7


  • Учителю
  • Проект Бала би ораторского исскуство (8-10 класс)

Проект Бала би ораторского исскуство (8-10 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бала би» облыстық шешендік өнер сайысының өткізілу

ЕРЕЖЕСІ



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ:

Кез-келген елді өрге жетелер оның ұлттық құндылықтары, өткені мен бүгіні. Біздің қазақтай еліміздің тарихы кіл би-шешендер мен суырып салма ақындардан, жыраулар мен сан түрлі күйшілер, қызыл тілдің шебері бола біліп, ақиқаттың астарына үңілген тарихи тұлғаларға бай. Тіпті ат құлағында ойнайтын, жауына қуана шабатын батыр бабаларымыздың өзі яки күйші, яки шешен, болмаса жырау болған. Ұлттық санамызда көнеден бері қазақ халқы сөзге тоқтау, ой шұбарлатпау және нақтылықты басты қағидат еткен. Алайда, бұл күні қоғамда, тіпті, Ұлы Абайдың кім екенін білмейтін азаматтарды жолықтырып жатамыз. Дамыған елдің қайсы бірі болмасын өткенін ұлықтайды, елінің ұлыларын қадір тұтып, қастерлейді. Өз ұлты мен тілін, ділін, өткенін өзгеден артық қояды. Міне, сондықтан олар дамушы ел саналады. Өскелең ұрпақ бойында діл мен тілді қатар сіңіріп өсіру үшін, ең алдымен ұлттық рух пен оң бағыт қажет. Сол арқылы біз қоғам мүддесін аман сақтап, егемен еліміздің болашақ от ауыз, орақ тілді азаматтарын тәрбиелеп өсіреміз. «Бала би» интеллектуалдық шешендік өнер сайысы бұл күнгі қоғамда білім мен шешендікті дамыту арқылы болашақ ел зиялыларын тәрбиелеуді мақсат етеді. Адамдар арасындағы келісім мен сенімді қалыптастыру - «Бала би» сайысының басты мақсаты. Бұл ойынды қалай ойнайды, қалай осы қасиеттерді иемденуге болады? - деп асыға отырған боларсыз. Ендеше, сіздерге осы кітапша - оң бағыт сыйлап, тілді шұбарлатпай, айқайдың артында кетпеуге көмегін тигізгей!

  1. САЙЫСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ МАҚСАТЫ:

Ана тілімізді құрметтеуге үйрету, оқушылардың көркем сөйлеу шеберлілігін жетілдіру, шешендік өнерге деген құштарлықтарын арттыру, тез әрі келісімді шешім қабылдауға бейімдеу, көпшілік алдында жасқанбай өз ойын айта білуге баулу.

  1. САЙЫСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ МІНДЕТТЕРІ:

  1. Оқушылардың өтілетін тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру;

  2. Балалардың өз пікірлерін ортаға салу, ой қорытындысын жасау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

  3. Шешендік өнер, шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұрасын, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.

  1. САЙЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Ұйымдастырушылар: М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Жас Ұлан» облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымы.

  1. САЙЫСТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ: «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоғары сынып оқушылары (8-10 сынып).

  2. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙІ:

  1. Материалдарды ұсыну формасы;

  2. Сөз сөйлеу мәдениеті;

  3. «Сәлем-сөздің атасы» (Ең алдымен сөзсіз жиылған жұртпен сәлемдесуің керек. Сәлемің түзу болмай, бұқараға сіңуің қиын).

  4. Қарасөздерді, дәйек сөздерді, нақыл сөздерді сөз сөйлегенде қолдану.

  1. САЙЫСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ ШАРТЫ:

7.1. «Бала би» ойынында оң және сол қанат болады. Әр қанатта 2 адамнан болады. Оң және сол қанатта негізгі және қосалқы ойыншы болады.

7.2.Әр ұйымнан 2 адамнан тұратын 1 команда құрылады. Негізгі ойыншы «уәзір» деп аталады, ал екінші ойыншы «жырау» деп аталады. Аттары «уәзір» мен «жырау» болғандықтан, атқарар қызметтері де соған сәйкес. «Уәзір» - өз тарабынан шығатын бірінші ойыншы. Оның негізгі міндеті тақырыпты ашып, оның дұрыстығын дәлелдеу болып табылады.

«Жыраудың» басты міндеттері суырып салма ақындық арқасында ойынға байланысты, өз әріптестерін қолдау мақсатында өлең шығаруы тиіс. Қос қанаттың жыраулары өз тарапын қолдау мақсатында өлең жолдарын оқып болған соң, бір-біріне бір-бір сауал тастайды. Осы кезде ескерту: сауалды тек өлең шумақтары арқылы ғана тастауға болады.

7.3.Сайыс келесі айналымнан тұрады:

  1. «Қоржын» - 5 минут. Бұл айналымда уәзір тақырыптың өзектелігін ашады.

  2. «Ұлылар сөзі». Бұл айналымда дана халқымыздың ұлы би-шешендерінің сөздерінен 10 сұрақ қойылады.

  3. «Жыраулар жырлайды». Бұл айналым тек жыраулар арасында өтпек. Ұмытпа! Жырау - домбыра алып, жыр айтпайды, ол жас ақын, тек жырау кейпінде болады. Домбыра шертіп, әуездеудің қажеті жоқ.

  4. «Таразы» - 7 минут. Осы айналымда 2 командаға бір тақырып беріледі. Бір команда қолдайды, ал екінші команда жоққа шығарады.

7.4. Командалар келесі тақырыптар бойынша жарысады:

1) «Қазақстан - әлемдегі бәсекеге қабілетті үздік 50 елдің қатарында» даму жолындағы ғылыми-техниканың шығармашылық рөлі.

2) Қазақстан ең маңызды экологиялық факторларының бірі табиғат пен табиғи ресурстарды зерттеу;

3) Тәуелсіздікке жол: кеше, бүгін, ертең.

4) тілге байланысты тақырып;

5) Қазақстанның болашағы - жасұландықтардың қолында!.

Тақырып таңдау тәртібі және сөз сөйлеуі сайыс болатын күні жеребе салу арқылы таңдалады.

  1. САЙЫСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ УАҚЫТЫ:

8.1. Іріктеу кезеңі: желтоқсан-қаңтар;

8.2. Жартылай финал: февраль;

8.3. Финал: март.

«Бала би» облыстық шешендік өнер сайысының жеңімпазы Астана қаласында өтетін Республикалық сайысқа жолдама алады.

Қосымша шарттар: Бұл ережеге ұйымдастырушылар «Бала би» шешендік өнер сайысына қатысушыларды ескерте отырып өзгерістер мен қосымшалар енгізуге құқығы бар.

  1. ӘДІЛ-ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:

Әділ-қазылар алқасын ұйымдастырушы комитет анықтайды.

  1. МАРАПАТТАУ: Мәре айналымының жеңімпаздары (гран-при, 1,2,3 орындар) дипломдармен және сыйақылармен марапатталады.



Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:

Павлодар қаласы, М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы,

1 Май көшесі, 27. № 224, 227, 228а кабинеттері.

тел.: 8(7182) 32-85-06

эл.пошта: shtab-pavlodar@mail.ru</</p>

































































































































«Бала би» облыстық шешендік өнер сайысына қатысу

ӨТІНІШІ



Мекеменің толық атауы (аудан,қала)______________________________________

Команданың атауы____________________________________________________

Қатысушылар: уәзір (ТАӘ толық, сынып)___________________________________

жырау (ТАӘ толық, сынып)_________________________________

Жетекшінің толық аты-жөні______________________________________________

Байланыс телефондары__________________________________________________

Электронды пошта____________________________________________________





Өтініштер 2015 жылдың 1 желтоқсан айына дейін қабылданады.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал