- Презентации
- Ақшаны қалай табуға болады? 10-сынып
Ақшаны қалай табуға болады? 10-сынып
Автор публикации: Тұрабай Қ.Ж.
Дата публикации: 19.11.2016
Краткое описание:
1
Тақырыбы: Ақшаны қалай табуға болады?
2
Мақсаты: Мектеп оқушыларына ақшаны қандай еңбекпен келетіндігін түсіндіре отырып, оларға ойын жүзінде көрсету. Оларды еңбекке баулу, және топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Оқушыларды 3 топқа бөлу, топтарға топтың атын беру. Iтоп: Теңгелер IIтоп: Долларлар IIIтоп: Евролар
4
Ең алғашқы сұрақ – сендер «ақша» деген сөзді естіген кезде сендердің көз алдарыңа не елестейді және ақша сөзін қандай сөздермен байланыстыра аласыңдар? Тыныштық қорқыныш молшылық жоқшылық мүмкіндік кек қайырымдылық таршылық Ал балалар қалай ойлайсыңдар мен неге осы сөздерді екі бағанға бөліп жаздым бұл бағандағы сөздерді қалай екі топқа бөлуге болады?
5
2-тапсырма: Миға шабуыл ойыны: Нарықтық экономика қазіргі таңда проблемаларды көбейтті. Ендігі кезекте осы проблемалардың бірнешеуін қарастырып көрейік. Сол себептен мен сіздерді 3топқа бөліп тастадым. Әр топта алдарыңызда қағаз беттерінде тапсырмаларды орындаймыз. Сіздерге тапсырма қысқа мәтін жазылған таблицамен танысып, сондағы проблемаларды оң жақтағы қорытындымен сәйкестендіріп, соған түсінік бересіздер.
6
1. Отбасында тек қана ақша қағидасы қалыптасқан. Аулада кішкене балалар ойнап жүр. Өркен байқамай Самалдың жемпірін бүлдіріп алды. Ø Сен не істедің,-деп айқайлады Самал. Ø Кешір мені, мен байқамай тиіп кеттім,-деп дауысын жай ғана шығарды. Ø Маған бұл жемпірді әкем алып берген еді 2500 теңгеге,- деді Самал
7
2. Ақша бір қоғамның бөлінуіне ықпал етеді. Отбасында қиындық туындаған 9 жасар Алтынай алладан сұрап отыр: «Е алла тағала, менің отбасыма сеннен ақша сұраймын тек жай ғана емес, анама дәрі-дәрмекке, ол дәрілерін ішіп тезірек ем алып ауруханадан шығып, үйге қасыма келеді. Содан кейін әкеме тұрақты жұмыс тауып берші. Ең соңғысы, сыныптағы Әсел мен Жанар менімен дос болса, олардың ойынша байлар байлармен, кедейлер кедейлермен дос болуы керек, солар басқаша ойлайтын болса.»
8
3. Ақшаның шамадан тыс көп болуы, адамдарды жаман әдетке үйір болуына итермелейді. Ø Үлкен балама үй сатып алып беру керек еді, бірақ бізге ұнамайтын жерлерден ұсынып отыр. Мен екі жыл бұрын осы пәтерді алған кезімде жолым болды бағасы да қол жетімді және көлік те ала алдық. Ø Ал сенің ұлыңа екінші пәтердің не керегі бар, онда өз пәтері бар емес пе еді? Ø Иә, ол өзінің пәтерін құмар ойын ойнап ұтылып қалған , солай ол пәтерсіз қалды. Ал менімен бірге қайтіп келіп тұрғысы келмейді. Ø Ал неге көлігін ауыстырғысы келеді, әлде, моделі ескірді ме? Ø Жоқ, құмар ойыннан келе жатып, жол апатына ұшырап, машина жарамай қалды.
9
Қазақстандық балалар өздерінің ата-аналарының табыс ақшаларына мұқтаж екендерін көрсетеді. Бойжеткен Асылай үйіне келіп ата-анасына: Ø Менің опа далаптарыма 3000 теңге. Сәл кідіріп: Ø Иә, тағы ұмытып бара жатыр екенмін ер балалардың мерекесіне 500 теңгеден ақша жинап жатырмыз, сонан соң, ұялы телефоным байланыссыз қалды оған шамалы 400-500 бірлік салуға ақша берсеңіздер. Анасы жалғастырды: Ø Асылай мен саған айтпап па едім менің жұмысыма келіп бір мезгіл маған қол көмек көрсетіп, болмаса әкеңнің фирмасына барып шамалы қолғабыс көрсетіп, бізге қол жая бермей, күнделікті өзіңнің қалта шығыныңды көтер деп
10
3 — тапсырма: Төменде көрсетілген сөйлемдерді бұрыс немесе дұрыс екенін талқылау. Қазақстандық балалар өздерінің ата-аналарының табыс ақшарына мұқтаж екендерін көрсетеді. Ақшаға барлығын сатып алуға болады. Тек қана ақша бар мәселені шешеді. Ақшаның шамадан тыс көп болуы, адамдарды жаман әдетке үйір болуына итермелейді. Ақша бір қоғамның бөлінуіне ықпал етеді. Ақшаны сақтау қиындық туғызады. Адамдар арасындағы қарым қатынас ақшаға байланысты.
11
«Қазақстандық балалар өздерінің ата-аналарының табыс ақшарына мұқтаж екендерін көрсетеді.» Менің ойымша, Қазақстандық балалар өздерінің жеке бюджеті болғанын қалайды, солай ма? Олай болса келесі ойынымызға көшейік.
12
Келесі ойынымыздың аты – «Тинейджерлер бизнесі» Тинейджер сөзі «Tinejdzher» ағылшын тілінен аударғанда «жасөспірім» деген мағына береді. Ал ендеше жасөспірімдердің бизнесіне куә болайық.
13
Бұл ойынның шарты – жасөспірімдердің қалай ақша табатынында. Енді сендер әр топ мүшелері ақылдаса отырып, өз идеяларыңды банкке сатасыздар. Әр идеяларыңа ақша бірлігі ұсынылады. Ол бірліктің аты – «ДЖАЙВ» деп аталады. Сіздердің әр топтарыңыздың есепшоттарыңызда 250 ДЖ.-тан бар. Ал егер де ешқандай идея таба алмасаңыздар Банктің көмегіне жүгінулеріңізге болады. Банкте сатылатын идеялар бар. Есепшоттарыңыздағы дж-тың көмегімен идея сатып ала аласыздар. Ең көп Джайв жинап және жасөспірімдер қандай жұмыс арқылы өз бюджеттерін толықтыра алатыны жөнінде толық ақпарат берген топ жеңімпаз болып саналады. Ал банктің статистик маманы бізге есеп жөнінде ақпарат береді.
14
Банктегі идеялар мыналар: Автокөлік жуу. Почтольен Бөлме гүлдерін сату Жазғы уақыттағы уақытша жұмыстар: Бақшадағы жер учаскесін аудару Шөп жинау Картоп қазу Аквариумдағы балықтарды бағып, өсіріп сату Ал енді статист маманымызға сөз кезегін береміз. Қай топ көп Джайв жинап Тинейджерлер бизнесі ойынында жеңімпаз атанды?
15
Келесі кезекте Жедел-анкета тапсырмасы. Бұл кезекте әр топ өзінің жиған ақша бірліктерін төменде көрсетілген конверттерге салуға тиісті. Ол конверттер мынадай топтарға бөлінген. Өзімнің қажеттіліктеріме. Өз отбасымның қажеттіліктеріне және достарыма. Өз денсаулығыма, біліміме және алған білімімді кеңейтуге. Спонсорлыққа және қайырымдылыққа. Кейін әр топ өз ақша қаражаттарын жұмсау үшін не себептен осы шығынды таңдағанын түсіндіру керек.
16
Ал енді қорытындылай келгенде, Егер де ақша адам ойын бұзатын болса, онда оған ақша емес, адамның өзі кінәлі. (Бауыржан Тойшыбеков) Егер де сіз ақшаны жақсы көретін болсаңыз, сезімдеріңіз қарама қайшы болып жүрмесін (Башир Зугумов) Ешқашан да ақшасыз жаман болғандай, ақшамен жақсы болмайды. (Белгісіз автор) Адам өзіне жетпей тұрған кезде ғана өзгемен бөлісе алады, ақша көбейген кезде ол ешкімге көмек бере алмайды.(Бенджамин Франклин)
17
Мүмкін сендер бүгін ақша туралы көп нәрсе талқылаған боларсыздар, бірақ сендер ешқашан ұмытпау керексіңдер ақша капиталды ресурс — жалпы біздің өміріміздегі қажеттіліктерді толық қанды қанағаттандыратын материя болып табылады. Сондықтан да мейлі ол мектеп оқушылары болсын, мейлі ол ересек адам болсын өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін ол тек еңбектің көмегімен ғана табылатынын жадынан шығармауы керек.
18
Енді бүгінгі алған әсерлеріңізді келесі смайликтеріңізбен білдіртсеңіздер. Сау болыңыздар