7


  • Учителю
  • Поурочный план на тему: «Астана-еліміздің бас қаласы»

Поурочный план на тему: «Астана-еліміздің бас қаласы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Тақырыбы: «Астана-еліміздің бас қаласы»

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін толықтыру. Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас

Қолданатын ресурстар: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қанатты сөздер, «Астанаға саяхат», слайдтар, буклеттер.

Тәрбие сағатының өту барысы:

1. Топқа бөлу. (Жүрекшелер арқылы)

2. Ой қозғау стратегиясы:

1. Қазақ елінің Отаны қалай аталады?

2. Қазақстан қандай мемлекет?

3. Қазақстанның елбасы кім?

4. Қазақстанның ірі қалаларын атаңдар.

5. Қазақстанның астанасы қай қала?

6. Астана қандай қала?

3. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан -сенің туған елің, туған жерің, дос -жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Отан деген не, кім қалай түсінеді?

- Ал, балалар , айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы не туралы болады?

- Иә, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Астана еліміздің бас қаласы».

- Сендер Астана қаласы туралы не білесіңдер?

- Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі?

- Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы көз алдымызда өсіп келеді.

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды.

(Оқушылар Астана, Отан туралы өлең-жырларын айтады).

Сананы түйіткілдерден тазартайық,

Айтпаған шындық сөзді тартар айып

Авторы сәулетшісі Астананың -

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев! (бәрі бірге хормен)

1457-59 жж. қазақтар қолдаған Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханнан алыстап, Моғолстанның шекаралық аймақтарына ауа көшті. Көшіп кеткендер Шу алқабы және Қордайдағы Қозыбасы жайылымына орналасты. Қалмақтардан жеңілген Әбілқайыр хан мемлекеттік басқаруды қалпына келтіру үшін жаңа, қосымша салықтар мен міндеткерліктерді жариялаған. Бұған наразы болған қатардағы көшпелілер хан саясатына қарсы шыққан Керей мен Жәнібекке қолдау көрсеткен. Керей мен Жәнібек сұлтандар өздерінің батыл қимылымен Қазақ хандығының құрылуын және қазақ халқының бірігуін тездетті. Сол себепті, олардың қазақ тарихынан алатын орны құрметті. Керей мен Жәнібек сұлтандардың қол астындағы халықты «өзбек- қазақ», «қазақ» деп атады.Керей мен Жәнібек сұлтандарды Есенбұға хан әуелі өзінің қол астына көшіп келген билеушілер ретінде танығысы келді. Алайда, көшіп келушілердің көптігі және олардың Жетісу қазақтарымен ынтымағы жаңадан құрылған саяси ортаны тез арада тәуелсіз бірлікке айналдырды. Хандыққа Керей (ұлы хан) мен Жәнібек (кіші хан) сайланды. Қазақ хандығының жариялану жылын ортағасырлық тарихшы М. Х. Дулат 1465 ж. деп көрсеткен.Қазақ хандығының құрылуы - қазақ халқының тарихындағы аса маңызды белестің бірі. Небәрі 10 жыл көлемінде (1459-1470ж. ж.) қазақтар Орталық Азия елді біріктіре алған қуатты ұлттық мемлекет құрды.1995 жылғы тамыздың 30 - ы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған күні. Конституция әрбір мемлекеттің басты заңы. Осы заң арқылы сол ел азаматтарының құқығы мен міндеттері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы қадағаланады.

6. Мазмұнды сызба қорғау.

І-топ: Бәйтеректің суретін салу.

ІІ-топ: Туған жердің суретін салу.

ІІІ-топ: Хан шатырдың суретін салу.

7.Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

- Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

- Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?

8. «Күн шуағы алаңқай» ойынын ойнайық.

Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Бәрі: Мен боламын еңбекқор,

Болашағы елімнің!

9. Ән «Көк тудың желбірегені».

10. Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол!































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал