- Презентации
- Ата салтым - асыл қазынам (ерулік туралы) ғылыми жоба
Ата салтым - асыл қазынам (ерулік туралы) ғылыми жоба
Автор публикации: Алтынбекова С.А.
Дата публикации: 13.05.2016
Краткое описание:
1
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз!
2
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары өте көп. Ата-бабаларымыздан сақталып қалған салт-дәстүрдің бірі – «Ерулік». Осы дәстүрдің тарихын, мән-мағынасын терең зерттеп, оның халқымызың салт-санасында алатын орнын айқындау, ұрпаққа паш ету.
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзі: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, Дәм-тұзды ақтай білген елміз» – деген.
4
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
5
Қазақ халқының салт-дәстүрі Тұсау кесу Үйлену тойы Шілдехана Қырқынан шығару Бесікке салу Ерулік
6
Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші көш адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ қымыз, шұбат, айран ұсынған.