- Презентации
- Балабақшаға арналған тәрбиеші портфолиосы
Балабақшаға арналған тәрбиеші портфолиосы
Автор публикации: Нуркубаева А.У.
Дата публикации: 07.08.2016
Краткое описание:
1
портфолиосы тәрбиеші
2
Эссе. «Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты» Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі – мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын. Өйткені мен де бала бағбаны - тәрбиешісімін. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасы жасына қарамақұрмет тұту. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Тәрбиешінің білімін жетілдіру жұмыстары
4
Нормативті Іс-құжаттар
5
Өзіндік білім жетілдіру жоспары
6
Курстан өтуі, семинарларға қатысуы
7
Тәрбиеленушілердің жетістіктері
8
Түйіндеме Аты-жөні: Нуркубаева Анар Орынбасарқызы Туған күні,айы,жылы: 19.07.1989 ж Мекен жайы: Ақтөбе облысы,Қобда ауданы,Талдысай ауылы Ұлты: қазақ Азматтылығы: Қазақстан Рспубликасы Білімі: орта арнаулы көпсалалы “болашақ” колледжінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. Біліктілігі: “Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі. Қызметі : Тәрбиеші Жұмыс орны : Талдысай “Гаухар” бөбекжайы Еңбек өтілі: 5 ай Меңгерген тілдері: қазақ тілі-ана тілі орыс тілі-еркін Жеке қасиеттері: жауапкершілік,іскерлік.
9