ұрандарын
айтады.
7 - сыныпқа сұрақтар
1 тур Ойға шабуыл
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма? (жоқ)
3) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
5) Табиғатты зерттеудің негізгі 3 әдістері? ( бақылау, эксперимент,
теория)
6 ) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
7) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
8) Инерция құбылысын кім ашты? ( Галилей)
9) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім?
(Архимед)
10) Темір не? (зат )
8 - сыныпқа сұрақтар
1. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
2. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде
күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
3. массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
4. Ең кішкентай заряд? (электрон)
5. электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)
6. Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр))
7. Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)
8. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау
құбылысы, ол....? (инерция)
9. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция,
сәуле шығару)
10. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық
шама... (энергия)
9 - сыныпқа сұрақтар
1. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
2. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
3. импульс түрлерін атаңдар? ( дене импульсі, күш импульсі)
4. Дене импульсінің формуласы? ( Р=mv, )
5. Атомның ядролық моделін жасаған ғалым? ( Резерфорд)
6. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос
орындарына өзара өтуі - бұл.... (диффузия)
7. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
8. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ)
9. Динамика заңдарын атаңдар? ( Ньютон заңдары)
10. Физиктер: «... - заңын білмесең, үйде отыр» деген сөзді қай
ғалым жайлы айтқан? ( Ом заңы)
2 тур. Көмекке келетін жұмбақ
Шарты: 1 көмек 5 ұпай, 2 көмек 3 ұпай, 3 көмек 2 ұпай
4 көмек 1 ұпай
1 Ғалым туралы.....
а) Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген 5 ұпай
б) 3 ұпай
в) Француз физигі электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым 2
ұпай
г) зарядтың өлшем бірлігі ретінде алынған 1 ұпай
(Шарль Огюстен Кулон)
2 Жанды нәрсе туралы.....
а) Көзі қырағы, жанған жарықта алыстан көреді 5 ұпай
б) Жүрегіңнің қуаты 2. 2 Вт 3 ұпай
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай
г) жердегі ең ақылды кім? 1 ұпай
( адам)
3 Зат не?
а) Адам организмнің 65 процент 5 ұпай
б) Заттың үш күйінің біреу 3 ұпай
в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай
г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай
( Су)
• Қорапта бір физикалық дене бар?
а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады 5 ұпай
б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура 3 ұпай
в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай
г) Шар тәріздес 1ұпай
( доп )
3 - тур Физикалық тілде сөйлейік (2 ұпай )
Қай тілде, сөз мағынасын ашу
• Метр ( грек сөзі « өлшеймін» )
• Диффузия ( латын сөзі «жайылу, таралу»)
• Электр ( грек сөзі « электрон, эбонит»)
• Гелиос (грек сөзі « күн деген мағынаны білдіреді»)
• Конвекция (латын сөзі « тасымалдау»)
• Электроскоп (грек сөзі « электрді бақылау»)
• Гипотеза (грек сөзі «болжам»)
4 - тур Аспаптар ( 1 ұпай )
1) Аспапты білеміз бе? Нені өлшейміз?
Динамометр
Мензурка
Электроскоп
Амперметр
Вольтметр
Барометр
5 - тур логикалық сұрақтар ( 1ұпай)
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз
болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз
жанбайды)
5. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде
жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? (
көлеңке)
12. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
13. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған
не? ( тауық)
15. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)
6 - тур Ойлан. Тап (2 ұпай)
7сыныпқа тапсырма
1. Египет жерінде Хеопс пирамидалары бар екендігі белгілі. Бұл
пирамидалар біздің ғасырымыздан бірнеше жыл бұрын салынған. Осы
пирамидаларды салу кезінде қандай механизмді пайдаланды? Ол қалай
жұмыс істейді?( иіндік, рычаг)
8 сыныпқа тапсырма
1. « Суының ерекшелігі, онда ешқандай тіршілік жоқ. Біз қанша
тырыссақ та суға бата алмадық. Ол жердің ынғайлылығы сондай тіпті
шалқаннан жатып та кітап оқуға болады» Бұл не туралы айтылған. (
Өлі теңіз туралы)
9 сыныпқа тапсырма
1. Францияның Анжера қаласында 1780 жылы салынған шынжырлы көпір
болатын. Ол кезде өте мықты болғандығы соншалық талайлардың
таңдайын қақтырған. Бір күні оның үстімен сап түзеген әскерлер өте
бастайды. Әскерлердің алды арғы жағаға жақындай бергенде, ойламаған
жерден көпірдің шынжырлары быт шыт болып опырылады да 200 адам
апатқа ұшырайды. Апаттың себебі неде? ( резонанс)
Қорытындылау. Жеңімпаз топты анықтау
ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
/зияткерлік сайысы/
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош
келдіңіздер!
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
2. Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары,
интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру,
білімдерін көтеру.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1 - бөлім Бәйге
2 - бөлім Тапқырлық
3 - бөлім Көкпар
4 - бөлім Жорға
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының әділ - қазылар
алқасымен таныстырып өтелік.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз дей келе «Бәйге» кезеңін
бастайық
1 - бөлім БӘЙГЕ
/10 сұрақ қойылады, әр сұраққа 10 балл беріледі/
1 - бөлімнің соңында ең аз балл жинаған 1 оқушы сайыстан
шығарылады
1 - сұрақ. Аспанда неше шоқ жұлдыз бар? 88
2 - сұрақ. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? информатика
3 - сұрақ. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы,
Microsoft компаниясының негізін қалаушы? Билл Гейтс
4 - сұрақ. 30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең? (Гипетенузаның
жартысына тең)
5 - сұрақ. Дискриминанттың формуласы қандай? (D=b2 - 4ac)
6 - сұрақ. 2 қатынастың теңдігі (прапорция)
7 - сұрақ. Ең кіші планета? Меркурий
8 - сұрақ. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? Әміре
Қашаубаев
9 - сұрақ. Ноғай ордасының астанасы? Сарайшық
10 - сұрақ. Жарық жылдамдығы неге тең? 300000 км/с
2 - бөлім Тапқырлық
/салт - дәстүр, өнер, ғылым, спорт бөлімдерден тұрады/
2 - бөлімнің соңында ең аз балл жинаған 1 оқушы сайыстан
шығарылады
І. Салт - дәстүр
1. Айтыстың ең көне түрі? Бәдік
2. Сәукелені желегімен кім қай уақытта киген? Жаңа түскен келін
ІІ. Өнер
1. «Қыз Жібек» фильмінің қоюшы режиссері? С. Қожықов
2. Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ? Ұлытау
ІІІ. Ғылым
1. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай
ғылым саласының таңбасы? /Медицина/
2. Оптика, статика, акустика, динамика, механика, кинематика,
магнетизм,
гидравлика, космология, энергетика бұл аталған ғылым салалары
мектепте
қай пәнге қатысты? /Физика/
ІҮ. Спорт
1. 2008ж австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Европа
чемпионатының
алтын жүлде иегері қай елдің құрамасы? /Испания/
2. ХІХ жазғы олимпиада ойындары қай жылы, қай елде өткізілді?
/Пекин 2008ж/
3 - бөлім Көкпар
Көкпар бөлімі физика, математика, информатика және әртүрлі
бөлімдерден тұрады. Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Әр ұяшықта ұпай
саны көрсетілген.
ФИЗИКА - 10
Қандай процесс адиабаталық процесс деп аталады? Жылу
алмаспайтын
ФИЗИКА - 20
Тербеліс амплитудасы дегеніміз не? Ең үлкен ауытқу
ФИЗИКА - 30
Деформация дегеніміз не? Дене пішімінің өзгеруі
МАТЕМАТИКА - 10
Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? Хорда
МАТЕМАТИКА - 20
Егер сағат 23 сағат 58 минут көрсетсе, бірақ ол 7 минут қалық
болса, оның қазіргі дәл уақытын тап. 23 сағат 51 минут
МАТЕМАТИКА - 30
Диоганалдары тік бұрыш жасап қиылысатын төртбұрыш? Ромб
ИНФОРМАТИКА - 10
Адам мен компьютер арасындағы байланыс қалай аталады? Интерфейс
ИНФОРМАТИКА - 20
1 килобайтта неше байт бар? 1024 байт
ИНФОРМАТИКА - 30
Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы? Пернетақта
ӘР ТҮРЛІ - 10
Абылайханның өмірі мен ерлігін жырлаған жырау? Бұқар жырау
ӘР ТҮРЛІ - 20
Монғол мемлекетінің негізін қалаушы? Шыңғыс хан
ӘР ТҮРЛІ - 30
Дүние жүзіндегі ең терең көл.
4 - бөлім Жорға
(А нұсқасы)
/соңғы бөлімдер қалған 2 оқушыға 10 сұрақтан беріледі/
1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшынның ұлы физигі әрі
математигі? И. Ньютон
2. "Жеті жарғы" заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған? Тәуке
хан
3. Нөлдік вектордың ұзындығы неге тең? нөлге
4. 7 - ші Қысқы Азиада ойыны қандай мемлекетте өткізілді?
Қазақстан
5. Ауа ылғалдығын анықтауға арналған құрал? Психрометр
6. Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны? Файл
7. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы қалай деп
аталады?
Ақорда
8. Қосындысы нөлге тең болатын сандар? Қарама - қарсы сандар
9. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы? СD - ROM
10. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең кіші
номиналы? 1тг
(В нұсқасы)
1. Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы?
Ж. Үшкемпіров
2. Вольтметр нені өлшейді? Кернеуді
3. 2 - нің 10 дәрежесі қаншаға тең? 1024
4. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат?
Бәйтерек
5. Ақпараттың ең кіші бірлігі? Бит
6. Санның жүзден бір бөлігі? Процент
7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең үлкен
номиналы? 10. 000 тг
8. Біз таксиге не үшін ақша төлейміз. Жол үшін бе, орын ауыстыру
үшін бе? Жол үшін
9. Алматы қаласының оңтүстік - шығысындағы тау жүйесі? Іле
алатауы
10. Байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасында
ақпарат
алмастыру жабдығы қалай аталады? Модем
Кері қайту
Ілмек сөздер:физика, математика, информатика сабақтарын
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
-
Жаңагүл
-
13 мам 2014
-
1494
-
0
-
0
Сабақтың тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Сабақтың мақсаты: Бүкіләлемдік тартылыс заңының тұжырымдамасы, И.
Ньютонның жасаған болжамы, Г. Кавендиш анықтаған гравитациялық
тұрақтының сан мәні, физикалық мағынасы, өлшем бірлігі және
бүкіләлемдік тартылыс заңы қандай жағдайда орындалатыны туралы
біліктілігін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ғылыми көзқарасын, ой - өрісін, өз
ойларын айта алу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Интерактив тақта. И. Ньютонның портреті, 9 -
сынып электронды оқулығы, слайдтар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты бекіту.
Әдіс - тәсілі: Жаңа сабақты оқып үйрену, сұрақ - жауап, есеп
шығару.
Пәнаралық байланыс: Тарих, математика
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру: сыныпты түгелдеу
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Үйге тапсырма
6. Қорытындылау
7. Бағалау
Үй тапсырмасы бірінші қойылатын сұрақтар
Динамика нені зерттейді?
Динамиканың негізгі ұғымдары мен заңдарын атаңдар.
Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?
Күш нені сипаттайды?
Күштің қандай түрлерін білесіңдер?
Дененің массасы дегеніміз не?
Ньютонның бірінші заңы қалай тұжырымдалады?
Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?
Ньютонның үшінші заңы қалай тұжырымдалады?
Жаңа сабақтың мазмұны:
Сонымен біз Ньютон тағайындаған қозғалыстың үш заңын, динамиканың
негізгі ұғымдарымен таныстық. Олар айналамызда болып жатқан алуан
түрлі механикалық қозғалыстар үшін бірдей. Алайда Ньютонның екінші
және үшінші заңы тек инерциялық санақ жүйелері және баяу
қозғалыстар үшін ғана орындалады.
Денелердің ерекше бір механикалық қасиеті олардың өте алыс
қашықтықтан бірін - бірі тартатын қабілеті жатады. Шексіз әлем
кеңестігінде, Жерде де, кез - келген денелердің арасында әрекет
ететін өзара тартылыс күшін бүкіләлемдік тартылыс күші немесе
гравитациялық күштер деп атайды. Бұл әлемде билігін жүргізетін
әмбебап күш.
Бұл күшті кім және қалай ашты?
Бізге жеткен аңыз бойынша алма ағашының көлеңкесінде жел екпінімен
алманың үзіліп түскенін ойлана бақылап отырған Ньютонға әлемдегі
барлық денелердің арасында өзара тартылыс күшінің бар болуы туралы
ой келген.
Алайда И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс күшінің бар екенін және
оның неге тәуелді екенін дәлелдеу үшін 20 - жыл бойы тынбай
еңбектенгенін айта кету керек. И. Ньютон көптеген жылдар бойы
планеталардың Күн айналасындағы, Айдың Жер айналасындағы қозағлысын
зерттей отырып, әрі өзінің тағайындаған динамика заңдарын
пайдаланып, бүкіл әлемдік тартылыс заңын 1987ж. былайша
тұжырымдады: екі дене бірін - біріне массаларының көбейтіндісіне
тура пропорционал, ал ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал
күшпен тартылады. (51 - сурет) 1 - слайд
F=G 〖m_(1 ) m〗_(2 )/R^2 F - бүкіл әлемдік тартылыс күші
m1 m2 - денелердің массалары (кг)
R - ара - қашықтығы (м)
G - гравитациялық тұрақты (Н∙ m2/кг2)
Гравитациялық тұрақтылықтың сан мәнін лабораториялық жағдайда
бірінші рет 1798ж. жүз жыл өткенде ағылшын ғалымы Генри Кавендиш
сезгіштігі жоғары, иірілмелі таразының көмегімен анықтады. Оның сан
мәні дәл қазіргі өлшеулермен бірдей.
F=G 〖m_(1 ) m〗_(2 )/R^2
G=6. 67∙〖10〗^(- 11) (H∙м^2)/〖кг〗^2
Сонымен әлемнің айбынды көрінісі осындай қарапайым формуламен
өрнектеледі.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы орындалатын жағдайлар.
Материялық нүктелер үшін
Сфералық түрдегі біртекті денелер үшін
Материялық нүкте мен біртекті сфера үші
Неліктен барлық денелер үшін өзара тартылыс байқала бермейді?
Гравитациялық тұрақтының сан мәні өте аз шама болғандықтан
кішігірім денелердің тартылысы өте әлсіз.
Сондықтан да біз қоршаған денелердің өзара тартылысын байқаймыз.
Мысалы: бір - бірінен F=6. 67∙〖10〗^(- 11) Н - ға тең күшпен
тартылады. Мынадай мәлімет келтіруге болады, орта салмақтағы екі
адам 1 м қашықтықтан бірін - бірі 0, 03 мг күшпен тартады. Ал
массалары үлкен аспан денелері үшін тартылыс күші үлкен мәнге ие
болады. Осылай Жер мен Ай бір - біріне F=2∙〖10〗^20 Ньютон күшпен
тартылады (Слайд 53 - сурет) Бүкіләлемдік тартылыс заңы Ньютонға
қазіргі заманға аспан механикасының - планеталардың қозғалысы
туралы ғылымның негізін қалауға мүмкіндік берді. Осы заңның
көмегімен аспан денелерінің орны, қозғалысы өте үлкен дәлдікпен
анықталады. Қазіргі кезде бұл заң жердің жасанды серіктерімен
планетааралық аппараттардың қозғалысын есептеу де қолданыс тауып
отыр.
Бекіту сұрақтары:
И. Ньютонның жасаған болжамы қандай?
Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады?
Бүкіләлемдік тартылыс заңы қандай жағдайда орындалады?
Жаңа сабақ бойынша шығарылатын есептер
Массасы 8 т ғарыш кемесі массасы 20 т орбиталық ғарыш бекетіне 100
м қашықтықта жақындайды. Олардың өзара тартылыс күші неге тең?
Әрқайсысының массасы 3000 т екі кеме бір - біріне 2 км қашықтықта
тұр. Олардың арасындағы тартылыс күші неге тең?
Жер бетіндегі денеге әсер ететін бүкіләлемдік тартылыс күші 36 Н.
Жер бетінен R қашықтықтағы осы денеге әсер ететін тартылыс күші
неге тең?
Үйге тапсырма: §15 (12 жаттығу)
Баяндама дайындау
«Г. Кавендиштің өмірі мен еңбектері»
Тақырыбы: Қызықты физика
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау
қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға
тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс
істеуге үйрету, еңбекке баулу.
1 - бастаушы: Құрметті қауым! Сіздер бүгін физиканың қызық та, қиын
сұрақтарына жауап беріп,
Күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде қаншама физика
заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар.
2 - бастаушы: Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы
оқып білгендеріңді ортаға салып білмейтін біраз құбылыстарды
бүгінгі біздің кешімізден яғни физиканың ғажайып әлемінен
табасыздар.
1 - бастаушы: Физика терең ойлап, көп толғанды, тәжірибе жасап, көз
жеткізгенді жақсы көретін пән, асығыстықты, жалқаулықты
сүймейді.
2 - бастаушы: Ал достар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге
көмектесуші, қызық та ғажайып әлемге саяхат жасайық!
Физика жайлы лирика
1. Физика!
Ғылымдардың нақтысы,
Жалқаулықты сүймейтін,
Оңайлықпен бас имейтін, Динара
Көп оқымасаң миыңа кірмейтін,
Жалпылауды білмейтін
Пәннің қиын да жақсысы!
2. Физика!
Оның қиындығы сонда,
Ұстауға келмейтін қолға,
Көрінбейтін көзге торға,
Бөлшектерді іліп,
Санайтынын қайтерсің, Айсана
Ол, ол ма?
Исі жоқ, ізі жоқ,
Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Өріспен
Қуалап салар жолға!
3. Физика!
Өте ұсақ пен алыпты,
Мұнай мен жарықты,
Пайдаланып,
Не бір техникаға жарытты.
Тұрмысты жеңілдетіп, Ақзия
Қиындықтан арылтты.
Жасай бер жаса физика!
Оқумен сені қызыға,
Көп сырға жаным қанықты.
4. Физика!
Физика ғылым болғалы,
Пайдасын елге тигізді:
Машина, темір арбаны, Нұрхан
Алысқа жылдам жүргізді.
5. Жарық қып жерді қараңғы,
От жақпай суды қайнатты. Раушан
Шөліркеген далаңды,
Су жеткізіп жайнатты.
6. Мың шақырым қашықта,
Сөйлеген жанды үйінде,
Сыйғызып көк қапшыққа,
Көрсетті сол бір күйінде Жомарт
7. Физика заңымен Архимед,
Көрсе де біршама тауқымет, Ғасырбек
Патшаның тәжінің қаншасы,
Таза алтын екенін айтып ед!
8. Жатқанда алма ағаш қасында,
Түскен кеп бір алма басына,
Ньютонды әйгі еткен әлемге, Ғасыржан
Тартылыс күші сөйтіп ашылған.
9. Физика ғылымдар ғылымы
Заңдары нақты әрі ғұмырлы,
Жас досым мұны біз ұғайық. Ақару
Физика құрметтеуге лайық.
10. Шытырман физика есебін,
Көп оқып, көп білген шешеді.
Физика үйіңде, тұрмыста, Ақдидар
Неліктен жауады қар қыста?
11. Қалайша бұлт пайда болады?
Найзағай тіледі ауаны,
Жарықта қанша түс болады? Айғаным
Қане кім жауабын табады?
12. Күн нұры қайтіп ток болады
Ток қалай мұз жасай алады
Тауықсыз балапан баса алған Дидара
Бұл ғажап физиктер жасаған!
13. Табиғат сырын аштырған
Тоқпен қазан астырған Диана
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған
Физика емей немене?
14. Жол салып көкті тілгілеп,
Шарлады айды, марсты.
Физиканы оқы білгің кеп, Бердіхан
Тұрса егер ғажап алысты.
15. Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен Жансая
Роботтай - адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
16. Физика - ғажайып әлемі
Көп онда қызықтар әдемі, Мелсбек
Физика қоршаған жан - жағың,
Бәрінен құр босқа қалмағын!
17. Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем, Ғасыр
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.
7 - 9 сынып оқушыларынан құралған аудиторияны екі командаға бөліп
бірінші командаға -«Зодиак» деп, екінші командаға «Зенит» деп ат
қойып, әр командаға капитан сайлап алып сайысымызды бастайық.
I - бөлім: Жұмбақтар
II - бөлім: Қызықты тәжірибелер
III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
IV. Қатесін тап!
V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
VI - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»
VII - бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы)
Бірінші ұсынған ойынның түрі: «Физикалық жұмбақтар».
I - бөлім: Жұмбақтар:
1. Етек - жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз - тоз болып өшеді. Жауабы: Бұлт. (1балл)
2. Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны? Жауабы: Генетатор (1 балл)
3. Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді,
Кеміп кетсе кернеуді
Жетерліктей береді,
Мұны ойлап тауып ед,
Яблочков пен Усагин,
Тұтынуға қажетті,
Тауып берем кернеуді. Жауабы: трансформатор (1балл)
3. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ (1 балл)
4. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке) (1балл)
5. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді6
Бірақ өзі көрмейді. ( компас)
6. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. Жауабы: Күн мен Ай
7. Отқа жанбас,
Суға батпас. Жауабы: мұз (1балл)
8. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. Жауабы: шаңғы (1балл)
9. Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді Жауабы: Су (1 балл)
10. Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасызданады ол неге? Жауабы: Жел. (1 балл)
11. Бұлтты аспанның жүзінде,
Ойнайтын бұл немене? Жауабы: Найзағай. (1 балл)
12. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. Жауабы: Масса. (1балл)
13. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)
14. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)
15. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады. ( магнит)
16. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)
17. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен - ақ басы айналды. (Электр есептегш)
18. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат)
19. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш)
20. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)
21. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
22. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
II - бөлім: Қызықты тәжірибелер
1. Тәжірибе: Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды
пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
Жауабы: Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде
салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
2. Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне
апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?(Шар
электрленеді.)
3. Үріліп жіпке байланған екі шарды газетпен үйкеп - үйкеп
жақындатамыз. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (Аттас зарядтар
тебіледі.)
4. Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су
ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз,
сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында
магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)
5. Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. бөтелкенің
ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп
кетеді. Неліктен?(Бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық
қысымнан азаяды)
6. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені
байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі,
батуы, қалқуын)
7. Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек
тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге
толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында
құрғақшылықта қалады.
III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
Екі топ бөлек қағазға формула жазады. Уақыт беріледі.
IV. Қатесін тап! Тапсырмалар топтарға беріледі.
1. Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда
ыстықтамау үшін қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен
жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға
түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл жермен жүру
қиындау болып, жылдамдығымыз азайды.
Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы
бұтаққа тиген сәтте құлаққа келіп тұрды. Өзенге жетіп, ұйықтауға
өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар
өзенге түсіп шыққаннан кейін бірден жылынып сала берді.
Су түбінде бір үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп
судан шығарып жіберді.
V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе
газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма?
(иә)
1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)
4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә)
о
6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)
9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)
10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)
VI - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»
1 - топ «Теңіз»
2 - топ «Ауа»
Сұрақ: Осы екі сөз туралы физика, биология, химия, әдебиет
тілдерінде не айта аласыңдар?
Мысалы: «Жер»
Физика тілінде: Күн жүйесіндегі тоғыз планетаның бірі. Күнге
жақындығы жөнінде үшінші планета.
Биология тілінде: Жерде саналы тіршілік иесі адамдар тіршілік
етеді
Әдебиет тілінде: Мақал - мәтел
Туған Жер - алтын бесік.
Химия тілінде:
VII - бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы).
Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі. Ұпайы көбірек жинаған топ
бірінші болып қағазды таңдайды (қағаздар жазылған беттерімен төмен
қаратылған). Қағаздарда физика және информатика сөздері
жазылған.
Жүргізуші: Ал енді топ басшылары сөз сендерге. Сіздерге әрқайсысыңа
дайындыққа 3 мин уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып,
қазіргі күнде физика не информатиканың қоғамда және өз өмірлеріңде
алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізген пайдасы
мен келтірген зияны жайлы сөз айтасыңдар.
{Мысалы}
пайдасы
зияны
Физика
Ғарышқа шықтық
бомба
информатика
интернет
радиация
VII. Қорытындылау бөлімі.
Бүгінгі кешімізді мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен
аяқтағым келіп тұр.
1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші.
Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік
жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға:
«Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон
басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген
екен,- деген екен.
2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты.
Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу
керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат
иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген
хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі
уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс
туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің
көкірегіңізді салып жіберіңіз».
3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол
үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде
жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз
уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып,
үйіне кешке келіпті.
4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен.
Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы
есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда
Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен
байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап
бергенде қонақтары таң қалыпты.
Осындай көтеріңкі көңіл күймен сіздерге «сау болыңдар» демекпін.
Кері қайту
Ілмек сөздер:Қызықты физика сайыс сабақ
Тапқыр достар (физикадан сайыс сабақ)
Тапқыр достар
Мақсаты:
1. Оқушылардың физика пәні бойынша білімдерін тереңдету, ой -
өрісін кеңейту.
2. Танымдық қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау біліктілігін
дамыту.
3. Өз ойын ашық жеткізе білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, физикалық шамалар, өлшем
бірліктер
жазылған карта, ұлы ғалымдардың қанатты сөздері.
Сабақ барысы: 9 «А», 9 «Б» сыныптардың әрқайсысынан 6 оқушыдан
қатысады.
Ойын 6 бөлімнен тұрады.
1 тур Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады, эмблема газеттерін
қорғайды)
2 тур Сергіту ( әр топқа 10 сұрақ беріледі)
3 тур Көрініс (физикалық көрініс)
4 тур Мәреге жету(Физикалық шама, өлшем бірлігі)
5 тур Ойлан тап ( формула құрастыру)
6 тур Кім жылдам (жанкүйерлер сайысы)
7 тур Қорытынды
Жүргізуші Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі
« Тапқыр достар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады.
Ендеше бүгінгі көпшілік қатысып отырған көңілді « Тапқыр достар»
сайысы сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе жарқын
бастамаға ұйтқы болған біздің де қуанарымыз әбден анық.
Ғалымдардың патшасы атанғансың,
Ньютон, Архимедтен бата алғансың.
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән физика атанғансың - дей отырып сайысымызды бастайық.
Алдымен әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
2) Сайысқа қатысатын 9 сынып оқушылары
І. топ 9 «А» сыныбы
ІІ. топ 9 «Б» сыныбы
І тур «Таныстыру» бұл турда әр топ өздерін таныстырады, уақыт 5
минут.
Жас достарым - ау, мұны жақсы ұғайық
Физика құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәнінде
Табиғаттағы қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес физикасыз түсіну
Физика дүние кілті бүгінде - дей отырып ендігі кезекті сайысымыздың
жоспары бойынша «Сергіту сәтіне» берейік.
9 «А» сыныбына
1. Механиканың негізгі бөлімдерін ата!
2. Дененің салмағы дегеніміз не?
3. Ньютонның екінші заңы?
4. Механикалық энергияның түрлерін ата?
5. Материя дегеніміз не?
6. Траектория деген не?
7. Диффузия деген не?
8. Бірінші ғарыштық жылдамдық нешеге тең?
9. Гук заңын ата?
10. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?
9 «Б» сыныбына
1. Толқын дегеніміз не?
2. Период деген не?
3. Амплитуда дегеніміз не?
4. Физика нені зерттейді?
5. Ауырлық күші деген не?
6. Импульс деген не?
7. Паскаль заңын ата?
8. Күшті өлшейтін құрал?
9. Ток күшін немен өлшейді?
10. Кемпірқосақ қалай пайда болады?
Жүргізуші
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бірі өшіп кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басып озған.
Жалынды патриот, батыр, ғалым,
Ғасырлар түкпірінен қолын созған.
Сайысымыздың келесі бөлімі: «Көрініс»
Жүргізуші
Балалар бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер түсіп байқап қаралықта.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.
Соларды көре тұра қалалық па,
Даналық өшпес байлық, кетпес жарық.
Жүріңдер іздеп тауып алалық па? - деп А. Байтұрсынов атамыз
айтқандай сайысымыздың келесі бөлімі «Мәреге жету»
І топ Үйден мектепке жету үшін тапсырмаларды, яғни физикалық
шамалардың аттарын атау керек
ІІ топ Жерден Айға жету өлшем бірліктерді табу керек: ( 5 мин)
Жүргізуші
Табиғат сырын аштырып,
Текпен қазан астырған.
Миллион гектар астықты,
Комбайнмен бастырған.
Физика емей немене?
Шындықты алғаш таратқан.
Жыл күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық.
Жоқтан барды жаратқан,
Физика емей немене - сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап».
Берілген әріптерден формула құрастыру. Уақыт - 3 минут
Жүргізуші
Танытқан бізге данагөй,
Атақты ғалым Фарадей.
Физика пәнін күш қылған,
Зеректі жанға ұқтырған - сайысымыздың келесі бөлімі «Кім жылдам».
Екі топтың басшылары ортаға шығады. Берілген сөздерді жанкүйерлерге
атын айтпай түсіндіреді. Олар не туралы айтқанын табу керек.
І топ басшысы: Ток, Ньютон, күш, молекула, траектория,
тербеліс.
ІІ топ басшысы: Архимед, Қатты, Марс, Дифузия, Амперметр,
Толқын.
Жүргізуші
Өмір дегенде,
Тіршілікте, сірә жетер ме ой.
Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой.
Бекер ғой бәрі,
Бекер ғой бәрі бөтен ғой.
Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой,
Өмір осы екен сырыңа міне қанықтым.
Жаса сен мәңгі,
Жаса сен, мәңгі жарық күн! М. Мақатаев өлеңдерінде айтылғандай
күндеріңіз әрдайым шуақты, жылулы болсын. Сөз әділқазылар алқасына
беріледі.
Коучинг жоспарлары
Коучинг жоспар тақырыптары:
1. Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?
2. Диалогтік оқыту-мотивация тудыру негізі
3. Оқытуды жақсартудың ықпалды қаруы - кері байланыс
Мақсаты: Сындарлы оқытудың маңызын ашу, мұғалімдерге 7модуль жайлы
түсінік беру, ХХ1 ғасырда нені оқыту керектігі жайлы ой бөлісу.
Күтілетін нәтиже / табыс көрсеткіштері: Мұғалімдер мектепке неге
өзгеріс енгізу қажеттігін, оқу үдерісін жақсарту үшін не істеу
керектігін түсінетін болады.
Жұмыс түрі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс
Қолданылатын тәсілдер: Ойлан, топтас, сұрақ - жауап
Көрнекті құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, флипчарттар,
маркерлер, А4форматындағы парақтар, түрлі түсті стикерлер.
Коуч жазбалары: Мен айтып берсем шәкірт түсінеді! деген ұстанымды
бүгінгі күн қолданбаған жөн. Бүгінгі педагогикада; Сөз арқылы емес,
әрекет арқылы үйрету қажет! - деген ұстаным басым.
Коучтің әрекеті
Қатысушыларға сергіту сәтін өткізу. Коуч ұйымдастырушысы
Мақал - мәтелдер таратылады
Қатысушылардың пікірлері сұралады. Коуччинг бақылаушысы,
қадағалаушысы болады. Бүгінгі коучинг тақырыбы айтылады.
Қатысушылар топпен ақылдасып, постер көркемдейді.
Коуч ұйымдастырушы бағалайды. Терең тыңдалым жасағандарына алғыс
білдіреді.
Стикер таратылады, ауызша сұхбат жүргізіледі.
Бүгінгі өткен тақырыпқа басымдық беріп сабақ жоспарлау.
қош келдіңіз!
[жасыру]
More Sharing Services0
Тұтылу[өңдеу]
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Тұтылу- жердегі бақылаушыға Күн, Ай, планета, планета серіктері, жұлдыз толық көрінбейтін не шала көрінетін кезеңді білдіретін астрономиялық құбылыс.
Тұтылу бір аспан денесінің екінші денені тасалауы немесе өзі жарық шығармайтын аспан денесі көлеңкесінің сондай екінші бір денеге түсуі салдарынан болады. Мысалы, Күннің тұтылуы оны Ай тасалағанда, Айдың тұтылуы оған Жердің көлеңкесі түскенде, планета серіктерінің Тұтылуы олар планета көлеңкесіне енгенде, ал қосжұлдыз жүйесіндегі тұтылу олардың бір-бірін тасалаған кезінде болады.
Күннің тұтылуы[өңдеу]
1999 жылыФранцияда түсірілген Күннің тұтылуы
Ғарыш кемелерінің көмегімен Жердің Күн мен ғарыш кемесі арасына орналасуына байланысты пайда болатын Күннің тұтылуын байқауға мүмкіндік туды. Ай кеңістікке Күн мен Айдың сыртқы жанамасы арқылы түзілетін конустық көлеңке түсіреді, оның төбесі Ай ортасынан 368 - 380 мың км қашықтықта болады. Сондықтан конустық көлеңке Айдан 363 - 406 км қашықтықтағы Жерге дейін жетеді. Ай көлеңкесінің Жерге түсетін диаметр 270 км. Бұл - Күн толық тұтылатын ең үлкен аймақ. Осы аймақта Ай Күнді түгелдей тасалайды. Конус төбесінің арғы жағындағы аймақта бақыланған Айдың бұрыштық диаметрі Күн диаметрінен кіші болады да Ай Күн дискісінің ортасын тасалап, оның шетінен жарық сақина қалады. Мұны Күннің сақина тәрізді тұтылуы дейді. Айдың орбита бойымен қозғалуы және Жердің өз осінен айналуы салдарынан Ай көлеңкесі Жер бетімен батыстан шығысқа қарай шамамен 1 км/с жылдамдықпен жылжып отырады. Күн мен Айға жүргізілген ішкі жанама шала көлеңке конусын шамамен 3500 км радиуспен шектейді. Осыдан Күннің шала тұтылуы байқалады. Күн шала тұтылған кезде Күн дискісі толық тасаланбайды. Күннің шала тұтылуы 2 сағатқа дейін созылады. Толық Күн тұтылуды бақылаудың ғылыми маңызы зор. Өйткені толық Күн тұтылу кезінде Ай Күнді ғана тасалап қоймай, жер атмосферасын да көмескілендіріп, күн тәжі мен хромосферасын бақылауға кедергі болатын себептерді жояды. Жердің шала көлеңкесінен өткендегі Айдың бірте-бірте көмескілену дәрежесі баяу жүреді, көзге онша байқала қоймайды.
Play media
Күн тұтылу үшін Ай, жаңа ай кезінде өзінің түйіндерінің біреуінің қасында болу керек.
Айдың тұтылуы[өңдеу]
Айдың шала тұтылуы Ай Жердің көлеңкесіне енген уақытта басталып, 3,75 сағатқа созылады. Осы уақыттың орта шенінде Ай толық тұтылып, ол 1,75 сағатқа созылады. Толық тұтылу кезінде жер атмосферасынан шағылған Күн сәулесінің шамалы мөлшерінің Ай бетіне түсуі салдарынан Ай беті күңгірттенеді. Күн тұтылу тек жаңа Ай, ал Ай тұтылу тек толған ай кезінде (бірақ олардың әрқайсысында емес, тек Күн мен Айдың аспан сферасындағы көрінерлік жолы қиылысатын Ай орбитасының түйіндеріне Күн мен Ай айтарлықтай жақын келгенде) ғана болады. Айдың ең жақын түйіннен бұрыштық қашықтығы 17,9-тан аспаса Күн, ал толған айда бұл қашықтық 12,0-тан аспаса Ай тұтылады. Ай мен Күн түйіндерге неғұрлым жақын болса, тұтылудың ұзақтығы мен фазасы соғұрлым көпке созылады.
Тұтылудың жиіліктері[өңдеу]
Жер үшін Күн тұтылу Ай тұтылуға қарағанда жиі болады. Жер бетінің белгілі бір аймағында Күн тұтылу орташа есеппен 300 - 400 жылда 1 рет қайталанады. Әр халықтың жылнамаларында Ай мен Күннің тұтылуы жайында мәліметтер сақталған. Бұл - маңызды тарихи оқиғалардың уақытын және бұдан бірнеше мың жыл бұрынғы Ай мен Күннің қозғалысын анықтауға көмектеседі.
Басқа планеталардың тұтылуы[өңдеу]
Юпитердің төрт жарық серігінің планетаға жақын үшеуі әрбір айналым сайын, ал төртіншісі ішінара тұтылады. Осы тұтылуды бақылау арқылы 1675 жылы дат астрономы О.Ремер (1644 - 1710) алғаш рет жарық жылдамдығын анықтады. Юпитердің қарсы тұруына дейін тек тұтылудың басталу (яғни серіктердің Юпитер көлеңкесіне енуін), ал қарсы тұруынан кейін серіктердің көлеңкеден шығу кезеңін ғана бақылауға болады. Қарсы тұру кезінде Т. көрінбейді, өйткені, ол планета дискісінің арғы жағында болады. Серіктер Юпитер мен Күннің арасынан өткен кезде Юпитер үшін Күн тұтылу болады. Сатурнның серіктері планетаның көлеңкесінен де және оның сақинасының көлеңкесінен де тұтылады. Ал Марс, Уран, Нептун серіктерінің тұтылуларын бақылау қиын болып келеді.[1]
↑
Физика және информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың таралуы. Күннің және Айдың
тұтылуы.
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: Көлеңке ұғымын пайдаланып
жарықтың түзусызықты таралуын және Күн мен Айдың тұтылу
құбылыстарын қарастыру.
2) дамытушылық: жарық туралы дүниетанымдық қабілеттерін
арттыру.
3) тәрбиелік: Ай мен Күннің тұтылуының ғылымдағы маңызы
туралы айту.
Сабақтың түрі: информатикамен кіріктірілген сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: тәжірибе, флипчарттар,
электронды оқулықтар, компьютерлер, бағалау белгілері (күн, жер,
ай).
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: АКТ, СТО, ойын
технологиялары, Венн диаграммасы.
Сабақтың пәнаралық байланысы: астрономия, химия, тарих, биология,
өмірмен байланыс.
Сабақтың барысы: Сабақтың эпиграфы:
«Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар». Жүсіп Баласағұн. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау. (ойын арқылы) III. Жаңа сабақты түсіндіру. (тәжірибе, электронды оқулық арқылы) IV. Сабақты меңгерту. (Венн диаграммасы) V. Сабақты пысықтау. (Paint программасында сурет салу, тест шешу) VI. Үйге тапсырма беру. VII. Оқушыларды бағалау. I. Ұйымдастыру кезеңі. Қоңырау соғылғанда сыныпқа кірем. Оқушыларды сабаққа даярлау. II. Үй тапсырмасын сұрау. а) екі оқушыдан «Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері» және «Күн-жұлдыз» тақырыптары бойынша сұрау.
б) «Өз үйіңді адаспай тап» ойыны. Жылулық жарық көздерін ата. Ж: Күн, алау, жұлдыз, найзағай, кен пешінен алынған металл кесегі, от, майшам, электр шамы, т.б. Люминесценциялық жарық көздерін ата. Ж: теледидар экраны, компьютер мониторы, балық, қоңыз, теңіз жұлдызқұрты, т.б. Шағылған жарық көздерін ата. Ж: өзен - көлдердің беті, бұлт жамылғысы, Ай, т.б.
Плазмалық жарық көздерін ата: электр тогын өткізетін газдар, кварц шамы, лазерлер, поляр шұғыласы, т.б. 1. Күндегі ауырлық күші қаншаға тең? - Ж: 274 Н/кг.
2. Күннің орташа тығыздығы қаншаға тең? - Ж: 1410 кг/м3. 3. Күннің толық сәуле шығару қуаты қандай? - Ж: 4·1023 кВт. 4. Күн бетіндегі орташа температура қаншаға тең? - Ж: 6000 К. 5. Күннің жасы қаншада? - Ж: 5·109 жыл шамасында. 6. Күн белсенділігі қанша уақытта қайталанады? - Ж: 11 жыл.
7. Күн атмосферасы қандай қабаттардан тұрады? Ж: А) ең терең қабаты - фотосфера, қалыңдығы 200-300 км. Температура 8000 К - 4000 К дейін өзгереді. Б) Хромосфера аймағы. Температура 10 000-100 000 К -ға жетеді. В) Күн тәжы- қабығы. Температурасы 106-2·106 К -ге жетеді. Г) Күн желі - планетааралық кеңістікке тарайтын ыстық сиретілген плазма ағыны. III. Жаңа сабақты түсіндіру. Тәжірибе: май шам мен физикалық дене аламыз. Физикалық денені көз бен жарық көзінің арасына орналастырамыз. Не байқадың? Жауап: жарық көзі көрінбейді. Бұдан шығатын қорытынды: Біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен таралады. Бұл заң - жарықтың түзусызықты таралу заңы деп аталады. (Дәптермен жұмыс.) Жарықтың түзу сызықпен таралуын өмірде пайдаланады екенбіз. Мысалы: электр сымдары тартылатын столбы бағаналарын, автокөлік жолдарын, теміржол тораптарын, аэродромдағы ұшу жолдарын түзу етіп төсеуде қолданылады. Сол сияқты ағаш шеберлері, жер өлшеу мамандары геологтар да пайдаланады. Жаңа тақырыпқа қажетті жарық сәулесі, жарық шоғы ұғымдарымен танысып алайық. Жарық сәулесі деп - жарық көзінен келген жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызықтарды айтамыз. Жарық құбылыстарын сызбада кескіндеу үшін қолданамыз. Жарық шоғы деп - берілген, әр шектелген аймақта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығын айтамыз. Мысалы, күнделікті өмірде фонариктен, автомашина прожекторынан, сонсоң қалада кинотеатрлардан кинопроектор прожекторынан түскен жарық шоқтарын көріп жүрсіңдер. Егер әртүрлі жарық шоқтарын қиылыстырсақ, олар бір-біріне әсер етпейді. Жарық шоқтарының бұл қасиеті - жарық шоқтарының тәуелсіздігі деп аталады. Көлеңкенің пайда болуын жарықтың біртекті ортада түзусызықпен таралуымен түсіндіруге болады. Көлеңке деп - жарық түспейтін аймақты айтамыз. Ашық күндері адамдардың, үйлердің, ағаштардың, кез келген заттың сыртындағы көлеңкені көруге болады. Кез келген жарық көзінің өлшемі болады. Нүктелік жарық көзі деп - жарық таралатын арақашықтықпен салыстырғанда жарық көзінің өлшемі көп кіші болатын жарық көзін айтамыз. Мысалы: жұлдыздарды жатқызуға болады. Электронды оқулық: №1 анимация. Нүктелік жарық көзі мен экран арасына дене орналастырайық. Экранда қара дөңгелек түріндегі толық көлеңкені көреміз. Электронды оқулық: №2 анимация. Нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен жарық көзін алайық. Экранда толық көлеңкенің айналасында алакөлеңкенің пайда болғанын көреміз. Алакөлеңке бұл - жарық жартылай жетпейтін аймақ. Толық көлеңке де, алакөлеңке де біртекті ортада жарықтың түзу сызықпен таралатындығын көрсетеді. Электронды оқулық: Медиаобъект №1. Көрнекті тәжірибелер қарастырайық. Жарықтың түзусызықпен таралуын саңылауларының диаметрі әртүрлі қатырма қағазды пайдаланып та көз жеткізуге болады. Тыңдап отырыңдар. Электронды оқулық: Медиаобъект №2. Алакөлеңкені шалакөлеңке, жартылайкөлеңке деп те атайды. Алакөлеңкені денені бір мезгілде екі жарық шоғымен жарықтандырып та алуға болады. Тыңдайық. Орасан зор толық көлеңке мен алакөлеңке аспан денелерінде кездестіруге болады. Біз Күн жүйесін білеміз. Барлық 8 ғаламшар Күнді өз орбитасымен айналып жүреді. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және серіктері ғаламшарларды айналып жүреді. Сонымен қатар кіші аспан денелері Марс пен Юпитер арасындағы планетааралық кеңістікте қозғалып жүреді. Олар: кометалар, метеорлар, болидтер, отты шарлар т.б. Біз Жердің Күнді айналу және Айдың Жерді айналу қозғалысын қарастырайық. Күннен жарықталынған Жер мен Ай өзге ғаламшарлар мен олардың серіктері тәрізді толық көлеңке мен алакөлеңке конустарын түсіреді. Бұл Күн тұтылу және Ай тұтылу құбылыстары түрінде болады. Айдың шар тәрізді дене болып саналатынын ежелгі грек ғалымы Пифагор ашты. Аристотельдің Жердің шар пішінді деген қорытындыға келуіне осы Ай тұтылу құбылысын бақылауы мүмкіндік берді. Ортағасырлық Шығыс ғалымы, Хорезмде туған әл - Бируни Ай тұтылу кезінде Ай түсінің өзгеруін, Күннің толық тұтылуы кезіндегі Күн тәжі құбылысын бақылап және суреттеп жазған. Айдың Жерді айналу периоды 27,3 тәулік. Ал, Жердің Күнді айналу периоды 365 тәулік. Айдың Жерді айнала қозғалысы кезіндегі Ай әртүрлі фазада болады. Ай фазалары: жарты ай, ширек ай, толған ай, айшық. Айдың Жерді айнала қозғалысын қарастырайық. Егер Ай өзінің Жерді айнала қозғалысында Жер мен Күннің арасына келіп қалса, онда ол Күннің бетін жауып қалуы мүмкін, онда Күн тұтылады. Ай Жерге көлеңке мен ала көлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерде Күн толық тұтылады. Жер бетінің алакөлеңке аймағындағы нүктелерінде ол тұтылу жартылай болады. Жердің әр нүктесінде тұтылу әртүрлі көрінеді немесе тіптен көрінбейді, ол әртүрлі уақытта басталады. Бұл Айдың батыстан шығысқа қарай 1 км/с жылдамдықпен қозғалуынан болады. Күннің толық тұтылуы таңғаларлық құбылыс болып табылады. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла - Күн тәжін көреміз. Ол Күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері. Күннің толық тұтылуы кезінде тез қараңғы түседі. Бүкіл көкжиекте қызғылт шапаққа ұқсайтын жарқырау байқалады. Бұл - Ай көлеңкесі конусынан тысқары жатқан Жер атмосферасының Күнмен жарықтанғаны. Аспанда жұлдыздар мен ғаламшарлар көрінеді. Ауа температурасы төмендейді, тіпті шық пайда болады. Толық тұтылу көбінесе 2-3 мин созылады және ұзақтығы (7 мин 40 с) 8 минуттан аспайды. Ол Жерде бір жарым жыл ішінде бір рет болады, бірақ Жердің бір орнында қайтадан болуы өте сирек: шамамен 200-300 жылда бір рет болатын құбылыс. Біздің елімізде Күннің тұтылуы Солтүстік Қазақстанда 1981 жылы 31 тамызда, Атырау қаласы маңайында 2006 жылдың 29 наурызында бақыланды. Электронды оқулық: Медиаобъект №4. Ай Жердің көлеңкесі аймағына енгенде Ай тұтылуы басталады. Ай тұтылуы тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанның Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай Жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды. Ай батыстан шығысқа қарай қозғалатындықтан, Жер көлеңкесіне бірінші болып Айдың шығыс (сол жақ) шеті кіреді. Оның бетінде біртіндеп үлкейетін кішкене «кетік» пайда болады. Айдың көрінетін бөлігі орақ пішін қабылдайды. Егер Ай өзінің Жерді айнала қозғалысында толығымен Жердің көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады. Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағат (1 сағ 40 мин) дерлік болады. Жердің барлық нүктелері үшін ол бір уақытта басталып және бір уақытта аяқталады, әрі Айға қараған Жердің бүкіл жарты шарында бірдей байқалады. Ай толық тұтылғанда, Ай аса қараңғы болып немесе толық көрінбей қалмайды. Бұл Жер атмосферасының бар болуымен түсіндіріледі. Жер атмосферасынан сынған Күн жарығы және бір жағынан Ай дискісін жарықтандырып, оған қызғылт түс беріп шашырайды. Электронды оқулық: Медиаобъект №5. Ежелгі адамдар өміріне Күн мен Айдың тұтылуы қорқыныш тудырған. Әсіресе Күннің тұтылуына адамдар өздерін кінәлі санап, Аспан Тәңірі бізді жазалап жатыр деп ұғынып, оған табынған. Біздің елімізде Алматы маңында Тамғалы сайындағы қола дәуірінде жартастарға ойылып салынған күн кескінді суреттерді көруге болады. (Ләйла). «Тәңірі» сөзі екі түбірден тұрады: «таң» және «ер». «Таң» - Күннің туар, шығар уақыты, ал «ер» - еркек, батыр деген мағына береді. Көне заманның «Тәңірі» сөзі құдай ретінде қолданылған. Ертедегі ғұндар «тәңірі» деп аспан, аспанның көзге көрінетін бөлшегіне табынған. Гректердің тәңірі - аспан құдайы Зевс болған. Ежелгі египеттіктер Күн құдайын Ра деп атаған. (Гүлнұр). Жазға салым бие байлап, қымыз ашытқанда, қазақтар шығып келе жатқан Күнге қарап, алғашқы қымызды Күнге қарай шашады. Себебі, көгеріп тұрған шөпті Алла емес, Күн өсірген деп түсінеді. Наурыз күні әйел адамдар ең алғаш көрісуді Күннен бастаған. Атып келе жатқан Күнге тәу етіп, «Армысың, қайырымды Күн-Ана!» деп иіліп сәлем берген. (Айдос). Қазақ тәуіптері кейбір сырқаттарды күн шығып келе жатқанда алты бастаудан алынған сумен емдейді. Бұл су «таң суы» деп аталды. Сол сияқты Күн батып келе жатқанда ұшықтаған. Ежелгі адамдар жаңа туған Айды көргенде: «Ай көрдім, аман көрдім, Бұрынғыдай заман көрдім, Ескі айда есіркей гөр, Жаңа Айда жарылқай гөр» деп сиынды. Егер адамдардың біреуінің басы ауырып, балтыры сыздаса, басын көкке қаратып: «Уа, тәңірім!» деп аспаннан көмек сұраған. «Тәңірберген», «Тәңір жарылқасын», «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» деген сөздер тәңірге табынудың дәлелі. IV. Сабақты меңгерту.
Венн диаграммасы
Күн тұтылуы Ай тұтылуы
Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
V. Сабақты пысықтау. Paint сурет салу программасы әртүрлі графикалық кескіндерді салуға, өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болатынын білеміз. Paint программасында өзіміз сурет салуымызға, Windows-тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған кескіндерді енгізуге болатынын білеміз. Paint сурет салу программасын пайдаланып, Күн мен Ай тұтылу суретін салайық.
Тест сұрақтары: 1-нұсқа
Жарық деген не? а) Адамның көру түйсігін тудыруға қабілетті ұсақ бөлшектер *б) Адамның көру түйсігін тудыруға қабілетті электромагниттік толқындар в) Адамның көру түйсігі
Мына жарық көздерінің қайсылары жасанды жарық көздері? 1.Телевизор экраны 2.Жұлдыз 3.Алау а) 2,3 *б)1,3 в)1,2
Айдың шар тәрізді дене болып саналатынын қай ежелгі грек ғалымы ашты? а) Аристотель б) Демокрит *в) Пифагор
Толық көлеңке - бұл а) жарық түсетін аумақ б) жарық көзінен жарық сирек түсетін аумақ *в) жарық түспейтін аумақ.
Күннің тұтылуы - бұл *а) Жер Ай көлеңкесінде қалған кездегі тұтылу б) Ай Жер көлеңкесіне түскен кездегі тұтылу в) Күн Ай көлеңкесінде қалған кезіндегі тұтылу
2-нұсқа
Жарық құбылыстарын зерттейтін физика бөлімі қалай аталады? а) Жарық техникасы *б) Оптика в) Фотография
Мына жарық көздерінің қайсылары табиғи жарық көздері? 1. Күн 2. Солтүстік шұғыла 3. Газ жанарғысы а) 2,3 б)1,3 *в)1,2
Аристотельдің Жердің шар пішінді деген қорытындыға келуіне қандай құбылысты бақылауы мүмкіндік берді? а) Ай фазаларын *б) Айдың тұтылуы в) Күннің тұтылуы
Аталған жарықтандыру түрлерінің арасынан алакөлеңке пайда болатындарын көрсет. 1. Бір нүктелік жарық көзі 2. Екі нүктелік жарық көзі 3. Созылған жарық көзі 4. Екі созылған жарық көзі а) 1,2 б)3,4 *в) 2,3,4
Айдың тұтылуы - бұл
а) Жер Ай көлеңкесінде қалған кездегі тұтылу *б) Ай Жер көлеңкесіне түскен кездегі тұтылу в) Күн Ай көлеңкесінде қалған кезіндегі тұтылу
Бағалау: «5» - 5 «4» - 3,4 «3» - 1,2 «2» - 0
VI. Үйге тапсырма беру. §63. (мазмұндау) VII. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды жинаған Күн (5), Жер (4), Ай (3) белгілері бойынша бағалау.
Айдың құпиясы қашан ашылады?
Адамзат қанша сырын аштық, бетіне қондық деп жаһанға жар салғанымен, Айдың құпиясы әлі күнге толық ашылған жоқ. Саналы тіршілік иелері ары кетсе Айдың қыр-сырын 10 пайызға ғана меңгерген болар. Жер серігі деп саналатын бұл ғаламшардың 90 пайызы әлі күнге құпияға толы. Ғалымдар арасында «Ай ешқандай табиғи емес, жасанды ғаламшар» деген пікір көп..Айдың арғы бетінде не бар? Бәлкім өзге ғаламшардан келген дамыған саналы тіршілік иелері сол жерде отырып, Жердегі тіршілікке бақылау жасауы да мүмкін. Мұны да ғалымдар жоққа шығармайды. Айдың күндізгі орташа температурасы -900,ал түндегі температурасы -1800
Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған. Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында. Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3°-қа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналысына қарсы) P = 243,0 тәулік периодта айналады, сондықтан жердегіше көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғанымен, онда Күн батыстан шығып, шығысқа басқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады, ал осыны есте ұстау үшін ғаламшар осінің қисаюы 177°-қа тең деп алынады. Шолпанның Күн төңірегіндегі айналу периодын Т =225к және оның жұлдыздық тәулігін P = -243к біле отырып, синодтық теңдеу бойынша ғаламшардың күндік тәулігін S = 117 тәулікті табу оңай. Осінің өте аз қисаюынан ғаламшардың екі жарты шары бірдей жарықтанады және оынң барлық бетінде дерлік күн мен түн 58 тәулікке созылады, тек поляр аймақтарында (полюстердің 3°төңірегінде) орталықтарында күн мен түн 112 тәулікке дейін ұзақ. Шолпандағы еркін түсу үдеуі 0,90 жердікіндей, ал аса қатты жылдамдық секундына 10,4 км. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусым күні 6-да Күн шартабағынан өтуін бақылау кезінде М. В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы сақталған. Атмосферасы Айда да, Меркурийде де болмайтын өте қызық құбылыс тудырады. Шолпанның төменгі тұстасуы кезінде ол жіңішке орақ болып көрінеді, орағы әдеттен тыс ұзын келеді, кейде тіпті екі ұшы жалғасып та кетеді.
Ымырттық доға деп аталатын бұл құбылыс Күн сәулесінің ғаламшар атмосферасындағы сынуынан деп түсіндіріліп келеді.
1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан-4», «Шолпан-16» станцияларымен ғаламшарды зерттеудің негізгі программалары орындалды. 1985 жылғы маусымның ортасында Шолпаннның жанынан ұшып өткен «Вега-1» және «Вега-2» ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшардың бетіне қонатын қону блоктарын тастады.
Зерттеу нәтижемінде Шолпан атмосферасының 96%-ке жуығы көмірқышқыл газынан, 4%-ке жуығы азот, 0,002%-і оттегі және 0,02%-і су буынан тұратыны анықталды. Ғаламшар үстіндегі тығыздық Жер атмосферасының төменгі қабаттарындағы тығыздықтан 60 есеге дерлік асып түседі, ал атмосфералық қысым 95*106Па (95 атм.) жетеді.
Шолпан атмосферасындағы басым түсетін көмірқышқыл газ ғаламшарды көктеме эффектісін тудырады, мұның себебі, Күн сәулелері (түгелдей болмаса да) атмосферадан өтеді және Шолпанның ұзақ күнінде ғаламшар бетін әжептәуір қыздырады, ал бетіндегі инфрақызыл жылу сәулелері айнала кеңістікке мейлінше баяу тарайды, өйткені оларды көмірқышқыл газы түгелдей дерлік жібермейді. Осының салдарынан Шолпанның беті мен атмосфераның төменгі қабаттары 465-тен 480°С-ға дейін қызады.
Ғаламшар бетінен 30км шамасындағы биіктікте 90 км -ге жететін бұлтты қабат бар және ол үш ярустан тұрады, бірақ 50-ден 70 км-ге дейінгі биіктіктегі неғұрлым тығыз ярус жеңіл тұманды еске түсіреді. Бұлтты қабаттың 1974 жылы «Маринер-10» станциясымен 726000 км қашықтықтан түсірілген суреттерде жақсы білінетін аймақтың құрылымы бар. Бұлт күкірт және тұз қышқылының аса майда тамшыларынан тұрады және оларды хлор мен күкірттің қоспасы бар.
Шолпан атмосферасында үнемі жел соғып тұрады. Ғаламшардың бетінде ол мардымсыз, шамамен секундына 0,5-тен 1,0 м-ге дейін жетеді, бірақ биіктеген сайын ол күшейе береді және «Вега-1» және «Вега-2» аэрошарлардың мәліметтері бойынша 50 км биіктікте жел өзінің шегіне жетіп, секундына 100 м/с болады.
Шолпан атмосферасы бұлт жамылғысымен бірге күн сәулесінің 76%-і шағылыстырғанымен онан өткен сәулелерді кәдімгідей әлсіретеді, ғаламшардың күндізгі жарты шарының жарығы кәдімгідей ғаламшаралық станциялардың тікелей өлшеуі бойынша Жердегі бұлтты күндегідей. Бұл «Шолпан-91» - «Шолпан-14» автоматты станцияларының құлдилау блоктары қонған аудандағы ғаламшарбетінің тамаша суреттерімен де тұжырымдалады.Суреттерде өлшемі шағын 30 см және онан үлкен тастар, жанартау атқылауынан түзілген неғұрлым ірі кесектер, сондай-ақ жартасты тау жыныстары жақсы көрінеді. «Шолпан-13», «Шолпан-14», «Вега-1» және «Вега-2» автоматты станциялары, қонған жердің топырағына химиялықталдау жасады. Топырағы Жер жыныстарымен, оның ішінде базальтты жыныстармен ұқсас болып шықты.Шолпан бетінің бедері Жерден тікелей радиолокациямен де, ғаламшардың жасанды серіктерімен де зерттелуде. Осы зерттеулердің негізінде Шолпан бетінің картасы жасалады. Ғаламшар бетінің тегістігі айтарлықтай екені анықталды, бірақ онда да ойпаттар, жазықтармен бірге тау шоқылары мен қыраттар, сақина таулар мен қазаншұңқырлар, тік жарлар мен жарықтар бар.
Таулы аудандар ғаламшардың 10%-ке жуығын алып жатыр. Неғұрлым ірілері Иштар жері, Афродита Жері деп аталған. Иштар Жері ауданы жағынан Австралиядай және ол тау қыраттарымен қоршалған, биіктігі шамамен 2 км үстіріт болып табылады. Ең биік Максвелл тау массиві 8 км-ге көтеріледі, ал оның шыңдарының бірі 4 км-ге жетеді. Афродитаның жері де үстірт, оның ауданы Африканың ауданына жақын.
Ойпат Шолпан бетінің 27%-ін алып жатыр. Неғұрлым ірілірінің бірі Атлантида деп аталады: оның диаметрі 2500 км шамасында, ал тереңдігі 2 км-ге жуық. Ол үлкен Ай теңізіне өте ұқсайды. Ғаламшардың қалған бөлігі - биіктігі 2 км-ге жететін көптеген шағын таулар мен тізбелері бар (800 км-ге дейін созылып жатқан).
Тауларының ішінде жанартаудан, сондай-ақ соққыдан (метеориттік) пайда болған көптеген сақина қазаншұңқырлар бар. Үлкен қазаншұңқырларының диаметрі 30-дан 160 км-ге дейін, ал тереңдіктері - 500м-ден аспайды. Бірақ алапат қазаншұңқыр да кездеседі. Мәселен, анық соққыдан пайда болған Мейтнерқазаншұңқырының диаметрі 300 км, ал тереңдігі 1 км-ге жақын.
Ғаламшарда атмосферада көмірқышқыл газ, күкіртті және хлорлы қосылыс лақтыратын әрекетті жанартаулар да бар.
Ғаламшардың экваторына жақын оның қыртысынан ұзындығы 1400 км, ал ені 150 км дерлік және тереңдігі 2 км-ге дейін алапат жыра болып табылды.
Шолпанда су бассейні де магнит өрісі де жоқ. Ғаламшардың қойнауында диаметрі 5800 км-ге (ғаламшардың0,48 диаметрі) жуық тығыз темірлі ядросы бар деп болжануда. Ғаламшардың табиғи серігі жоқ.
Соңғы мәліметтер бойынша Шолпанның солтүстік полюсінде екі атмосфералық желдер үйіріліп соғып тұр, бұл оңтүстік полюсінде де байқалады. Мұны EKA Venus Express планеталық аппарат дәлелдейді.
Ғарыштық аппарта Venus Express Шолпанның орбитасына 2006 жылдың 11 сәуірінде кірді. Бірінші он күнінде аппаратбіріншілік орбитада орналасып және планетаның атмосферасын инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәуледе зерттеді. Зерттеу 350000 км-ден 400000 км-де жүзеге асты.
Мұндай үйірмелі желдер зерттеушілердің айтуы бойынша Шолпанның атмосферасындағы ыстықауаның табиға циркуляциясы мен батысқа бағытталған желмен түсіндіріледі. Жел бүкіл планетаны тек 4 күнде ғана айналып шығады. Ең бір айтарлық зерттеушілердің жеткен жетістігі - бұл Шолпан планетасының екі полюсінде де үйірмелі желдерді байқауы. Бұрын бұл үйірмелі желдердің тек беткі қабаты фотоға түсірілген. Бұл фотолар Шолпан планетасын тереңірек зерттеуге және анимациясына мүмкіндік береді. Бұл суреттер атмосфералық үйірмелі желдердің тек солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де бар екендігін дәлелдеді. Осы фотолар VIRTIS атты спектометрдің көмегі арқылы алынған.
Планетааралық зерттеуші аппарат Venus Express ғарышқа 2005 жылдың 9 қарашасында жіберілген. Ал 2006 жылдың 11 сәуірінде Шолпанның орбитасына қонды. Күн жүйесінің екінші планетасына жету үшін аппаратқа 153 күн қажет болды. Бұл күндерде ол 400 млн км-ге жуық арақашықтықты өтіп отырды.
Планеталардың қозғалысы
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Күн жүйесінің кұрамында сегіз планета бар. Бұлар Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді. Күннен алыстау орналасуына карай, олар: Меркурий, Шолпан, Жер (Аймен қоса), Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун деп аталады. Құралсыз көзбен бес планетаны - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды көруге болады. Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес, оның үстіне ол көп жағдайда жұлдыздан гөрі жарық бола бермейді. Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысып кана қоймайды, олар сонымен бірге шоқжұлдыздар аясында ыгысатын (кейде елеусіз ғана) шырақтар қатарына жатады.
«Планета» деген сөздің өзі олардың осы ерекшелігіне байланысты, өйткені ертедегі гректер «қыдырма» шырақтарды осылай атаған. Аспан денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде қозғалатынын бәріміз де байқаймыз. Түні бойы Ай мен жұлдыздардың да қозғалысын бақылауға болады. Мұнда жұлдыздардың бір-бірімен салыстырғандағы өзара орналасу қалпы өзгермейді.
Меркурий
Күнге ең жақын планета - Меркурий (қазакша аты - Болпан немесе Кіші Шолпан). Сондықтан да оны бақылау киын. Әйтсе де, соңғы радио- бақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Бірақ ол Күнге жақын орналасқандыктан, оның орбитасы Жердікіне қарағанда кіші. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да кішкене болғандыктан, ол өзінің айналасында атмосфераны ұстап тұра алмайды. Күнге жақындығы және елеулі атмосферасының болмауы салдарынан онда температураның күрт өзгеруі болып тұрады. Мысалы, күндіз температура +300°С-ка дейін жетсе, ал түнде шамамен -200°С болады. Атмосфера болмаған соң, онда бұлт та болмайды. Аспан кап-қара болып, жұлдыздар жарқырап, орасан зор Күн тәжі анық көрініп тұрады.
Шолпан
Шолпан көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдарды өзіне ерекше назар аударуға мәжбүр етті. Алайда, оны тұтаскан ақ бұлт кабаты қоршап жататындыктан, бұл планетаның табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындык келтіруде. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық планеталар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өз осінің төңірегінде өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына карсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең.
Жер
Жер
Жер - Күннен қашыктығы бойынша үшінші планета. Жердің өз осінен айналуы салдарынан, өзен суы оның бір жағасын кеулеп шайып отырады, ауа кұйындары және жел Жердің солтүстік жарты шарында оң жаққа, ал оңтүстік жарты шарында сол жаққа ауытқиды.
Жер Күнді эллипстік орбита бойымен айналады. Жердің Күнді айнала қозғалатынының бір дәлелі - бізге жақын орналаскан жұлдыздардың көрінерлік ығысуы болып табылады. Мұндай ығысулар ең алғаш рет XIX ғасырдың 30-шы жылдарында бақыланған болатын. Жер бетіндегі жыл мезгілдерінің ауысып отыруы мынадай үш себептен болады, олар: Жердің Күнді айнала қозғалуы, Жердің айналу осінің орбита жазықтығына көлбеу болатыны және Жер Күнді айнала қозғалғанда оның осінің өзіне-өзі параллель қалпын сақтауы. Жердің орбитаның белгілі бір бөліктеріндегі орналасуына сәйкес оңтүстік және солтүстік жарты шарларға күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсетін жылудың мөлшері өзгереді. Сол себепті оңтүстік жарты шарда жаз болғанда, солтүстік жарты шарда қыс болады. Осы кездегі астрономияның көптеген табыстары Жердің Күнді айнала қозғалу заңдарына сүйенеді.
Марс
Марс
Марс (қазакша аты - Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз) диаметрі жағынан Жерден екі есе кіші. Соңғы жылдары Марсқа автоматты станция -зертханалар жіберіліп, соның арқасында бұл планета жайындағы мәліметтер шұғыл түрде өсті. Жерден берілген бұйрык бойынша олар планета бетін суретке түсіріп, көптеген ғылыми өлшеулер жүргізіп, радио және теледидар арқылы хабарды Жерге жеткізіп отырды.Қазіргі зерттеулер бойынша Марстағы жыл Жердегіден екі еседей дерлік ұзақ. Марста жыл мезгілдері ауысып тұрады. Өйткені, оның айналу осі дәл Жердікі сияқты өзінің орбита жазықтығына көлбеу орналасқан. Ондағы тәуліктің ұзақтығы 24 сағат 37 минут 23 секунд болатыны аса дәлдікпен өлшенген. Жазда - ең жылы аймағында күндіз температура +20°С, ал қыста - түнде -125°С-ка дейін төмендейді. Көбінесе көмірқышкыл газдан тұратын атмосферасы Жердегіге қарағанда жүз есе сирек.
Юпитер
Ал енді алып планеталардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені - Юпитер (қазакша аты - «Есекқырган»). Ол диаметрі бойынша Жерден 11 есе, ал массасы жағынан 300 есе үлкен. Оның Күнді айналу периоды 12 жылға жуық. Юпитердің айналу осі оның орбита жазықтығына перпендикуляр болғандыктан, онда ешқандай жыл мезгілдерінің ауысуы болмайды. Ондағы тәулік - 9 сағат 50 минут. Ол басқа алып планеталар сиякты өз осі төңірегінде өте тез айналады.
Сатурн
Күн жүйесіндегі ерекше бір түзіліс - Сатурн планетасы (казакша аты - «Қоңырқай»). Оны айнала қоршаған жалпақ сақинаның қалыңдығы бірнеше километрге созылып жатады. Сақинапланетаның экватор жазықтығында орналаскан, ал бұл жазықтыктың планета орбитасының жазықтығына көлбеулігі 27°. Сондықтан Сатурн 30 жыл ішінде Күнді бір рет айналып шыққанда, бізге бұл сақина бірде әжептеуір ашылып, бірде тура қырынан көрінеді. Қырынан келгенде оны жіңішке сызық түрінде үлкен телескоптың көмегімен ғана көруге болады.Ғаламшардың экваториалдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы - 54000 км; Сатурн - Күн жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады, алайда Сатурнның орташа тығыздығы бар болғаны 0,69 г/см, бұндай шама оны Күн жүйесіндегі ең сирек атмосфералы ғаламшарлардың қатарына жатқызып қоймай, орташа тығыздығы судың тығыздығынан төмен ғаламшарына жатқызады.
Өз осінен Сатурн 10 сағат 39 минутта айналып өтеді.
Атмосфера
Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегі және 7 пайызы гелийден тұрады. метан, су буының, аммиак және басқа газдардың қоспалары бар. Аммиак бұлттары Юпитерге қарағанда қоюырақ болады.
"Вояджердің" мәліметтері бойынша Сатурнда Күн жүйесі ең күштер болады, құрылғылар жел ағымдарының 500 м\с болатынын көрсетті. Жел көбінесе шығыс бағыты бойынша жүреді (осьтік айналымына байланысты). Олардың күштері экватор соқтығысқан кезде азаяды; экватордан алшақтаған сайын батыс атмосферлік ағымдар пайда бола бастайды. Кейбір мәліметтер бойынша, желдер бұлттардың жоғарғы қабатында соғып қана қоймай, ішке 2000 м бойлайды. Және де "Вояджер-2" көрсетуі бойынша, оңтүстік және солтүстік жартышарлардағы желдер экваторға симметриялы түрде бойлайды. Симметриялық ағымдардың көзге көрінетін атмосфераның түбінде бір-біріне байланысты екендігі болжанады.
Сатурнның атмосферасында кейде аса күшті құйын түріндегі орнықты түзілулер пайда болады. Ұқсас объекттер Күн жүйесі басқа да ғаламшарларында да байқалады (Юпитердегі Үлкен қызыл дақ, Нептундағы Үлкен қара дақ). Ірі "Үлкен ақ доғал" Сатурнның бетінде шамамен 30 жыл сайын көрінеді, соңғы рет ол Сатурн бетінде 1990 жыл жылы көрінген (одан кішігірім құйындар жиірек көрінеді).
Күні бүгінге шейін Сатурнның бетіндегі Ірі гексагон табиғаты белгісіз болып отыр. Бұл орнықты түзіліс ғаламшардың солтүстік полюсінде орналасқан, ұзындығы 25 мың. км, дұрыс алтыбұрыш түрінде.
Атмосферада күшті найзағайлар, полярлық жарықтар, сутегінің ультракүлгін шашыратуы байқалады
Ішкі құрылысы
Сатурн атмосферасының түбінде қысым мен температура өсе түседі де, сутегі біртене-біртене сұйық түрге айналады. 30 мың. км тереңдікте сутегі метал түріне айналады (қысым 3 миллион атмосфераға жетеді). Металл сутегіндегі электротоктардың айналымы магниттік ортаны түзеді (Юпитерден біршама басым). Ғаламшардың ортасында ауыр заттардан тұратын массивті ядро бар.
Сатурнды зерттеу
Сатурн - Күн жүйесіндегі көзге Жерден көрінетін бес ғаламшарлардың бірі. Шарықтау шегінде Сатурнның жарығы бірінші жұлдыздық шама асады.
Сатурнды алғаш рет бақылаған Галилео Галилей ғаламшарды біркелкі аспан денесі емес, бір-біріне жанасатын үш дене деп, бұлар Сатурнның екі ірі серіктері деп болжам жасады. Екі жылдан кейін жасаған бақылауында серіктердің орнында болмауы оны таңдандырды.
1659 жылы Гюйгенс өзінің одан қатты телескобымен қарап, серіктердің дене емес - жұқа және жалпақ сақина екенін және ғаламшарға тимей тұрғанын көрді. Және Гюйгенс Сатурнның ең үлкен серігі - Титан ашты. 1675 жылдан бастап ғаламшарды зерттеуді Кассини бастады. Оның байқағаны, сақина аралары ашық екі сақинадан, ал ортасындаға анық көрінетін қуыс, яғни Кассини қуысы тұрады, және тағы бірнеше ірі серіктерді ашады.
1979 жылы "Пионер-11" құрылғысы алғашқы рет Сатурнның қасынан ұшып өтеді, оның артынан 1980 және 1981 жылдары "Вояджер-1" және "Вояджер-2" өтеді. Бұл құрылғылар алғашқы рет Сатурнның магниттік ортасын байқап, оның магнитосферасын зерттеді, Сатурн атмосферасындағы құйындарды байқады, сақиналардың анық (детальды) құрылысын алды және құрамын анықтады.
1990 жылдары Сатурнды, оның серіктерін және сақиналарын Хаббл телескобы зерттеді. Ұзақ бақылаулар "Пионер-11" және "Вояджер" құрылғыларының ғаламшарлардың қасынан бір өтіп кетіп, толық зерттелмей қалған көптеген жаңа мәліметтер әкелді. 1997 жылы Сатурнға Кассини-Гюйгенс құрылғысы ұшып, жеті жылдан кейін 2004 жылдың 1 шілдесінде Сатурн жүйесіне жетіп, ғаламшардың орбитасына енді. Кем дегенде 4 жылға созылатын бұл миссияның негізгі тапсырмалары болып сақиналардың құрылысы мен динамикасын зерттеу және атмосферасы мен магнитосферасының динамикасын зерттеу болып табылады. Одан басқа, арнайы "Гюйгенс" зонды құрылғыдан ажырап, Қоңырқайдың серігі Титанға қонды.
Серіктері
2007 жылдың шілде айына Қоңырқайдың 60 серігі белгілі. Олардың 12-сі Вояджер-1 (1980), Вояджер-2 (1990), Кассини (2004-2007) миссияларының арқасында ашылған. 2006 жылы Гавай университетіндегі Дэвид Джуиттің басшылығындағы ғалымдар тобы Субару атты жапон телескобының көмегімен 9 серік ашқанын хабарлаған. Олардың барлығы иррегулярлы серіктерге жатады, олар созылға эллиптикалық орбитасымен ерекшеленеді, және болжам бойынша ғаламшарлармен қатар түзіліп, кейін олардың тартылыс күшімен тартылған. Джуиттің тобы 2004 жылдан бері барлығы 21 серік тапқан. Серіктердің ең үлкені - Титан. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұл серіктегі орта біздің ғаламшарымыздың 4 миллиард жыл бұрынғы түріне, Жерде өмірдің жаңа туған кезіне ұқсас.
Сақиналары
Қоңырқай Күн жүйесі ең күрделі сақиналардың жүйесіне ие. Сақиналар жүйесінің шеттері экватордан 67 мың. және 121 мың. км қашықтықта орналасқан. Сақиналар үлкендігі бірнеше микроннан бастап, бірнеше ондаған метрге жететін бөлшектерден тұрады, олардың құрамдарында мұз, тас породалары, темір оксиді бар. Ортасында қуысы бар көптеген сақиналар белгілі, қуыстардың ең ірісі - Кассини қуысы.
Қызықты мағлұмат
Қоңырқайдың қатты беті жоқ, оның орташа тығыздығы Күн жүйесіндегі ең төмен шама. Ғаламшар негізінен кеңістіктегі ең көп тараған сутегі және гелий элементтерінен тұрады. Демек, егер Қоңырқайды сидыра алатын гипотетикалық мұхитты елестетіп қарап, оның бетіне Қоңырқайды қойсақ, ол жүзіп жүрер еді!
Saturn Saturn, as seen by Cassini Орбиталық сипаттамасы[1][2] Дәуірі J2000 Афелиі: 1,513,325,783 km 10.11595804 AU Перигелиі: 1,353,572,956 km 9.04807635 AU Үлкен жарты білігі: 1,433,449,370 km 9.58201720 AU Шоғырланбауы: 0.055723219 Орбиталық мезгілі: 10,832.327 days 29.657296 yr Ауытқы мезгілі: 378.09 days[3] Орташа орбит. жылд-ғы: 9.69 km/s[3] Мағыналы ауытқысы: 320.346750° Аулақтауы: 2.485240° 5.51° to Sun's equator Үдемелі түйін бойлығы: 113.642811° Перигелий аргументі: 336.013862° Серіктері: 60 confirmed (up to 63 seen) Физикалық сипаттамалары Екуаторлық радиусы: 60,268 ± 4 km[4][5] 9.4492 Earths Полюстік радиусы: 54,364 ± 10 km[4][5] 8.5521 Earths Бет ауқымы: 4.27×1010 km²[6][5] 83.703 Earths Деңгейі: 8.2713×1014 km³[3][5] 763.59 Earths Массасы: 5.6846×1026 kg[3] 95.152 Earths Мағыналы тығыздығы: 0.687 g/cm³[3][5] (less than water) Екуатордағы ауырлық күшінің үдеуі: 8.96 m/s²[3][5] 0.914 g жыту тездігі: 35.5 km/s[3][5] Жұлдыздық айналым мезгілі: 0.439 - 0.449 day[7] (10 h 32 - 47 min) Екуатордағы айналым тездігі: 9.87 km/s[5] 35,500 km/h Біліктік еңкейісі: 26.73°[3] Солтүстік полюстің оң үдемелігі: 2 h 42 min 21 s 40.589°[4] Солтүстік полюстің ауытқылауы: 83.537°[4] Албедо: 0.342 (bond) 0.47 (geom.)[3] Бетттік темп-сы:
1 bar level
0.1 bar ең аз мағ. ең көп
134 K[3] 84 K[3]
Көрінетін мөлшері: +1.2 to -0.24[8] Бұрыштық өлшемі: 14.5" - 20.1"[3] (excludes rings) Сын есімдері: Saturnian Атмосферасы Құрамы: ~96% Hydrogen (H2) ~3% Helium ~0.4% Methane ~0.01% Ammonia ~0.01% Hydrogen deuteride (HD) 0.0007% Ethane Ices: Ammonia water ammonium hydrosulfide(NH4SH)
Уран
Планеталардың қозғалысы жөніндегі өзге деректер ішінде назар аударарлық бір факт: Уранның өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың (Шолпаннан басқа) айналу бағытына қарама-қарсы. Оның осі орбита жазықтығымен небары 8° бұрыш жасайды, сондықтан ол бүйірінен кисайып жатып айналады. Осының салдарынан бұл планетада жыл мезгілдерінің күрт ауысуы болып отырады. Урандағы жыл Жердегі 84 жылдай уакытқа созылады. Уран мен Шолпан - өз осьтерінен барлық баска планеталар айналатын бағытка қарсы айналатын бірден-бір планеталар.
Нептун
Ғылымдағы жетістіктердің бір айқын мысалы және табиғатты танып білуімізге шек болмайтынының айғағы - Нептун планетасының бар екенін алдын ала теориялық болжау арқылы есептеп табу. Францияда Урбен Леверье және Англияда Джон Адамс бір уақытта дерлік көп жылдар бойы ең шеткі деп саналып келген Уран орбитасын ауыткытып тұрған белгісіз планетаның орны мен өлшемдерін, орбитасын математикалық жолмен ете дәл есептеп тапты. Бұл планета ғалымдардың меңзеген тұсынан 1846 жылы телескоптың көмегімен табылды. Ол планета Нептун деп аталды. Нептунның бар екенін алдын ала есептеп шығарудағы Леверье әдісі ғалымдардың қиялын шарықтатып жіберді. Нептунның қозғалысын мұқият қадағалай отырып, көп ұзамай ғалымдар бұл жаңа шырақтың бақылау мәліметтерінен алынған орбитасы мен теориялық жолмен анықталған орбитасы арасында елеулі айырмашылықтың бар екенін байқады. Мұны Нептунның арғы жағында тағы бір планетаның бар болуымен ғана түсіндіруге болатын еді.
Плутон
Ақырында, жас астроном Клайд Томбо 1930 жылғы 18 ақпанда Американың Ловелл обсерваториясында Күн жүйесінің тағы бір жаңа планетасын тапкан еді. Бұл планета Плутон деген атқа ие болды. Ірі телескоптар көмегімен алынған фотосуреттерде ол кішкентай ғана әлсіз жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның диаметрі 3000 километрге жуық. Ол Күннен шамамен 6 млрд километр қашықтыкта баяу қозғала отырып, оны 248 жылда бір айналып шығады. Плутон - Күн жүйесіндегі планеталардың ең кішісі болып есептеліп келген еді. Алайда соңғы зерттеулер нәтижесінде алынған планеталар Әлемі жөніндегі делелді мөліметтер негізінде Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен (Прага, тамыз, 2006 ж.) Плутон«ергежейлі планета» аталып, оған ресми астероидтық 134340 нөмірі берілді. Сонымен қазіргі кезде Күн жүйесінің сегіз планетасы белгілі. Ғалымдар әлі де болса жаңа планеталарды іздестіру жұмысын жалғастыруда.[1]
Белсенділік
Жаңа сұрақтар
Жауапсыз
Ілмектер
Санаттар
Қолданушылар
Сұрақ қою
Видео
Начало формы
Есте сақта
Конец формы
Тіркелу
Сұрақ қою
Начало формы
Конец формы
Планеталар туралы мәлімет керек?
Сұрақ-Жауап
Экология, Табиғат
Жануарлар
Планеталар туралы мәлімет керек?
Начало формы
0 дауыс
1,121 қаралды
Конец формы
Начало формы
Планеталар туралы мәлімет керек?
планета
мәлімет
А.Саят Студент (1,111 балл)
05.02.2014 Жануарларсұрақ қойды
•Admin 05.02.2014 өңдеді
Конец формы
Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Сұрақты достарыңызбен бөлісе отырыңыз!
Google+ Facebook Twitter Vk.com Mail.ru
Скобеев и Партнеры!Комплексное продвижение сайтов с учетом
новых тенденций. Сделать запрос!Продвижение по позициям·Трафиковое
продвижение·Продвижение по лидамАдрес и телефонseo.skobeeff.ru
Акция! 2 Power Balance по цене 1!Купите 1 браслет и получите 2й бесплатно! Оплата при получении, гарантии!Из чего сделан·Как работает·Отзывы·Заказатьpowerbalance-site.ru
3 жауап
Начало формы
+1 дауыс
Конец формы
Начало формы
Жақсы Жауап
Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша -
із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан,
Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон.
Олардың өлшемі де түрліше - жерден үлкен, кішісі, сонымен
шамаластары бар.
Планета - өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі
аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін
себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына
байланысты екен. Планета - «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін
грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында
тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар
күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес келеді және
барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн
батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі. Күн
жүйесіндегі аспан денелері топтасқан - «Құс жолы» галактикадағы
шоқжұлдыздардың бірі. Құс жолы көзге қарай аспан әлемінде айқын
көрінеді. Құс жолы қазіргі телескоптармен байқағанда көмескі жарқыл
шығаратын аса көп жұлдыздар шоғырын көреміз, ал жай көзге ол
тұтасқан шұғыла болып көрінеді. Құс жолы орасан зор жұлдыздар
жүйесі. Галактика құрамына кіретін жұлдыздардың негізгі бөлігі.
Галактикағы сонымен қоса жер аспанда байқалатын басқа да жұлдыздар
мен өз жұлдызы күн де жатады. Галактикадағы жұлдыздардың жалпы саны
орасан көп - шамамен 100 миллиардтай. Күн - Галактиканың қарапайым
жұлдыздарының бірі.
Жұлдыздардың планеталық жүйесі
Жұлдыздардың пайда болуы және олардың эволюциясы жөнінде жұлдыз
эволюциясы туралы теория жасауға қажет бақылау нәтижесінің
дәлелдері жеткілікті. Өкінішке орай жұлдыздың планеталық жүйесі,
оның пайда болуы және эводюциясы жөнінде жоғарыдағыдай сеніммен
айта аламыз. ХҮІ ғасырда Джордано Бруноның ұйғарымы бойынша
жұлдыздар Күн сияқты планеталар тобымен қоршалған, ол планеталар
үздіксіз пайда болады, өмір сүреді және өледі. Бірақ біз тікелей
Күн жүйесіндегі планеталарды ғана зерттей аламыз. Соңғы он жылда
жұлдыздар мыңнан 100-ден астам планеталар жүйесі ашылды. Бақылау
құралдарының көмегімен жұлдыздардың планеталық жүйелерін іздеп
табудың екі үлкен қиыншылығы бар. Біріншіден планетаның массасы,
орталық жұлдыздың массасынан әлдеқайда кіші, екіншіден оның
жарқырауы орталық жұлдыздың жарқырауына қарағанда ескерусіз.
Егер бізге жақын жұлдыз маңында физикалық сипаттамасы Юпитер
планетасына ұқсас планета болса, онда оның көрінерлік жұлдыздық
шамасы +23m болып және одан доғаның 4о қашықтығында орналасар
еді.
Планеталардың гравитациялық күшінің орталық жұлдыздың әрекетін
бақылау арқылы планеталар жүйесін іздеу әлдеқайда ұтымды. Планета
жүйесі массасының 99%-ы орталық жұлдызға тиісті болса да (мысалы
Күн жүйесіндегі тәрізді), оның массалар центрі жұлдыздың центріне
сәйкес келмейді және оның ауытқуын Жерден бірнеше жыл бойы
бақылаулар нәтижесінде осы жұлдыздардың бірі - "Барнарданың ұшып
бара жатқан жұлдызының" (өзіндік қозғалысы жылында доғаның
10,27о-ын құрайды, қашықтығы 6 жарық жылына тең) кеңістіктегі өзіне
тән траекториялардан шын мәнінде де периодты түрде ауытқып
отыратыны байқалды. Осы ауытқулар арқылы жұлдыздың күңгірт
серіктерінің ме-ры анықталды. Ол массалар (Ван де Калеп бойынша)
0,0058 және 0,0030 Күн массасына тең. Планеталар жүйесін
спектроскопиялық әдіспен іздеудің болашағы зор. 1983 жылы Вега
жұлдызы (қашықтығы 26 жарық жылы) 60 мкм-мк инфрақызыл диапазонда
10 есе артық, ал 100 мкм-де 20 есе артық эенргия шығаратыны белгілі
болды. Салқын денелерден тұратын осындай дөңгелектер басқа да
кейбір жұлдыздардан табылды. Басқа жұлдыздардың маңында да
планеталық жүйелер бер. Жерге ұқсас планетаны ашу болашақтың
ісі.
Күн жүйесі. Күн жүйесінің пайда болуын табиғи жолмен түсіндіруге
тырысу әрекеті ХҮІІ ғасырда басталды. ХҮІІІ ғасырда философ И.Кант
пен математик П.Лаплас Күн жүйесінің пайда болуының үйлесімді
теориясын құрды. Бірақ ол теория өкінішке орай, көптеген бақылау
деректерін түсіндірмеді.
Күн жүйесінің де осындай кезеңдерді басынан өткізгені ықтимал. Аса
жаңа жұлдыздар жарылғаннан кейін, ауыр элементтер бүкіл әлемге
шашылып кетеді де жаңа жұлдыздарды құрайтын материалға айналады.
Ондай жарылыс жақын жатқан газ бен тозаңның өзгеруіне, осылайша
Күннің пайда болуына әсер еткен. Аса жаңа жұлдыз жарылғаннан кейін,
соққы тасқыны гравитация заңы бойынша бұлтты сияқты да центр қызып,
жана бастайды. Сөйтіп, Күн пайда болады. Күн магнит өрісі арқылы
өзін қоршаған заттармен байланысын сақтады. Күн магнит өрісі арқылы
өзін қоршаған ортаға дөңгелек түрінде қозғалыс моментінің барлық
шамасын бере алады. Дөңгелектерден планеталар пайда болады. Күнді
қоршаған планеталарға дейінгі бұлттарда кездесетін бөлшектер мен
салқын денелердің бірігуі нәтижесінде планета түзіледі. Оның үстіне
Күннің сәуле шығаруындағы ыстық жел Күннің маңынан жеңіл ұшатын
заттарды ала кетеді. Заттардың бір-біріне жабысуының нәтижесінде
Күннің жанынан кішкене тығыз кремнийлік планеталар, ал Марс
орбитасынан әрі қарай сутегі мен гелийден тұратын алып планеталар
пайда болады.
Жер тобының планеталары
Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай
екі топқа бөлінеді - жер тобындағы планеталар және алып планеталар.
Жер тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон да
жатады. Жер тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен
темірден тұрады. Жер тобындағы планеталардың атмосфералары өте
күрделі эволюцияны бастарынан өткізді: біртіндеп және апатты түрде
газсыздану (вулкандар), басиапқы аккреция (бөлініп шығу, өсу)
периодында әр түрлі бөлінулер, бірінші планеталық тұмандықтардан
газдарды қармап алу. Жер тобындағы планеталарда серіктер аз
(Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста - екі кішкене серік,
Жерде - біреу). Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы
планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.
Меркурий. Меркурийдің бетінде оған құлаған метеориттердің
салдарынан шұңқырлар пайда болған (түрлі-түсті қосымшадағы). Оның
ең үлкені Калорис деп аталады. Диаметрі 1300 км болатын осы үлкен
шұңқырдың бүйірлерінде метеориттің соқтығысу күшінен тау үйінділері
пайда болған. Меркурийдің Күнге жақын орналасуы оны бақылауға
кедергі келтіреді. Аспан аясында оның Күнне ең алыс кету бұрышы
29о. Сондықтан ол күн шығар алдында (ертеңгі көрінуі) немесе кешке
күн батқанда (кешкі көрінуі) көрінеді. Меркурий орбитасының
эклиптикаға көлбеулігі үлкен болғандықтан оны әр уақытта көру
мүмкін емес. Планета құралсыз көзге анық көрінеді. Ең жақсы көріну
периодындағы жылтыруы -1m-ге тең. Меркурийдің магнит өрісі
Жердікінен 100 есе әлсіз. Планетаның шамамен төрттен үш бөлігін
құрайтын ядросы темірден тұрады. Меркурийдің диаметрі Жерден 3 есе,
массасы 20 есе аз, ал тығыздығы Жердің тығыздығымен шамалас (5,43
г/см3). Меркурий Юпитер мен Сатурнның кейбір серіктерінен кіші.
Планета сфера түріне ие. Меркурийдің серіктері жоқ. Егер олар
болған жағдайда да планетаның алғашқы пайда болуы кезінде
планетаның бетіне құлаған болуы керек.
Шолпан планетасы. Шолпанды Жердің «сіңлісі» деп те атайды, өйткені
олардың массалары және өлшемдері шамалас. Шолпан өзінің Күнді
айнала қозғалысына кері бағытта және Жерге қарағанда 243 есе баяу
қозғалатынымен басқа планеталардан өзгешеленеді. Жас Меркурий мен
Шолпан өз осьтерінен 10 сағат периодпен айналған болатын. Бұл
планеталардың денелері алыс дәуірде (матия) қатып қалғандай әсер
қалдырады. Егер Шолпанда магнит өрісі болса, ол өте әлсіз, оның
полярлығы жердегі сияқты ғана. Шолпанның массасы Жер массасының
0,815 бөлігін құрайды, тығыздығы 3,24 г/см3-қа тең. Шолпанның
орбитасын дөңгелек деуге болады, оның эксцентриститілігі 0,0068-ге
тең. Шолпан Күн жүйесіндегі Жерге ең жақын планета, оған дейінгі
қашықтық 40-тан 259 млн километрге дейін өзгереді. Шолпан
планетасының серіктері жоқ. Атмосферасы, негізінен, көмір қышқыл
газынан тұрады және тығыздығы жердегіден тоқсан есе артық.
Планетаның бетіндегі атмосфералық қысымды жер бетіндегі мұхиттың
бір километр тереңдігіндегі қысымымен салыстыруға болады. Планетаны
үнемі тығыз бұлттар жауып тұрады да, планетада «парникті эффект»
байқалады. Күннің жарық сәулелері қайта сәулеленіп, жылу сәулелерін
шығарады. «Магеллан» зонды Шолпанда вулкандар тапты. Олардан
бөлінетін қос тотықты күкірт тығыз қызғылт-сары бұлт құрайды.
50-100 км биіктікте одан күкірт қышқылы немесе тұз қышқылы
тамшыларынан тұратын жаңбыр жаууы мүмкін. Шолпанның бетінде таулар,
вулкандар (әдеттегідей емес, дөңгелек пішінді келеді), аңғарлар
бар. Жалпы алғанда , бұл жер тобындағы планеталар ішіндегі ең бір
тегістеу планета.
Жер планетасы. Меркурий мен Шолпаннан кейінгі тұрған біздің
көгілдір планета Жер. Жердің гидросферасы жылуды сақтайды. Жердің
ішкі құрылысы өте күрделі. Қатты планеталар арасынан Жер ең активті
болып есептеледі. Беткі қабаты үнемі өзгерістерге ұшырап тұрады.
Жер залалинның теориясы бойынша жердің сұйық және қатты ядросы
анықталады. Жердің магнит өрісі өте күшті. Оның магнит осінің өз
кіндігінен айналу осіне көлбеулігі 11о, 5о бұрыш жасайды. Жер
көкшіл көгілдір, Ай қызғылт сары түсті. Ай Жерге тек бір жақ
бетімен көрінеді. Айдың Жерді айналып шығу уақыты оның өз осімен
айналып шығу уақытына тең. Меркурийдегі тәрізді Айда да атмосфера
жоқ.
Марс планетасы. «Қызыл жұлдыз» планетасы Жерден әлде қайда кіші.
Ол, бір жағынан, Меркурий мен Айдың арасындағы, екінші жағынан, Жер
мен Шолпанның арасындағы аралық планета тәрізді, оның
атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының тығыздығынан 10 есе аз.
Марстың атмосферасы Шолпандағы тәрізді көмір қышқыл газынан тұрады.
Марс планетасының екі серігі бар. Олар өлшемдері шағын, шамамен 20
км болатын Фобос және Деймос.
Марс Күн жүйесіндегі Жерден адам баласының онда детілген жердегідей
тіршілік бар деген үмітпен қарап, ерекше қызығушылық тудырған
бірінші планета. ХІХ ғасырда негізгі пікірталастар мен айтыстар
тудырған Марстан басқа бірде-бір планета болған емес. Қазіргі кезде
Марста өсімдіктер мен органикалық өмірдің бар болуы жөнінде талас
жүріп жатыр. ХХІ ғасырда бұл пікірталастың жұмбағы азайған жоқ.
Плутон. Енді Жер тобындағы Плутон планетасын, оның серігі Харонды
қарастырамыз. Бұл Күн жүйесіндегі ең салқын ең кішкене планета.
Оның диаметрі 2260 км, ал бетінің орташа температурасы -230оС.
Ғалымдар планетада өте сирек азот пен метаннан тұратын салқын
атмосфера бар болар деп жобалайды. Плутонның түнгі аспанында Күн
тек жарық жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның серігі Харон планетадан екі
есе кіші. Күн жүйесінің соңғы планетасы 1930 жылы табылды, оған әлі
ешқандай ғарыш аппараттары ұшып барған жоқ. Соңғы кезде Плутонды
Күн жүйесіне кіретін тең құқықты планета арасына жатқызуға бола ма
деген пікірталас та қызу жүріп жатыр. Ал Жерден алынған
фотосуреттермен оның қандай да бір ерекшеліктерін анықтауға әлі
мүмкіндік болмай тұр. Плутон мен Харонды зерттеу дәуірі әлі
алда.
Алып планеталар
Алып планеталардың (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен
массалары үлкен, ал орташа тығыздығы азщ (ең аз Сатурнда -
0,7г/см3). Барлық алып планеталардың құрылымдары ұқсас. Алып
планеталар Күннен өте алыс қашықтықта жатыр. Барлық алып планеталар
серіктерімен қоршалған. Отыз жыл бұрын белгілі серіктердің саны
отыздан аспап еді. Қазір олардың алпысы белгілі. Серіктердің
бір-біріне ұқсамайтындығы таңдандырады. Қазіргі кезде Юпитерде 16,
Сатурнда 17, Уранда 15, тек Нептунда ғана 8 серік бар.
Юпитер Күн жүйесіндегі ең үлкен және ең ауыр планета, түрлі түсті.
Юпитердің көлемі Жерден 1320 есе, ал салмағы 315 есе артық. Юпитер
кішкентай жұлдыз болып қалар еді. Әйтсе де өзінің жеке жылу көзі
бар, ол заттың радиоактивті ыдырауы және сығылуы кезінде бөлініп
шығаратын энергия. Юпитердің орталық ауданындағы ток өткізетін
метанды сутектің өте аз айналуының нәтижесінде қуатты магнит
өрісінің өндірілуі мүмкін. Юпитердің магнит өрісінің Күн желімен
өзара әсерлесуінен атмосферада полюстік шұғыла мен найзағай
құбылыстары байқалады. Юпитердің үлкен қызыл дағы - өлшемі жерден
екі есе үлкен болатын циклон. Үлкен қызыл дақ осінен 6 күнде бір
толық айналып шығады. Сыртқы серіктері планетадан құралсыз көзбен
көрінбейтін қашықтықта орналасқан, ал ең алыс серіктің бетінен
қарағанда Юпитер Айдан да кіші болып көрінеді.
Сатурн Күн жүйесіндегі құралсыз көзбен бақылауға болатын соңғы
планета. Оның тығыздығы Күн жүйесіндегі планеталар тығыздығының
бәрінен де, тіпті қарапайым судың тығыздығынан да аз. Егер Сатурн
сиятын мұхит табу мүмкін болса, онда ол мұхитта қалқып жүрер еді.
Сатурн ені 275 000 км, ал қалыңдығы бір километрден артық емес,
өзінің қуатты сақиналар жүйесімен ерекшеленеді. 5 млрд жыл бұрын
Күннің айналасында да көптеген ұсақ денелер мен бөлшектерден
тұратын осындай сақинаның бірігуі нәтижесінде планеталар пайда
болады. Яғни, осы сақиналар планетаның пайда болу механизмін
түсінуге көмектеседі.
Уран. Уран да барлық алып планеталар тәрізді жартылай сұйық,
жартылай газ күйінде тұрады. Планетаның ішінде елеулі ірі ақтты
ядросы бар. Газ қабығының астында қалындығы планетаның радиусының
үштен біріндей жерде су, амиак және метаннан тұратын, температурасы
бірнеше жүз градус болатын тғыыз мұхит орналасқан. Ондағы
атмосфераның қысымы 200 мың жер атмоферасы қысымнан кем емес. Басқа
алып планеталарға ұқсас Уранның атмосферасы, негізінен, сутегінен,
гелийден және метаннан тұрады және олардың салыстырмалы қатынасы
Юпитер мен Сатурнға қарағанда төмен. Уранның ту көгілдір, өйткені
оның атмосферасының жоғарғы қабатында сутегі мен гелийдің түтіні
бар. Уранның магнит өрісі жердікі сияқты күшті, бірақ магниттік
полюс географиялық полюстан шамалы 500 - қа ауытқыған. Уранда 9
сақина бар. Олар: тығыз, жіңішке, сатурынның сақина - карина мың
есе жіңішке, түстері көмірдей қара.
Нептун. Күннен 4,5 млрд км қашықтықта жатыр, бұл жерден 30 есе алыс
деген сөз. Нептуннің өлшемі Ураннан аз ғана кіші және ал газды алып
пленталар ішіндегі ең кішісі болып есептеледі. Оның жарықтануы жер
бетінен 900 есе Юпитерден 30 есе кем. Нептун атмосферасының құрамы
алып планеталарға ұқсас екенін өлеулер көрсетті: 13% гелий, 85%
сутегі және басқа заттар мен метанның қапасы бар. Нептун
атмосфераның жоғары қабаттарының қозғалысы әдеттегіден өзгеше
жүреді. Планетаның өз өсінен шығысқа қарай айналуына қатысты
алғанда атмосфералардың қозғалысы батысқа қарай бағытталған, оның
үстіне экватордағы бұлт баяу қозғалады. Күн жүйесіндегі жерлердің
күштісі Нептунда соғады, оның жылдамдылығы дыбыстың жылдамдығына
жетеді.
Жер тобының планеталары және алып планеталар
туралы қорытынды.
Жер тобындағы планеталар жөніндегі негізгі мәліметтер ХХ ғасырда
алынады. Планетаның бетін тікелей жанама әдістерімен зерттеулер
негізінде планеталардың атластары құрастырылады. Олардың бетінде
планеталар белгіленеді.
Алып планеталар жөніндегі негізгі мәліметтерді ғалымдар ХХ ғасырда
70-80 жылдарында олардың американың ғарыш кемелері, Ваяджерлер ұшып
өткеннен кейін ғана алды. Ол арқылы жерге жіберілген тамаша
суреттер теориялық есептеулер нәтижесін растады және жаңа
жаңалықтарды ашты.
Адлет Рахимов Мұғалім
(2,058 балл) 05.02.2014 жауап берді
А.Саят 06.02.2014 жж таңдады
Конец формы
Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Начало формы
0 дауыс
Конец формы
Начало формы
Планеталар туралы ақпарат осы жерде.
•Ерасыл1995 Профессор (21,677 балл) 05.02.2014 жауап берді
Конец формы
Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Начало формы
0 дауыс
Конец формы
Начало формы
Бұл сұрақтарыңның барлығының жауаптары "Астрономия" оқулығында бар.
Жунусов ЕрЖан Шебер (5,185 балл) 05.02.2014 жауап берді
Конец формы
Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Сұраққа жауап беру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Реклама в интернете - nspro.kzПродвижение сайтов. Контекстная
реклама. Заказать рекламу в компании NSpro.О
компании·Производственная студия·КонтактыАдрес и телефонnspro.kz
Скачать Яндекс.БраузерНовая скорость работы в интернете. Яндекс.Браузер с режимом Турбо.0+Браузер для планшета·Браузер для смартфона·Синхронизацияbrowser.yandex.kz
Начало формы
Конец формы
Ұқсас сұрақтар
Аспан әлемі, ғарыш, планеталар туралы слайдтар тауып бересіздер ме?
Планеталар қалайша өздігінен жарық бөледі?
Плутон планета ма жоқ па? Неге плутонды планеталар қатарынан алып тастады?
Ең ірі бақа "Голиаф" туралы мәлімет тауып беріңіздерші?
Адраспан шөбі туралы мәлімет беріңдерші?
Гүлдер туралы толық мәлімет тауып беріңіздерші?
Жердің ішкі құрылысы туралы мәлімет керек
Яндекс.ДиректСпутниковое TV·Эфирное TV·Интернет телевидение·Мы на Facebookotautv.kz
Эта Игра - Новая DoTA!Prime World Престолы - Первая MOBA с клановыми войнами! Начни игру сейчас!ru.playpw.com
Начни зарабатывать $5000 в месяц!1. Зарегистрируйся в MaxiMarkets. 2. Начни сейчас. Бонус $250!SMS Сигналы·Бесплатная книга FOREX·Бонус 50%·Торговля без рисковapi.maximarkets.ru
Санаттар тізімі
Авто, Мото (772)
Қаржы, Бизнес (1,145)
Саясат, Мемлекет (1,060)
Заң (845)
Электрондық үкімет (166)
Жаңалықтар, Баспасөз (414)
Өмір, Тіршілік (3,102)
Ғылым, Білім (15,678)
Тіл, Сөз (3,048)
Қала, Ауылдар (466)
Тағам, Аспаздық (751)
Жұмыс, Мансап (709)
Экология, Табиғат (842)
Табиғат (55)
Жануарлар (637)
Өсімдіктер (14)
Экология (136)
Денсаулық, Әдемілік (4,221)
Мода, Стиль (713)
Спорт (2,558)
Танысу, Махаббат (2,313)
Көңіл-көтеру (1,503)
Өнер (1,178)
Тарих, Заман (1,253)
Қыдыру, Демалыс (243)
Кітап, Әдебиет (2,021)
Құрылыс, Жобалау (246)
Музыка, Ән (4,889)
Ұялы телефон (4,057)
Компьютер, Интернет (14,119)
Әлеуметтік желілер (1,132)
Кино, Теледидар (2,612)
Сурет, Видео (1,136)
Тұлға, Адам (2,060)
Салт-дәстүр (517)
Логикалық сұрақтар (10,353)
Интернет-конференция (71)
szh.kz туралы (2,646)
88,839 сұрақ
221,149 жауап
123,479 пікір
38,292 қолданушы
Таңдаулы сұрақтар
Компьютердегі файлдарды синхрондап, бұлтты жадта сақтау қалай жасалынады?
Қыздар неге көп темекі шегіп кетті?
Несиені төлемей қоюға бола ма?
Отандық туризм қолжетімді болуы үшін не істелінуі керек?
Програмист болу үшін қай пәнді таңдаймын?
Samsung-ке арналған ең жақсы 5 фоторедакторды ұсына аласыз ба?
Кітап оқығанды ұнатасыз ба?
Пломба салынғаннан кейін суык су ішсем тістерім ауырады?
Яндекс.Директb.power-braselet.ru
Как поступить в Кембридж?Узнайте как самостоятельно поступить в Кембриджский университет. Жмите!Бесплатная консультацияАдрес и телефонbritbridge.ru
Кіру
Тіркелу
Сайт ережесі
Онлайн Чат
FAQ-көмек
Сұрақтар
Жауапсыз сұрақтар
Өзекті сұрақтар
Жақсы жауабы жоқ
Көп қаралған
Санаттар
Ғылым-білім
Денсаулық
Компьютер туралы
Қызықты
Ұялы телефон
Әлеуметтік желілер
Сайт ережесі
FAQ-көмек
Басты сайт ету
Ілмектер
Қазақша видеолар
Аспаз жобасы
Онлайн аударма
Жарнама
Жоба туралы
Қазақша Цитата
Codeo
Ел.кз
Қазақша ойындар
ОнлайнTV
Кері байланыс
...
</<img src="/prepod/_bloks/pic/ikpt0du-060.jpg" align="bottom" width="624" height="381" border="0" alt="Тесты на 11 класс">