7
  • Презентации
  • Презентация на тему ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЕНГІЗУДЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУ

Презентация на тему ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЕНГІЗУДЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ Ұ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ “ӨРЛЕУ” АҚ ФИЛИАЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ Алматы облысы Ұйғыр ауданы «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі Жоба Тақырыбы: ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЕНГІЗУДЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУ Орындағандар: Абдилова Б. Исжанова К. Курс жетекшісі: Валиева М.У. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, ПҒК Шонжы, 2014жыл
2
Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологиялары...
Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы 8-бап
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Жоба жұмысының жоспары: 1.Кіріспе. 2.Негізгі бөлім. 2.1. Ізденіс – жаңалыққа...
Жоба жұмысының жоспары: 1.Кіріспе. 2.Негізгі бөлім. 2.1. Ізденіс – жаңалыққа жол ашу 2.2. Мектептегі эксперименттік жұмысты ұйымдастыру 3.Қорытынды 4.Пайдаланылған әдебиеттер
4
Кіріспе Өзектілігі: Бүгінгі таңда  білім беру ұйымдарына  білімдегі бүгінгі ө...
Кіріспе Өзектілігі: Бүгінгі таңда  білім беру ұйымдарына  білімдегі бүгінгі өзгертулер мен жаңартуларды енгізу, бүгінгі білім беру жағдайында педагог кадрларға қойылатын негізгі талаптарды ескеру,  педагог кадрлардың кәсіби  құзыреттілігін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру мәселелері білімнің қазіргі саясатына негізделгенімен  білім алушыларға білімнің сапалы түрде жеткізілуі   нақты қажетті әдіснамалық сипатта берілмей отыр.                     ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында ...Орта білім жүйесін Қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді деп  атап көрсетті. Осы мақсатта назар аударатын басты мәселе білім туралы әлемдік тәжірибені есепке алып,   мектептегі педагог  кадрлардың кәсіби дайындығын көтеру,   педагог кадрлардың  білім беру технологияларын   әлемдік стандарттарға негіздеу, оқыту технологияларына арналған  жаңа ғылыми бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік нұсқауларды,  жазу мәселесімен айналысуды  жұмысымыздың басты мақсаты деп санауымыз   керек болды. Педагог кадрлардың  қазіргі заман талабына сай білім саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтарға бейімделуі,   бүгінгі білім берудің әдіснамалық жүйесі  жеткіліксіз қарастырылуы, білім берудің дәстүрлі әдіснамалық жүйесінен арыла алмай ескірген әдіс- тәсілдерді оқу үрдісіне қолданудың нәтижесінде білім алушылардың оқуға деген қызығушылығының жойылуына әкеліп соғуы, тіпті білім алушының мектеп өмірінен жалығуына дейін жетуі оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңаша жүйесін жасауды талап еткенін көрсетеді.
5
Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан і...
Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан іс-шараларды жүзеге асыруда  оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетке белсенді, шығармашылық бағыт ұстанатын, құзіреттілік қабілеті жан-жақты дамыған сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мақсаты:
6
Міндеттері: 1.Оқытуды технологияландыру арқылы бүгінгі білім берудің  мақса...
Міндеттері: 1.Оқытуды технологияландыру арқылы бүгінгі білім берудің  мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіну,  таңдап алынған оқытудың технологиялар бойынша теориялық ақпараттар желісімен танысу 2.Жеке тұлғаға негіздеп білім берудегі сабақтың үлгі жоспарларын әзірлеу, үлгі сабақтар өткізу, 3.Экспериментатор - педагогтың  технологиялық, ақпараттық, коммуникативтік, менеджерлік құзіреттіліктерін қалыптастыруына ықпал ету, 4. Педагогтар көзқарасын оқыту технологиясына  бейімдеудің нақты әдістемесін жасау және оны тәжірибе жүзінде тексеру.
7
Егер,  орта мектептердің  оқу үдерісінің барысында оқыту технологияларын қо...
