- Презентации
- Компьютер құрылымы Информатика пәнінен презентация 5 сынып.
Компьютер құрылымы Информатика пәнінен презентация 5 сынып.
Автор публикации: Нурбаева К.З.
Дата публикации: 19.11.2016
Краткое описание:
1
Компьютер құрылымы. Жүйелік блок құрылысы. Пернетақта Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын ауылы, №1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі Дайындаған: Информатика пәні мұғалімі Нурбаева Камшат
2
Ақпаратпен жұмыс істеуге қажетті заманауи құрылғы – ол компьютер. Барлық компьютерлердің бір-бірінен айырмашылығы олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында. Дербес компьютер мына үш бөліктен тұрады. Бұл құрылғылар міндетті болып табылады. Бұл біреуінсіз құрылғылар жұмыс істей алмайды. Олар: жүйелік блок, монитор, пернетақта
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Компьютер бөліктері Ақпаратты шығару құрылғысы-монитор Ақпаратты енгізу \құрылғысы-пернетақта Жүйелік блок- ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғысы. Компьютердің жүйелік блогында әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан. Мұнда аналық тақша, жедел (оперативті) жады, қатты дискі, процессор, дискіжетектер, видеокарталар мен дыбыс карталары және тағы да басқалар орналасқан.
4
Аналық тақша- жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу жүзеге асады. Аналық тақшадағы микросхема (микрочип) BIOS (dasic input/ouyput system) сөзін ағылшын тілінен аударғанда енгізу мен шығарудың базалық жүйесі деген мағынаны білдіреді. BIOS аналық тақшаға жалғанатын барлық порттар мен слоттарды қадағалап, басқарады. Аналық тақшада процессор мен жедел- жадты, компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстыратын ақпараттық кеңарна- “шина” орналасады. Жедел жад- компьютерде деректерді уақытша сақтау қызметін атқарады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жедел жады мектептегі тақтаға ұқсас. Сабақ жүріп жатқанда тақтаға жазып, одан ақпарат оқисың. Сабақ аяқталғанда тақта тазартылады. Компьютердің жедел жады да дәл солай. Компьютерді өшіргенде, жедел жадыдан ақпарат жойылады. Жүйелік блоктың құрылым
5
Қатты диск – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы. Онда пайдаланушының программалары мен файлдары сақталады. Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет. Видеокарта - жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға дайындайды. Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді. Процессор - жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді болады.
6
Пернетақта- компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақта мынадай негізгі бөліктерден тұрады. Пернетақта бөлігініңаты Пернелер Суреттегі түсі Алфавиттік-цифрлықпернетақта Әріптер мен сандар Көк Курсорды басқару пернесі Сілтемелер,Home,End, Page Up, Page Down Жасыл Функционалдық пернелер F-F12 Қоңыр Қосымша цифрлық пернетақта NumLuck,пернетақтаныңоң жағы Сары Басқарупернелері Enter, Shift, Alt, Ctrl,CapsLock, Tab, Esc, Insert,BackSpace,Delete,PrintScreen,ScrollLock, Pause қызыл