7


  • Учителю
  • «Піскен алмалар» шағын орталыққа арналған технологиялық карта

«Піскен алмалар» шағын орталыққа арналған технологиялық карта

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы №2

Тәрбиеші:

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Жапсыру Тақырыбы: «Піскен алмалар».

Мақсаты: 1. қоршаған орта және күзде пісетін жемістер туралы білімдерін кеңейту, балаларды дәстүрден тыс аппликация- жырту тәсілімен таныстыру; желіммен жұмыс істеген кезде тиянақты болуға үйрету.

2. Тілдерін дамыту. Саусақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Шығармашылық ойын дамыту.

3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, суреттерді қарау.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: алма бағының сурет, алмалармен ойнауға арналаған себет, қуыршақ, желім, сулық, үлестірмелі материалдар;

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: піскен.

Билингвальді компонент: күз- осень, алма-яблоко.Шығармашылық

бөлімдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық -ояту бөлімі

Ғажайып сәт.

-Балалар, бізге қонақ келді. Оның кім екенін білу үшін жұмбақ шешейік.



Жұмбақ.

Жапырақтыбояды,

Атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды.





-Жарайсыңдар, балалар міне ол келген қонақ-Күз.

-Күз келбеті әрқашанда көркем!

Қараңдаршы сап-сары жапырақтан жасалған көйлегі қандай тамаша!

Күз:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қонаққа келдім. Сендерге ең әдемі, ең тәтті алмаларды әкелдім. Күзде алмалар пісіп жетіледі де, сондай тәтті болады. Келіңдер, бәріміз бір ойын ойнайық.

Педагог алмаларды бөліп, үстел үстіне қояды.Себетті ортаға қойып, екі баланы шығарады. (Ойынды екі рет қайталауға болады).

Қызығушылық танытады.









Жұмбақты шешеді.

Жауабы: күз.











Қонақпен амандасады, қуаныштарын білдіреді.

















Екі бала шығып ойнайды.









Негізгі - ізденушілік бөлімі

-Балалар, кәнекей, алма бағын жасап, күзге сыйлайық.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

-Алдымен, жырту тәсілімен ағаштың діңін жасап, желімдейміз. Көп емес, азғана жыртып, жапырақтарды жабыстырамыз.

Соңында піскен аламаларды жапсырамыз.

-Жапырақтардың түсі қандай?

-Алмалардың түсі қандай?



Сергіту сәті.

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ:

Қала салсақ, жол салсақ.





Сөздік жұмыс: піскен.

Жұмысқа кірісуді ұсынады.



Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.



Билинвальді компонент: күз- осень, алма-яблоко.

Педагогты тыңдайды, жауап береді.

Үлестірмелі материалдағы үлгіні қарастырады, жұмыстың орындалу ретімен танысады.









-Жапырақтар жасыл.

-Алмалар қызыл.







Мәтінге орай қозғалыстар жасайды.















Қайталайды: піскен.









Қайталайды: күз- осень, алма-яблоко.

Дамыту- түзету бөлімі

-Күз, қарашы, барлық ағаштарды қосып, қандай алмалы бақ жасадық!

Күз:

-Рақмет, балалар, еңбектерің үшін менен күздің жемісін- қып-қызыл алмаларды алыңдар.

Балалармен қоштасады.

Балалар жасаған жұмыстарын талдайды.

Қуаныштарын білдіреді.



Күзбен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

1. Біледі: дәстүрден тыс аппликация- жырту тәсілін;

2. Меңгереді: күздің белгілерін және жемістердің- алмалардың қайда өсетіні туралы;

3. Үйренеді: жапсырмаларды тиянақты жапсырады;

































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал