7


  • Учителю
  • 'Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы'

'Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сынып: 5

Пән: Жаратылыстану

Тақырыбы: Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.

Дамытушылық: Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы туралы оқушылардың білімін ары қарай дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өзара түсіністікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақ типі:Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру

Көрнекіліктер: суреттер, үлестірме қағаздар

Пән аралық байланыс:физика

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру сәті(2 мин)

2.Пысықтау сұрақтары(8 мин )

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (25мин)

4.Жаңа тақырыпты бекіту (5мин)

5.Бағалау (3мин)

6.Үйге тапсырма беру(1мин)

1.Ұйымдастыру

- сәлемдесу

-оқушыларды түгендеу

- сабаққа назар аударту

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Сәйкестікті тап

А. Біз тіршілік ететін ғаламшар

1) Меркурий

Б. Диаметрі жерден 9,5 есе үлкен

2) Шолпан

В. Вильгелм Гершель ашқан

3) Жер

Г. 1846ж жылы белгілі болды

4) Юпитер

Д. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар

5) Сатурн

Е Күн жүйесіндегі ең кішкентай ғаламшар

6) Уран

Ж. Төртінші орналасқан ғаламшар

7) Нептун

З. Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар

8) Плутон

И. Күнді 225 тәулікте айналып өтеді

9) Марс


Жауаптары


1

2

3

4

5

6

7

8

9

Д

И

А

З

Б

В

Г

Е


2.Деңгейлік тапсырмалар ( баллдық жүйе)

1.Күн дегенімізге анықтама ?

2.Күн бетіндегі температура шамамен қанша градусқа тең ?

3.Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай маңызы бар ?

4.Күнге еш уакытта тура қарауға болмайды , себебі неде ?

5.Ғаламшар деген не ?

6.Ғаламшардың жұлдыздан қандай айырмашылығы бар?

7.Қандай ғаламшарларды білесің ?

8.Орбита дегенімізге анықтама бер ?

9.Күн жүйесіндегі ғаламшарларды неше топқа бөледі ?

10.Астероидтар белдеуі қалай түсінесің ?

11.Қайсы ғаламшар күнге ең жақын?

12.Қандай ғаламшарлар күн жүйесіне жатады?

13.Атмосферада жанбай өтіп жерге жеткендерін не деп атайды?

14.Ең үлкен ғаламшар қайсысы жалпы мағұлмат бер?

15.Сатурн жайлы не білесің?

16.Үлкен ғаламшарларға қайсысы жатады ?


3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ғарышқа ғарышкерлер қайдан ұшырылады ?

Поляк жазушысы Станислав Лемнің айтуы бойынша адамдар жерді игеруден не болмаса өз денесінің құрлымымен танысудан бұрын ғарыштық кеңістік ондағы жұлдыздар көбірек қызықтырған.Ежелгі астрономдардың басты жұмысы жұлдыздардың катологын жасаумен және олардың орналасқан жерімен айналу бағытымен анықтаумен болады .Ғарыштық кеңістікті нақтылап зерттеу жұмыстары 17 ғасырдағы телескоптың пайда болуынан кейін мүмкіншілік туды. Алғашқы « үлкейткіш дүрбіні » 1609 жылы Галилео Галилей ойлап шығарды. Бірақ оның көру мүмкіншілігі тек қана 3 есеге үлкейтті.Осы кезеңнен бастап әлі күнге дейін аспан денелерінің зерттеу мақсатында телескоптың түрлері жаңартылуда. Оптикалық телескоптар - жарықты линазаға немесе айна табақшаға жинау арқылы көріністі анықтайды. Радиотелескоптар - ғарыштық объектілерден бөлініп шығаратын дыбыстармен импульстерді табақшасына жинау арқылы жұмыс істейді.Ғарыштық телескоптар - ғарыштық кеңістікте орналастырылады. Оның мүмкіншілігі көп.Адамзат ерте заманнан бері аспанға ұшуды армандаған болатын.Әуе көлігінің шығуы олардың ойын одан ары қарай жетеледі.Ғарышқа алғашқы жол 1957 жылы 4 қазан күні ашылады. Жердің жасанды серігі алғаш рет Жердің орбитасына ұшып шықты.Қазіргі кезге дейін Жер орбитасына мыңдаған жасанды серіктер ұшырылуда.Олар жер атмосферасын, ғарыштық кеңістікті, құрлықпен теңіздердегі болып жатқан процестерді бақылап отырады. Ғарышты зерттеудегі ең үлкен қадам 1961 жылы 12 сәуір күнгі бірінші ғарышкер Юрий Алекссевич Гагариннің « Восток » атты ғарыш кемесімен жерді айнала ұшып,алғаш рет Жерді ғарыштан көруі.

Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы ұшты. Оған дейін ол Кеңестер Одағының белгілі Батыры , ұшқыш - сынақшы болатын. Одан кейінгі ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышта үш рет болды. 1994 жылы ғарыш кеңістігінде 126 тәулік болды. Ал 1998 жылы халықаралық экипаждың командирі болды. Ұшу ұзақтығы 207 тәулікке созылды .2001 жылы тарихи оқиға болды. Талғат Мұсабаев экипаж командирі ретінде және алғашқы ғарыштық туристі алып ұшты.

4.Жаңа тақырып бекіту:


Оптикалық телескоп?

Үлкейткіш дүрбіні кім шығарды?

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?


1961 жылы 12 сәуір күнгі бірінші ғарышкер кім?

1991 жылы ғарышқа ұшқан кім ?

Радио телескоп дегеніміз ?


5. Оқушыларды бағалау

6.Үйге тапсырма: § 6 Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы.

Ғарышкерлерге арнап материал дайындау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал