- Презентации
- Алғашқы әскери дайындық пәнінен презентация тақырыбы Автаматты (пулеметті)бөлшектеу және жинақтау
Алғашқы әскери дайындық пәнінен презентация тақырыбы Автаматты (пулеметті)бөлшектеу және жинақтау
Автор публикации: Сыздыков М.А.
Дата публикации: 20.10.2016
Краткое описание:
1
Родина жалпы орта білім беретін мектебі. Алғашқы әскери дайындық сабағы. 10а сынып Үй тапсырмасы: Калашников автоматы,қол пулеметінің атқаратын қызметі.
2
Үй тапсырмасының сұрақтары: 1. М.Т.Калашников өмірбаяны. 2. Автоматтың (пулеметтің)арналуы мен ұрыстық қасиеті. 3. Автомат оқтары. 4. Атудың көздеу қашықтығы. 5. Ату қарқыны. 6. АК -74 тактикалық мінездеме. 7. РПК -74 тактикалық мінездеме.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
4
АКС-74 темір қозғалмалы прикладты Калашников автоматы калибрі 5.45мм , 1970 жыл 5.45мм Калашников автоматы АК-74
5
Калашников автоматы.
6
АК-74 бөлшектері мен механизімдері Ұңғы қорабы,көздеу аспаптары және тапанша сабы: Ұңғы қорабының қақпағы. Сүңгі-пышақ. Қайтармалы механизм. Газ поршені мен бекітпе жақтауы. Ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі. Бекітпе. Шомпол сүмбі. Құндақ. Оқжатар. Жабдығымен пенал.
7
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫ
8
9
Оқушылардың білімін жетілдіріп,Калашников автоматтының толық емес бұзу және жинақтауды үйретіп,қарудың материалдық бөліктерін түсіндіру .
10
Білімділік: Оқушыларды қазақ армиясын- дағы қару түрлерімен таныстырып,калашников автоматына, сипаттама беру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрістерін жетілдіре отырып,білімдерін дамыту. Тәрбиелілік: Оқушыларға өз елін,жерін суюге және оз отандарының патриоты болуға тәрбиелеу.
11
Оқу сұрақтары: 1. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау. 2. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
12
Автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін, толық бөлшектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі.
13
А т а қ т ы к он с т р у к т ор М и х а и л Т и мо ф е е в и ч К а л а ш н и к о в. 5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес қару, ол қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Автоматтан автоматты (АВ) немесе жекелей (ОД) атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі.
14
Тактико – техникалық мінездемелер АК -74, РПК - 74 Мінездемелер АК - 74 РПК - 74 Ұңғы калибрі 5,45 5,45 Нақты атыс қашықтығы (метр) 500 600 Атудың көздеу қашықтығы (метр) 1000 1000 Тура атыс қашықтығы (метр) кеуделік фигураға жүгірмелі фигураға 440 625 460 640 Атыс қарқыны минутына около 600 около 600 Ұрыстық ату жылдамдығы (мин) кезекпен ату жекелей ату до 100 до 40 до 150 до 40 Оқжатармен қосқандағы массасы (кг) 3,2 5,0 Сүңгі-пышақтың қынабымен қоса алғандағы массасы 450 ----- Оқтың ұшу қашықтығы (метр) 3150 3150 Бастапқы оқ жылдамдығы 900 960 Оқжатар сыйымдылығы 30 45
15
Автоматтың құрылысы Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері:
16
1. Ұңғы және ұңғы қорабы, 2. көздеуіш құралдары, 3. тапанша сабы, 4. дүм.
17
Соққыш – ағытқыш механизм
18
оқжатар
19
сүмбі пенал
20
ұңғы қорабының қақпағы
21
бекітпемен қоса бекітпе жақтауы бекітпе
22
қайтармалы механизм жалын сөндіргіш
23
газ түтігі жапқышы
24
құндақ
25
Автоматты бөлектеу және жинақтау
26
Оқжатарды бөлектеу. Автоматты сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекітпішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып бөлектеп алады.
27
Ауыстырғышты «сақтандырғыш» жағдайына қояды.
28
Оқтықта оқ бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» немесе «ОД» жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан босатылады.
29
Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясынан қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады.
30
Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.
31
Ұнғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпашаны алады.
32
Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады, бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
33
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
34
Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады, оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
35
Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ каморасының келте түтігінен шығарып алады.
36
Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Қайтармалы механизмді қосу. Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Сүмбіні қосу. Пеналды дүм ұясына салу. Оқжатарды автоматқа қосу.
37
38
Үй тапсырмасы: $ 4 Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау.