- Презентации
- Презентация к уроку Митоз
Презентация к уроку Митоз
Автор публикации: Айтуғанова Г.Н.
Дата публикации: 23.11.2016
Краткое описание:
1
2
Митоз - сомалық жасушалардың бөлінуі. Митоз клетка көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас клеткаларға тең бөлінуін және клетка ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
хромосома санының екі еселенуі және олардың жас клеткаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір клетка жаңа екі клеткаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады.
4
5
6
7
8
9
Клетканың екіге бөлінуі аралығындағы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде боялып бекітілген ядроның боялған жіңішке жіпшелерден тұратын торлы құрылымын байқауға болады.
10
Ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде хромосомалар кариолимфада кездейсоқ дерлерде орналасады, осы кезеңде ядрошықтар бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы бұзылады да хромосомалар цитоплазмамен кариоплазманың сұйық заттарының қосындысы – миксоплазманың ортасында қалады.
11
12
13
Фаза сатысының екі кезеңі бар: метакинез – хромосомалар клетканың экватор аймағына жиналып шоғырланады, клетка бөлінуге дайындалады, нағыз метафаза – хромосома жіпшелері центромералармен байланысады, хромосомалар хроматидтерге жіктеледі. Клетка цитоплазмасы бұл кезде тұтқырлығын жоғалтады. Бұл кезеңде әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда, ал қалған денесі экватордан тыс жазықта болуы мүмкін.
14
15
Хроматин жіпшелерінің болашақ жас клеткалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Ахроматин ұршығының белдеуінде хромосомалар түрліше орналасып, ең алдымен аналық жұлдызын құрайды. Сонан кейін аналық жұлдыздағы қосарланып орналасқан гомологиялық хромосомалардың ұзынынан бөлінуі нәтижесінде пайда болған жас хромосомалар клетканың полюстеріне қарай ығысады да, екі жас хромосома жұлдыздары пайда болады. Осының нәтижесінде бір клетка екіге бөлініп, жас клеткалар түзіледі. Анафазада хромосомалардың клетка полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді.
16
17
18
Митоздың ақырғы сатысы. Телофаза кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқалады, митоздық аппарат бұзылады, ядрошықтар пайда болады. Клетканың қарама-қарсы полюсінде жаңа пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте клетека денесі бөлініп, цитотомия не цитокинез өтеді де, екі клетка құрылады. Телофаза кейде цитотомиямен аяқталмай екі ядролы клетка құрылады.
19
20
Цитокинез (грек, kytos — жасуша және kinesis қозғалыс) — жасушалардың күрделі бөлінуінің (митоздың) ақырғы телофаза сатысында жасуша денесінің екіге тең бөлінуі. Өсімдіктер жасушаларының бөліну шекараларында жасуша перделіктері, ал жануарлар жасушалары шекараларында бөліну сайлары пайда болады. Жасушаның бөліну сатысын цитотомия деп те атайды
21