- Учителю
- «Айналайын ақ мамам» ертеңгілігі
«Айналайын ақ мамам» ертеңгілігі
Барақ батыр негізгі орта мектебі.
Шағын орталық.
«Айналайын ақ мамам»
Тәрбиеші:Егізбаева Д.А
Білімділік: 8-НАУРЫЗ аналар мейрамы екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардын ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі - көктем де келіп жетті. Қымбатты әжелер, аналар, балабақша апайлары Сіздерді 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге «Балдырған» тобының апайлары және бүлдіршіндері атынан мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға қуаныш, табыс тілейміз.
Өздеріңізге арналған «Балдырған» тобының «Айналайын ақ мамам» ертеңгілігіне хош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар, құтты болсын мерекеміз!
Әрқашан аналарым аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!
Арна: Мен апайларымды, мамаларымды 8-наурыз күнімен құттықтаймын. Денсаулық және бақыт тілеймін.
Наурыз айы келгенде,
Сұлу көктем енгенде
Аналардың мейрамын
Тойлайды екен жер жерде.
Аналарына сыйлықтарын табыстайды.
Арнұр: Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі,
Мейірім ғой керемет.
Талшын: Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым
Салем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Гүлгүл: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әженіде ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Тасқын: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Қарақат:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын жарқыраған
Қуанышты берекең
Арнұр:Ерлік еңбек атқарған
Еңбегімен мақталған
Ел есімін ақтаған
Айналайын ақ мамам
Хор: «Айналайын ақ мамам».
Жүрг: Ал халайық ықыласпен демелік,
Қыздардың бүгінгі сайыстарын көрелік
Ақылы мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік.
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп, халайық қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға
Байқаудың бөлімдерімен таныстырайын.
-
«Ал, қанекей танысайық!» (таныстыру).
2. «Өнерлі өрге жүзеді» (өнерлерін көрсету).
3. «Кімнің ойы ұшқыр» (қимылмен іс-әрекетті көрсету кезеңі).
4. «Ас адамның арқауы» (Үй тапсырмасын көрсету кезеңі).
5. Сән үлгісі - 2015
Сайыс:1- Ал, қанекей танысайық!
Ақыл, көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға
Бүлдіршіндер өздерін таныстырып өтеді
2- «Өнерлі өрге жүзеді»
Шалқытып сайыста ән салайық
Өнерпаз аруларға тамсанайық.
Ән айтып,би билеп,тақпақ айтып,
Көрсетсін арулар өз өнерлерін.
3- «Кімнің ойы ұшқыр» (қимылмен іс-әрекетті көрсету кезеңі)
Ән шырқалар бақытымен,бағымен,
Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы Арнұр ұлдарыңыз сіздерге,
Өшпес ыстық,алаулаған жалынмен.
Ән:«Алтын ана»
4-. «Ас адамның арқауы» (Үй тапсырмасын көрсету кезеңі).
Жүрг:
Аялы ғой сипаған.
Алақаның әжетайым.
Арналады сіздерге.
Қазіргі біздің әніміз.
Арна: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.
Гүлгүл: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен, кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Тасқын: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге
Өлең айтып береді,
Керек болса бәріңе.
Қарақат: Аялаған, анамыз,
Саялаған панамыз
Шынары боп өсеміз,
Шырағы боп жанамыз
5- Сән үлгісі - 2015
Тұлғасына сән киім жарасады,
Бүкіл әлем таңғалып қарасады-деп ортаға көрікті,сұлу қыздарымызды шақырамыз өздерінің сән үлгілерін көрсетеді.
Бойларында от бар екен байқадық.
Жүректерде шоқ бар екен байқадық
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым
Ән-
Кімдер жүйрік,
Өнерпаз білейікші,
Әділқазы алқасына тек әділдікті,
Ал, бүлдіршіндерге сәттілікті тілейікші- деп келесі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Жеңімпаздарды анықтап, құттықтап , сыйлықтар табыстайды.
Сүйсіндірген баршаны өнерімен,
Аналардың жүзінен таң нұрланды.
Қуандырып сіздерді шаттандырған,
«Айналайын ақ мамам»атты ертеңгілігіміз аяқталды- дей келе баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
Қош! Сау болыңыздар!
«Әдем-ай»сайысына қатысатын қыздар:
1.Ардақ Ақбота.
2.Слямғали Ерке.
3.Дәулетбекқызы Еркеназ.
4.Азатқызы Арна.
Байқаудың бөлімдері.
1.«Ал, қанекей танысайық!» (таныстыру).
2. «Өнерлі өрге жүзеді» (өнерлерін көрсету).
3. «Кімнің ойы ұшқыр» (қимылмен іс-әрекетті көрсету кезеңі).
4. «Ас адамның арқауы» (Үй тапсырмасын көрсету кезеңі).
5. Сән үлгісі - 2015
Мадақтама
8-наурыз мерекесіне арналған
«Айналайын ақ мамам»
атты ертеңгілікте
өткізілген «Әдемі-ай»
сайысына белсене қатысқаны
үшін шағын орталық
тәрбиеленушісі
_________________________
«__________»номинациясымен
марапатталады.
Барақ батыр негізгі орта мектебі
Байқаудың бөлімдері.
«Ал, қанекей танысайық!» (таныстыру).
2. «Өнерлі өрге жүзеді» (өнерлерін көрсету).
3. «Кімнің ойы ұшқыр» (қимылмен іс-әрекетті көрсету кезеңі).
4. «Ас адамның арқауы» (Үй тапсырмасын көрсету кезеңі).
5. Сән үлгісі - 2015
Байқаудың бөлімдері.
«Ал, қанекей танысайық!» (таныстыру).
2. «Өнерлі өрге жүзеді» (өнерлерін көрсету).
3. «Кімнің ойы ұшқыр» (қимылмен іс-әрекетті көрсету кезеңі).
4. «Ас адамның арқауы» (Үй тапсырмасын көрсету кезеңі).
5. Сән үлгісі - 2015
Ата-аналарға арналған әзіл-жұмбақтар:
-
Тәтті бірақ жей алмайсың?
-
Суды сүзгімен тасуға бола ма?
-
Теңізден қандай тасты таба алмайсың?
-
Қатты жаңбыр жауғанда қарға қандай ағашта қонады?
-
Ең жіңішке мықты жіп қандай жіп?
-
Қандай жолмен адам ешқашан жүрмейді?
-
Көзіңмен көресің, қолыңмен ұстай алмайсың?
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Ортаға келеді әне толқып тасып
Аруларды сыйлаған апаларым.
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
Би: «Гүлдер» Әсемай, Ақжүніс, Қарақат, Іңкар Қ.
Енді кезекті тағы да тақпақтарға берейік. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дегендей армызда әжелерімізде отыр екен, осы әжелерімізге арнап тақпақтар айтайық.
Мадияр
Рамазан: Әже деген- берекесі әр үйдің,
Әже деген- қамқоршысы сәбидің.
Әже деген- алыптардың анасы
Әже деген- қонағы ғой пәнидің.
Т.Іңкар Мен ауылға барамын,
Әжем тілін алмаған
Қонаққа ол кеткенде
Үйді бағып қаламын.
Қ.Іңкар: Әжелерді сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Қарақат: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен, кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Исатай: Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Мақсат: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.
Сержан: Аналармен, әжелерді
Мерекемен құттықтаймыз.
Оларға арнап ән салып
Көңілді биді билейміз.
Хор: Ән «Әже»
Жүргізуші:
Сізге арналады бүгінгі әніміз,
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз
Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген
Ұлы-Ана ұзақ өмір сүріңіз.
Тағы да тақпақтарды аналарымызға арнаймыз.
Данияр: Мерекеде балалар,
Тақпақты да оқиды
Көңілді әнмен би билеп,
Ойын ойнап көреді.
Әділжан: Ерте тұрып мамам
Мектебіне кетеді
Балаларды оқытып
Кешке шаршап жетеді.
Мереке: Аялаған, анамыз,
Саялаған панамыз
Шынары боп өсеміз,
Шырағы боп жанамыз.
Сәкен: Жылағанда жұбатқан,
Барын берген балаға
Мұңайғанда қуантқан,
Жан жете ме анаға.
Бексұлтан: Мейірімді аналар,
Балалар келіп бата алар
Қалтасына кәмпит сап,
Немереге апарар.
Аяулым: Менің мамам мұғалім,
Айтқан сөзді ұғамын
Тыңдап жүрсем ақылын,
Азамат боп шығамын.
Мейрамбек: Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам
Қасыңда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Замира: Ана біздің гүліміз,
Ананың біз гүліміз
Балаңды ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ән «Анашым». Орындаушылар:Қарақат, Іңкар Қ.
Ата-аналарға арналған әзіл-жұмбақтар:
-
Тәтті бірақ жей алмайсың?
-
Суды сүзгімен тасуға бола ма?
-
Теңізден қандай тасты таба алмайсың?
-
Қатты жаңбыр жауғанда қарға қандай ағашта қонады?
-
Ең жіңішке мықты жіп қандай жіп?
-
Қандай жолмен адам ешқашан жүрмейді?
-
Көзіңмен көресің, қолыңмен ұстай алмайсың?
Ата-аналардан өлең, би, тақпақ сұрау. Осы біздің «Күншуақ» тобының балаларын және аналарын құттықтауға Астанадан 1-топ қыздарымыз келіп тұр.
Олар көктемгі сән үлгісімен біздерді қуанқалы тұр.
Ару қыздар-Ай көріп, қылығы- Күн,
Сезбейсіңдер өздерің мұны бүгін
Сезбейсіңдер- керемет, қыз тағдырдың сұлулығын.
Күн шекті ұлығылым.
Бүгін сендер құлпұрған құндыз бәрің
Серпіп алға жалғайтын тік тағдырдың
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдыры
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры деп аруларымызды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында.
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық.
Гүл бітсін бәріміздің қадамыңызға. -
деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тағы да мейрамдарың құтты болсын!
Ақжүніс: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз, мейраммен,
Құрметті аналар мен апайлар!
Жүргізуші: Адам барма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған
Адалдықты ар-намысты сақтаған,
Құттықтау сөз:
Қымбатты әжелер, аналар, балабақша апайлары Сіздерді 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге «Балдырған» тобының апайлары және бүлдіршіндері атынан мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға қуаныш, табыс тілейміз.
Өздеріңізге арналған «Балдырған» тобының «Айналайын ақ мамам» ертеңгілігіне хош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
2-тәрбиеші:
Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі -
Шаттыққа шаттық ұлассын.
1-тәрбиеші:
Шын жүрек ақ көңілмен,
Алғашқы көктемі күлімдеген
Құттықтаймыз 8 наурыз мерекесі
Халықаралық әйелдер күнімен.
2-тәрбиеші:
Сізге арналады бүгінгі әніміз,
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз
Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген,
Ұлы-Ана ұзақ өмір сүріңіз.
Мен ананың сонысына мақтанам