- Учителю
- Алтын күз сайысына таныстыру
Алтын күз сайысына таныстыру
Таныстыру.Саңырауқұлақтар тобы.
Алтын күз : Сәлеметсіздер ме балалар!
Сәлеметсиздер ме қонақтар!
Мен -Алтын күзбін, Жайдары ,жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сіздерге,
Берекелі күзді сыйлауға!
Егіс алқаптарында , бау- бақшада бәрі жиылды. Енді орманға барайық. Ормандағы саңырауқұлақтар өскен шығар, жинап алайық. О-о-о оларды біреу жинап жүрген сияқты.
Музыкамен тиін шығады. Қолында себеті толы саңырауқұлақ.
Тиін: Сәлеметсіз бе Алтын күз! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Мен өзіме қысқа себетімді толтыра саңырауқұлақтар жинап алдым.Сендер саңырауқұлақтардың түрлерін білесіңдер ме? Ортаға саңырауқұлақтарды шақырайық!
Бес саңырауқұлақ костюмін киген оқушы өлеңдетіп өздерін таныстырады. «Білгіштер» мультхикаясынын әніне салып айтады.
Кіп -кішкентай саңырауқұлақ,
Орманда өседі.
Сан түрлі түрлері бар,
Ол күзде піседі.
Жаңбырды сүйгіш өсімдік
Дәрумені көп оның.
Ал түрлерін ажырата біл,
Айтамыз қазір біз,.2-рет.
(Музыка ойнап тұрады, сөзбен айтады.)
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар
Қозықұйрық, Ақсаңырауқұлақ, Қайыңсаңырауқұлақ,Күзгі түбіртек.
Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар.
Шыбынжұт, бозарамқұлақ, жалған түбіртек, жалған түкіжем
Осыны біліп жүріңдер
Кішкентай достарым!
2-рет
Күзгі дастархан