- Презентации
- Презентация по математике на тему Натураль сандар
Презентация по математике на тему Натураль сандар
Автор публикации: Адилова И.А.
Дата публикации: 21.03.2016
Краткое описание:
1
Натурал сандар Презентация
2
Натурал сандар
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1, 2, 3, 4, және тағы басқа сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін падаланылатын сандар натурал сандар деп аталады. Өсу ретімен жазылған 1, 2, 3, 4, 5, ... натурал сандар натурал сандарды немесе натурал сандар қатарын кұрайды. 1 саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен саны болмайды. Әр бір натурал саннан кейін алдынғысынан бір санға артық тағы бір натурал сан келеді.
4
0– натурал сан емес. Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады. Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады. 0, 2, 4, 6, 8 цифрлары жұп цифрлар деп аталады. 1, 3, 5, 7, 9 цифрлары тақ цифрлар деп аталады.
5
Мыңдықтар класынан кейін миллиондар класы, одан кейін миллиардтар класы және тағы басқа болып жалғаса береді.
6
... Миллиардтар класы Миллиондар класы Мыңдықтар класы Бірліктеркласы Жүз миллиардтар Он миллиардтар Миллиардтық бірліктер Жүз миллиондар Он миллиондар Миллиондық бірліктер Жүз мыңдық Он мыңдық Мыңдық бірліктер Жүздіктер Ондықтар Бірліктер 1 0 5 2 4 6 7 8 3 0 0 9
7
Разрядтармен кластарды білу кез келген натурал санды дұрыс оқып, жазуға көмектеседі. Мысалы: 105 246 783 009 санының оқылуы – Жүз бес миллиард екі жүз қырық алты миллион жеті жүз сексен үш мың тоғыз. Әр бір натурал санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады. Мысалы: 5307 санының мыңдықтар разрядында 5 цифры, жүздіктер разрядында 3 цифры, ондықтар разрядында 0 цифры, бірліктер разрядында 7 цифры жазылан. Демек 5307 = 5 ∙ 1000 + 3 ∙ 100 + 0 ∙ 10 + 7. Мұндай жазуды санды Разрядтық қосылғыштардың қосындысытүріне келтіру деп атайды.
8
9
Рим цифрлары І V X L C D M Бір Бес Он Елу Жүз Бесжүз Мың Сандар Рим цифрлары арқылы жазғанда келесі ережелер Қолданылады: Мәні бойынша үлкен цифрдан артық емес, ал алдынан одан кіші бір цифр ғана жазуға болады Мәні бойынша кіші цифр үлкен цифрдың алдында орналасса, онда ол үлкеннен азайтылады. Мысалы: IV жазуы 4 санын білдіреді, өйткені 5 – 1 = 0 Мәні бойынша кіші цифр үлкен цифрдан кейін орналасса, онда ол үлкеніне қосылады. Мысалы: VI жазуы 6 санын білдіреді, өйткені 5 + 1 = 6 4) Егер сан бірдей цифрлармен жазылса, онда олар қосылады. Мысалы: III жазуы 3 санын білдіреді, өйткені 1 + 1 + 1 = 3, ал ХХ жазуы 20 санын білдіреді, өйткені 10 + 10 = 20 ны береді.
10
Көп жағдайда Рим цифрлары қандай бір оқиғаны баяндағанда қолданылады. Мысалы: Ежелгі қалалардың бірі – Бозақ қаласы. Оның орны 1999 жылы Астана қаласы маңынан табылған. Ежелгі Қала орны елордадан 15 км жерде жатыр. Бозақ қаласының даму кезеңі VIII ғасырдың бас кезіне сәйкес келеді. Ал шарықтау шегі X – XI ғасырларға тұспа – тұс.
11
Жаттығулар 1) 23, 429, 81 923, 139 989, 299 999 натурал санынан кейінгі, 2) 29, 729, 1, 1000, 872 100, натурал санының алдында келетін натурал санды атаңдар. 2. 639, 4027, 53 899, 410 025, 11 232 787, 30 000 003, Сандарды оқыңдар. Сандарды цифрмен жазыңдар: 1) Елу үш мың алты жүз екі 2) Тоғыз жүз жеті мың төрт жүз жиырма бес 3) Екі миллион он мың тоғыз 4) Жеті миллион бір мың төрт
12
Мәтінде кездесетін сандарды цифрмен жазыңдар: Екі мың алтыншы жылдың қыркүек айында Астана қаласында Бейбітшілік пен келісім сарайы (халық арасында пирамида деп аталған) ашылды. Бұл ғимараттың биіктігі алтпыс екі метр, яғни ол жиырма бес қабатты үйдің биіктігіне тең. Сарайда бір мың бес жүз адам сыятын опера театры, мұражай, кітапхана, көрме және концерт залдары орналасқан.
13
Назарларыңызға рахмет