Егер,  орта мектептердің  оқу үдерісінің барысында оқыту технологияларын қолдану    мәселелеріне ғылыми- педагогикалық жан-жақты талдаулар жасалып,  технологиялық құзіреттіліктерді қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалып және ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе,   оқу орындарының білім беру деңгейі заман талабына сай өзгерістерге бет бұру арқылы білімді, ізденімпаз, креативтілік қабілеті жоғары дамыған, синергетикалық іс-әрекетте белсенді, шығармашыл бағыт ұстанатын құзіретті  тұлғалар тәрбиелеп шығара алады. Мектептегі эксперимент жұмысының ғылыми  болжамы:
8
ҚР-ның Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, «ҚР-ның Қазақстан - 2030» даму стр...
ҚР-ның Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, «ҚР-ның Қазақстан - 2030» даму стратегиялық бағдарламасы, ҚР Үкіметінің ресми материалдары (заңдар, қаулы), ҚР-дағы 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасы, ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ҚР-да  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік  бағдарламасы, Оқыту технологиялары   бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері. Озық педагогтар тәжірибелері, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, ұжымының өзіне тән жеке іс-әрекет тәжірибесі, Мектептегі эксперимент  жұмысының зерттеу көздері:
9
Оқыту технологиялары  бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және...
Оқыту технологиялары  бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану,   мектеп  оқушыларының білім, білік, дағды    деңгейін бақылау, Жеке тұлғалалық сипатқа тән  оқушылардың     шығармашылық жұмыстарын әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру, Тәжірибелік – эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық және сапалық жағынан сараптап қорытындылау, мониторингін жасау Мектептегі  эксперимент жұмыстың  зерттеу әдістері:
10
1. Ізденіс – жаңалыққа жол ашу Негізгі бөлім 	Инновация – латыншадан аударған...
1. Ізденіс – жаңалыққа жол ашу Негізгі бөлім Инновация – латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе «инновация» – бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады.
11
2. МЕКТЕПТЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Зерттеп білмейінше білу де,...
2. МЕКТЕПТЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес. Бауыржан Момышұлы Эксперимент – (латынның – тәжірибе, байқау, көру деген сөзінен алынған) педагогикалық әрекеттің нәтижесіне әсер ететін мәнді факторларды анықтайтын зерттеу әдісі. Эксперимент біріншіден белгілі бір теориялық ережелерді дәлелдейді немесе жоққа шығарады. Екіншіден жаңа эксперименттермен растауға тиісті жаңа теория немесе гипотезаның алғы шарты болады. М.М.Поташкин педагогикалық эксперименттің нәтижесі алдын ала белгісіз болғандықтан тәуекелмен байланысты екендігіне тоқталады. Өйткені: Адамның барлық ойлағаны көп жағдайда орындала бермейді. Кейбір болжамдар қате болып жатады. Эксперимент – ғылым мен практиканы байланыстыратын құралдардың негізгісінің бірі. Эксперименттің дәледеуінсіз бірде бір теория ұзақ өмір сүре алмайды. Барлық эксперименттің негізгі мақсаты – жаңалық ашу болғандықтан, ол – шығармашылық әрекет. Ендеше экспериментке қатысатын барлық оқытушылардан шығармашылық әрекет талап етіледі. Шығармашылықты адамның ішкі әлеуетін ең жоғары деңгейге көтеріп, шыңға шығаратын өзінің ішкі күштерін жұмылдыра отырып, өзін-өзі іске қосатын, сол арқылы ең жоғары нәтижеге әкелетін адам әрекеті деген тұжырымдар жасайды ғалымдар. Сонымен қатар, экспериментатор - педагог  шығармашылық әрекетке негізделген эксперименттің сапалы болуының шарттарын яғни, ғылыми аппаратын білуі тиіс. Оларға: педагогикалық эксперименттің тақырыбы, өзектілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, қорғауға ұсынылған қағидалар, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі жатады. Педагогикалық эксперимент «бұрын қарастырылмаған нені зерттеу керек» деген сұрақтан басталады.
12
Бүгінгі күнге дейін мектептің эксперимент жұмысының  негізгі шарттары анықта...
Бүгінгі күнге дейін мектептің эксперимент жұмысының  негізгі шарттары анықталады. Мектептің  экперимент  алаң жұмысы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 25-бабына сай оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім  берудің жаңа мазмұнын енгізуге  бағытталған облыстық білім басқармасының қасындағы және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының мамандары  әзірлеген бағдарламасына сай  мектептегі эксперименттік алаң қызметінің ережесі бекітіледі. Мектептегі экспериментатор-мұғалімдер құрамында  тәжірибелі, шығармашыл және ізденуші мұғалімдер әлеуеті жұмыс атқарады.  Мектептегі  эксперимент алаң мұғалімдері өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  27 шілдедегі Заңын, облыстық білім басқармасының жарғысын, білім беру ұйымының бұйрығын   және осы Ережені басшылыққа алып жұмыс жүйесін атқарады. «Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық қызметті енгізу» атты тәжірибелі –экспериментті  алаңның   оқу жылына арналған  жұмыс жоспары құрылады. Эксперимент  алаңындағы  экспериментатор - мұғалімдерінен жасақталған шығармашылық топтың  атқаратын міндеттері  анықталады. Эксперимнт  алаңындағы  экспериментатор-мұғалімдері жұмыс бағытымен таныстырылады. Мұнда, таңдап алынған оқыту технологиясы бойынша ақпараттар жинақтау, облыстық мамандар біліктілігін арттыру институттарының бекітілген координаторлармен тығыз байланыс жасау, эксперимент сыныптарына арналған алғашқы мониторингілік кестені толтыру сияқты жұмыс бағыттары ұсынылады. Әрбір экспериментатор-мұғалімдердің айналысатын технологиялары бойынша  ғылыми-ізденушілік жұмыстарын жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылады. Арнайы тағайындалған координатолармен кездесу ұйымдастырылып, олармен бірлесе отырып алғашқы мониторингілік кесте  құрастырылады. Құрастырылған мониторингілік кесте бойынша экспериментатор-мұғалімдар  алғашқы бақылау мониторингісін жасайды. Мектептегі эксперимент жұмысының жүргізілу барысы
13
КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН БАИ-ның директоры Мектеп директоры _________ Х.А.Дюсебаев...
КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН БАИ-ның директоры Мектеп директоры _________ Х.А.Дюсебаев _________Б.АБ.Абдилова Эксперименттік тәжірибе жұмысының перспективалық жоспары   №   Жүргізілетін жұмыстардың жоспары Мерзімі Кезеңі Қолданылатын әдістер Ұйымдастыру формалары Күтілетін нәтиже Жауапты адам Ескерту Дайындық кезеңі   Эксперимент тақырыбына сәикес теориялық материалды оқу,талдау,жүйелеу,үйрену Қаңтар маусым2014 2014-2015 оқужылының дайындық кезеңі Конференциялар, лекциялар,курстар,педогогикалық әдістерді оқып үйрену, АОМКДИ-мен байланыс жасау АОМКДИ әдіскерлерімен кездесу. Авторлармен, ғалымдармен кездесу Педогогикалық теорияны тәжірибеге енгізу әдістері Әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары     Экспериментті жүзеге асыру үшін шығармашылық және оқу- танымдық ұжым қалыптастыруға дайындық жүргізу Ақпан мамыр2014 Ұжыммен жұмыс істеу, сауалдар құру, пікірталас, рейтингтер, диогностика Шығармашылық және педогогикалық ізденіс менеджер топтары Мектептің даму бағдарламасы Эксперттік топ мүшелері     Эксперимент жүргізуге қолайлы жағдай тудыра отырып бағалау шкалалары Мамыр тамыз2014 Мұғалімнің шығармашылық зертханасы, оқу кабинетінің талапқа сай болуы, құжат іс- қағаздарды оқып үйрену Материалдар мен мәліметтерді сараптау Тұлғаға алғашқы қадам Эксперттік топ
14
№ Жүргізілген жұмстардың жоспары   Мерзімі   Кезеңі   Қолданылатын әдістер  ...
№ Жүргізілген жұмстардың жоспары   Мерзімі   Кезеңі   Қолданылатын әдістер   Ұйымдастыру формалары   Күтілетін нәтиже   Жауапты адам   Ескерту 4 Экспериментке алынатын сынып оқушыларымен жұмыстар жүргізіп күтілетін нәтижеге сараптама жасау Мамыр – маусым2015                                             Мониторинг Салыстыру,бағалау, жобалау, ұсыныс әзірлеу «Ізденімпаз оқытушы» бейнесі Эксперттік топ   5 Экспериментке қатысатын оқушылар мен ата – аналардың дайындығын анықтау жұмыстарын жүргізу наурыз – мамыр2015   Әңгімелесу,«Дөңгелекүстел» пікірталас, ойын - сабақтар Ақпараттық кеңестер Эксперимент жайлы «күтілетін нәтиже» топтамасы Пәнмұғалімдері, сыныпжетекшілері   6 Жүргізіліп жатқан жұмыстардың көрсеткіштерін бағалау,сараптау, мониторингісін дайындау наурыз – маусым2015 Параметрлерібойынша Кабинеттерді жабдықтау Өзіндік жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру Әкімшілік   7 Нәтижеге бағытталған оқу жоспары мен дамыту бағдарлама ларын жасау мамыр - тамыз2015 Бағдарлама әзірлеу Сынақтан өткізу Кешенді бағдарламалар жинағы Эксперттік топ
15
№ Жүргізілетін жұмыстардың жоспары   Мерзімі   Кезеңі   Қолданылатын әдісте...
№ Жүргізілетін жұмыстардың жоспары   Мерзімі   Кезеңі   Қолданылатын әдістер   Ұйымдастыру формалары   Күтілетін нәтиже   Жауапты адам   Ескерту 8 Экспериментке арналып жасалған бағдарламаны талдау маусым2015 2014-2015 оқужылының дайындық кезеңі     Сараптамалар Жеке тұлға ретінде дербес, еркін қабілет үшін бағдарлама жасау Мұғалімнің жеке қорытындысы, дамыту жоспары Эксперттік топ   9 Эксперимент жетекшінің әдістемелік нұсқау жүргізуі тамыз2015 Семинарлар,кездесулер, іскерлік ойындар   Шеберлігі шыңдалған, эксперимент жұмыстардан нәтиж күтетін ұжым қалыптастыру       Практикалық кезеңі 1 Эксперименттің кешенді бағдарламасын жүзеге асыратын жұмысты бастау Қыркүйек2015 2014- 2015,2015-2016оқу жылдары   Экспериментке қатысушылар кеңесі Өзін - өзі бағалау,тану, дамыту,басқару жүйесі Авторлық бағдарламалар Мектеп әкімшілігі   2 Оқу жоспары мен бағдарламаларын тәжірибеден өткізу І жарты- жылдық Жаңаша икөзқарас пен инновациялық үрдістерді дамыту, білім беруде сапалылық көрсету Оқу - тәрбие үрдісінің қарқынын көрсету Білім берудің нәтижелілігі Педагогикалық ұжым
16
№ Жүргізілетін жұмыстардың жоспары   Мерзімі   Кезеңі   Қолданылатын әдісте...
