7


  • Учителю
  • Технологическая карта учебно-воспитательной работы

Технологическая карта учебно-воспитательной работы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«___»_____20___ ж.



Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: .«Тентек балалар»(жануар-ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру)

Мақсаты: Балаларға зат есімді қолдану арқылы жекеше және көпше түрде сөйлеу іскерлігін бекітіп үйрету

Білімділік міндеті: Балаларға сөйлеу барысында зат есімдердің (үй жануарларының) топтарға қарай жіктелуін ұғындыру үйрету.

Дамытушылық міндеті: Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін қолдану білігін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: . Балаларды тірі табиғатқа сүйіспеншілігін арттырып, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Көрнекі құралдар: Ойыншық жануарлар, д\о « Не жоқ ? »

Қостілділік компоненті: қой-овца, қозы-ягненок, сиыр-корова, бұзау- теленок,жылқы- конь, құлын-жеребенок,ешкі-коза, лақ-козленок, пайдасы- польза, күту- ухажевать.



Мотивациялық-қозғаушылық



( үстел үстінде үй жануарлары өз балаларын шатастырып орналасады)

-Балалар мына үстелдің үстіндегі үй жануарлары өз балаларын дұрыс тауып тұр ма?

-Онда оларды дұрыс өз төлдерімен орналастырайық.

Балалар мұқият қарайды, өз ойларын білдіреді..

Ойланады жауап беруге тырысады.

-Жоқ олар дұрыс тұрған жоқ.

Балалар келіседі.

Ұйымдастыру-іздестіру



1. Әңгіме, сұрақ, жауап:

-Мынау не?

-Көп сиырды нелер дейміз?

-Сиырдың төлі не?

-Мынау не?

- Оның төлі не?

-Мынау не?

-Оның төлі не?

-Көп құлынды нелер дейміз?

-Мынау не?

-Оның төлі не?

-Көп лақты не дейміз?

- Мұның бәрін нелер дейміз?

-Тамаша сендер дұрыс жауап бердіңдер.

-Олар неге үй жануарлары?

( жетелеуіш сұрақтармен жұмыс жасаймын жекеше және көпше түрде сұрап өтемін)

-Қалай күтеді? Не істейді?

-Олардың бізге пайдасы бар ма?

( жетелеуіш сұрақтармен үй жануарларының пайдасы жайлы жұмыс жасаймын, сұрап өтемін)





-Ол сиыр.

-Мыналар сиырлар.

-Сиырдың төлі бұзау.

-Ол қой.

-Оның төлі қозы.

-Ол жылқы.

-Оның төлі құлын.

-Мыналар құлындар.

-Ол ешкі.

-Оның төлі лақ.

-Мыналар лақтар.

-Бұл үй жануарлары.





- Өйткені оларды адамдар күтеді.

Балалар хормен ,жеке жауап береді.



-Оларға шөп береді.

-Су береді.

-Сиыр бізге ет береді, сүт, құрт, ірімшік ,айран т\б атайды.

-Ал жылқы бізге қымыз,ет береді.

Балалар өз ойларын білдіруге тырысады.

2. Д\о: « Не жоқ ?»

тәрбиеші балаларға үй жануарларын көрсетеді.

Балалар қарайды ,

жоқ жануарды атайды.

3. Бірге қайтала, есте сақта:









4.Өздік жұмыс:

Үй жануарларын және дала жануарларын бөліп топтастыру.

қой-овца, қозы-ягненок, сиыр-корова, бұзау- теленок,жылқы- конь, құлын-жеребенок,ешкі-коза, лақ-козленок. пайдасы- польза, күту- ухажевать.

Балалар өзбетімен тапсырманы орындайды, ойланады жұмысқа кіріседі.

5. Сабақты талдау:

-Сендермен не жайлы айттық ?

-Үй жануарларының балаларын нелер дейміз?

-Оларды қалай күтеміз?

- Олар адамға пайдалы ма? Қалай?

-Үй жануарлары туралы.

-Төлдері, -деп атаймыз.



-Жем береміз, су береміз, -деп өз ойларын білдіруге тырысады.

-Олар ет береді, сүт береді,т\б өз ойларын айттуға тырысады.

Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақтарға жауап берген балаларды мақтап, мадақтап өтемін.

-Рахмет балалар сендер үй жануарлары жайлы өте жақсы біледі екенсіңдер.



Балалар риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жекеше және көпше түрде жауап бере білу

Қандай түсініктерді игерді: аттарын атау, жаңа сөздерді жадына сақтау,байланыстыра сөйлеуді, әңгіме құрауды,

Меңгерген дағдылар мен іскерліктер: сұрақтарға толық жауап беру









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал