- Презентации
- Презентация по географии на казахском языке на тему Қазақстанның халқы және халқының тығыздығы (9 сынып)
Презентация по географии на казахском языке на тему Қазақстанның халқы және халқының тығыздығы (9 сынып)
Автор публикации: Кенесбаев Ж.С.
Дата публикации: 18.05.2016
Краткое описание:
1
Халқы және халықтың тығыздығы
2
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстан халқының саны және ұдайы өсуі туралы білім беру. Дамытушылық: еліміздің демографиялық жағдайы және оның географиясы туралы білім – дағдыны қалыптастыру. Тәрбиелік: Статистикалық мәліметттерді өңдеуге, сандық көрсеткіштерді талдай білуге үйрету.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі Еңбек ететін адамдар - қоғамның негізгі өндіргіш күші болып табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, әрі пайдаланушылар болып саналады. Сондықтан халыққа сараптама жасау - кез келген эқономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Халықты көптеген ғылымдар, ең алдымен - халықтар географиясы, демография мен этнография зерттейді
4
Халық саны және динамикалық өсу қарқыны Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 402 мың адамға жетті. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті.
5
Халық санының өзгеруі (өсуі +, кемуі-)** (адам) ** алдыңғы санақ өткен жылға 1970 1979 1989 1999 2009 Барлық халық 3722473 1683234 1522816 -1251043 1028316 Қала халқы 2497465 1344341 1288543 -813217 206649 Ауылхалқы 1225008 338893 234273 -437826 821667
6
Халықтың көші-қоны (миграция) Халықтың көші-қоны -адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде: 1) Шетелдегі қандастарымыздың елге қайта оралуы (оралмандар), 2) Халық санының көбеюі және жетіспейтін жұмысшылар орнының толықтырылуы, 3) Аумақ бойынша тиімді орналастыру.
7
Бағыты бойынша оны ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы көші-қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция немесе репатриация (лат. patria - отан) (көшіп кеткендердің елге қайта оралуы) жатады. Көшіп келгендер мен көшіп кеткендердің арақатынасы халықтың механикалық өсімін анықтайды. Оны көші-қон сальдосы (итал. caldo - қалдық) деп атайды. Оң белгілі сальдо - халықтың есімін көрсетеді, ал теріс белгілі сальдо - халықтың азаюын көрсетеді Экологиялық көші-қонға - халық қоршаған ортасы лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға - вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды игеру аймақтарына тән. Келесі мысал — маусымдық, құрылыс және ауыл шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады. Формасына қарай - ерікті және еріксіз деп бөлінеді Ерікті түрде көшу - өз еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан көші-қон) жағдайда болады. Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру Еріксіз көші-қон - сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937-44 жылдар аралығында Қазақстанға кәрістер, поляктар, немістер, чечендер, ингуштар, балкарлар және басқа халықтар күшпен кешіріліп әкелінді.
8
9
Орналасу тығыздығы Орналасу тығыздығы Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км2) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км2-не 5,4 адамнан келедi. Тұрғындар үшiн табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңiрлер — Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қаласынн қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар 1 км2-ге 16,9, 6,9 және 7 адамнан келедi.
10
11
Қазақстан халықының ұлттық құрамы Қазақстан әлемдегі көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Мұнда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 131 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады. Олар: 1) еліміздің негізгі халқы қазақтар, 2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы (орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар), 3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, кәрістер, гректер).
12
2009 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 63,1%, орыстар - 23,7%, өзбектер - 2,9%, украиндар - 2,1%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,3% , немістер - 1,1%, кәрістер - 0,6%, түріктер - 0,6%
13
Қазақстан халқының демографиялық жағдайы Кестеде көрсетілген деректерді талдап көрелік. 2009 жылғы санақ деректеріне сенсек, ел тұрғындарының саны 16009597 адамға жетіпті. 1959 жылмен салыстырғанда Қазақстан халқының саны 6705796 адамға өскен екен. Негізінен бұл өсім соғыстан кейін қазақтардың жанталасқан демографиялық дүмпуі мен коммунизм құрылыстарына, тың игеруге көптеп әкелінген комсомолдар мен қылмыскерлердің арқасында пайда болды. Халық санағыбойынша Барлық халық %-бен Қала халқы %- бен Ауылхалқы %-бен 1959 9303801 100 4138651 44,5 5165150 55,5 1970 13026274 100 6636116 50,9 6390158 49,1 1979 1479508 100 7980457 54,3 6729051 45,7 1989 16232324 100 9269000 57,1 6963324 42,9 1999 14981281 100 8455783 56,4 6525498 43,6 2009 16009597 100 8662432 54,1 7347165 45,9
14
Дүниежүзіндегі қазақ диаспорасы Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ортталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн. деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн. адам.
15
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары № 1 тапсырма. Берілген терминдерге анықтама беріңіздер 1 топ Халықтың табиғи өсімі Еңбек ресустары 2 топ Механикалық өсім Қазақ диаспорасы Оралмандар Еріксіз көші-қон
16
« егер де.....» № 2 тапсырма 1 топ. Егер де сіз Қостанай қаласының әкімі болсаңыз, қала статусын көтеру мен қала тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін қандай саясат ұстанар едіңіз. 2 топ. Егер де сіз біздің еліміздің Президенті болсаңыз,онда өз облысында қандай демографиялық саясатты қолданар едіңіз. Берілген тақырыпта өз идеясын ұсыну
17
Бекіту сұрақтары Республикадағы халық санының өзгеру себебін түсіндіріңдер. Халықтың ұлттық құрамына сипаттма беріңдер. Көші- қон қоғам өміріне қалай әсер етеді? 2020 жылы қазақстан халқы не өздерің тұратын аймақ халқының саны және әлеуметтік жағдайы қалай өзгереді деп ойлайсыңдар? Болжам жасап көр. Сен тұратын облыс,ауданда қандай көші – қон процесі жүруде жәе неліктен? Болашақта еліміз халқының санын арттыру проблемасы.