- Учителю
- Воспитательная работа Батыр Бауыржан өмірі
Воспитательная работа Батыр Бауыржан өмірі
Батыр Бауыржан өмірі-ұрпаққа үлгі
Сабақтың тақырыбы: Батыр Бауыржан өмірі-ұрпаққа үлгі
Сабақтың мақсаты: Балаларға патриоттық тәрбиенің маңызын түсіндіру, қазақтың қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Батырдың портреті, ерен еңбегі мен шығармашылығына арналаған бүктеме, слайд, кітап көрмесі, плакатқа жазылған қанатты сөздер.
Сабақтың түрі: кіріктіріліген
Кіріспе сөз: Мұғалімнің Бауыржан Момышұлы туралы қысқаша түсініктемесі.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбылл облысы Жуалы ауданы Көлбастау ауылында туылған. Он үш жасында Жамбыл, Шымкент қалаларындағы интернаттардан тәлім алып, білім нәрімен сусындайды. Ол оқуда зерек, пайымшыл, әсіресе математикаға жүйрік болған. Срндықтан оны құрбылары бәйге бермес жүйрікке теңеп, «Шаңтимес» деп атаған.
Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсті, атақ -даңқы аңызға айналды.
Деректер мен дәйектер: 1928 - жылы мектепті үздік бітіріп, Орынборға келеді.
1928-1930- бастауыш мектепте мұғалім болады.
1932-Қызыл Армия қатарына шақыртылады.
1936-Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді.
1939-әкесі Момыш қайтыс болды.
1941-Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарды.
1941-1945- Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болады.
1942-«Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.
1990 Фидель Кастро батырды Куба дерінде көргісі келіп, арнай жақырту жібереді.
1990 жылы ел призиденті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша Бауыржан Момышұлының Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Осы атақ берілген кездегі өз сөзінде елбасы «Бауыржан жұлдызды болған күн-қазақтың жұлдызы жанған күн»,- деп толғана айтқан еді.
Кітап көрмесімен таныстыру. Баукең бірнеше кітаптың авторы екенін өздеріңде білесіңдер. Шығармалары, негізінен, әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті ту етті. Оның «Офицер күнделігі», «Бір түннің оқиғасы», «Мәскеу үшін шайқас», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов» т.б шығармалары бар болса, Баукең туралы А. Ормантаевтың «Мәңгі тірі Момышұлы», Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітаптары бар.
Батырлық, ерлік тақырыбындағы мақал- мәтелдердің жалғасын табу.
-
Тәртіпке бас иген құл болмайды, ... тәртіпсіз ел болмайды;
-
Тәрбиелі -тәртіптің құлы,... тәртіпті - елдің ұлы
-
Батыр ел үшін туады,... елі үшін өледі.
-
Батыр қайнауда шынығады,... болат майданда шынығады.
-
Жаңбыр жауса жер ырысы,... батыр туса ел ырысы.
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері:
-
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу-сатқындықтың белгісі.
-
Отан үшін отқа түс-күймейсің.
-
Опасыз да Отан жоқ.
-
Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды.
-
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.
-
Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
-
Сабырлық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.
Қорытынды: Ақын ағаларымыздың Баукеңе арналған өлең жолдарын оқу. (оқушылар)
М.Мақатаев «Бауыржан Момышұлына», Қ.Аманжолов «Бауыржан», Ғ. Орманов «Полковник», Ә. Тәжібаевтың өлең жолдары жатқа оқылды.
Бауыржанның баталарынан бір оқушы батасын жатқа оқып берді.
Оқушы:
Жаратушы жасаған!
Өмір берсең, жайлы ғып бер,
Дәулеті мен байлығын бер.
Еңбегіміз өністі болсын,
Қамбамыз астыққа толсын.
Көсегеміз көркейіп,
Мыңғырған мал өріске толсын.
Қарияны кемел, сыпайы ғып бер.
Ағаларды райлы ғып бер.
Апаларды мейірлі ғып бер.
Жезделерді зейінді ғып бер.
Құдағиды кең пейілді ғып бер,
Қарындасты көрікті ғып бер,.
Інілерді бөрікті ғып бер.
Әйелді ақ некелі ғып бер,
баланы қаны толық, шекелі ғып бер.
Жиендерді жетелі ғып бер,
Күйеулерді көшелі ғып бер.
Екі айтпайтын еселі ғып бер.
Келіндерді келісті ғып бер,
Қыздарды бақытымен
Ұрпағы көп өрісті ғып бер.
Аттарды желісті ғып бер,
Ағаштарды жемісті ғып бер.
Төскейде төл көбейсін,
Жайқалтып даланы егісті ғып бер.
Дііәні толық өністі ғып бер.
Ұрпақтарды намысты ғып бер,
Тұлпарларды шабысты ғып бер.
Жомарт болсаң, Жасаған!
Айтқанысның барлығын,
Ағайынды ақаусыз,
Өнегелі өмірмен тату тәтті,
Табысты ғып бер.