- Учителю
- Дебат .«Діни экстремизм және терроризммен күресу жолдары жанданудама?»
Дебат .«Діни экстремизм және терроризммен күресу жолдары жанданудама?»
Күні:
Класс: 9 б
Тақырыбы: «Діни экстремизм және терроризммен күресу жолдары жанданудама?»
Әдісі: Дебат
Мақсаты:
• Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
• Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, оқушыларға ой салу;
• Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, үнтаспа, құран және «Ислам тағылымдары» кітаптар, теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы деректер.
Мұғалім: Салеметсіздерме құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар, оқушылар. Діни сауаттылықты арттыру мақсатында өткізіліп жатқан онкүндік аясында «Діни экстремизм және терроризммен күресу жолдары жанданудама?» атты дебатка қош келдіңіздер!
Халқымыз жан - жақты адамды «сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.
Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты.
Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып,, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.
Ендеше ойын шартымен және ойынға қатысушылармен таныстырып өтейін.
Ойында екі, ақтаушы және жақтаушы, команда ойнайды. Форматтың басқа форматтардан негізгі айырмашылығы - бастапқы екі спикерге сөздерінен соң қарама қарсы командадан сұрақ қойылады. Аналитиктер сұрақтардан бос. Әр командада қарсыластың сөздерінен соң дайындалуға 8 минут уақыт болады. Олар сол 8 минутты раундтардын арасына рационалды бөлуі тиіс. Осы артықшылығы үшін бұл формат жаңа дебатерларға өте ыңғайлы болып саналады.
1 ойыншы - Дефиниция, қалыптасқан жағдай,
құндылықты таныстыру. Аргументтерді жариялау. 6 минут.
1 ойыншыға оппозицияның 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.
2 ойыншы - Дефинициялармен келісу немесе келіспеуі. Ребатл,
аргументтерге қарсы пікір және өзінің аргументтерін енгізу. 6
минут.
2 ойыншыға үкіметтің 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.
3 ойыншы - Өз аргументтерін жақтау және қарсыластың аргументтеріне
қарсы ребатл жасау. 5 минут.
3 ойыншыға оппозицияның 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3
минут.
4 ойыншы - Өз аргументтерін жақтау және қарсылас аргументтеріне
қарсы ребатл. 5 минут.
4 ойыншыға үкіметтің 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3 минут.
5 ойыншы - Анализ, қарсыласу нүктелерін көрсету, өз командасының
неге ұту қажет екенін айту.
6 ойыншы - Анализ.
Әділқазылар алқасы: Мектебіміздің зайырлық және дін тану пәні мұғалімі: Тынымбаева Нұржамал Нұғыманқызы. Қосымша білім беру педагогі
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қоңырбаева лариса Тойбазарқызы.
Қонақтар:
Экстеремизм, терроризм сөзін естігенде еске не түседі. (оқушылар жауабы)
Бейнеролик.
Қонақтарға сұрақ.
-
Дебатта талқылаған мәселелер бойынша оқушылардың діни сауаттылығы қаншалықты жоғары?
-
Бейнероликте көргендей теріс ағым жолдарынан сақтау үшін жас ұрпақ бойына терең білім беру үшін басқа да қандай көмек бере аламыз?
-
Көп жағдайда терроризм жолын қандай адамдар тандайды?
(Оқушылар сұрақтары.)
Плакат қорғайтын оқушыларды ортаға шақырайық. (Бержанова А. Жайбергенова д. Данағұлова Қ.)
Қорытынды сөз:
Бүгінгі «Діни экстремизм - опат болудың жолы!» атты тәрбие сағатымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.
«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»
Құрметті қонақтар бүгін сыныбымызға келгендеріңізге рахмет, Міне, балалар бүгін біз теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы ой бөлістік. Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» демекші, Алла бізді теріс сенім- нанымдардан аулақ қылсың. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.