№ Жүргізілетін жұмыстардың жоспары   Мерзімі   Кезеңі   Қолданылатын әдістер   Ұйымдастыру формалары   Күтілетін нәтиже   Жауапты адам   Ескерту 3 Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін іріктеу,кесте жасау қыркүйек2015   2015–2016, 2016–2017оқу жылдары       Тренингтер Жеке жоспарды зерттеу Білім беруде жаңашылдық орта қалыптастыру Эксперттік топ   4 Жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастыруға бақылау жүйесін нақтылау қыркүйек20115   Ақпараттық, аналитикалық материалдар Сарапшылар кеңесң Нәтижеге бағыттау Эксперттік топ   5 Оқушының шығармашылық іс әрекетін қалыптастыруда диагностикалық әдіс – тәсілдерді пайдалану қыркйек2015 Ой бөлісі Сарапшылар кеңесі Оқу тәрбие үрдісі Эксперттік топ   6 Эксперимент жұмысының бағалау параметрлерін нақтылау қазан2015 Аналитикалық талдау жасау Сарапшылар кеңесі Сараптама Эксперттік топ   7 Жаңа әдістеме лердің қолданылуына жағдай жасау, олардың ең тиімді пайдалану жолдарын кеңейту қаңтар – маусым2016 Үлгілі жұмыстар қорытындысы, ашық сабақтар, тәрбие сағаттар, әр түрлі іс шаралар Ақпараттар, видеофильмдер дискілер әзірлеу Эксперимент тәжірибесін іске асырудың механизмі мен технологиясы Әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
17
№ Жүргізілетін жұмыстардың жоспары   Мерзімі   Кзеңі   Қолданылатын әдістер  ...
№ Жүргізілетін жұмыстардың жоспары   Мерзімі   Кзеңі   Қолданылатын әдістер   Ұйымдастыру формалары   Күтілетін нәтиже   Жауапты адам   Ескерту 8 Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық потенциалдардың дамуы. қаңтар маусым2016   2014–2015, 2015–2016оқу жылдары Инвоациялдық үрдістерді дамыту Оқу – тәрбие үрдісінің қарқынын көрсету Білім берудің нәтижелілігі Педагогикалық ұжым   9 Оқушының жеке тұлғасын зерттеу картасын жасау наурыз2016 Анықтамалар, сараптамалар, диагностикалау Эксперименттік топ Жеке тұлғаны жан – жақты зерттеу Сынып жетекшілері   10 Кедергілерді жою және болдырмау жолдары қаңтар2016 Анықтамалар, сараптамалар Эксперименттік топ Кедергілерді жою шаралары Эксперттік топ   11 Эксперименттің аралық нәтижелерін бақылау қорытындысын жинақтау наурыз2016 Кординациялық кеңес Материалдарды әдістемелік басылымға жариялау Жан – жақты жетілген, шығармашылық іс - әрекетті қалыптасқан жеке тұлға дайындау Әкімшілік, пәнмұғалімдерді, сынып жетекшілері
18
№ Жүргізілетін жұмыстардың жоспары   Мерзімі   Кезеңі   Қолданылатын әдісі  ...
№ Жүргізілетін жұмыстардың жоспары   Мерзімі   Кезеңі   Қолданылатын әдісі   Ұйымдастыру формалары   Күтілетін нәтиже   Жауапты адам   Ескерту   Қорытынды кезеңі - 1 Эксперимент нәтижелерінің мақсатына сәйкестігін анықтау барысында эксперимент жұмыстарын жан- жақты жүргізу қазан2016– наурыз2017 2016–2017оқу жылының І жартыжылдығы Мониторингтер, анықтамалар, салыстырулар, сараптамалар Ғылыми кеңес мәжілісі Ғылыми кеңес мәжілісі Мектеп әкімшілігі, экспериментті ұйымдастырушылар   2 Эксперимент қорытындысын жасау сәуір2016 Анықтамалар есеп беру Эксперименттік топтық кеңес Эксперименттік топтық кеңес Экспериментті ұйымдастыру шылар   3 Эксперимент нәтижесін жинақтау сәуір – мамыр2016 Модельдеу Мектеп, ата – ана, мұғалім,оқұшы ынтымақтастығы Мектеп, ата – ана, мұғалім, оқушы ынтымақтастығы Экспериментті ұйымдастыру шылар   4 Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін қалыптастыру жұмыстары бойынша нұсқау лықтар әзірлеп тәжірибеге енгізу 2016– 2017ж.ж Эксперименттік топ мүшелерінің пікірі, жетекшілердің жұмыс қорытындысы Конференция Конференция Ғылыми кеңес экспериментті ұйымдастыру шылар мен мектеп әкімшілігі
19
Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты ғылыми кеңесінің 2010 жылы...
Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты ғылыми кеңесінің 2010 жылы 14 қазандағы №5 шешімімен мектебіміз «Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» тақырыбы бойынша ғылыми-эксперимент жұмысы жүргізілетін мектептер қатарына енгізілді. Эксперимент «Оқушыларға нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыра отырып, тұлғаның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беру кеңістігін ұйымдастыру» мақсатымен жұмыс жүргізді. Жүргізілген эксперименттің нәтижесінде біріншіден, мұғалімдердің, оқушылардың қызметіне дифференциалды ықпалдастығы жүзеге асырылды, соның негізінде оқушлардың өзіндік білім алу траекториясы қалыптасты. Екіншіден, оқушылардың шығармашылық ерекшеліктері анықталып, өзіндік іс-әрекеті қалыптасты. Үшіншіден, оқушылар бойында ізденіс, білімге деген қызығушылық оянды, оқушының өзінің білім сапасын арттыру құштарлығы тұрақтанды. Төртіншіден, педагогтар мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің маңыздылығына қол жеткізілді.
20
«Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге...
«Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» тақырыбында жүргізілген эксперимент кезіндегі шығармашылық тәжірибе алмасу семинары
21
Қорытынды Инновациялық қызмет – мектептің инновациялық техникалық және технол...
Қорытынды Инновациялық қызмет – мектептің инновациялық техникалық және технологиялық әлеуеті туралы мәліметтерді жүйелеу және талдау, бәсекеге қабілетті әзірлемелерімен қамтамасыз етілген «технологиялық дәліздерді» айқындау, зертханалық кешенін жаңғыртуды қамтамсыз ету, инновациялық технологияларды әзірлеу және тапсыру саласында зерттеу құрылымдарының өзара әрекеттістігін қамтамасыз ету. Ал, эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы, білім мекемесіндегі іздену жұмыстары, мектепті басқарудағы, балаларды дамытудағы, тәрбиедегі, жаңа технологияларды апробациялау және бағыттау, бақылау. Яғни, ол - даму, қазіргі уақытта білімдегі принциптерді дамыта алатындар   және білім саласында ізденушілер. Эксперименттік жұмыс білім мекемесіндегі кешенді көп функциялы әдістердің әртүрлі міндеттерді шешуді және шығармашылық қабілет деңгейлерін көрсетеді: Модификациялық- белгілі әдіс –тәсілдерді өзгеріске ұшыратып, түрлендіріп, жаңашаландырып көрсету. Комбинаторлық-   жаңа элементтерді танымал бұрынғы әдістермен кіріктіру. ( бұл тиімді эффект береді немесе жаңа технология туындайды) Радикалдық   - (инновациялық) принципті түрде жаңашылдықты тудыратын наваторлық жағынан қарау, бұрын –соңды қайталанбаған жоба. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдер қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, оқыту үдерісін технологияландыру, осыған сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізіп жаңа оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен тансу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.
22
Пайдаланылған әдебиеттер : ҚР-ның «Білім туралы» Заңы; ҚР-да  білім беруді да...
Пайдаланылған әдебиеттер : ҚР-ның «Білім туралы» Заңы, ҚР-да  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік  бағдарламасы, Оқыту технологиялары   бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, Озық педагогтар тәжірибелері, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, ұжымның өзіне тән жеке іс-әрекет тәжірибесі, Ғаламтор материалдары
23
Назарларыңызға рахмет!
Назарларыңызға рахмет!
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию