7


  • Учителю
  • Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы.

Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 9 орта мектеп

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы.

7-сынып

Физика пәнінің мұғалімі: Юсупова Гульзира Салимқызы













Жітіқара қ. 2014 ж



Сабақтың тақырыбы: Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы.

Мақсаты: Оқушылардың ізденімпаздық, ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды зерттеу

әдістеріне үйрету, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: Физикалық ой - өрісін дамыту, өз бетінше іздену арқылы білімін көтеру, біліктілікке талпындыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:топтық жұмыс,өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (әр оқушы өз көршісін аспан денелеріне теңеп амандасады)

  • Балалар сендермен бірге үй тапсырмасын тексермес бұрын баға қою ережелерін қайталап жіберейік

1.Жауаптың нақтылығы

2.Жұмыс тәртібі (белсенділік)

3.Топпен жұмыс (қарым-қатынас мәдениеті)



  1. Өтілген тақырыптарға шолу. «Ыстық орындық» ойны ойналады (оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды)

  1. Қай планетаның сақинасы бар? - (Сатурн)

  2. Бір жылда неше тәулік бар? (365)

  3. Астрономия нені зерттейтін ғылым? (аспан денелерін)

  4. Астрономия грекше аударғанда нені білдіреді?(астрон-жұлдыз,номос-заң)

  5. Галактика деп нені айтады? (сансыз көп жұлдыздардың үлкен жүйесін айтады)

  6. Құс жолы нелерден тұрады? (сансыз көп жұлдыздардан)

  7. Оны ашқан кім? (Галилей)

  8. Галактикадағы ең үлкен жұлдыз? (Мю Цефея)

  9. Жердің табиғи серігі (ай)

  10. Космонавтика дегеніміз не?(космос-ғарыш,наутик-кеме жүргізу)



  1. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты түсіндіріп айту. Сұрақтар:

  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан кім? (Ньютон)

  2. Айға алғаш рет кімдер және қашан барып, оралды? (1969ж.Армстронг пен Олдрин)

  3. Аспан денелерін тұңғыш рет арнайы үлкейткіш құралмен зерттеген қай ғалым? (Галилей)

  4. Түнгі аспанды бақылайтын үлкейткіш дүрбі нешінші жылы, және қайда жасалған? (Голландия,1608ж)

  5. Галактика деп нені айтады? (сансыз көп жұлдыздардың үлкен жүйесін айтады)

  6. Біздің галактикадағы ең үлкен жұлдыз Мю Цефея Күннен неше есе артық? (2400)

  7. Галактикалардың қандай түрлерін білесің?(спиральдық,эллипистік,бұрыс галактикалар)

  8. Біздің галактика қай түріне жатады? (спиральдық)



«Молекулалар» ойыны арқылы топтарға бөлу. Топ ережелерін қайталау. Рөлдерін анықтау (көшбасшы, хатшы, уақыт бақылаушы)



  1. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты ашу.

Мұғалім: Балалар, әл-Фараби,әл-Бируни,Ибн Сина, Насыраддин Туси деген ұлы ғұламалар қай жерден шыққанын білесіңдер ме?


Ендеше, балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы»


Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? (мақсат қою)

Ал, осы мақсатқа жету үшін не істеу керек? (қойылатын міндеттер(дағдыларды дамыту,меңгеру))


Топтарға бөлу:

Ғалымның есімін төменде берілген сипаттамалар арқылы табыңыз: (ғалымдардың суреттері тақтада көрсетіледі)

  • Бұл ғалымды «сэр» деп атаған

  • Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған

  • Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы

  • Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген

  • Физика ғылымының бірінші ұстазы (Исаак Ньютон)

  • Мына суреттегі ғалым кім? Итальян ғалымы, инерция заңын ашқан.

  • Құс жолының орасан мол жұлдыздардан тұратынын ашқан(Галилео Галилей)

  • Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады?

( М.В. Ломоносов )


Оқулықпен жұмыс

Бөліммен оқу

Ньютон тобы-1-2 бөлімдерді оқу (Ұлықбек)

Галилей тобы-3-4 бөлімдерді оқу (Әбу Насыр әл-Фараби)

Ломоносов тобы-5 бөлімді оқу (Анақарыс)-төмен оқитын оқушылар жауап береді

Ежелгі аңыздарындағы аспан денелерінің қазақ атаулары-3-топ жауап береді


Мұғалім: Осы ғалымдардың барлығы ғылымның дамуына үлкен үлестерін қосқан.


Тұжырымдамалық карта

Сонымен, балалар, біз астрономия және физика не туралы ғылым екенін оқып білдік.

Сондықтан тұжырымдамалық картаны толтырамыз.

  1. Физика

  2. Астрономия

  3. Ертедегі халық астрономиясы

Оқушылар алған білімдерін картаның бетіне түсіреді


Сергіту сәті: «Аспан әлеміне шолу» (жай әуен ойналады, оқушылар демалады)


  1. Сабақты бекіту:

Сайыс «Кім көп біледі?» (топ мүшелері алдын ала дайындап әкелген сұрақтарымен бір -бірімен алмасады. Жауап беріп, бірін-бірі бағалайды)

  1. Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)

  2. Судың кішкене бөлшегі қалай аталады? (тамшы)

  3. Өзен сияқты бір бағытта ағады және тоқтамайды (сағат)

  4. Не көрінеді, егер ештеңе көрінбесе? (тұман)

  5. Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)

  6. Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)

  7. Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ,

қыста жер бетін басады,

жазда сайға қашады. (қар)

  1. Бар жоғын білмейсің,

онсыз өмір сұрмейсің? (ауа)

  1. Кемпір қосақтың неше түсі бар? (жеті)

  2. Бір жаудың екі күзетшісі екі тыңшысы,

32 бөрісі бар. Бұл не? (бас)

  1. Күн жүйесінің құрамында,

қанша планета бар? (тоғыз)

  1. S=V*t формула? (жол)

  2. Қос құлақты жүз түсті,

Жүзінен бірақ із түсті. (ара)

  1. Тұзды суда жұмыртқа бата ма? (жоқ)

  2. Табиғи жарық көзі? (күн)

  3. Аса қажет өмірге халық үшін,

пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)


  1. Сабақты қорытындылау:

Табыс критериі


Нені білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?



Сонымен, біз бұрыннан нені білдік?

Бүгінгі сабақта нені түсіндік?

Нені қолдана аламыз?


  1. Бағалау

(барлық бағаларын қорытындылап бақылаушылар бағаларын қояды, мұғалім қорытындыбағасын шығарады)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал