- Учителю
- Воспитательный час для груп ГПД,в 6-7 классах.
Воспитательный час для груп ГПД,в 6-7 классах.
Тақырыбы: «Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны»
Мақсаты: оқушыларға ел егемендігін сақтай білуді үйрету, тәуелсіздік туралы ұғымның мәнін тереңірек түсіндіру, еліне жеріне құрмет көрсетуді, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд, видеоролик сахналау
Сабақтың барысы:16-желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1 оқушы: Қазақстан көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым,тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын!
Жүргізуші:Биыл тәуелсіз егеменді ел болғанымызға 24 жыл болған. Егемендік, Тәуелсіздік бұл сөздің қаншалықты мағыналы екенін біз қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелсіз болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса , Төле,Қазыбек, Әйтеке секілді дауалы ауыз билеріміз тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады.
Қазыбек бидің сөздері: Біз, қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найза үкі таққан елміз.
Жүргізуші: Сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды.
Тәуелсіздік оңайлық пен өз өзінен келген жоқ,
Тарту етіп ешкім сыйға бізге оны берген жоқ.
Қазақ қазақ болғалы ата-бабам күрескен,
Бір жапырақ жер үшін жан аямай тірескен.
Сіздердің назарыңызға көрініс ұсынамыз
Көрініс
Автор: Ертеде, баяғы заманда біздің елді ақ көңіл, ақылды бір хан басқарыпты. Көрші елдермен тату тұрыпты. Сол себепті ол кедергі көрмей, еліне сыйлы болыпты. Күндердің күнінде көрші елден ат салып елші келіпті. Елші келіп ханның жүйрік атын сұрайды.
Хан: Ел бірлігі үшін дүлдүлдер арасынан «тор қасқаны» таңдап беріңдер!
Автор: билер наразылық білдіреді
Хан: Жоқ ештеңеге ренжемеңдер, ел бірлігі, тыныштығы үшін дүлдүлдер арасынан бір торыны қидым, байлықтан опа таппаймыз, еліміз тыныш болса «бір жүйріктің орнына жүз жүйрік келеді»
Автор: елшіге жүйрігін жетектеп береді
Елші екінші ретте ханның әйелін сұрай келеді, билер наразылық білдіреді. Ханның әйелін елші алып кетеді.
Хан: Айтқан сөздеріңде әрине таласым жоқ «егер тыныш болса елмен елдің арасы, адал сұлу жар табылады шамасы.
Автор: Елші үшінші рет келгенде Ханнан жерінің бір бөлігін беруді талап етеді
Хан: Уа! Халқым, мен қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін қорғау үшін көрші елге соғыс ашамын, жиналыңдар бәрің де!
Менің жүйрігім мен жарымды үн түнсіз бергенім, олар менің өз меншіктерім, ал қасиетті жер - сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған жер, олардың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған халықтың жері. Туған жеріміз менің меншігім емес, ол келешек ұрпақтікі, елімдікі, даламның бір бөлігін басқа елге бергенше жерімді қорғап өлгенім артық.
Барлығы шуылдасып сахнадан шығып кетеді
Жүргізуші: Халқымыздың азаттық жолында сан ғасырлық тарихы бар. Ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында бірлігін сақтай отырып, «Қазақ» деген елдің шаңырағы көтерілді. Пешенесіне талайлы тағдыр батпандап қайғы мен қасірет жазған халқымыздың азаттық үшін ақтық бұлқынысы Желтоқсан жаңрығына айналып,әлемді дүр сілкіндірді.
1986 жылы желтоқсан айының 16 күні қазақ жастары қазақ орыс тілінде жазылған түрлі жазбаларын жая ұстап бейбіт шеруге шықты. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат,Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ләззат сынды жүздеген қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді. Осы көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.
Ендеше экранға назар аударайық. Слайд «Желтоқсанның құрбандары»
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рузына бас иіп,орнымыздан тұрып, бір минут еске алайық. Бір минут үнсіздік.
Жүргізуші: ортаға Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтармен Назира, Лаура, Индира, Ақмарал, Нұржамал шақырылады.
Назира: Тәуелсіздік түскен жоққой аспаннан, Лаура: Қазақ қызы қорлық көрді сан қилы
Тарихы оның тым әріден басталған. Арпалысып теңдігі үшін халқының
Бодандықтан құтқарам деп елімді, Батыр Ләззат желтоқсанда жанқиды
Талай бозақ қара жерді жастаған. Елі үшін ерлігімен елене.
Жалғыз Отан - адамның жүрегі ғой, Абырой мен атағына бөлене.
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой. Ләззат сынды қазақ қызы қаһармман
Елі үшін Желтоқсанда құрбан болған Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
Ербол, Қайрат - нағыз ердің бірі еді ғой.
Абыройы мен атағына бөлене.
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
Ақмарал: Тапталмасын деп қазақтың кек ары
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Туған еді он алтыға небәрі.
Ұрандады Ләззат қыз!
Жасқанбаған жауынан
Біз қазақпыз, қазақпыз!
Біз қазақпыз, қазақпыз,
Өмір керек азапсыз.
Ел боламыз егемен,
Сонда ғана азатпыз.
Индира: Тәуелсізбін! Бар ма мұң? Нұржамал: Тәуелсіздік - достығымыз
Тәләйлі болсын талғамың! Тәуелсіздік ел бірлігі.
Өркені өссін қазақтың, Тәуелсіздік - ертеңіміз
Осы - менің арманым! Ұрпақтармен жалғасатын.
Күн тұрғанда тұратын, Тәуелсіздік - ата жолы
Жұрты сайран құратын Болашаққа нық басқан.
Қала болсын Астана, Қазақ елім! Туды жастық дәуірің,
Осы менің мұратым! Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
О, Ақорда, Ақ шатыр, Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Ұлыма бақ шатыр. Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Баянды болсын Азаттық,
Осы менің мақсатым!
Халқым менің тірегім,
Құрбан жаным, жігерім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы менің тілегім!
Жүргізуші: Міне биыл тәуелсіз, егеменді ел болғанымызға 24 жыл болған. Осы 24 жылда Егеменді еліміз қандай жетістікке жеткені туралы ендеше алдарыңыздағы ақ беттерге Егемендік алғалы қандай жетістікке жеткені туралы жазыңдар екі топтан бір- бір бала шығып жазғандарыңды түсіндіріп береді.
экранға назар аударайық. (слайд 24 жылда Қазақстан Республикасының қол жеткізген жетістіктері).
Ерсұлтан:Тәуелсіздік, Тәуелсіздік жыр әнім, Нұрлан: Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген
Ел іргесі берік болсын - ұраным . Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну, Жылағанда күн тұтылып,
Салт-дәстүрім - қолдан түспес құралым. Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Тәуелсіздік - ар- ожданың, кісілік, Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Адамға адам жолдас, бауыр, туыс бол, Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп! Мен мың да тірілдім мәңгі өмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Жүргізуші: Тәуелсіз елдің тілегі - бейбітшілік, тыныштық,
Келешегі - білімді ұрпақ.
Егеменді ел болудың белгісі -
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егеменді» деген сөзден естілер
Ата-жұрттың ағысы мен бергісі. Біздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деген: «Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз» Тәуелсіздіктің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік баршамыз.
Ортаға Қайыров Қайрат,Аккулова Ақмарал және Тимурова Нұржамалдың 6-7сынып оқушыларының орындауында ән «Жаса Қазақстан»
Мұғалім: Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағы, сіздер сапалы білімдеріңізбен, саналы тәрбиелеріңізбен еліміздің 50 елдің қатарына қосылуына өз үлестеріңізді қосыңдар.
Құтты болсын Тәуелсіздік мереке,
Мықты болсын елімнің керегесі,
Тату-тәтті халқымызға бақ қонып,
</<font face="Times New Roman, serif">Кетпесін туған жердің берекесі - дей отырып бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған мерекелі сабағымызды аяқтаймыз, сау болыңыздар!