7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Жол тәртібін жадыңда ұста

Тәрбие сағаты: Жол тәртібін жадыңда ұста

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font size="2" style="font-size:11pt;">Тақырыбы: Жол тәртібін жадында ұста

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру.

  2. Оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесін үйрету.

  3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:бағдаршам, жол белгілерін салған суреттер, зембіл, жедел жәрдемнің сиренасы, жол ережелеріне арналған кітаптар, жол үстіндегі бағдаршам(2), домбыра, маскалар, велосипед.

Кіріспе: «Жол ережесін жадында ұста» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы жүріп, абай болуды талап теді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреуілер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреуілері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы «Жол жүру ережесін» мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.

Ал енді «Жол тәртібін жадында ұста» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

1. Негізгі бөлім.

Қатысушылар (костюм киген балар):

  1. Дәрігер ата-Шипагер;

  2. Ертеңгілікті жүргізуші-жас инспектор қыз;

  3. Жол ережесін білмейтін бала;

  4. Ертеңгілікті жүргізуге көмектесушілер- аю, түлкі, қоян, мысық.

1-оқушы:

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа түра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Сахна ортасында үйдің іргесінде қызыл крест белгісі және «Шипагер атаның үйі»деген жазу бар. Сахнаның қалған жерлері көшелердің көрінестері түрінде жол белгілерімен, бағдаршаммен безендірілген. Есік алдындағы жұмыс столында Шипагер ата рентген суреттерін қарап отырады. Оның үстінде ақ желең, мойнында тыңдағыш Жеңіл музыка ойнап тұрады.

Жас инспекторлар үйірмесінің формсын киген қыз шығады.

Жас инспектор:

Ататай, қараңыз мына бір сұмдықты,

Маймаққа не болған кім оны қынжылты?





Шипагер:

Маймағым, не болды, жасымай айтшы өзің?

Неліктен көкпеңбек, ісінген бас-көзің?

(Аюдың басын таңып, дәрі-дәрмек жаққан болады).

Аю (уілдеп жыламсырап):

Айтайын жасырмай шынымды,

Сақтаңыз шыбындай жанымды.

Жармасып бал тақсыр машина-қадаққа,

Домалап түстім де болдым азапқа.

Шипагер:

Бір сәтке тойынар тәп-тәтті бал үшін,

Тәртіпті бұзыпсың қарынның қамы үшін.

Аю: Шипагер ата, қызым, енді қайтып ұрлық та жасамаспын, жолда жүру ережесін бұзбаспын.

Сахнаның сыртына өзара керілдескен дауыстар естіледі де, көп кешікпей бір-бірімен дауласқан күйі Түлкі мен Қоян шығады. Қоян құлағын ұстап, Түлкі ақсап келе жатады. Шипагер мен қыз шошына қарсы алады.

Түлкі: жүгіріп екеуміз ойнадық қуыспақ.

Қоян: Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап.

Түлкі: Ал Қоян зып беріп көшеге жөнелді.

Қоян: Аула тар болған соң қайтейін мен енді?

Түлкі: Қоянды қуам деп тапқаным, құйрықты әрең деп сақтадым.

Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде,құлақты бір темір зақымдап кеткені!

Шипагер:

Құлақ пен құйрыққа жағатын дәрі бар,

Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар.

Шипагер ем көретуге кіріседі. Шымылдық артынан мысық көренеді. Бір аттайды да кейін шегінеді.

Келе ғой, Мысығым, атаңнан қорықпа,

Жараңды жазады, жылама, зарықпа.

Құйрығы үзілген, әттеген,

Жасайық сәтте ем.

Мысық бүгежектеп келіп үзілген құйрығын Шипагерге ұсынады. Шипагер басын шайқап, Мысықтңн құйрығын жалғап, дәкемен таңып береді. Мысық әуелі қуанып, құйрығын сипалайды, содан соң мсұнайып сырт жақты нұсқайды.

Мысық:

Доп қуып көшеде Әтеш бар, Лақ бар,

Көп өткен машина кедергі бірақ та.

Кеп қалған біреуі байқамай басты да,

Добымыз жарылды дөңгелек астында.

Құйрықтан, мүйізден, құлақтан айырылып,

Достарым анда тұр ,кіруге қаймығып.

Осы кезде лақтың маңыраған, әтештің айқалаған, күшіктің қынсылаған дауыстары естіледі. Бұл хайуанаттардың маскасы мен костюмдердін киген, бас, аяқ, қолдары таңылған балаларды жас инспекторлар формасындағы оқушылар зембілмен көтеріп, қолтығынан сүйемелдеп алып шығады.

Шипагер: Мыналарды мен тез ауруханаға жеткізейін. (Алға асыға өтіп тоқтайды да залда отырған балаларға қарап). Балалар, көрдіңіздер ме жолда ойнағанның кесірін? Мына сотқарлар жол жүру, көшеде сақ болу ережелерін өрескел бұзғандықтан осындай халге душар болған. Қызым, қарағым, жол жүру ережелерін балалардың есіне салатындай ойын-сабақтар өткізуді өзіңе тапсырамын.(Хайуанаттардың ертіп кетеді).

Қыз:

Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға,

Көрдіңдер ғой ұмытқанды ережені далаңдап.

Ал,қанеки, үйренейік біз де жүру тәртібін,

Ережені жақсы білер, жатқа білер бар кімнің?

Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.

Сахнаға жол белгілері атрибуттарын киген балалар шығады.

Бағдаршам атрибутын киген оқушы:

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Төрт топқа бөлінген жол белгілері сахна ортасына сап түзеп, қаз-қатар тұра қалады. Әр топта бір-бірден бастаушы бар.

Сақтандыру, ескерту белгісі: (Жас инспектор формасы киген, қолында айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш қалаған ұстаған).

Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам,

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу белгісі: ( Форма киген, қолына қызыл жолақпен көмкерілген сары түске боялған, дөнгелек қалған).

Қызылмен боялған шеңберлі аумақты,

Тыйылмыш белгі мен, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақын жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа.

Міндеттеу (анықтама) белгісі (қолындағы көк түсті дөңгелек қалқанды алға тосып):

Белгімін көрсеттер жылдамдық, бағытты,

Міндетті бұрылыс, әтпесе қауіпті.

Барлығын аңықтап тұрамын жолында,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

Нұсқау (көрсеткіш) белгісі (қолында көк түсті төрт бұрышты қалған):

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде от болып жанады,



Көк түске боялған, төрт бұрыш шырағым.

Осы кезде велосипедтің қонырауы естіледі. Сахнаға велосипед тепкен бала шыға келеді. Ортаға келгенде тежегешін басы тұра қалады.

Бала: Әй, жолда неғып иіріліп тұрсыңдар?Велосипед келе жатқанын көрмейсіңдер ме? Қағып кетсем қайтесіңдер?

: Велосипедің болғаны өте жақсы.Ендеше, біздің жолда жүру ережелеріне арналған ертеңгілімізге қош келдің. Оларды білу саған да қажет. Балалалармен таныс. Атың кім өзіңнің?

Бала: Атым- . Велосипедпен зуылдап жүремін. Сондықтан ауылдағылар осылай атап кетті. Ал мынандай белгілер көшеде қапан тұр, оларды біліп қайтем. Велосипедті мен бұларсыз-ақ зуылдатам. (Кенет баланың көзі қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті дөңгелек белгідегі велосипедке түседі. Оны ұстаған баланың қасына келіп). Әй, мынау мен үшін жасалған белгі ғой.

: Иә, сен үшін. Бұл белгінің аты-«Велосипед жүрмейді»!

(танғалып): Жүрмейді? Тапқан екенсіңдер! Зуылбектің велосипедінің жүрметін жері жоқ, білдіңдер ме? Мен үшін көше де, саяжай, арық ,аула, бақ, гүлзарлар-бәрі ашық.Сендерше атқанда, қалай еді? Әлгі ..»жасыл жарық». (Сақтандыру белгісін ұстаған топқа жақындайды). Мұны да белгі дейді-ау. Әй, көшеге пәтер ішінде тұрамын жылу батареясы не үшін керек?(Белгі атрибутын ұстаған балалар да күледі).

-ау, бұл тағы саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік. Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше алдында «Шлагбаумы бар темір жол» бар деген сөз. Ұқтың ба?

А-а-а (қолын сілтеп). Бұл белгінің де де қажет бола қоймас. Салдырлап-гүлдерлеп поезд жеткенше зу етіп өтіп те үлгерермін... (Адам сұлбасы салынған нұсқау салынған нұсқау белгісің жанына тоқтай қалады). Ал, мына белгі неүшін?

: «Қара, адамдар өтеді!»

:Велигім тұрғанда мұны қайтем (велосипедін келген жаққа бұрады). Қой, мен зуылдайын. Бұл белгілерді түгендеймін деп, жолымнан қалармын. Сау болыңдар ережешілер!

: Естерінде болсын!

1-инспектор: Жаяу адам саяжолдың(тротуар) оң жағын ала жүреді. Саяжол жоқ көшелерде жолдың сол жағымен транспортқа қарама-қарсы жүру керек.

2-инспектор(кітаптың келесі бетін ашып): Көшені тек жаяулар жүретін жол сызықтармен немесе сілтемелермен белгіленген тұстардан өту керек.

3-инспектор: Көшеден өтпес бұрын қимылыңның толық қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін әуелі сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау, жақындаған транспортты өткізіп жіберу керек.

:Тыйым салынады!

1-инспектор: Көшенің өтетін жол белгіленген жерінен өтуге тыйым салынады! Жақындап қалған транспорт алдынан өтуге болмайды!

2-инспектор: Автобустың баспалдағына асылып жүруге, жол ортасына ойнауға болмайды!

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал