- Учителю
- 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған кештің сценариі
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған кештің сценариі
8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне арналған кеш
1-жүр.-Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан-Ана.Бала дүниеге келгеннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны ,жылы жүзі,ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін дүние жүзінде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол-8 наурыз мерекесі.
2-жүр. 8 наурыз адамдар да,тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша аналарымызды даңққа бөлеп тұрғандай!
1-жүр. Бұл күн біздің елімізде әйел -ананың,отбасының сақтаушысының даңқын шығарушы үлкен мереке ретінде атап өтеді.Ана махабаты адамға қанат бітіреді,күш береді рухтандырады.
2-жүр. АнА!Бұл сөз әрбір халықтың ішінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік те мейірімді жылы естіледі.
1-жүр. Ана-көркі көгімнің,
Ана -нұры жерімнің.
Ана- бағы баланың,
Мақтанышы елімнің!!!
2-жүр. Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз-дей отырып бүгінгі кешке
1-2-жүр. Қош келдіңіздер!
1-жүр. Шарапат пен шапағатты тең көрген,
Мейірім мен махаббатты тең көрген
« Ана » деген жарық күннің өзіндей,
Өмірге де,өңірге де өң берген.
2-жүр. -Иә, Әлиасқар,ана деген өмірдің шуағы.Жұмақ ананың табанының астында ,-дейді ғой халқымыз.
1-жүр. -Дұрыс айтасың , Әлихан. Олай болса сол аналарымыздың бірі мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына сөз кезегін берейік.
ӘН:Иният Шерханның орындауындағы «Сәби бахыты» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүр. Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін,туған жерін сүйетін,
Бұл қазақтың азаматы,еріміз - құттықтау сөз Кәсіподақ ұйымының төрағасы Төлепов Тағанбай Бахытұлы, және география пәнінің мұғалімі Каипов Айтас Саяұлына беріледі.
2-жүр. Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой-салар,
Әнді сүйсең менше сүй,-дей отырып «Асыл ана» әнімен Асаматдин Бекзат ұлдарыңызды қарсы алыңыздар.
1-жүр. Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Сөз кезегі өздеіңде ағалар!
Сөз директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Жетібаев Мұратбай ағай және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Беркімбаев Радбек ағайға беріледі.
ӘН:Нұрбол мен Мадиярдың орындауында «Аяулы ана» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүр. Ана деген қасиетті үш әріптен құралған бұл сөздің өзі түп нұсқасы өте кең.Ана-бұл бір қолымен бесік тербетсе,бір қолымен әлемді тербететін жан.
Құттықтау сөз кезегі «Нұр Отан» партиясы «Нұрлыкент» бастауыш партия ұйымының төрағасы Манатов Чиктибай Байдуллаұлына және директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Иманбаев Медет Жексенбекұлына беріледі.
Флэшмоб: 11 сынып жігіттерінің орындауында флэшмобты қабыл алыңыздар.
Ситуациялық сұрақтар:
1-жүр Ерлік еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған
Ел сенімін ақтаған
Айналайын ақ анам!
2-жүр. -Иә, Әлиасқар, қаншама ақын, қаншама жазушы осы аналарымыз туралы ән,жыр да жазған.
Құттықтау сөз кезегі дене шынықтыру АӘД пән бірлестігінің жетекшісі Ақбаев Жанабек ағайға беріледі.
Қалыберік Нұрдауттің аналарға арнап жазған жүрекжарды өлеңін қабыл алыңыздар.
2-жүр. Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған.
Әлемде сен болмасаң осылайша
Бар ма еді жүрегімде биік мақсат,игі арман?!
Құттықтау сөз Математика пінінің мұғалімі Салықбаев Наурызбай ағай мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Утепов Нұрмахан, Наралиев Нүркен, Сабиров Болат ағайларға беріледі.
ӘН: Иният Шерханның орындауында әсем бір әнді қабыл алыңыздар.
1-жүр. -Иә, бүгінгі айтылғандардың бәрі шындық ,бәрі шын,жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды,ақындарды,ерлерді тауып беретін аналар.
Барлық жақсылықты себетін де аналар.
Олай болса сөз кезегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Рахымжанұлы Артық, Түлкібаев Берік, Жолшыбеков Ерік,АӘД пәнінің мұғалімі Жандарбеков Бағдат, тарих пәнінің мұғалімі Қасаболатов Дархан ағайларға беріледі.
ӘН:Мадияр мен Әлиасқардың орындауында «Ай мүсін» әнін қабыл алыңыздар.
ӘН: «Бол жанымда» Мадияр мен Әлиасқар.
2-жүр. Ананы да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын,аналарым,
Өркендеп өсе берсін,бала-шаға ,немерелер.
1-жүр. Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
2-жүр.Құрметті аналар, әпкелер және қарындастар осымен сіздерге арналған шағын концерттік бағдарламамыз өз мәресіне жетті, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.