7

Презентация Ц дыбысы мен әрпі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Ақшұқыр мектеп-лицейі             АШЫҚ САБАҚ   Тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі.  ...
Ақшұқыр мектеп-лицейі             АШЫҚ САБАҚ   Тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі.       Бастауыш сынып мұғалімі: Джумагалиева Н.С.                 2016 жылы
2
Пәні: Сауат ашу   Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Біл...
Пәні: Сауат ашу   Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Дамытушылық: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Әдісі: ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру. Түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: электронды оқулық, интерактивті тақта, кеспе әріптер, оқулық, ойындар.   Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. а) Білімдерін тексеру. -Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай? -Сөз неден құралады? -Сөйлем дегеніміз не? -Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады? -Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?   б) Үй тапсырмасын тексеру. -Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? -Щ дыбысы қандай дыбыс? -Щ дыбысына байланысты қандай сөздер білесіңдер? -Щ дыбысына берілген сөздерді кезекпен оқу.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Сергіту сәті Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз, Көкке қарап, талпынып,...
Сергіту сәті Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз, Көкке қарап, талпынып, Күнге қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай қалықтап, Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық.   Жаңа сабақ. Жұмбақ Аяғын жерге тірей қалып, Шеңбер сызды шыр айналып. (Циркуль) Оқушыларды ц дыбысымен таныстыру. Ц дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездеседі. Ц дыбысына байланысты суреттер көрсетіп, оларды буынға бөлдіріп, ц дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін оқушыларға анықтату. Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау. Электронды оқулықпен жұмыс. (1- слайд)
4
Мынау цирк. Циркте болмаған бала жоқ шығар. Ондағы сайқымазақтың өнері қандай...
Мынау цирк. Циркте болмаған бала жоқ шығар. Ондағы сайқымазақтың өнері қандай? Үйретілген хайуанаттардың өнерін айтсаңшы. Осы цирк сөзі қандай дыбыстан басталады? Білесің бе? Бірге айтайық. Ц – Ц – Ц. Цц – мынау ц дыбысының таңбасы. Баспаша түрі Ц дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен бояймыз. Ол тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады. Сөздерді мұқият тыңда. Ц дыбысы бар сөздерді есіңде сақта! (2-слайд)             Цех Мотоцикл           Концерт Цифр Оқулықпен жұмыс. а) оқулықтағы сөздерді оқып, сөздік жұмыс жүргізу. Цирк, цех, цемент, авиация, офицер.
5
ә) «Цирк» мәтінін оқыту. б) Мәтіннен неше сөйлем, неше сөз, неше әріп бар еке...
ә) «Цирк» мәтінін оқыту. б) Мәтіннен неше сөйлем, неше сөз, неше әріп бар екендігін тапқызу. в) Қадыр Мырза Әлінің «Клоунның сыры» атты өлеңін оқыту. Өлеңнің мазмұнын оқушыларға айтқызу. Клоунның сыры Циркте жұрт самсаған Мәз болса деп жан салам. Ду күлдірсем оларды, Қуанамын мен соған.   «Кім тапқыр?» ойыны. (3-слайд) (Суреттерге назар аударып, атауында ц дыбысы бар суреттерді көрсет)                     Дәптермен жұмыс. (4-слайд) а) Ц дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. ә) Ц әріпін ауада жазып көрсету. б) Ц әріпінің үлкен және кіші түрлерін дәптерге жазу.
6
Ц әрпін әдемі жазып үйренейік. Ц әрпінің бас әрпі. Үлкен жолдың ортасынан сә...
Ц әрпін әдемі жазып үйренейік. Ц әрпінің бас әрпі. Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламынды қой. Солдан оңға қарай доға жасай отырып, тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасай отырып, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Бастапқы ілгектен оңға қарай жылжып, қаламынды қой да тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасап, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Ілгекке жалғастыра төмен тартып бау байлаймыз.  Сергіту сәті: «Ойлайық та, ойнайық!» (5-слайд) (Көп нүктенің орнына ц әрпін қойып, сөздерді оқы. Жазылуын есіңде сақта)
7
Сабақты бекіту. Кеспе әріптерден ц дыбысына сөздер жазғызу. Дыбыстарды дауыст...
Сабақты бекіту. Кеспе әріптерден ц дыбысына сөздер жазғызу. Дыбыстарды дауысты және дауыссызға ажыратып, тиісті киіз үйге апар. Ц қандай дыбыс? Дауысты ма, әлде дауыссыз ба?                             Сабақты қорыту. Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық? Ц дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.   Оқушыларды бағалау.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию